Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 наурыздағы № 207 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 шілдедегі № 669 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 657 Қаулысымен күші жойылды
Ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету объектілерін электрмен жабдықтаудың рұқсатсыз ажыратылуын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау ережесі мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 12 наурыздағы № 207 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 8, 55-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау туралы ереже мен шарттарда:
тақырыбындағы «туралы ереже мен шарттар» деген сөздер «ережесі мен шарттары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Авариялық броньмен қамтамасыз етілетін объектілер» деген 2-бөлімде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін аэронавигациялық ұйым объектілері».
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік органдар осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |