«Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану
тиімділігi мәселелері жөнiндегі үйлестiру кеңесін құру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 қазандағы № 1047 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 13 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімділігi мәселелерi жөніндегі үйлестірудi күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімділігі мәселелерi жөнiнде үйлестіру кеңесi құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімдiлігі мәселелерi жөніндегі үйлестіру кеңесi туралы epeжe бекітілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 19 қазандағы
№ 1047 қаулысына
Қосымша
Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау,
тарту және пайдалану тиiмдiлігі мәселелерi жөніндегі
үйлестiру кеңесiнің құрамы
Келімбетов - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Нематұлы және бюджеттік жоспарлау министрi,
төраға
Коржова - Қазақстан Республикасының Экономика
Наталья Артемовна және бюджеттік жоспарлау вице-министрi,
төрағаның орынбасары
Сағындықов - Қазақстан Республикасы Экономика және
Мұқан Қаныбекұлы бюджеттік жоспарлау министрлігі
Инвестициялық саясат және жоспарлау
департаментiнiң директоры, хатшы
Әбілғазин - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Талғат Байтемiрұлы коммуникация вице-министрі
Әйтекенов - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Медiбайұлы және бюджеттік жоспарлау вице-министрi
Айтжанов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Дулат Нулиұлы шаруашылығы вице-министрi
Ақанов - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Айқан Ақанұлы сақтау бірiншi вице-министрi
Әрiпханов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Айдар Әбдiразақұлы вице-министрi
Баталов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Асқар Болатұлы және сауда вице-министрi
Елемесов - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
Асқар Раушанұлы Төрағасының орынбасары (келісім
бойынша)
Қуандықов - Қазақстан Республикасының Төтенше
Болатбек Баянұлы жағдайлар вице-министрi
Өтеулина - Қазақстан Республикасының Білім және
Хафиза Мұхтарқызы ғылым вице-министрi
Әзiмова - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Эльвира Әбілқасымқызы министрлігі Заңға тәуелдi кесiмдер
департаментiнiң директоры
Брагин - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Александр Геннадьевич қорғау министрлігі Нормативтiк құқықтық
қамтамасыз ету және халықаралық
ынтымақтастық департаментiнiң директоры
Елеукенов - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Дастан Шериазданұлы министрлігі Халықаралық гуманитарлық
және экономикалық ынтымақтастық
департаментiнiң директоры
Төлебаев - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Алмас Қажкенұлы минералдық ресурстар министрлігі Ядролық
энергетика және сыртқы байланыстар
департаментiнiң директоры
Казухико Хигучи - Қазақстан Республикасындағы Азия Даму
Банкi өкілдігінiң директоры (келісім
бойынша)
Лу Брефорт - Қазақстан Республикасындағы
Дүниежүзілік Даму Банкi өкiлдігінiң
директоры (келісім бойынша)
Симоне Вунш - Қазақстан Республикасындағы Германия
экономикасын қалпына келтiру жөніндегі
кредиттiк ведомствоның директоры
(келісім бойынша)
Ник Зайнал Абидин - Қазақстан Республикасындағы Ислам Даму
Банкi өңiрлiк өкілдiгiнiң директоры
(келісім бойынша)
Анна Брамвелл - Қазақстан Республикасындағы Еуропа
Комиссиясының өкiлдiгi техникалық
жәрдемдесу бөлiмiнiң басшысы (келісім
бойынша)
Том Дилэйни - Америка Құрама Штаттарының Орталық
Азиядағы халықаралық ынтымақтастық
жөніндегі агенттігiнің миссиясы
директорының орынбасары (келісім
бойынша)
Әбдімомынова Лейла - Астана қаласындағы Еуропа Қайта Құру
және Даму Банкi өкiлдiгiнiң директоры
(келісім бойынша)
Юрико Шоджи - Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Даму
бағдарламасы өкілдігінiң директоры
(келісім бойынша)
Иида Дзиро - Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық
жөніндегі агенттiгінiң сарапшысы
(келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 19 қазандағы
№ 1047 қаулысымен
Бекiтiлген
Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау,
тарту және пайдалану тиімділігi мәселелерi жөнiндегі
үйлестiру кеңесi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімділігі мәселелерi жөнiндегі үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының Үкіметi жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерiн, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ қызметi Кеңестiң мақсаттары мен міндеттерiне қайшы келмейтін қарыз берушілермен және донорлармен өзара iс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
4. Кеңес шешімдерi ұсынымдық сипатта болады.
2. Кеңестiң мiндеттерi мен функциялары
5. Кеңестiң негiзгi міндеттерi:
1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұйымдарының қарыз берушiлермен және донорлармен ынтымақтастығының қысқа мерзiмдi және орта мерзiмдi мiндеттерi жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру;
2) мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлауға, тартуға және пайдалануға байланысты проблемалық мәселелердi талдауды жүзеге асыру, сондай-ақ оларды шешу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және тиімдi пайдалану жөніндегі мәселелерді шешуге жәрдемдесу;
4) халықаралық құқық нормаларына сәйкес мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдiру жөніндегi ұсынымдар мен ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады.
6. Негізгі мiндеттердi орындау мақсатында Кеңес мынадай функцияларды атқарады:
1) мемлекеттік қарыздар мен гранттарды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі ұсыныстарды, мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлауды, тартуды және пайдалануды үйлестiрудiң проблемалық мәселелерiн қарайды;
2) мемлекеттік қарыздар мен гранттарды тиімді жоспарлау, тарту және пайдалану мәселелерi жөніндегі ұсыныстарды, ұсынымдар мен консультативтiк қорытындыларды дайындайды және Қазақстан Республикасының Үкiметіне енгізеді;
3) мемлекеттік қарыздар мен гранттарды тарту және пайдалану жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына консультациялық жәрдем көрсетеді;
4) Қазақстан Республикасы ұлттық заңнамасының мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және тиімді пайдалану мәселелерi бойынша халықаралық құқық нормаларына сәйкес келу мәнiне талдау жасайды.
3. Кеңестiң құқықтары
7. Кеңес өз мiндеттерiн жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті құжаттарды, материалдарды және ақпаратты сұратады;
2) мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және тиімдi пайдалану мәселелерi жөнiнде ұсынымдар бередi;
3) мемлекеттік қарыздар мен гранттарды үйлестiруге байланысты мәселелер жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
4) Кеңес құзыретiне кiретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарының өкiлдерiн, қарыз берушілер мен донорларды Кеңес отырыстарына шақырады және тыңдайды;
5) Кеңес шеңберінде әлеуметтiк-экономикалық қызметтің жекелеген бағыттары бойынша арнайы жұмыс топтарын құрады.
4. Кеңес қызметін ұйымдастыру
8. Кеңестi төраға басқарады.
9. Кеңес төрағасы:
1) Кеңес жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) Кеңес отырыстарында төрағалық етеді;
3) Қазақстан Республикасы Үкiметінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алдында Кеңес жұмысының қорытындылары туралы есеп бередi.
10. Кеңес хатшысы:
1) Кеңес жұмысының жоспарын әзiрлеудi қамтамасыз етедi;
2) Кеңес отырыстары күн тәртібінiң жобасын қалыптастырады;
3) Кеңес отырыстарына материалдарды, сондай-ақ хаттамалық шешімдердiң жобаларын дайындауды ұйымдастырады;
4) Кеңес мүшелерiн және қарыз берушiлер мен донорлардан шақырылған өкiлдердi Кеңестiң кезектi отырысының өткізiлетiн орны, уақыты және күн тәртібі туралы хабардар етедi;
5) Кеңес отырыстары хаттамаларының үзiндiлерiн өз қолымен растайды.
11. Кеңес отырыстары қажеттілігiне қарай, бірақ кемiнде жылына бір рет өткiзiледi және егер Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды болып саналады.
12. Төраға болмағанда отырыстарға Кеңес төрағасының орынбасары төрағалық етеді.
13. Кеңес шешімдерi ашық дауыс берумен қабылданады және егер олар үшін қатысып отырған Кеңес мүшелерiнің басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Қабылданған шешімдер хаттамамен pесімделеді.
14. Шешім қабылдау кезiнде Кеңес мүшелерi тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етуші дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
15. Кеңес мүшелерінің ерекше пiкiрге құқығы бар, ол білдiрiлген жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және хаттамаға қоса берілуi тиіс.
16. Қажет болған жағдайда Кеңес шешімдерi Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына Кеңес отырыстарының хаттамаларынан үзінділер жіберу жолымен жеткiзіледi.
17. Кеңестің жұмыс органының функцияларын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.