Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау ережесi мен
шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 12
наурыздағы № 207 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1131 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 13 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1131 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының электр энергиясын беруде үзiлiстерге жол беруге өмiрлiк маңызды объектiлерiн үздiксiз электрмен жабдықтау, бұл объектiлердiң авариялық бронь бойынша тұтынған электр энергиясы үшiн уақытылы кепiлдiктi ақы төлеуiн қамтамасыз ету, электр энергетикасы объектiлерiнiң жұмысында төлем жасау себебi бойынша кiдiрiске жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1131 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қоса беріліп отырған Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау ережесi мен шарттары бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1131 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Қаржы министрлігімен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен келісім бойынша бiр айлық мерзiм iшiнде республикалық маңызы бар үздiксiз электрмен жабдықтау объектiлерiнiң тiзбесiн жасасын және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекітуiне ұсынсын, сондай-ақ оларға арналған авариялық бронның шамасын белгiлесiн.
3. ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1131 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
4. ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1131 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
5. ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1131 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 жылғы 12 наурыздағы № 207 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1131 қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен
жабдықтау туралы ереже мен шарттар
Осы Ережелер, электрмен ажыратып тастау адамдардың өмiрi үшiн қауiп тудыратын немесе апаттық немесе экономикалық зардаптарға әкеп соғатын Қазақстан Республикасының шаруашылық инфрақұрылым ұйымдары электр энергиясымен қамтамасыз етудiң тәртібін айқындайды және оны бергенi үшiн төлем жасаудың тәртібін белгілейдi.
1. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар
Yздiксiз электрмен жабдықтау объектілерi (бұдан әрi - YЭО) оларды ажыратып тастау адамдардың өлiмiне, тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерi жұмысының бұзылуына, апаттық экологиялық, әлеуметтiк немесе экономикалық зардаптарға апарып соғуы мүмкiн, технологиялық себептерiне байланысты үздiксiз электрмен жабдықтауды қажет ететiн шаруашылық инфрақұрылым объектiлерi.
Авариялық бронь - оны беру үздiксiз электрмен жабдықтау объектiсiнiң ол үшiн маңызы бар құрылғыларының жұмыс iстеуiн сақтайтын және тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерi жұмысының бұзылуын, сондай-ақ апаттық экологиялық, әлеуметтік немесе экономикалық зардаптарды немесе адамдардың өлiмiн болдырмайтын ең аз қажеттілiктегi электр қуаты.
Республикалық маңызы бар ҮЭО - мемлекеттік меншiк нысанындағы үздiксiз электрмен жабдықтау объектiлерi, оларға авариялық бронь мөлшерлерiнде электр энергиясын жеткiзу осы объектiлер үшiн электр энергиясын тұтыну жөніндегі шығыстарға арналған сомалардың шегiнде, республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Жергіліктi маңызы бар YЭО - тiзбесiн облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi бекiтетiн мемлекеттік меншiк нысанындағы үздiксiз электрмен жабдықтау объектiлерi.
Электр энергетикасы объектiлері жұмысының айрықша режимi - электр энергетикасы объектiлерiнде iрi технологиялық бұзылулар кезiнде енгiзiлетiн мәжбүрлі режим.
2. Авариялық броньмен қамтамасыз етілетiн объектiлер
1. Олар үшiн авариялық бронның шамасы белгiленетiн үздiксiз электрмен жабдықтау объектiлерiнiң тiзбесiне мыналар кiреді:
мемлекеттің қауiпсiздігін қамтамасыз ететiн объектiлер;
теле-радиокоммуникациялар;
сумен жабдықтау, кәрiз және жылумен жабдықтау кәсiпорындары;
емдеу мекемелерi;
олардың ұсталуы бюджетте көзделген өртке қарсы қауiпсiздiктi қамтамасыз ететін объектілер.
2. YЭО объектiлерiнiң тiзбесiне енгізiлген әрбiр объект үшiн энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергияны беруші ұйымдар YЭО өкiлімен бiрлесе отырып, энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық бронi актiсiн жасау тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес авариялық броннiң актiсiн жасайды, онда авариялық броннiң шамасы мен объектiнi қоректендiру схемасы көрсетiледi.
Авариялық бронның актiсi уәкiлеттi органға (жергiлiктi атқарушы орган) жiберiледi. Авариялық бронның актісi энергиямен жабдықтау шартына және/немесе электр энергиясын беру шартына мiндетті қосымша болып табылады.
3. Уәкiлеттi орган (жергiлiктi атқарушы орган) авариялық бронь актілерін алған соң тиiсiнше әрбiр өңiр үшiн авариялық бронды жабуға арналған қажеттi қуаттың жиынтық шамасын белгiлейдi.
4. Әрбiр YЭО үшін авариялық бронның шамалары көрсетiлiп YЭО тiзбелерi жүйе операторына берiледi.
3. YЭО объектiлерiне арналған электр
энергиясын берудiң тәртібі
5. Әрбiр YЭО қалыпты жұмыс iстеуi үшін қажеттi көлемдегi электр энергиясын жеткiзудi электрмен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйым, белгіленген тәртiппен жасасылған, екiжақты шарттың негiзiнде жүзеге асырады.
Шарт жасасу кезiнде:
мемлекеттік мекеме болып табылатын YЭO облыстық қаржы басқармасының осы мекеменiң электр энергиясын тұтыну жөніндегі шығыстарына бюджетте көзделген қаражаты туралы жазбаша растау бередi;
мемлекеттік кәсiпорын немесе өзгеше ұйым болып табылатын ҮЭО энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйымға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен ресiмделген банкiлiк кепiлдемені бередi.
Облыстық қаржы басқармасының жазбаша растауы және банкiлiк кепілдеме энергиямен жабдықтауға және электр энергиясы: беруге арналған шарттардың ажырамас бөлiгі болып табылады.
6. ҮЭО электрмен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйымның берген электр энергиясы үшін шоттарына төлем жасамаған кезде электрмен жабдықтаушы және/немесе энергия беруші ұйым ҮЭО-ге электр энергиясын жеткiзудi авариялық бронь деңгейiне дейiн шектеуге құқылы, бұл туралы өзiнiң құрамында ҮЭО бар ұйымға кемiнде 14 тәулiк бұрын ескертедi.
7. Төтенше жағдайлар туындаған кезде (жер сiлкiнiсi, су тасқыны, басқа да табиғи зiлзалалар) YЭО-ге электр энергиясын жеткiзуге арналған шарттық мiндеттемелердi атқаруды электрмен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйым Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмi бойынша тоқтата тұруы мүмкiн. Бұл жағдайларда электр энергиясын бөлу барлық электрмен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйымдар үшiн мiндеттi болып табылатын оның нұсқауы бойынша жүзеге асырылатын болады.
8. YЭО-ге электр энергетикасы объектiлерi жұмысының айрықша режимi кезiнде электр энергиясын жеткiзу өңiрдiң авариялық бронын өтеу үшiн қажеттi электр энергиясы мөлшерiн YЭО үшiн жеткiзудi қамтамасыз ететiн энергия беруші ұйымдар әзiрлеген схемалар бойынша жүзеге асырылуы тиiс.
4. ҮЭО үшін электр энергиясын беру бойынша
есеп айырысулардың тәртібі
9. Ажыратылмайтын объектiлердiң бекітілген тiзбесiне кiретiн YЭО үшiн шарттар бойынша берiлетін электр энергиясы үшiн энергиямен жабдықтаушы ұйыммен есеп айырысулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жасасылған екi жақты шарт негiзiнде жүргізiледi.
10. YЭО-нiң электр энергетикасы объектiлерi жұмысының айрықша режимi кезеңiндегі авариялық бронды өтеуге тұтынылатын және/немесе берiлетiн электр энергиясы үшiн есеп айырысуларды электр энергиясын iс жүзiнде беруші жеткiзуші жүргiзедi.
11. YЭО авариялық бронь деңгейiне дейiн шектеу жағдайы туындаған кезде, авариялық бронь бойынша тұтынылған және/немесе берiлген электр энергиясы үшiн есеп айырысулар:
мемлекеттік мекемелер үшiн электр энергиясын тұтынуға арналған шығыстарда көзделген бюджеттік қаражаттың есебiнен;
мемлекеттік кәсіпорындар мен өзге де ұйымдар үшiн - жасасылған шарттардың және банкiлiк кепілдеменiң шеңберiнде жүзеге асырылады.