5. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақша есебiнен тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) сатып алу мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақша есебiнен азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеу осы Кодекстiң 104-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Қаржы жылы iшiнде мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақша түсiмдерi мен шығыстарының жоспарында көзделген сомалардан тыс кiрiстер тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының жоспары нақтыланған жағдайда ағымдағы қаржы жылында жұмсалуы мүмкiн.
8. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақша есебiнен жүргiзiлетiн төлемдер мемлекеттік мекеменiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн ақшаны есепке алу үшiн ашылған шотындағы нақты ақша көлемi шегiнде жүзеге асырылады.
110-бап. Қаржы жылының аяқталуы
1. Ағымдағы қаржы жылының бюджет түсiмдерiн есепке алуға және бюджеттен төленетiн төлемдердi жүзеге асыруға байланысты операциялардың барлығы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында аяқталады.
2. Бюджетке 31 желтоқсаннан кейiн есепке алынған түсiмдер жаңа қаржы жылының түсiмдерi болып есептеледi.
3. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейiн қоса алғанда пайдаланылмаған жоспарлы жұмсалымдар қалдықтарының күшi жойылады.
19-тарау. Бюджеттерді нақтылау мен түзету
процесінің негізгі ережелері
111-бап. Бюджеттi нақтылау
1. Бюджеттi нақтылау - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бюджеттiң көрсеткiштерiн өзгерту.
2. Бюджеттi нақтылау:
1) бюджет түсiмдерiн қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтiн Қазақстан Республикасының заң актілері қабылданған немесе өзгертiлген;
2) бюджеттi атқару барысында бюджет түсiмдерi олардың бекітілген жылдық көлемiнен он проценттен астам сомаға төмендеген жағдайларда мiндеттi түрде жүргiзiледi.
3. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiнде бекітілген көлемнен артық қосымша шығыстарды бюджеттен жүзеге асыруға бюджеттi нақтылау кезiнде ғана жол берiледi.
4. Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттi нақтылауға бюджеттiң кiрiстерi жөніндегі жылдық жоспар қаржы жылының бiрiншi тоқсанының қорытындылары бойынша кем дегенде отыз процентке немесе бiрiншi жарты жылдығының қорытындылары бойынша алпыс процентке және үш тоқсанының қорытындылары бойынша сексен проценттен астам орындалған жағдайда жол берiледi.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергiлiктi атқарушы органдар бюджет қаражатын игеру мониторингiнiң нәтижелерi негiзiнде тиiстi бюджеттік комиссияның жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша жылдық жоспарлы жұмсалымдарды қайта қарау қажеттiгi жөніндегі ұсыныстарын ескере отырып, жеке бюджеттік бағдарламалар бойынша республикалық немесе жергiлiктi бюджеттi нақтылауға бастамашы болуға құқылы.
6. Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттi нақтылау осы Кодексте көзделген басқа да жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкiн.
112-бап. Бюджеттi нақтылау принциптерi
Бюджеттердi нақтылау кезiнде мынадай принциптер сақталады:
1) уақтылылық принципi - бюджеттi нақтылауды бюджеттік бағдарламаларды тиiмдi iске асыруға мүмкiндiк беретiн мерзiмдерде жүргiзу;
2) негiздiлiк принципi - енгiзiлiп отырған өзгерістер мен толықтырулардың қажеттігін нормативтік құқықтық актiлермен, тиісті есептермен және басқа да құжаттармен растау;
3) теңдестiрiлiмдiктi сақтау принципi - депутаттардың тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңның жобасын немесе мәслихаттың шешiмiн ескере отырып, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiнде белгiленгеннен аспайтын бюджет тапшылығының көлемiн сақтау үшiн түсiмдердiң қосымша көздерiн не қысқартылатын шығыстарды негiздей және айқындай отырып, кез келген өзгерістер мен толықтырулар енгізуi.
113-бап. Секвестр
1. Секвестр - бюджет қаражаттарын жұмсауға белгілі бiр шектерде тыйым салуды көздейтiн арнайы тетiк, ол бюджеттi атқару кезiнде бекітілген бюджетке түсетiн түсiмдер қысқартылған, соның нәтижесiнде бекітілген бюджеттік бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкiн болмайтын жағдайда енгiзiледi.
2. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе тиiсті қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың тiзбесi белгiленедi.
3. Бюджеттік бағдарламаларды олардың бекітілген жылдық көлемiнiң он процентiнен кем сомаға секвестрлеу - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша, ал он проценттен астам сомаға секвестрлеу заңның немесе мәслихат шешiмiнiң негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.
4. Бюджеттік бағдарламалар қысқартылған жағдайда олардың басымдығы мен әлеуметтiк бағыттылығы ескерiледi.
5. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерiс және толықтыру туралы заңның жобасы немесе мәслихаттың шешiмi Қазақстан Республикасының Парламентiне немесе мәслихатқа енгiзiлген күннен бастап бюджеттi атқару жөніндегі орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган секвестрлеу белгiленген бюджеттік бағдарламалар (iшкi бағдарламалар) бойынша төлемдердiң жүзеге асырылуын тоқтата тұруға құқылы.
6. Бюджеттi секвестрлеу кезiнде бюджеттік қаражат есебiнен жасалған азаматтық-құқықтық мәмiлелер бойынша туындаған қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
20-тарау. Бюджеттерді нақтылау мен түзету процесі
114-бап. Республикалық бюджеттi нақтылау
1. Республикалық бюджеттi нақтылау Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және (немесе) Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының ұсыныстары негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Республикалық бюджеттi нақтылау жөніндегі ұсыныстарды Республикалық бюджет комиссиясы қарайды.
3. Республикалық бюджеттi нақтылау кезiнде республикалық бюджеттi әзiрлеу мен бекіту кезiнде қойылатын, осы Кодексте белгiленген талаптар сақталады.
115-бап. Облыстық бюджеттi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiн нақтылау
1. Облыстық бюджеттi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiн оның атқарылу барысында нақтылау осы Кодекске сәйкес тиiстi жергiлiктi атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Облыстық бюджеттi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiн нақтылау жөнiндегі ұсыныстарды тиiстi бюджет комиссиясы қарайды.
3. Облыстық бюджеттi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiн нақтылау кезiнде облыстық бюджеттi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiн әзiрлеу мен бекіту кезiнде қойылатын, осы Кодексте белгiленген талаптар сақталады.
4. Облыстық бюджеттi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiн нақтылау тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi нақтылауға байланысты жүргiзiлген жағдайда, мәслихаттың тиiстi шешiмi Қазақстан Республикасының Президентi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заңға қол қойғаннан кейiн екi апта мерзiмнен кешiктiрiлмей қабылданады.
116-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiн нақтылау
1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiн оны атқару барысында нақтылау осы Кодекске сәйкес тиiстi жергiлiктi атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiн нақтылау жөніндегі ұсыныстарды тиiстi бюджет комиссиясы қарайды.
3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiн нақтылау кезiнде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiн әзiрлеу мен бекіту кезiнде қойылатын, осы Кодексте белгiленген талаптар сақталады.
4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiн Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына сәйкес облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджетi арасында бөлiнетiн түсiмдер бойынша нақтылау облыстың бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлетті органымен келісім бойынша жүргiзiледi.
5. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiн нақтылау тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджеттi нақтылауға байланысты жүргiзiлген жағдайда, мәслихаттың тиiстi шешiмi тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы - мәслихаттың шешiмiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешiмге қол қойылғаннан кейiн екi апта мерзiмнен кешiктiрiлмей қабылданады.
117-бап. Бюджеттердi түзету
1. Бюджеттердi түзету - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның қаулысына Қазақстан Республикасының Парламентiнде немесе мәслихатта нақтыламай өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
2. Республикалық бюджеттi түзетуге:
1) орталық мемлекеттік органдар және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, олардың функциялары өзгерген жағдайларда жол берiледi. Түзету көрсетiлген жағдайларға байланысты тиiстi бюджеттік бағдарламаларды тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген (нақтыланған) осы бюджеттік бағдарламалардың жалпы сомасы шегiнде қосу, бөлу, беру болып табылады;
2) жоспардан тыс түсiмдер есебiнен үкiметтiк борышты өтеу көлемi ұлғайған;
3) осы Кодексте көзделген жағдайларда жол берiледi.
3. Жергiлiктi бюджеттердi түзетуге:
1) қаржы жылы iшiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмi бойынша жоғары тұрған бюджеттен қаражат бөлiнген;
2) жоспардан тыс түсiмдер есебiнен жергiлiктi атқарушы органдардың борышын өтеу көлемi ұлғайған;
3) осы Кодексте көзделген жағдайларда жол берiледi.
6-бөлім. Бюджеттік есепке алу және есептілік
21-тарау. Бюджеттік есепке алу туралы жалпы ережелер
118-бап. Негiзгi ережелер
Бюджеттік есепке алу - бюджеттік операциялар туралы ақшалай түрдегi ақпаратты жинаудың, тiркеудiң және қорытындылаудың олардың үздiксiз құжаттық есебiн жүргiзу арқылы реттелген жүйесi.
119-бап. Бюджеттік есепке алуды жүргiзу
1. Бюджеттік есепке алуды жүргiзу тәртібін бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
2. Бюджеттік есепке алу деректерi бюджеттiң атқарылуы жөнiнде есептiлiк жасаудың негiзi болып табылады.
22-тарау. Есептілік туралы жалпы ережелер
120-бап. Бюджеттiң атқарылуы жөніндегі есептiлiктiң сапалық сипаттамалары
1. Бюджеттiң атқарылуы жөніндегі есептiлiк:
1) жасалған операциялардың түпнұсқалығын және есепке алуда оларды көрсеткен кезде қателердiң болмауын бiлдiретiн анықтық;
2) Қазақстан Республикасының бюджет заңдарында көзделген барлық талап етiлетiн ақпараттың көрсетiлуiн бiлдiретiн толықтық;
3) осы Кодекстiң және басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң есептiлiктi жасау жөніндегі ережелерiнiң сақталуын бiлдiретiн сәйкестiк сияқты сапалық сипаттамаларға сәйкес келуге тиiс.
2. Бюджеттiң атқарылуы жөніндегі есептiлiкте алынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң) бюджетке түсетiн түсiмдерi ақшалай көрсетiледi.
121-бап. Бюджеттiң атқарылуы жөніндегі есептiлiктiң түрлерi
Бюджеттiң атқарылуы жөніндегі есептiлiк есептердiң мынадай түрлерiн:
1) мемлекеттік мекемелердiң есептерiн:
мемлекеттік мекеменiң балансын;
жеке қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы есептi;
тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түскен ақша түсiмдерi мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есептi;
демеушiлiк және қайырымдылық көмектен ақшаның түсуi мен жұмсалуы туралы есептi;
бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiлейтiн басқа да есептердi;
2) бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң есептерiн:
бюджеттік бағдарламалардың iске асырылуы туралы есептi;
бюджеттік бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есептi;
тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түскен ақша түсiмдерi мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есептi;
бюджеттi атқару жөніндегі және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органдар белгiлеген басқа да есептердi;
3) бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органның есептерiн:
мемлекеттік бюджеттiң және облыс бюджетiнiң (бекітілген, нақтыланған, түзетiлген) атқарылуы туралы есептi;
республикалық немесе тиiстi жергiлiктi бюджеттiң (бекітілген, нақтыланған, түзетiлген) атқарылуы туралы есептi;
бюджеттік бағдарламалардың iске асырылуы туралы талдамалық есептi;
түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарының орындалуы туралы есептi;
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның талаптары мен мiндеттемелерiнiң жай-күйi туралы есептi;
түсiм сомаларының бюджеттен қайтарылуы не олардың салық берешегiн өтеу есебiне есептелуi туралы есептi;
бюджеттi атқару жөнiндегі және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органдар белгiлеген басқа да есептердi;
4) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң, жергiлiктi атқарушы органның есептерiн:
республикалық немесе тиiстi жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi;
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп жасайтын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есептi қамтиды.
122-бап. Есептiлiктiң нысандары, кезеңдiлiгi, оны жасаудың және табыс етудiң мерзiмдерi мен тәртібі
1. Есептiлiктiң нысандарын, кезеңдiлігін, оны жасаудың және табыс етудiң мерзiмдерi мен тәртібін бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасаудың және табыс етудiң тәртібін Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.
2. Бюджеттік және экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органдар өз құзыретi шегiнде есептiлiктiң қосымша нысандарын және оларды жасау мен табыс ету тәртібін белгiлеуге құқылы.
3. Орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер есептiлiктi жасау және табыс ету жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi басшылыққа алуға мiндеттi.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп осы Кодекстiң 129 және 130-баптарына сәйкес жасалып, табыс етiледi.
23-тарау. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп
123-бап. Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi табыс ету
1. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнгi жағдай бойынша республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi, сондай-ақ осы Кодекстiң 121-бабының 3) тармақшасында көзделген басқа да есептердi Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiне, бюджеттік жоспарлау және iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi органдарға табыс етедi.
2. Бюджеттi атқару жөнiндегі орталық уәкiлеттi орган есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 сәуiрiнен кешiктiрмей өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Yкіметіне, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына табыс етедi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
3. Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есеп бекітілген, нақтыланған, түзетiлген республикалық бюджеттi, тiркелген мiндеттемелердi, орындалмаған мiндеттемелердi және республикалық бюджеттiң кассалық атқарылуын көрсетедi.
4. Өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есепке:
1) түсiндiрме жазба;
2) түсiмдер бойынша атқарылуы туралы, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлiгін бағалауды қоса алғанда, олардың iске асырылуы туралы талдамалық есеп қоса тiркеледi.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешiктiрмей өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi қосымшаларымен бiрге Қазақстан Республикасының Парламентiне және Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiне табыс етедi.
124-бап. Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Парламентiнде қарау және бекіту
1. Қазақстан Республикасының Парламентi өткен қаржы жылы iшiнде республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жылдық есебiн Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есебiн алғаннан кейiн кезегiмен, алдымен - Мәжілісте, содан соң Сенатта қарайды.
2. Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi қараған кезде Қазақстан Республикасының Парламентi:
Қазақстан Республикасының Yкіметі республикалық бюджеттi атқару туралы уәкiлеттiк берген адамның (адамдардың) баяндамасын;
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi төрағасының республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы баяндамасын;
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң палаталары уәкiлеттiк берген адамдардың республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындыларымен қоса баяндамаларын тыңдайды.
Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Парламентiнде қараған кезде республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң республикалық бюджеттік бағдарламаларды iске асыру туралы есептерi тыңдалуы мүмкiн.
3. Есептi қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есеп Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжілісi мен Сенатында қаралғаннан кейiн Қазақстан Республикасы Парламентi палаталарының бiрлескен отырысында бекітіледi.
4. Қазақстан Республикасының Парламентi есептi қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi бекiткен кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, орталық мемлекеттік органдардың республикалық бюджеттiң атқарылу нәтижелерi бойынша тиiстi шаралар қабылдауы қажет екендiгi туралы шешiм шығаруға құқылы.
24-тарау. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы
бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы есеп
125-бап. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы есептi табыс ету
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органы ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың бiрi күнге жағдай бойынша облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы есептi, сондай-ақ осы Кодекстiң 121-бабының 3) тармақшасында көзделген басқа да есептердi әкiмдiкке, мәслихаттың тексеру комиссиясына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органына және iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға табыс етедi.
2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органы есептi жылдан кейiнгi жылғы 1 сәуiрден кешiктiрмей өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi әкiмдiкке, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органына және iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға табыс етедi.
3. Жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есеп бекітілген, нақтыланған, түзетiлген жергiлiктi бюджеттi және жергiлiктi бюджеттiң кассалық атқарылуын көрсетедi.
4. Өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есепке:
1) түсiндiрме жазба;
2) түсiмдер бойынша атқарылуы туралы, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды қоса алғанда, олардың iске асырылуы туралы талдамалық есеп қоса тiркеледi.
5. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмдiгi жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешiктiрмей өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi қосымшаларымен қоса облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына табыс етедi.
6. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы ай сайын және жыл қорытындылары бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы есептердi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға табыс етедi.
126-бап. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi қарау және бекіту
1. Мәслихат өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдігінiң жылдық есебiн облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы мәслихаттың тексеру комиссиясының есебiн алғаннан кейiн бiр айдың iшiнде мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды.
2. Есептi қараған кезде мәслихат:
облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы әкiмдiк уәкiлеттiк берген адамның (адамдардың) баяндамасын;
облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуын бақылау нәтижелерi туралы мәслихаттың тексеру комиссиясы төрағасының баяндамасын;
облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындысымен қоса мәслихат уәкiлеттiк берген адамның (адамдардың) баяндамаларын тыңдайды.
Мәслихатта есептi қараған кезде жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың iске асырылуы туралы есептерi тыңдалуы мүмкiн.
3. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейiн, мәслихаттың сессиясында бекітіледi.
4. Есептi қаржы жылындағы жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi бекiткен кезде мәслихат жергiлiктi атқарушы органдардың жергiлiктi бюджеттiң атқарылу нәтижелерi бойынша тиiстi шаралар қабылдауы қажет екендiгi туралы шешiм шығаруға құқылы.
25-тарау. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы
туралы есеп
127-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есептi табыс ету
1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органы ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың бiрi күнгi жағдай бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есептi, сондай-ақ осы Кодекстiң 121-бабының 3) тармақшасында көзделген басқа да есептердi әкiмдiкке, мәслихаттың тексеру комиссиясына, облыстың бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органына, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органына және iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға табыс етедi.
2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органы есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 наурызынан кешiктiрмей өткен қаржы жылғы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi қосымшаларымен қоса әкiмдiкке, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органына және iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға табыс етедi.
3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есеп ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бекітілген, нақтыланған, түзетiлген бюджетiн және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң кассалық атқарылуын көрсетедi.
4. Өткен қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есепке:
1) түсiндiрме жазба;
2) түсiмдер бойынша атқарылуы туралы, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды қоса алғанда, олардың iске асырылуы туралы талдамалық есеп қоса тiркеледi.
5. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмдігі ағымдағы жылдың 1 сәуiрiнен кешiктiрмей өткен қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi қосымшаларымен қоса ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына, облыстың бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органына табыс етедi.