Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары:
1) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады;
3) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөнiнде шешiмдер қабылдайды және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
4) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) жұқпалы аурулардың профилактикасы жөнiнде iс-шаралар ұйымдастыру мен өткізудi бақылауды жүзеге асырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 6)-23) тармақшалармен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
6) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;
7) санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы ұйымдастырады;
8) тиiстi аумақтарды жұқпалы, паразиттiк аурулардың әкелiнуiнен және таралуынан санитарлық қорғау жөніндегі iс-шараларды ұйымдастырады;
9) жоба алдындағы және жобалық құжаттаманы, өнiмге, тауарларға, процестерге және қызмет көрсетулерге өңiрлiк стандарттарды қарайды және келiседi, сондай-ақ өз құзыретi шегінде мiндеттi лицензиялануға жататын қызмет түрлерiне қорытындылар бередi;
10) жұқпалы, паразиттiк аурулар, сондай-ақ адам денсаулығына қауiптiлiгi ықтимал заттар мен өнiмдер әкелiнген және таралған жағдайда автомобиль және теңiз қатынастарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнде санитарлық-карантиндiк бақылауды жүзеге асырады және санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар жүргiзедi;
11) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесi құжаттарының жобаларын, нормативтiк құқықтық актiлер, есепке алу және есептiлiк нысандарын әзiрлеуге қатысады;
12) улану, жұқпалы, паразиттiк және басқа да аурулар, оның iшiнде этиологиясы белгiсiз аурулар кезiнде өз құзыретi шегiнде санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар кешенiн ұйымдастырады және жүзеге асырады;
13) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы бағдарламаларды iске асыруға қатысады;
14) тиiстi деректер қорын қалыптастыра отырып, тиiстi аумақта санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторингтi жүзеге асырады, есепке алуды және статистиканы жүргiзеді;
15) халықтың декреттелген тобын санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге оқытуды ұйымдастырады және салауатты өмiр салтын насихаттауға қатысады;
16) санитарлық ережелерге сәйкестiгiне санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары зертханаларын аттестаттауды және сынақ орталықтары мен зертханаларын аккредиттеудi жүргiзедi;
17) адамдарды, тамақ өнiмдерiн, азық-түлiктiк шикiзатын, шаруашылық-ауыз суын, химиялық, уытты және радиациялық заттарды тасымалдау үшiн пайдаланылатын көлік құралдарының санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады, сондай-ақ оларды пайдалануға келісім бередi;
18) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасайды;
19) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзуге қатысады;
20) аурулар, тiршiлiк ету ортасының жай-күйi және жүргiзiлiп жатқан санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар туралы тиiстi аумақтағы халықты уақтылы хабардар ету жөнiнде iс-шараларды жүзеге асырады;
21) дезинфекциялауды, дезинсекциялау мен дератизациялауды ұйымдастырады және объектiлер мен ошақтарда дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау iс-шараларының жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады;
22) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады және профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялайтын) препараттардың сақталуын, тасымалдануын және пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
23) жобалардың сараптамасына қатысады.
Облыстардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы атқарушы органдарының аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) өкiлдерi болады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының құзыретi
1. Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станция:
1) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдары мен ұйымдарына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде ұйымдастырушылық-әдiстемелiк көмек көрсетедi;
2) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдары мен ұйымдарына Қазақстан Республикасының аумағына жұқпалы, паразиттiк аурулар әкелiнген және таратылған және улану болған жағдайда, iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар ұйымдастыруда практикалық көмек көрсетедi;
3) республикалық деректер қорын құра отырып, санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторингтi жүзеге асырады, есепке алуды және статистиканы жүргiзедi;
4) санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесiнiң құжаттарын әзiрлейді;
5) жұқпалы және паразиттiк аурулардың диагностикасына қатысады;
6) санитарлық-химиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және уыттылық зертханалық зерттеулердi, шуыл мен вибрация, электромагниттiк өрiстердi және адамның тiршілік ету ортасының өзге де факторларын өлшеудi орындайды;
7) санитарлық ережелерге сәйкестiгiне санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары зертханаларын аттестаттауды және сынақ орталықтары мен зертханаларын аккредиттеудi жүргiзуге қатысады;
8) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында жаңа аспаптар мен жабдықтарды, зертханалық зерттеулер және өлшеу әдiстемелерiн сынақтан өткiзедi және енгiзедi;
9) азаматтар мен заңды тұлғалардың арызы бойынша шарт негiзiнде сертификаттық зерттеулер жүргiзуге қатысады;
10) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзедi;
11) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдары мен ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етiлу жағдайын зерделейдi;
12) жоба алдындағы және жобалық құжаттаманы, өнiмдерге, тауарларға, процестерге және қызмет көрсетулерге стандарттарды қарайды.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында, аумақтарда, көлiкте санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік ұйым және мемлекеттiң лауазымды тұлғаларының қатысуымен ресми iс-шаралар өткізу кезiнде санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік ұйым өз құзыретi шегiнде:
1) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзедi;
2) санитарлық-химиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және уыттылық зертханалық зерттеулердi, шуыл мен вибрация, электромагниттiк өрiстер мен адамның тiршiлiк ету ортасының өзге де факторларын өлшеудi орындайды;
3) дезинфекциялық iс-шаралар жүргiзедi;
4) санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторинг жүргiзуге қатысады;
5) жұқпалы және паразиттiк аурулардың диагностикасына қатысады;
6) шарт негiзiнде азаматтар мен заңды тұлғалардың өтiнiшi бойынша сертификаттық зерттеулер және сараптама жүргiзуге қатысады;
7) жаңа аспаптар мен жабдықтарды, зертханалық зерттеулердi және өлшеу әдiстемелерiн сынақтан өткiзедi және енгiзедi;
8) профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды сақтауды жүзеге асырады.
3. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын республикалық ғылыми-зерттеу ұйымдары:
1) республиканың түрлi өңiрлеріндегі жұқпалы және паразиттiк аурулардың эпидемиялық процестерiнiң ерекшелiктерiн зерттеудi, бағалауды және болжауды жүргiзедi, олардың алдын алу бойынша ғылыми негiздеген бағдарламалар әзiрлейдi;
2) жұқпалы, паразиттiк аурулар және улану кезiнде санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шараларды жүзеге асырады;
3) иммунобиологиялық препараттар шығарады, жаңа вакциналар, қоректiк орта және диагностикумдар шығаруды игередi;
4) санитарлық-эпидемиологиялық нормалау жүйесiнiң құжаттарын әзiрлейдi және олардың ғылыми негiздемесiн жүргiзедi;
5) халықтың және оның жекелеген топтарының денсаулық жағдайын тiршiлiк ету ортасының қолайсыз факторларымен байланыста зерттейдi, тиiстi ұсынымдар әзiрлейдi;
6) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдары мен ұйымдарына Қазақстан Республикасының аумағында санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар кешенiн жүргiзуде практикалық көмек көрсетедi;
7) санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторинг жүргiзуге қатысады;
8) санитарлық-химиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және уыттылық зертханалық зерттеулердi, шуыл мен вибрация, электромагниттiк өрiстердi және адамның тiршiлiк ету ортасының өзге де факторларын өлшеудi орындайды.
4. Обаға қарсы мемлекеттік мекемелер:
1) оба бойынша эпидемиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жөнiнде профилактикалық iс-шаралар кешенiн ұйымдастырады және жүргiзедi;
2) медицина ұйымдарының iндетке қарсы тұрақты дайындығын қамтамасыз етедi;
3) оба, тырысқақ және басқа да аса қауiптi жұқпалы аурулардың ошағын оқшаулау және жою жөніндегі iндетке қарсы iс-шаралар ұйымдастыруға және жүргiзуге қатысады;
4) меншiк нысанына қарамастан 1-2 топтағы аса қауiптi жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын анықтайтын зерттеулердi жүзеге асыратын зертханаларда iндетке қарсы режимдi қамтамасыз етедi;
5) санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргiзуге қатысады.
10-бап. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Осы Заңға сәйкес мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметiнің лауазымды адамдары:
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерi және оның орынбасарлары;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы мен мамандары;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы көлiктегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары - көлiктегi бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерлер, олардың орынбасарлары мен мамандар;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының тиiстi бөлiмшесiнiң басшылары тиiстi аумақтардағы бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерлер, олардың орынбасарлары мен мамандар;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Мемлекеттік шекарадағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен мамандары уәкiлеттi болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерiн халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
3. Көлiктегi бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерлерi мен мемлекеттік шекарада халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнің басшыларын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
4. Тиiсті аумақтардың Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерлерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
5. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының басшылары қызметiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, санитарлық-эпидемиологиялық саладағы жоғары арнаулы медициналық білімi бар Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындалады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды
10-1-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің
лауазымды адамдарының мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық бақылау
объектілеріне тексеру жүргізуi
1. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектісінде тексерудің мынадай түрлерін жүргізеді:
1) жоспарлы - мемлекеттік орган жоспарлаған, алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақыт аралығы ескеріліп жүргізілетін тексеру;
2) жоспардан тыс - жеке адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға төнген қауіпті дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік экономикалық жағдайға, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы жолданымдарда және өзге де ақпараттарда жазылған фактілер бойынша, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылу белгілерінің тікелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуына бақылау жасау мақсатында тағайындалатын тексеру;
3) рейдтік - Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша бірнеше кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін бір мезгілде қамтитын тексеру.
2. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектісін тексеру жүргізу мерзімі, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, актіні табыс еткен кезден бастап отыз күнтізбелік күннен аспауға тиіс.
3. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектісін тексеруге:
1) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органының Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасы нормаларының сақталуын тексеру жөніндегі жұмыс жоспары;
2) Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасы талаптарын бұзушылықтарды жою және санитарлық-індетке қарсы іс-шараларды жүргізу туралы нұсқамалардың орындалуына бақылау жасау;
3) объектінің халықтың денсаулығына және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығына қауіп төндіруі және жұқпалы, паразиттік, кәсіби аурулар мен уланулардың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін қызметіне байланысты авариялық жағдайлар;
4) халық арасында жұқпалы, паразиттік, кәсіби аурулар мен уланулардың туындауы және таралуы;
5) топтық және жаппай жұқпалы, паразиттік, кәсіби аурулар мен уланулардың, оның ішінде этиологиясы белгісіз аурулардың туындауы мен таралуы;
6) объектіні пайдалануға, қолайсыз санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға және сапасы төмен өнімді анықтауға байланысты өтініштер негіздеме болуы мүмкін.
4. Осы Заңның 10-бабы 1-тармағының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектілерін тексеруді осы баптың 3-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша жүргізеді.
5. Осы Заңның 10-бабы 1-тармағының төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарында көрсетілген санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектілерін тексеруді осы баптың 3-тармағында көзделген негіздемелер бойынша жүргізеді.
11-бап. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру мақсатында кәсіпкерлік субъектілерін - тоқсанына бір рет, объектінің эпидемиологиялық маңыздылығына қарай - айына бір рет, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектілерін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген бару жиілігіне сәйкес кедергісіз (қызмет куәлігін көрсетіп) тексеруге;
2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуды жою туралы жеке және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беруге;
3) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарынан, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардан халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерi бойынша ақпарат сұратуға және алуға;
4) халықтың пайдалануы мен қолдануына арналған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ шаруашылық қызметте Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен әкелуге, сондай-ақ өндiруге, қолдануға және сатуға тыйым салуға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмдерде:
елдi мекендер құрылысын, өнеркәсiптiк және азаматтық мақсаттағы объектiлердi орналастыруды,салуды және қайта жаңғыртуды жоспарлауға;
жер қойнауын пайдалануға, санитарлық-қорғау аймақтарының, суды пайдалану мен сарқынды суларды бөлiп тастау жағдайларына, уытты, радиоактивтiк және басқа да зиянды заттарды кәдеге асыру мен көмуге жасалған келісім-шарттар;
шикiзаттың, технологиялық жабдықтың, тамақ өнiмдерi өндiрiсi процестерінің, азық-түлiк шикiзатының, өнеркәсiп бұйымдарының, құрылыс материалдарының, иондандырушы сәулелену көздерінің, химиялық заттар мен өнiмдердің, биологиялық, дәрi-дәрмектiк, дезинфекциялаушы, дезинсекциялаушы және дератизациялаушы құралдардың және азық-түлiк шикiзаты, тамақ өнiмдерi мен ауыз су құйылып, салынатын орауыш және полимерлiк материалдардың, парфюмерлiк-косметикалық және басқа да кең тұтынылатын тауарлардың, медициналық иммунобиологиялық препараттардың, жабдықтардың, аспаптар мен жұмыс құралдарының жаңа түрлерiне арналған стандарттар мен техникалық шарттардың жобалары бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны қарауға және беруге;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын жұқпалы және паразиттiк аурулар әкелу мен таратудан, адамның денсаулығына қауіптілігi ықтимал өнiмдi, химиялық, уытты, радиациялық және биологиялық заттарды әкелуден санитарлық қорғау жөніндегі бақылау функцияларын жүзеге асыруға;
7) балаларға арналған тауарларға, тамақ қоспаларына олардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келетiндiгiн қарауға және қорытындылар беруге;
8) білім беру ұйымдарындағы оқу-еңбек жүктемелерi мен оқу режимдерiн қарауға және ол жөнiнде қорытындылар беруге;
9) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңдарын бұзу фактілерін қарау үшiн жеке адамдарды, лауазымды адамдарды, заңды тұлғаларды санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына шақыруға;
10) халықтың декреттелген топтарына жататын, жұқпалы, паразиттiк аурулардың көздерi болып табылатын, сондай-ақ медициналық қараудан уақтылы өтпеген адамдарды жұмыстан уақытша шеттету туралы ұйғарымдар шығаруға;
11) шектеу шараларын, оның iшiнде жекелеген объектiлерде карантин белгiлеуге;
12) жұқпалы және паразиттiк аурулардың ықтимал таратушы көздерi болып табылатын, сондай-ақ жұқпалы аурулармен ауыратын науқастармен араласып жүрген адамдарды зертханалық тексеру нәтижелерi алынғанға дейiн оларды жұмыстан шеттете отырып, медициналық тексеруге жiберуге;
13) жұқпалы және паразиттiк аурулардың көздерi болып табылатын адамдарды мiндеттi түрде ауруханаға жатқызуға жiберуге;
14) халыққа мiндеттi түрде вакцина егудi, үй-жайларда және көлiк құралдарында, аумақтарда, жұқпалы және паразиттiк аурулар ошақтарында профилактикалық және ошақтық дезинфекция, дезинсекция мен дератизация жүргiзудi талап етуге;
15) санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердiң бұзылуы жойылғанға дейiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жекелеген жұмыс түрлерiн, жұмыс iстеп тұрған, салынып жатқан немесе қайта жаңартылып жатқан объектiлердi пайдалануды тоқтата тұруға;
16) адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiптi деп танылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шикiзаттың, өнiмнің, технологиялық жабдықтардың, процестердің, құрал-саймандардың жаңа түрлерiн өндiруге, қолдануға және сатуға тыйым салуға;
17) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға;
18) халықтың декреттелген тобына санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердi бiлуiне аттестаттау жүргiзуге;
19) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жасау үшiн өнiмнің құнын өтемей, сараптама жасауға жеткiлiктi және оған қажеттi көлемнен аспайтын мөлшерде өнiмнiң үлгiлерiн көруге және iрiктеу жүргiзуге құқылы.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен бап екінші бөлікпен толықтырылсын
Халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін індет, жұқпалы аурулар мен тағамнан улану, сондай-ақ төтенше жағдайлар пайда болған жағдайларда алдын ала хабарландырылмай және тексеру тағайындау туралы акті құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркелмей, кейіннен тексеру жүргізу басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінің ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға тексеру тағайындау туралы актіні табыс ете отырып, объектілерге кезектен тыс тексеру жүргізіледі.
12-бап. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерi
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары:
1) мемлекеттік органдарды санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың асқынуы, санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердің бұзылуы туралы хабардар етуге;
2) кәсiби уланулар мен науқастанулардың, жұқпалы және паразиттiк аурулардың пайда болу себептерi мен жағдайларын анықтауға және оларға талдау жасауға;
3) жеке және заңды тұлғаларды санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердiң бұзылу салдары туралы ескертуге;
4) халықтың иммунитетiн қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
5) жеке және заңды тұлғалардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерi жөніндегі өтiніштерiн қарауға және тиiстi шаралар қабылдауға;
6) өзiнің қызметтiк мiндеттерiн орындаған кезде белгiлi болған ақпаратқа қатысты дәрiгерлiк құпияны сақтауға мiндеттi.
13-бап. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілері
1. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының анықталған бұзылуына қарай мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау нәтижелерi бойынша құқықтық ықпал ету шараларын қабылдау мақсатында лауазымды адамдар мынадай актiлер:
1) санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актiсiн;
2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының бұзылуы туралы хаттаманы;
3) профилактикалық және iндетке қарсы iс-шараларды жүргiзу туралы бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерлердiң қаулысын;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк жаза қолдану туралы, әкiмшiлiк жауапқа тарту, адамдарды жұмыстан уақытша шеттету, шаруашылық қызметтi тоқтата тұру , адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті деп танылған жағдайда халықтың, сондай-ақ шаруашылық қызметінде пайдалану мен қолдануға арналған өнімдерді әкелуге, өндіруге, қолдануға және сатуға тыйым салу, шикізаттың жаңа түрлерін, өнімдерді, технологиялық жабдықты, процестерді, аспаптарды өндіруге, қолдануға және сатуға тыйым салу туралы қаулысын;
5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы және санитарлық-iндетке қарсы iс-шаралар жүргiзу туралы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзуды жою туралы ұйғарым шығарады.
2. Актiлердің, хаттамалардың, қаулылардың, ұйғарымдардың нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
3. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілері жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.
4. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың қаулылары мен ұйғарымдарының орындалмауына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапты болады.