4. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру мен ұлғайтуға қатысу арқылы бюджеттік инвестицияларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.
33-тарау. Бюджеттік инвестицияларды іске асыру
мониторингі және олардың тиімділігін бағалау
154-бап. Бюджеттік инвестицияларды iске асыру мониторингi
1. Бюджеттік инвестицияларды iске асыру мониторингi:
1) бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) дайындау және iске асыру барысы мен нәтижелерi туралы бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi табыс еткен ақпаратты жинауды және өңдеудi;
2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) дайындау және iске асыру барысы мен нәтижелерi туралы ақпаратты бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң ресiмдеуiн және табыс етуiн;
3) бюджеттi атқару жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдардың бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға түсiмдердiң және бюджеттік даму бағдарламаларын (iшкi бағдарламаларды) қаржыландырудың жиынтық жоспарын және бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тұрғысындағы бюджеттік даму бағдарламалары (iшкi бағдарламалар) шеңберiнде нақты жүзеге асырылған төлемдер бойынша ақпаратты табыс етуiн;
4) бюджеттік жоспарлау жөнiндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдардың бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру барысы туралы табыс етiлген ақпараттың және бюджеттік даму бағдарламалар (iшкi бағдарламалар) бойынша нақты жүзеге асырылған төлемдер жөніндегі ақпараттың негiзiнде бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың тиiмдiлiгiн ағымдағы бағалауын;
5) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органның жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты жасауын және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға және экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органға табыс етуін;
6) бюджеттік жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлеттi органның республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты жасауын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне және экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілеттi органға табыс етуiн көздейдi.
2. Бюджеттік инвестицияларды iске асыру мониторингiн жүзеге асыру шеңберiнде көзделетiн ақпаратты ұсыну мерзiмдерi мен нысандарын экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
3. Бюджеттік инвестициялар мониторингi деректерiнiң негiзiнде, сондай-ақ ағымдағы және болжамды әлеуметтiк-экономикалық және саяси ахуалды ескере отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының Үкіметіне және жергiлiктi атқарушы органдарға бюджеттік инвестицияларды тиiмдi жүзеге асыру шараларын iске асыру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқылы.
4. Бюджеттік инвестицияларды тиiмдi жүзеге асыру шаралары:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың бюджеттік инвестицияларды тиiмдi жүзеге асыруға бағытталған нормативтiк құқықтық актілері мен басқа да шешiмдердi қабылдауын;
2) негiзделген жағдайларда бюджеттік инвестициялардың жүзеге асырылуын тоқтатуды немесе тоқтата тұруды;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қамтиды.
155-бап. Бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау
1. Бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүзеге асырудың мақсаттары бюджеттік инвестицияларды жоспарлау процесiн жетiлдiру және мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстар талдап-жасау болып табылады.
2. Бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалауды экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар жүзеге асырады және бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру нәтижелерi мен салдары туралы деректер жинауды, алынған деректерге талдау жасауды және мемлекеттік инвестициялық саясатты iске асырудың тиiмдiлiгiн бағалауды көздейдi.
3. Бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау нақты және жоспарланған шығындарды, бюджеттік инвестициялардың нақты және күтiлетiн нәтижелерiн салыстыру, сондай-ақ бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiне әсер еткен факторларды бағалау арқылы жүзеге асырылады.
4. Бюджеттік инвестициялардың тиiмділігiн бағалау үшiн деректердi бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiп пен құрамда табыс етедi.
5. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар табыс етiлген деректердiң негiзiнде бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау жөніндегі есептердi қалыптастырады.
6. Бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлігін бағалау жөніндегі есептердi:
1) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органдар жергiлiктi атқарушы органдарға және экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға жыл сайын, есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 наурызына дейiн;
2) экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Yкіметіне жыл сайын, есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 сәуiрiне дейiн табыс етедi.
7. Бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау жөніндегі ақпаратты экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 123, 125 және 127-баптарында белгiленген мерзiмдерде тиiсiнше Қазақстан Республикасының Парламентiне, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiне және мәслихаттардың тексеру комиссияларына табыс етедi.
8. Бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау жөніндегі есеп:
1) бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негiздемесiнiң немесе заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру мен ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылған бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздемесiнiң деректерiн;
2) бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) немесе заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру мен ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылған бюджеттік инвестициялардың iске асырылуының қол жеткен нәтижелерiн;
3) бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау үшiн ақпарат жинаудың көздерi мен әдiстерiн, сондай-ақ ақпаратты өңдеу және талдау әдiстерiн;
4) бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерiн;
5) мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстарды қамтиды.
9. Бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау жөніндегі есептi жасау мен табыс ету тәртібін экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
9-бөлім. Гранттар
34-тарау. Гранттар туралы жалпы ережелер
156-бап. Осы бөлiмде пайдаланылатын ұғымдар
Осы бөлiмде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) өтеусiз техникалық көмек - донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына тауарлар жеткiзiп берудi, жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетудi жүзеге асыруы немесе ұйымдастыруы;
2) өтеусiз қаржылық көмек - донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына тауарлар жеткiзiп берудi, жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетудi қаржыландыру үшiн ақша беруi;
3) грант - донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына беретiн өтеусiз қаржылық немесе техникалық көмегi;
4) донорлар - шет мемлекеттер, олардың үкiметтерi мен агенттiктерi, халықаралық және шетелдiк мемлекеттік ұйымдар, қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтiн шетелдердiң үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдары және қорлары;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
5) байланысты грант туралы келісім - мемлекеттік орган мен донор арасындағы Қазақстан Республикасына өтеусiз қаржылық немесе техникалық көмек берудi көздейтiн шарт.
157-бап. Гранттарды сыныптау
Гранттар берiлу шарттары бойынша былай бөлiнедi:
1) байланысты гранттар - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң грант берген донордан одан әрi қарыз алуын немесе мемлекеттік бюджеттен қоса қаржыландыруды көздейтiн гранттар;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
2) байланыссыз гранттар - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң грант берген донордан одан әрi қарыз алуын немесе мемлекеттік бюджеттен қоса қаржыландыру көзделмейтiн гранттар.
Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, олардың мониторингi және пайдаланылу тиiмдiлiгiн бағалау Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 158-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
158-бап. Байланысты гранттарды жоспарлау
1. Байланысты гранттарды жоспарлау - байланысты гранттар тартуға өтiнiмдер қалыптастыру, ұсыным жасау және iрiктеу жөніндегі қызмет.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2. Байланысты гранттарды жоспарлаудың негiзi:
1) республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспары;
2) донорлардың өтеусiз қаржылық және техникалық көмек беру туралы ұсыныстары болып табылады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
3. Мемлекеттік, салалық (секторлық) бағдарламалар, сондай-ақ донорлардың ұсыныстары негiзiнде байланысты гранттар тартуға арналған өтiнiмдердi түзудi орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
4. Байланысты гранттарды тартуға арналған өтiнiмдердi орталық мемлекеттік органдар жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың өтiнiмдерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға ұсынады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
5. Байланысты гранттарды тартуға арналған өтiнiмдердi iрiктеудi экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлетті орган:
1) байланысты грантты тартуға арналған өтiнiмнiң Қазақстан Республикасының орта мерзiмдi кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтарына сәйкестiгi;
2) байланысты грантты тартуға арналған өтiнiмнiң донорлардың байланысты гранттарды беру саясатына сәйкестiгi негiзiнде жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
6. Байланысты гранттарды тартуға арналған iрiктелген өтiнiмдердiң негiзiнде, экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен гранттарды тартуға арналған басым өтiнiмдердiң тiзбесiн қалыптастырады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 35-тараудың тақырыбы өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
35-тарау. Байланысты гранттарды тарту және пайдалану
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 159-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
159-бап. Байланысты гранттарды тарту
1. Байланысты гранттарды тартуға арналған басым өтiнiмдер тiзбесiнiң негiзiнде экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган донорларға байланысты гранттар беруге арналған өтiнiмдер жiбередi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2. Байланысты грант беруге арналған өтiнiмдердi донорларға жiберу донорлар белгiлеген нысан бойынша жүзеге асырылады, оны экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органның сұратуы негiзiнде тиiстi орталық мемлекеттік немесе жергiлiктi өкiлдi немесе атқарушы органдар толтырады.
Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органмен келісіп алмай донорларға өтiнiш жасауға тыйым салынады.
3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
4. Байланыстырылған грантты тартуға өтiнiмдi донор мақұлдаған ретте оны тартудың мақсатқа сай екендiгiн тиiстi бюджет комиссиялары айқындайды. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган байланыстырылған гранттарды тартуға арналған өтiнiмдер тiзбесiн қалыптастырады және оны бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға не жергiлiктi атқарушы органдарға тиiстi бюджет комиссияларына қарауға өтiнiмдер енгізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшiн жiбередi.
5. Байланыстырылған грантты беру туралы келісім тиiстi қаржы жылына арналған республикалық немесе жергiлiктi бюджеттер бекітілгеннен кейiн жасалады.
6. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 160-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
160-бап. Байланысты гранттарды пайдалану
1. Байланысты гранттарды пайдалану жеке бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) құрайды және байланысты грант туралы келісімге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оларды мемлекеттік ұйымдар - гранттарды алушылар жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
2. Мемлекеттік ұйымдар - байланысты гранттарды алушылар:
1) байланысты грант туралы келісімде көзделген, өздерiне қабылдаған мiндеттемелердi уақтылы орындауға;
2) алынған байланысты гранттардың нысаналы және тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
3) байланысты гранттардың есебiнен сатып алынған жабдықтар мен материалдардың балансқа қойылуын қамтамасыз етуге;
4) гранттардың есебiнен сатып алынатын тауарлар импорты кезiнде кедендiк ресiмдердi уақтылы жүзеге асыруға мiндеттi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцида (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
3. Байланысты грантты пайдалану аяқталған соң мемлекеттік ұйымдар - байланысты гранттарды алушылар экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға донордың уәкiлеттi өкiлi және өтiнiмi бойынша байланысты грант беру жүзеге асырылған орталық мемлекеттік немесе жергiлiктi өкiлдi немесе атқарушы органның бiрiншi басшысы қол қойған байланысты грантты пайдаланудың аяқталуы туралы түпкiлiктi есептi табыс етедi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 36-тараудың тақырыбы өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
36-тарау. Байланысты гранттарды пайдалану мониторингі
және пайдалану тиімділігін бағалау
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 161-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
161-бап. Байланысты гранттарды пайдалану мониторингi
1. Байланысты гранттарды пайдалану мониторингi:
1) орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелерi туралы ақпарат жинауын және оны өңдеуiн;
2) орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелерi туралы есептердi экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға табыс етуiн көздейдi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2. Байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелерi туралы есептiлiктi және ақпаратты табыс ету мерзiмдерi мен нысандарын экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлетті орган айқындайды.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 162-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
162-бап. Байланысты гранттарды пайдалану тиiмдiлігін бағалау
1. Байланысты гранттарды пайдалану тиiмдiлiгiн бағалауды экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады және ол байланысты гранттарды тарту нәтижелерi мен салдары туралы деректер жинауды, алынған деректердi талдауды және байланысты гранттарды тарту мен пайдалану тиiмдiлiгiн бағалауды көздейдi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2. Байланысты гранттарды пайдалану тиiмдiлiгiн бағалау байланысты гранттарды тартудың жоспарланған және қол жеткен нәтижелерiн салыстыру, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану тиiмдiлiгiне әсер еткен сыртқы факторларды бағалау арқылы жүзеге асырылады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
3. Байланысты гранттарды пайдалану тиiмдiлiгiн бағалау үшiн экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға деректердi экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiп пен құрамда өтiнiмдерi бойынша байланысты гранттар беру жүзеге асырылған орталық мемлекеттік және жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар табыс етедi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
4. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардан осы органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша байланысты гранттарды пайдалану тиiмдiлiгiн бағалауға қажеттi ақпаратты табыс ету туралы сұратуға құқылы.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 5-тармақ толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
5. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган табыс етiлген деректердiң негiзiнде байланысты гранттарды пайдалану тиiмдiлiгiн бағалау жөніндегі ақпаратты қалыптастырып, оны Қазақстан Республикасының Парламентiне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын осы Кодекстiң 123-бабында белгiленген мерзiмдерде табыс етедi.
10-бөлім. Бюджеттік кредиттеу
37-тарау. Бюджеттік кредиттеудің жалпы ережелері
163-бап. Бюджеттік кредиттеу туралы негiзгi ережелер
1. Бюджеттік кредит - бюджеттен қайтарымды, мерзiмдi және ақылы негiзде бөлiнетiн ақша.
2. Бюджеттік кредиттеу - бюджеттік кредиттi беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешiм қабылдау рәсiмдерiн қамтитын процесс.
3. Кредиттiк шарт - бюджеттік кредиттi беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу кезiнде тараптардың құқықтық қатынастарын белгiлейтiн, кредитор, бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi және қарыз алушы арасындағы келісім.
4. Бюджеттік кредиттер:
1) орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарының шеңберiнде бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыруға;
2) мемлекеттiң сыртқы экономикалық қызметiн iске асыруға;
3) облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң кассалық алшақтығын жабуға;
4) мемлекеттiң жүз процент қатысуымен қаржы агенттiктерiнiң (бұдан әрi - қаржы агенттiктерi) мемлекеттік инвестициялық саясатты iске асыруына бағытталады.
5. Бюджеттік кредиттер тиiстi қаржы жылына арналған республикалық және (немесе) жергiлiктi бюджеттік бағдарламаларда көзделген бағыттар бойынша және сомалар шегiнде берiледi.
6. Бюджеттік кредиттер заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу мақсаттарына, қарыз алушының шаруашылық қызметiнiң залалдарын жабуына, көрсетiлетiн қызметтер үшiн сенім бiлдiрiлген тұлғаларға (агенттерге) ақы төлеуге берiлмейдi.
7. Бюджеттік кредиттер мынадай талаптар сақталған жағдайда берiледi:
1) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегiнiң болмауы;
2) қарыз алушының бюджеттік кредит бойынша мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз ететiн жағдайының болуы;
3) қарыз алушының бұрын берiлген бюджеттік кредиттер бойынша берешегiнiң болмауы.
8. Бюджеттік кредиттер Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Қазақстан Республикасының орта мерзiмдiк фискалдық саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
164-бап. Бюджеттік кредиттеу принциптерi
Бюджеттік кредиттер беру мынадай принциптерге:
1) кредит шартына сәйкес бюджеттік кредиттi өтеу мiндеттiлiгiн көздейтiн қайтарымдылық принципiне;
2) мiндеттемелердiң орындалуын Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәсiлдермен қамтамасыз ететiн жағдайының болуын көздейтiн қамтамасыз етiлу принципiне;
3) бюджеттік кредиттi бергенi үшiн қарыз алушыға ақы төлеуiн көздейтiн ақылылық принципiне;
4) бюджеттік кредитті беру мерзiмiн белгiлеудi көздейтiн мерзiмдiлiк принципiне сәйкес жүзеге асырылады.
165-бап. Бюджеттік кредиттеу өлшемдерi
Бюджеттік бағдарлама мынадай өлшемдер сақталған жағдайда бюджеттік кредит беру арқылы iске асырылады:
1) орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарына сәйкес келу;
2) iс-шараларды бюджеттік кредиттеу арқылы iске асырудың экономикалық және әлеуметтiк тиiмдiлiгi;
3) бюджеттік кредит есебiнен iске асырылатын iс-шаралардың өзiн-өзi ақтауы;
4) қарыз алушының Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өлшемдерге сәйкес кредиттiк қабiлетi.
166-бап. Бюджеттік кредиттеу субъектiлерi
1. Бюджеттік кредиттеу субъектiлерi кредитор, бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi, қарыз алушы, соңғы қарыз алушы, сенім бiлдiрiлген өкiл (агент) болып табылады.
2. Бюджеттік кредиттеу субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi осы Кодекске және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілеріне сәйкес кредиттiк шартпен және (немесе) тапсырма шартымен айқындалады.
167-бап. Кредитор
1. Кредитор - Қазақстан Республикасының бюджеттік және азаматтық заңдарына сәйкес бюджеттік кредит беретiн кредит шартының тарабы.
2. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттеу кезiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі кредитор болып табылады.
Бюджеттік кредиттеу кезiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Yкіметінiң атынан әрекет етедi.
3. Жергiлiктi бюджеттен бюджеттік кредиттеу кезiнде тиiстi жергiлiктi атқарушы орган кредитор болып табылады.
4. Кредитор осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бюджеттік кредит берудi қамтамасыз етедi, кредит шарты талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
168-бап. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi
Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi бюджеттік кредиттеу кезiнде кредиттiк шарттың тарабы болып табылады және:
1) қаржы агенттiктерiн қоспағанда, қарыз алушы банктердi және сенім бiлдiрiлген өкiлдердi (агенттердi) конкурстық негiзде айқындауды;
2) бюджеттік кредиттердiң нысаналы және тиiмдi пайдаланылуының, өтелуi мен оларға қызмет көрсетiлуiнiң бақылауы мен мониторингiн жүзеге асырады.
169-бап. Қарыз алушылар
1. Қарыз алушы - бюджеттік кредиттi алушы, негiзгi борышты өтеу және сыйақы, сондай-ақ кредиттiк шартқа сәйкес басқа да төлемдердi төлеу жөнiнде мiндеттемелер алатын кредит шартының тарабы.
2. Мыналар:
1) жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының азаматтары;
2) қарыз алушы банктер - Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар;
3) жергiлiктi атқарушы органдар;
4) шетелдiк мемлекеттер қарыз алушылар бола алады.
170-бап. Соңғы қарыз алушылар
1. Соңғы қарыз алушы - қарыз берушi банк оған кредитор немесе қаржы агенттiгi айқындаған шарттармен беретiн бюджеттік кредиттi соңғы алушы.
2. Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар соңғы қарыз алушылар бола алады.
3. Соңғы қарыз алушыларды iрiктеудi және кредиттеудi бюджеттік бағдарламаның мақсатына, сондай-ақ өздерiнiң кредиттiк саясатына сәйкес қарыз алушы банктер жүзеге асырады.
171-бап. Сенім бiлдiрiлген өкiлдер (агенттер)
1. Сенім бiлдiрiлген өкiл (агент) - тапсырма шартының негiзiнде кредитордың (сенімгердiң) атынан және оның есебiнен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттік кредит беруге байланысты белгiлi бiр тапсырмаларды жасайтын тұлға.
2. Сенім бiлдiрiлген өкiл (агент) кредитордың (сенімгердiң) тапсырмасы бойынша мынадай iс-қимылдарды орындай алады:
1) қарыз алушыларды - жеке тұлғаларды айқындау және олармен кредиттiк шарттар жасасу;
2) бюджеттік кредиттерге қызмет көрсету;
3) қарыз алушылармен есеп айырысу;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берешектi өндiрiп алу.
3. Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым сенім бiлдiрiлген өкiлдер (агенттер) болып табылады.
4. Қаржы агенттiгiн қоспағанда, сенім бiлдiрiлген өкiлдi (агенттi) бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган немесе бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарына сәйкес белгiлейдi.
5. Кредитор (сенімгер) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен сенім бiлдiрiлген өкiлге (агентке) тапсырмаларды орындағаны үшiн сыйақы төлеудi жүзеге асырады.
Сенім бiлдiрiлген өкiлге (агентке) тапсырмаларды орындағаны үшiн сыйақы төлеу мөлшерi тапсырма шарттарында белгiленедi.
38-тарау. Бюджеттік кредиттеу шарттары
172-бап. Кредиттiк шарттың негiзгi талаптары
1. Кредиттiк шартта бюджеттік кредиттiң мынадай негiзгi талаптары мiндеттi түрде болуға тиiс:
1) берудiң мақсаты;
2) мөлшерi;
3) валютасы;
4) мерзiмi;
5) игеру кезеңi;
6) сыйақы ставкасы.
2. Бюджеттік кредиттiң негiзгi шарттары және қарыз алушылардың санаты кредитордың шешiмiмен белгiленедi.
3. Кредиттiк шартқа қосымша талаптар, соның iшiнде бюджеттік кредиттi беру тәсiлiн айқындайтын талаптар, бюджеттік кредиттi өтеу және оған қызмет көрсету кестесi, бюджеттік кредит бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету тәсiлдерi енгiзiледi.
173-бап. Бюджеттік кредиттiң мерзiмi
1. Бюджеттік кредиттiң мерзiмi - қарыз алушы бюджеттік кредит алатын, пайдаланатын, оған қызмет көрсететiн және оны өтейтiн уақыт кезеңi.
2. Бюджеттік Kpeдиттiң мерзiмi бюджеттік кредиттiң қаражатын кредитордың шотынан аударған кезден бастап есептеледi.
3. Бюджеттік кредиттер берiлу мерзiмiне қарай мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) қысқа мерзiмдi - 1 жылға дейiн;
2) орта мерзiмдi - 1 жылдан 5 жылға дейiн;
3) ұзақ мерзiмдi - 5 жылдан 30 жылға дейiн.
174-бап. Бюджеттік кредиттi игеру кезеңi
1. Бюджеттік кредиттi игеру кезеңi - бюджеттік кредиттiң берiлу мақсаттарына сәйкес iс-шараларды iске асыру үшiн қарыз алушы бюджеттік кредиттi пайдалана алатын уақыт кезеңi.
2. Бюджеттік кредиттiң пайдаланылмаған бөлiгi игеру кезеңi аяқталған күннен бастап үш күннiң iшiнде тиiстi бюджетке қайтарылуға тиiс.
175-бап. Бюджеттік кредит бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету тәсiлдерi