3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Даму Банкi директорлар кеңесiнiң төрт мүшесiнiң кандидатурасын белгiлейдi;
2) акционерлердiң жалпы жиналысына директорлар кеңесiнiң мүшелерi арасынан Даму Банкi президентінің кандидатурасын ұсынады.
4. Даму Банкi директорлар кеңесiнiң төрағасын Даму Банкi акционерлерiнiң жалпы жиналысы сайлайды.
5. Жалпы жиналыста сайлау үшiн директорлар кеңесiнiң мүшелiгiне кандидатуралар осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген ережелер бойынша анықталады.
Мемлекеттік қызметшi болып саналмайтын адамдар да директорлар кеңесiнiң мүшесi бола алады.
6. Даму Банкінің директорлар кеңесi Даму Банкінің әрбiр қаржы жылына арналған бюджетiн, Даму Банкінің қызметiн регламенттейтiн өзге де ережелердi бекiтедi, Даму Банкi президентінің ұсынуы бойынша Даму Банкінің вице-президенттерiн, iшкi аудит құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысын тағайындайды және қызметтен босатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
25-бап. Даму Банкінің президентi
1. Даму Банкінің президентi Даму Банкінің атқарушы органы және лауазымы бойынша директорлар кеңесiнiң мүшесi болып табылады.
2. Даму Банкінің президентiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ұсынуы бойынша акционерлердiң жалпы жиналысы тағайындайды және қызметтен босатады.
3. Даму Банкінің президентiне жарғыға сәйкес Даму Банкi қызметiнiң мәселелерi бойынша оралымды және атқарушылық-өкiмдiк шешiмдер қабылдау, Даму Банкi атынан шарттар (келісімдер) жасасу өкiлеттiгi берiлген.
6-тарау. Қосымша ережелер
26-бап. 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) алынып тасталды (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 27-бап өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
27-бап. Даму Банкінің жауапкершiлiгі және дауларды шешу тәртібі
1. Даму Банкi өзiнiң мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiздер бойынша және тәртiпте жауапты болады.
2. Даму Банкiнің, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының, мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың арасында осы Заңды орындау жөнiнде туындаған барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.
3. Осы Заңның бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының