Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 725 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасында көші-қон процестерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 4, 55-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібінде:
9-тармақтың екінші абзацы «шетелдік» деген сөздің алдынан «Егер Қазақстан Республикасының Үкіметі мен шетелдік инвесторлар арасында рұқсат берудің белгіленген тәртібі қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған шарттарда өзгеше көзделмесе,» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |