30-бап. Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық iс-шаралар
1. Жұқпалы және паразиттiк аурулардың пайда болуының, таралуының алдын алу мақсатында жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өз қаражаты есебiнен эпидемиологиялық көрсеткіштер мен мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының ұйғарымдары бойынша дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Төтенше iндет жағдайлары пайда болған кезде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының ұсынуы бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқару органдарының шешiмiмен бюджет қаражаты есебiнен кезектен тыс мiндеттi дезинфекциялау, дератизациялау және дезинсекциялау iс-шаралары жүргiзiледi.
3. Ошақтық дезинфекцияны медициналық ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары жүргiзедi.
6-тарау. Қорытынды ережелер
31-бап. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Айыппұл салу не өзге де өндiріп алулар кінәлi тұлғаларды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен зиянды өтеуден босатпайды.
32-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 1994 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 8, 131-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат);
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгізу тәртібі туралы" 1994 жылғы 8 шiлдедегi Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 8, 132-құжат).
Қазақстан Республикасының