2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7. Жергілікті атқарушы органда бюджеттік кредит бойынша берешек болған немесе бюджеттік кредит нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған кезде кредитор жергілікті бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотынан берешек соманы немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған соманы жергілікті бюджеттердің бюджет қаражаты қалдықтарының шегінде жоғары тұрған бюджеттің түсіміне ағымдағы қаржы жылына арналған тиісті жергілікті бюджеттерді осы Кодекске сәйкес кейіннен нақтылай отырып, Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен жібереді.
40-тарау. Бюджеттік кредитті қайта
құрылымдау және қарыз алушыны ауыстыру
185-бап. Бюджеттік кредиттi қайта құрылымдау
1. Бюджеттік кредиттi қайта құрылымдау - тараптардың келісімi бойынша олардың кредиттiк шарттар бойынша мiндеттемелердi орындау мерзiмдерiнiң, қаржылық және өзге де талаптарының өзгеруi.
2. Бюджеттік кредиттi қайта құрылымдау туралы шешiм қарыз алушыда қаржылық жағдайды сауықтыру жөнiнде жоспар болған кезде қарыз алушының қаржылық жай-күйiн талдау негізiнде қабылданады.
3. Бюджеттік кредиттi қайта құрылымдау:
1) негiзгi борышты өтеу және (немесе) сыйақыны төлеу мерзiмдерiн өзгерту;
2) бюджеттік кредит, кредит бойынша сыйақы және өзге де төлемдер бойынша берешектi капиталдандыру (жиынтықтау) арқылы жүзеге асырылады.
4. Бюджеттік кредиттi қайта құрылымдау Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергілiктi атқарушы органның жанындағы консультациялық-кеңесшi органның оң қорытындысы болған кезде әрбiр кредиттiк шарт бойынша кредитордың шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
5. Бюджеттік кредиттi қайта құрылымдау әрi кеткенде бiр рет жүзеге асырыла алады.
Бюджеттік кредиттi қайта құрылымдау кредиттiк шартқа қосымша келісім жасау арқылы ресiмделедi.
186-бап. Бюджеттік кредит бойынша борышты аудару
Бюджеттік кредит бойынша борышты аударуға кредитор шешiмiнiң негiзiнде кредиттiк шарт тараптарының келісімi бойынша жол берiледi.
Борышты аудару бюджеттік кредит бойынша борышты өтеу есебiне өндiрiп алынған (ұсынылған) мүлiктi берген кезде жүзеге асырылуы мүмкiн.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 41-тараудың тақырыбы өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
41-тарау.
Талап қою мерзімі, бюджеттік кредиттер
бойынша кредиторлар талаптарының тоқтатылуы
және кепілдіктің тоқтатылуы
187-бап. Талап қою мерзiмi
Бюджеттік кредиттер бойынша кредиторлардың талаптарына талап қою мерзiмi қолданылмайды.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 188-баптың тақырыбы өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
188-бап. Кредитордың бюджеттік кредиттi өтеу жөніндегі
талаптарының тоқтатылуы және кепілдіктің тоқтатылуы
1. Кредитордың бюджеттік кредиттi өтеу жөніндегі талабы қарыз алушы кредиттiк шарт бойынша мiндеттемелердi тиiсiнше орындаған кезде, қарыз алушы мен кредитор бiр тұлға болғанда не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарыз алушы - заңды тұлға таратылған жағдайда тоқтатылады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Кредитордың мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттер бойынша талаптары қарыз алушы қайтыс болған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда тоқтатылады.
2. Қарыз алушы-заңды тұлға таратылған жағдайда кредитордың бюджеттік кредиттi өтеу жөніндегі талабының тоқтатылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мiндеттемелердiң орындалуын бағалау жөніндегі алдын ала рәсiмдер жүргiзiлгеннен кейiн:
1) республикалық бюджеттен берiлген бюджеттік кредиттер бойынша - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның негiзiнде;
2) жергілiктi бюджеттен берiлген бюджеттік кредиттер бойынша мәслихаттың шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген таратылған қарыз алушылардың берешегi өтелдi деп есептеледi және оны кредитордың есептен шығаруына жатады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылған қарыз алушыларға кредитордың бюджеттік кредитті өтеу жөніндегі талаптары тоқтатылған жағдайда, онымен бір мезгілде тиісті бюджеттік кредиттер бойынша кепілдіктер де тоқтатылады.
42-тарау. Бюджеттік кредиттер бойынша
бақылау, мониторинг, есепке алу
189-бап. Бюджеттік кредиттердi бақылау
1. Кредитор және (немесе) сенім бiлдiрiлген өкiл (агент) бюджеттік кредиттiң нысаналы пайдаланылуына және ол бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ететiн жағдайдың болуын бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi жергiлiктi жерлерде бюджеттік кредиттiң нысаналы және тиiмдi пайдаланылуын тексерудi жүзеге асыра алады.
2. Бюджеттік кредиттi нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау фактілері анықталған жағдайда кредитор немесе сенім бiлдiрiлген өкiл (агент) қарыз алушыдан кредиттiң заңсыз пайдаланылған сомасын кредиттiк шартта белгiленген мөлшерде айыппұл ала отырып өндiрiп алады.
190-бап. Бюджеттік кредиттер мониторингi және оларды есепке алу
1. Бюджеттік кредиттер бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен мiндеттi тiркеуге, есепке алынуға және оларға мониторинг жүргiзiлуге жатады.
2. 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Кредиторлар берiлген барлық бюджеттік кредиттердiң қарыз алушылар мен сенім бiлдiрiлген өкiлдер (агенттер) тұрғысынан тiзiлiмiн жүргiзедi.
4. Бюджеттік кредиттердi пайдалану тиiмдiлiгiн бағалауды бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
5. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік кредиттердің пайдаланылу тиімділігін бағалауға арналған деректерді экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және құрамда экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға табыс етеді.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
6. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар табыс етілген деректер негізінде бюджеттік кредиттердің пайдаланылу тиімділігін бағалау бойынша есептер қалыптастырады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
7. Экономикалық жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік кредиттердің пайдаланылу тиімділігін бағалау бойынша есептерді жергілікті атқарушы органдарға және экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін табыс етеді.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 11-бөлімнің тақырыбы және 43-тараудың тақырыбы өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
11-бөлім. Мемлекеттік және мемлекет
кепілдік берген қарыз алу мен борыш, мемлекет кепілгерлігі
43-тарау. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік
берген қарыз алу мен борыш, мемлекет кепілгерлігі туралы
жалпы ережелер
191-бап. Осы бөлiмде пайдаланылатын ұғымдар
Осы бөлiмде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аваль - вексельдiк кепiлдiк, бұл жағдайда оны жасаған тұлға вексель бойынша мiндеттi басқа тұлға үшiн вексель бойынша төлем жасауға (толық немесе бiр бөлiгiнде) өзiне мiндеттеме алады;
2) сыртқы қарыз - қарыз берушi Қазақстан Республикасының резидентi емес, ал қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының резидентi болатын қарыз қатынастары;
3) iшкi қарыз - қарыз берушi Қазақстан Республикасының резидентi, ал қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының резидентi болатын қарыз қатынастары;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) банк кепілдігі - қарыз алушы мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімде белгіленген тәртіппен және мерзімде қарыз шарты бойынша өзінен алынуға тиесілі соманың жинақталуын қамтамасыз етпеген жағдайда, банктің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның алдындағы мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша берешекті өтеу жөніндегі міндеттемесі;
5) мемлекет кепiлдiк берген борыш - мемлекеттік кепiлдiктермен қамтамасыз етiлген, белгiлi бiр күнге алынған және өтелмеген мемлекеттік емес қарыздар сомасы;
6) мемлекет кепiлдiк берген қарыз - мемлекеттік кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мемлекеттік емес қарыз;
7) мемлекеттік қарыз - қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi немесе жергiлiктi атқарушы органдар болатын қарыз қатынастары;
8) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз - қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi болатын қарыз қатынастарында оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз;
9) ақша рыногы - қысқа мерзiмдi (бiр жылға дейiнгi) өтiмдi қаржы құралдары рыногы;
10) қарыз шарты - соған байланысты қарыз алушы қарыз қаражатын алатын және қарыз берушiнiң алдында оны қайтару және сыйақыны (мүдденi), сондай-ақ қарызға байланысты басқа да төлемдердi төлеу жөнiнде мiндеттеме атқаратын келісім;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
10-1) сақтандыру шарты - қарыз алушы қарыз шарттары бойынша өзінен алынуға тиесілі соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда, сақтандыру ұйымының қарыз берушінің алдындағы мемлекет кепілгерлігімен қамтамасыз етілген қарыз бойынша берешекті өтеу жөніндегі міндеттемесін көздейтін шарт;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 10-2) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
10-2) мемлекет кепілгерліктері бойынша борыш - мемлекет кепілгерлігімен тартылған және мемлекетке берілетін концессия объектісінің құнынан аспайтын, алынған және өтелмеген қарыз сомаларының белгілі бір күнгі жағдай бойынша сомасы;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 10-3) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
10-3) мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз - инфрақұрылымдық облигациялар шығару арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік емес қарыз;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
11) қарыз беруші - мемлекеттік кепiлдiкпен мемлекеттік немесе мемлекеттік емес қарыздарды берген тұлға немесе инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың өкілі;
12) қарыз алу - қарыз қаражаттарын тарту қажеттiгi туралы шешiм қабылдау, қарызды тарту, пайдалану, өтеу және оған қызмет көрсету тәртібі мен талаптарын айқындау рәсiмдерiн, келiссөздер, мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету және оларға кепiлдiк беру, қарыз бойынша тиiстi құжаттарды ресiмдеу және оларға қол қою, қарыз шартын бекіту (мемлекеттік сыртқы қарыз алу кезiнде), тараптардың мiндеттемелердi орындауын есепке алу, бақылау және талдау рәсiмдерiн қоса алғанда қарыз қаражатын алу, пайдалану рәсiмдерiн қамтитын процесс;
13) мемлекеттік кепiлдiктердi беру лимитi - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетiн, оның шегiнде мемлекеттік кепiлдiктер берiлуi мүмкiн тiркелген сома;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
13-1) мемлекет кепілгерліктерін беру лимиті - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін, оның шегінде мемлекет кепілгерліктері берілуі мүмкін тіркелген сома;
14) жергiлiктi атқарушы орган борышының лимитi - тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетте бекітілетiн жергiлiктi атқарушы органның белгiленген күнге (қаржы жылының аяғына) жергiлiктi атқарушы органның нақты борышынан асып кетпеуге тиiс алынған және өтелмеген қарыздарының тiркелген сомасы;
15) үкiметтiк борыш лимитi - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетiн, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң белгiленген күнге (қаржы жылының аяғына) нақты борышынан асып кетпеуге тиiс алынған және өтелмеген үкiметтiк қарыздардың тiркелген сомасы;
16) борыш мониторингi - мемлекеттiң өзi уәкiлеттiк берген органдар арқылы борышты есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және қызмет көрсету процесiн бақылау жөніндегі қызметi;
17) мемлекеттік емес қарыз - Қазақстан Республикасының Үкіметін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен жергiлiктi атқарушы органдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидентi қарыз алушы болатын қарыз қатынастары;
18) сыйақының (мүдденiң) тiркелмеген (құбылмалы) ставкасы рынок конъюнктурасына байланысты өзгерістерге ұшыраған кредиттер, қарыздар жөніндегі сыйақы (мүдде) ставкасы немесе сыйақымен (мүддемен) қоса бағалы қағаздар бойынша кiрiс;
19) борышқа қызмет көрсету - уақыттың белгiлi бiр кезеңіндегі сыйақының (мүдденiң), комиссиялық алымдардың, айыппұлдардың және қарыз алу шарттарынан туындайтын өзге де төлемдердiң жиынтық төлемдерi;
20) қарызға қызмет көрсету - бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның немесе банктiң қарыз алушының шоттарындағы қарыз қаражаттарының пайдаланылуын есепке алу жөніндегі қызметi және қарыз алушының сыйақы (мүдде) төлемдерiн, комиссиялық алымдарды және қарыз шарттарына сәйкес басқа да төлемдердi жүзеге асыруы;
21) борышты өтеу - қарыз алушының алған қарыз сомасын қарыз шартында белгiленген тәртiппен қайтаруы, қарыз шартынан туындайтын басқа да мiндеттемелердi орындауы;
22) бағдарламалық қарыздар - халықаралық қаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту және реформалау жөніндегі өздерiмен келісілген iс-шараларын орындау шарттарымен Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне беретiн қарыздары;
23) үкiметтiк борыш - Қазақстан Республикасының Үкіметі алған және өтемеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң белгiлi бiр күнге борыштық мiндеттемелерiнiң борышына жатқызылған мемлекеттік қарыздар сомасы;
24) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын бiрiншi иеленушiлерге азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасау арқылы иелiктен шығаруы;
25) мемлекеттік борышты қайта қаржыландыру - жаңадан алынған қарыз қаражаттары есебiнен мемлекеттік борышты өтеу;
26) қарызды қайта құрылымдау - тараптардың келісімi бойынша қарыз шарты жөніндегі өздерiнiң мiндеттемелерiн орындау мерзiмдерiн, қаржылық және өзге де талаптарды өзгертуi;
27) Қазақстан Республикасының резиденттерi - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және (немесе) оның шегiнен тыс жерлерде орналасқан олардың филиалдары мен өкiлдiктерi;
28) негiзгi борыш сомасы - қарыз берушiден алынған және оған қайтарылмаған қарызды, сол бойынша сыйақының (мүдденiң), тұрақсыздық төлемiнiң (айыппұлдың, өсiмпұлдың) есептелген сомасын есепке алмастан, өтелуге жататын сома.
192-бап. Қарыз алу туралы жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуы, мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу Қазақстан Республикасының бюджеттік заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыз алуы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергiлiктi атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыз алуы мемлекеттік қарыз алу болып табылады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Мемлекеттік емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының резиденттерi кез келген мөлшерде, кез келген валютада және кез келген нысанда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi ескере отырып дербес жүзеге асырады.
Мемлекеттік ұйымдар мен қазыналық кәсiпорындар мемлекеттік емес қарыз алуды жүзеге асыруға құқылы емес.
Мемлекеттік емес қарыздарды заңды тұлғалар мемлекеттік кепiлдiкпен тарта алады.
193-бап. Мемлекеттік қарыздардың түрлерi мен нысандары
1. Мемлекеттік қарыздар қарыз алушыға қатысты алғанда:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыздары;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыздары;
3) жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздары болып бөлiнедi.
2. Несие капиталының рыноктарына қарай мемлекеттік қарыздар:
1) мемлекеттік сыртқы қарыздар;
2) мемлекеттік iшкi қарыздар болып бөлiнедi.
3. Қарыз алу нысаны бойынша мемлекеттік қарыздар:
1) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару;
2) қарыз шарттарын жасасу болып бөлiнедi.
4. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар қолданылу мерзiмiне қарай:
1) 1 жылға дейiнгi айналыс мерзiмiмен қысқа мерзiмдi;
2) 1 жылдан 5 жылға дейiнгi айналыс мерзiмiмен орта мерзiмдi;
3) 5 жылдан артық айналыс мерзiмiмен, ұзақ мерзiмдi болып бөлiнедi.
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттамалық және құжаттамалық емес нысанда шығарылуы мүмкiн. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар ұсынушыға арналып құжаттамалық нысанда ғана шығарылуы мүмкiн. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар нақты және дисконттық құны бойынша сыйақының (мүдденiң) тiркелген және тiркелмеген (құбылмалы) ставкасымен шығарылуы мүмкiн.
194-бап. Мемлекеттік борыш
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Мемлекеттік борыш - Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес, өзара талаптарды есепке алмай, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің борышына немесе мәслихаттардың шешiмдерiмен жергiлiктi атқарушы органдардың борышына жатқызылған алынған (игерiлген) және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың белгiлi бiр күнге, сондай-ақ борыштық мiндеттемелердiң белгiлi бiр күнге сомасы.
2. Мемлекеттік борыш iшкi және сыртқы мемлекеттік борышты қамтиды.
3. Мемлекеттік iшкi борыш - Қазақстан Республикасы Yкіметінiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және жергiлiктi атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының қарыз берушi резиденттерiнiң алдындағы мемлекеттік iшкi қарыздары мен басқа да борыштық мiндеттемелерi бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлiгi.
4. Мемлекеттік сыртқы борыш - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының қарыз берушi резидент еместерiнiң алдындағы мемлекеттік сыртқы қарыздар мен басқа да борыштық мiндеттемелерi бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлiгi.
195-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік борышты өтеу мен оған қызмет көрсету жөніндегі мiндеттемелерi
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджеттiң қаражатымен қамтамасыз етiлетiн үкiметтiк борышты өтеу және оған қызмет көрсету жөнiнде мiндеттемелер атқарады.
2. Жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджеттердiң қаражатымен қамтамасыз етiлетiн өзiнiң борышын өтеу және оған қызмет көрсету жөнiнде мiндеттемелер атқарады.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергiлiктi атқарушы органдар бiр-бipiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерi қарыз берушiге негiзгi борыш қайтарылған және борышқа қызмет көрсету жөніндегі төлемдер толық мөлшерде төленген кезде орындалды деп есептеледi.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергiлiктi атқарушы органдар тиiсiнше үкiметтiк борыштың және жергiлiктi атқарушы органдар борышының мониторингiн борышты қалыптастыру, өзгерту және оған қызмет көрсету процесiн есепке алуды, талдауды және бақылауды жүзеге асыру арқылы жүзеге асырады.
196-бап. Мемлекеттік борышты басқару
Мемлекеттік борышты басқару:
1) алдағы орта мерзiмдi кезеңге арналған мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыштың жай-күйiн ондағы көрсеткiштердi үкiметтiк борышты және жергiлiктi атқарушы органдардың борышын өтеу және қызмет көрсету көлемдерiн, лимиттерiн, мемлекеттік кепiлдiктердi ұсынудың белгiленген көлемдерiне сәйкес айқындай отырып жыл сайынғы бағалауды және болжамдауды қамтиды. Алдағы орта мерзiмдi кезеңге арналған мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыштың жай-күйi мен болжамын жыл сайынғы бағалауды дайындауды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп, бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның қатысуымен республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарының, жинақталған мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыштың көлемдерi мен құрылымының негiзiнде жүзеге асырады;
2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органның тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілетiн үкiметтiк борыш лимитiн және мемлекеттік кепiлдiктер беру лимитiн айқындауын;
3) бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекітілетiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыз алу көлемдерiн, нысандары мен шарттарын, үкiметтiк борышты өтеу мен қызмет көрсету көлемдерiн айқындауын;
4) бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның мемлекеттік қарыздарды тiркеудi, мемлекеттік қарыздар алу, өтеу және қызмет көрсету мониторингiн және мемлекеттік борыш мониторингiн жүзеге асыруын;
5) борыш құрылымын оңтайландыру жөніндегі, соның iшiнде борышты мерзiмiнен бұрын өтеу, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды эмитенттiң сатып алуы мен сатуы, мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борышты қайта құрылымдау, борышты қайта қаржыландыру, мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу тәуекелiн басқару жөніндегі iс-шаралар дайындауын және iске асыруын қамтиды.
197-бап. Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыштың жай-күйi туралы мәлiметтердi жариялау
Қазақстан Республикасы мемлекеттік борышының ағымдағы жай-күйi туралы, мемлекеттік борышты өтеу есебiне төленген ақша сомасы туралы, берiлген мемлекеттік кепiлдiктер және кепiлдiктер бойынша төленген ақша сомалары туралы мәлiметтер ашық болып табылады және оларды бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның статистикалық есеп нысанында тоқсан сайын ресми жариялауына жатады.
44-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуы
198-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыз алу мақсаттары
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыз алуы республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджет профицитi кезiнде үкiметтiк қарызды қайта қаржыландыру үшiн қарыз алуды жүзеге асыра алады.
199-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыз алуды жүзеге асыруы
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыз алуы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен:
1) қарыз алудың қаржылық шегiн белгiлеу;
2) қарыз алудың инвестициялық басымдықтарын айқындау;
3) болжамды үкiметтiк қарыздардың тiзбесiн қалыптастыру негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қарыздар тартуды әрбір жекелеген қарыз шарты немесе мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар түрi бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі шешiмiнiң негiзiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
3. Бюджеттi aтқару жөнiндегі орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарының эмитентi болып табылады, ол осындай мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардың әрбiр шығарылымының көлемдерiн, мерзiмдерiн және шарттарын айқындайды.
200-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарыз алуды шектеуi
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң мемлекеттік қарыз алуы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген үкiметтiк қарыз лимитiмен және үкiметтiк борышқа қызмет көрсетуге бағытталатын бюджет қаражаттары көлемiмен шектеледi.
201-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң борышын өтеу мен оған қызмет көрсету
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң борышын өтеудi және оған қызмет көрсетудi, олар шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сатып алуды бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген бюджет қаражаттары есебiнен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.
45-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы
202-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алу мақсаттары
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қарыз алуы бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру мақсатында облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң тапшылығын қаржыландыру үшiн Қазақстан Республикасы Үкіметінен қарыз алу түрiнде жүзеге асырылады.