2004.23.12 № 20-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Жұмыс берушінiң кінәсінен болған iркiлiс уақытына ақы төлеудiң тәртібі мен талаптары жеке еңбек шартымен немесе ұжымдық шартпен айқындалады және ол орташа айлық жалақының елу процентінен кем болмайтын мөлшерде белгiленедi.
75-бап. Еңбек нормалары
1. Еңбек нормалары (жұмыс iстеу, уақыт, қызмет көрсету нормалары) еңбек шығынының өлшемi болып табылады және қызметкер үшiн техниканың, технологияның, еңбек өндiрiсiн ұйымдастырудың қол жеткен деңгейiне сәйкес белгiленедi.
2004.23.12 № 20-III ҚР Заңымен 2-тармақ толықтырылды
2. Еңбек нормаларын енгізудi, ауыстыруды және қайта қарауды жұмыс берушi жүргiзедi.
Еңбектiң жаңа нормаларының енгiзiлетiнi туралы қызметкерлерге кемiнде бір ай бұрын хабарланады.
Еңбектiң үлгілiк (бірыңғай) нормаларын ауыстыруды және қайта қарауды еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімiмен оларды бекiткен органдар жүзеге асырады.
3. Қызметкерлердің жұмыс iстеу нормаларын орындауы үшiн жұмыс берушi қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге мiндеттi.
4. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлер үшiн жұмыс iстеу нормалары жеке еңбек шартына сәйкес он сегiз жасқа толмаған адамдарға арналған жұмыс уақытының ұзақтығына бара-бар қысқартылған ересек қызметкерлерге арналған жұмыс iстеу нормаларын негiзге ала отырып белгiленедi.
76-бап. Жалақы төлеу мерзiмдерi
2004.23.12 № 20-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Жалақы ақша нысанында және келесi айдың бірiншi он күндігінен кешіктiрiлмей төленеді. Жалақы төлеу күнi жеке еңбек, ұжымдық шарттарда көзделедi.
2. Жалақы төлейтiн күн демалыс немесе мереке күндерiне тура келген жағдайда, оны төлеу олардың қарсаңында жүргiзiледi.
3. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жалақы, ал қызметкермен жеке еңбек шарты бұзылған кезде - оған тиесiлi басқа да төлемдер белгiленген мерзiмдермен салыстырғанда кешiктiрiлген кезде жұмыс берушi қызметкерге берешек пен өсiмақы төлейдi. Өсiмақының мөлшерi жалақы төлеу жөніндегі мiндеттемелердi орындау күнiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің қайта қаржыландыру ставкасы бойынша белгiленедi және төлем жүргiзiлуге тиiс болған күннен кейiнгi күннен бастап әрбір кешiктiрiлген күнтiзбелiк күн үшiн есептелiп төленген күнмен аяқталады.
4. Жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда қызметкерге тиесiлi барлық сомаларды төлеу соңғы жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
77-бап. Жалақы төленетiн орын
2004.23.12 № 20-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қызметкерлерге жалақы төлеу, егер жеке еңбек, ұжымдық шарттарда өзгеше көзделмесе, әдетте, олардың жұмысын орындайтын жерiнде жүргiзiлуге тиiс.
2. Тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде (iссапарда, тапсырысшының ұйымдарында және басқаларында) жұмыс берушiнiң тапсырмасын орындаушы қызметкердiң жалақысын жеткiзудi жұмыс берушi өз есебiнен қамтамасыз етуге тиiс.
78-бап. Қызметкердiң орташа жалақысын есептеу тәртібі
3ейнетақы төлемдерiн, еңбекке уақытша жарамсыздық, жүктілік пен босану жөніндегі жәрдемақыларды және басқа да төлемдердi есептеу үшiн ұйымдар қызметкерлерiнiң орташа жалақысын есептеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
2004.23.12 № 20-III ҚР Заңымен 79-бап толықтырылды
79-бап. Жалақыдан ұстап қалу
Қызметкердiң жалақысынан ұстап қалу сот шешiмi бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда жүргiзiледi.
Қызметкердің жалақысын бір немесе бірнеше атқарушы құжаттар бойынша өндiрiп алған кезде оның жалақысының кемiнде елу проценті сақталуға тиiс.
8-тарау. Қызметкерлерге кепілдіктер беру мен өтемақы төлеу
2004.23.12 № 20-III ҚР Заңымен 80-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
80-бап. Қызметкердiң мемлекеттік және қоғамдық мiндеттердi орындауы кезіндегі кепiлдiктер
Басшы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметкердiң жұмыс орнын және лауазымын сақтай отырып, оны мемлекеттік және қоғамдық мiндеттердi орындау уақытына жұмыстан босатады.
2004.23.12 № 20-III ҚР Заңымен 81-бап толықтырылды
81-бап. Жұмыс беруші медициналық тексеруге жiберетiн қызметкерлерге және донорларға арналған кепiлдiктер
Мерзiмдi медициналық тексеруден өту кезiнде жұмыс берушiнiң есебiнен осындай тексеруден өтуге мiндеттi қызметкердiң, сондай-ақ донордың тексерiлетiн және қан құю үшiн қан тапсыратын күндерінде жұмыс орны (қызметi) мен орташа жалақысы сақталады.
2004.23.12 № 20-III ҚР Заңымен 82-бап толықтырылды
82-бап. Бiлiктілігiн арттыруға және қайта даярлауға жiберiлетiн қызметкерге арналған кепiлдiктер
Жұмыс берушi қызметкердi өндiрiстен қол үзiп, біліктілігiн арттыруға және қайта даярлауға жiберген кезде оның жұмыс орны (қызметi) мен орташа жалақысы сақталады, сондай-ақ тараптардың келісімiне сәйкес басқа да шығындар өтеледi.
83-бап. Қызметтiк iссапарлар кезiндегі өтемақылар
Қызметтiк iссапарларға жiберiлетiн қызметкерлерге:
1) iссапарда болған уақыты үшiн тәулiкақылар;
2) тағайындалған жерге барып-қайту жолы бойынша шығындары;
3) тұрғын үй-жай жалдау жөніндегі шығындары төленедi.
84-бап. Қызметкердi ұйыммен бірге басқа жердегi жұмысқа ауыстыру кезiндегі өтемақылар
Қызметкердi ұйыммен бірге басқа жердегi жұмысқа ауыстыру кезіндегі шығындарды өтеудiң тәртібі мен мөлшерi тараптардың келісімiмен белгiленедi.
85-бап. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтiк жәрдемақылар тағайындау
Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтiк жәрдемақылар жалпы ауруларға байланысты (жарақат алуға, жүктіліктi жасанды жолмен бұзуға, карантинге байланысты, туберкулез немесе кәсiптiк ауру себебiнен уақытша басқа жұмысқа ауыстырылған кезде) еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайларында және заңдарда белгiленген басқа да жағдайларда тағайындалады.
86-бап. Жүктілік және босану бойынша әлеуметтiк жәрдемақылар мен бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) әлеуметтiк жәрдемақылар тағайындау
Жүктілік және босану бойынша әлеуметтiк жәрдемақылар, сондай-ақ тiкелей перзентханадан бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) әлеуметтiк жәрдемақылар жүктілік пен босану бойынша бүкiл демалысқа немесе бала асырап алған күннен бастап, сәбидiң туған күнiнен елу алты күн өткенге дейiнгi кезең үшiн демалысқа тағайындалады.
87-бап. Қызметкерлерге жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу
1. Қызметкерге жалпы ауруға, еңбекте мертігуге және кәсiптiк ауруға байланысты, жүктілік және босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық жөнiнде әлеуметтiк жәрдемақыларды, сондай-ақ бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) әлеуметтiк жәрдемақыларды жұмыс берушi өз қаражаты есебiнен төлеуге мiндеттi.
2. Әлеуметтiк жәрдемақыларды төлеу тәртібі мен олардың мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
Егер еңбекке уақытша жарамсыздық еңбекте мертігуге немесе кәсiптiк ауруға байланысты болса, әлеуметтiк жәрдемақыны жұмыс берушi еңбекке жарамсыздық орын алған бірiншi күннен бастап, жұмысқа шыққанға дейiн немесе мүгедектiгi анықталғанға дейiн орташа жалақысының жүз процентi мөлшерiнде төлейдi.
2004.23.12 № 20-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Жұмыс берушi әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу жөніндегі өзiнің мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіпте жауаптылықта болады.
88-бап. Жұмыс берушінiң қаражаты есебiнен оқыту және біліктілігiн арттыру
1. Жұмыс берушiнiң мүдделерiн көздеп кадрлар даярлау үшiн жұмыс берушiнiң өз қаражаты есебiнен қызметкердi оқытуға немесе оқуға жiберуге құқығы бар.
2. Жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен оқыған, біліктілiгiн арттырған немесе қайта даярлаудан өткен қызметкер сол жұмыс берушiде тараптардың жеке еңбек шартында келiскен мерзiмiнде жұмыс iстеуге мiндеттi.
3. Қызметкердiң бастамасы бойынша немесе қызметкердiң кiнәсi салдарынан жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда жұмыс берушiге қызметкер өзiн оқытуға байланысты шығындарды жұмыс iстеу мерзiмiнiң жұмыс iстелмеген мерзiмiне бара-бар етiп, толығымен төлейдi.
9-тарау. Жеке еңбек шарты тараптарының
материалдық жауапкершілігі
89-бап. Тараптардың өздерi келтiрген зиянды өтеу жөніндегі мiндетi
1. Жеке еңбек шартындағы басқа тарапқа зиян келтiрген тарап оны осы Заңға және өзге де заң актілеріне сәйкес сот шешiмi негiзiнде не ерiктi түрде өтейдi.
2. Жеке еңбек шартында осы шарт тараптарының материалдық жауапкершiлiгi нақтыланады.
90-бап. Қызметкерге жарақаттанудан немесе өзге де денсаулығы зақымдалуынан келтiрiлген зиянды өтеу
1. Егер қызметкер өзiнiң еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқаруына байланысты жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жарақат алса немесе денсаулығына өзге де зақым келiп, соның салдарынан ол еңбек қабiлетiн толық немесе iшiнара жоғалтса, жұмыс берушi қызметкерге сақтандыру өтемi төленбейтiн кезде оған келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген тәртiп пен жағдайларда өтеуге мiндеттi.
2. Еңбек мiндеттерiн атқару кезiнде қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына және ұйымның мүлкiне келтiрiлген зиян үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгi сақтандырылуға тиiс.
91-бап. Қызметкерлердiң толық материалдық жауапты жағдайлары
Қызметкерлер:
1) қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасында қызметкерге берiлген мүлiк пен басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегенi үшiн өзiне толық материалдық жауапкершiлiк алу туралы жазбаша шарт жасалған;
2) заңдарға сәйкес қызметкерге еңбек мiндеттерiн орындау кезiнде жұмыс берушiге келтiрiлген зиян үшiн толық жауапкершiлiк жүктелген;
3) қызметкер мүлiк пен басқа да құндылықтарды бір жолғы сенiмхатпен немесе басқа да бір жолғы құжаттар бойынша есеп беруге алған;
4) қызметкер зиянды алкогольдiк, нашақорлық немесе уытқұмарлық мас болу жағдайында келтiрген;
5) зиян материалдардың, жартылай фабрикаттардың, бұйымдардың (өнiмдердiң), соның iшiнде оларды дайындау кезiнде, сондай-ақ жұмыс берушi қызметкерге пайдалануға берген құрал-саймандардың, өлшеу аспаптарының, арнаулы киiмдер мен басқа да заттардың жеткiлiксiздiгiнен, қасақана жойылуынан немесе қасақана бүлдiрiлуiнен келтiрiлген;
6) зиян коммерциялық құпияны жариялау салдарынан келтiрiлген;
7) зиян қызметкердің қылмыстық тәртiппен қудаланатын әрекеттердiң белгiсi бар iс-әрекеттерiнен келтiрiлген жағдайларда олардың кiнәсiнен жұмыс берушiге келтiрiлген зиянға толық мөлшерiнде материалдық жағынан жауапты болады.
92-бап. Толық материалдық жауапкершiлiк туралы жазбаша шарттар
1. Толық материалдық жауапкершiлiк туралы жазбаша шарттарды жұмыс берушi он сегiз жасқа толған, өндiрiс процесiнде өзiне берiлген құндылықтарды сақтауға, өңдеуге, сатуға (босатуға), тасымалдауға немесе қолдануға тiкелей байланысты қызметтi атқарушы немесе жұмысты орындаушы қызметкермен жасасуы мүмкiн.
2004.23.12 № 20-III ҚР Заңымен 2-тармақ толықтырылды
2. Мұндай қызметтер мен жұмыстардың тiзбесi, сондай-ақ толық материалдық жауапкершiлiк туралы үлгi шарт ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушiнiң актілерінде бекітіледi.
10-тарау. Қызметкерлерді көтермелеу және жазалау шаралары
93-бап. Еңбегi үшiн көтермелеу
Жұмыс берушi қызметкерге еңбектегi табыстары үшiн көтермелеудiң әр алуан түрлерiн қолдануға құқылы. Көтермелеудiң түрлерi мен тәртібі жеке еңбек, ұжымдық шарттармен және жұмыс берушiнiң актілерімен белгiленедi.
ҚР 25.09.03 ж. № 484-11 Заңымен 94-бап өзгертілді
94-бап. Тәртiптiк жазалар
1. Еңбек тәртібін бұзғаны үшiн, яғни қызметкердiң кiнәсiнен оған жүктелген еңбек мiндеттерiнiң орындалмағаны немесе тиiсiнше орындалмағаны үшiн жұмыс берушi тәртiптiк жазалардың мынадай түрлерiн қолдануға:
1) ескерту жасауға;
2) сөгiс беруге;
2-1) қатаң сөгiс беруге;
3) осы Заңның 26-бабының 9)-12) тармақшаларына сәйкес жеке еңбек шартын бұзуға құқылы.
2. Осы Заңда көзделмеген тәртiптiк жазалау шараларын қолдануға жол берiлмейдi.
95-бап. Тәртiптiк жазалар қолдану және оған шағым жасау тәртібі
1. Тәртiптiк жазаны қолданудан бұрын қызметкерден жазбаша түсiнiктеме талап етiлуге тиiс.
2. Тәртіптiк жаза терiс әрекет байқалған күннен бастап бір айдан кешiктiрмей қолданылады және оны терiс әрекет жасалған күннен бастап алты айдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.
3. Әрбір жолсыздық үшiн бір ғана тәртiптiк жаза қолданылуы мүмкiн.
4. Тәртiптiк жаза қолдану туралы бұйрық жазаға тартылған қызметкерге қол қойғызылып жарияланады.
5. Тәртiптiк жаза қолданылған жағдайда жұмыс берушi жасалған терiс әрекеттiң ауырлығын, оның жасалу мән-жайларын, қызметкердiң соның алдындағы мiнез-құлқын, еңбекке көзқарасын, сондай-ақ тәртiптiк жазаның жасалған терiс әрекеттiң ауырлығына сәйкестiгiн ескеруге тиiс.
6. Тәртіптiк жазаға еңбек дауларын қарау үшiн белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
ҚР 25.09.03 ж. № 484-11 Заңымен 95-1 баппен толықтырылды
95-1-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн тәртiптiк жаза қолдану мерзiмдерi
1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және жазаны терiс қылық жасалған күннен бір жыл кешiктiрiп қолдануға болмайды.
2. Қылмыстық iс қозғаудан бас тартқан немесе қылмыстық iстi қысқартқан жағдайда, бірақ адамның әрекеттерiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгiлерi болған кезде, тәртiптiк жаза қылмыстық iс қозғаудан бас тарту не оны қысқарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылуы мүмкін.
96-бап. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi
2004.23.12 № 20-III ҚР Заңымен 1-тармақ толықтырылды
1. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi, осы Заңның 94-6абының 1-тармағының 1), 2) және 2-1) тармақшаларында көзделген жағдайларда оны қолданған күннен бастап алты айдан аспауға тиiс. Егер осы мерзiм ішінде қызметке жаңа тәртіптік жазаға тартылмаса, ол тәртiптік жазасы жоқ деп есептеледі.
2. Қызметкерге тәртіптiк жаза қолданған жұмыс берушi оны өз бастамасымен, қызметкердiң немесе оның тiкелей басшысының өтінішi бойынша, қызметкерлер мен олардың өкілдерінің өтiнiш жасауы бойынша мерзімінен бұрын алып тастауға құқылы.
11-тарау. Еңбек даулары
97-бап. Еңбек дауларын қарау тәртібі
Еңбек даулары тараптардың келісімi бойынша немесе сот тәртібімен қаралады.
Еңбек дауларын соттарда қарау тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
98-бап. Еңбек дауларын қарайтын органдар және оларды қарау тәртібі
Тараптардың келісімімен еңбек дауларын келісім комиссиясы қарауы мүмкін.
99-бап. Келісім комиссиясын ұйымдастыру және оның құзыретi
Келiсім комиссиясы тараптардың бірлескен шешiмi бойынша жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң саны тең өкілдерінен тепе-тең негізде құрылады.
Қызметкерлердің өкілдерi келісім комиссиясына ұйымның жалпы жиналысында (конференциясында) сайланады.
Жұмыс берушінiң өкiлдерін ұйым басшысы тағайындайды.
Келісім комиссиясын ұйымдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жұмыс берушi жүзеге асырады.
Келісім комиссиясы өз құрамынан комиссияның төрағасы мен хатшысын сайлайды.
100-бап. Еңбек дауын қарау тәртібі, шешiмнiң қабылдануы мен орындалуы
Келісім комиссиясы арыз берушiнiң өтiнiшiн ол берiлген күннен бастап үш күн мерзiмде қарайды. Оны қарау нәтижелерi бойынша келісім комиссиясының шешiмi қабылданып, арыз берушiге берiледi. Келісім комиссиясының арыз берушiнiң талабын қанағаттандырған шешiмiн қарсы тарап үш күн мерзiмде орындайды.
101-бап. Қызметкерлердi еңбек iстерi бойынша сот шығындарын төлеуден босату
Қызметкерлер еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша сотқа жүгiнген жағдайда олар мемлекет кiрiсiне сот шығындарын (мемлекеттік баж бен iстiң қаралуына байланысты шығыстарды) төлеуден босатылады.
12-тарау. Осы заңның сақталуын бақылау
2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен 102- бап толықтырылды
102-бап. Еңбек туралы заңдардың сақталуын бақылау
Осы Заңның және еңбек туралы өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен Ережеге сәйкес еңбек жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының осы Заңды және еңбек туралы өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауын - бақылауды Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 102-1-баппен толықтырылды
102-1-бап. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын
сақтау жөніндегі тексеру, олардың түрлері мен
нысандары
1. Тексерулер жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінеді.
Жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақыт аралықтары ескеріліп жүргізілетін мемлекеттік орган жоспарлаған тексеру.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жоспарлы тексеру бір жеке немесе заңды тұлғаға қатысты жылына бір реттен аспайтындай, ал шағын кәсіпкерлік субъектісіне қатысты үш жылда бір реттен жиі болмайтындай етіп жүргізілуі мүмкін.
3. Жоспардан тыс тексерулерді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган немесе оның аумақтық бөлімшесі жеке немесе заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының міндетті талаптарын бұзғаны туралы өтініштер жасаған, сондай-ақ осындай бұзушылық белгілерінің болуы туралы куәландыратын құжаттармен және өзге де дәлелдемелермен расталатын өзге ақпарат алынған жағдайда жүргізеді.
Анонимді өтініштер жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз бола алмайды.
4. Тексеру ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс. Арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған ерекше жағдайларда, сондай-ақ тексеру көлемі ауқымды болған кезде мемлекеттік бақылау органының басшысы (не оны ауыстыратын адам) тексеру жүргізу мерзімін құрылымдық бөлімшесі жоқ заңды тұлғалар үшін күнтізбелік жиырма күнге дейін, ал құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлғалар үшін күнтізбелік отыз күнге дейін ұзартуы мүмкін.
103-бап. Бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек инспекторларының құзыретi
Осы Заңға сәйкес еңбек жағдайларының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек инспекторларының құзыретiне:
2004.23.12 № 20-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) жұмыс берушi мен қызметкердiң осы Заңды және еңбек қатынастарын реттейтін өзге де нормативтiк құқықтық актілерді сақтауын тексерулер арқылы бақылауды жүзеге асыру.
2) еңбек туралы заңдардың бұзылу себептерiн анықтау және талдау;
3) осы Заңның 105-бабына сәйкес бақылаудың нәтижелерi бойынша ұйғарымдар беру;
4) еңбек туралы заңдардың сақталуын бақылаудың нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру мәселелерi жөніндегі шараларды әзiрлеу;
5) құқық қорғау органдарымен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара iс-қимыл жасау енедi.
104-бап Бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек инспекторларының құқықтары
Ұйымдарда еңбек туралы заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек инспекторларының:
1) осы Заңға сәйкес еңбек жағдайларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында тексеру жүргізу туралы белгiленген тәртiппен ресімделген қаулыны көрсеткен жағдайда ұйымдарға баруға;
2) қызметкер мен жұмыс берушіден осы Заңда көзделген құжаттар мен мәлiметтерді алуға;
3) тәртiп бұзушылық туралы актілер жасауға, осы Заңның бұзылуын жою туралы ұйғарымдар беруге, сотқа талап арызын беруге;
4) анықталған еңбек туралы заңдардың бұзылуына арналған құжаттарды ресімдеу кезінде белгiленген үлгідегi фирмалық бланкілерді, мөртаңбаларды пайдалануға құқығы бар.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексі қараңыз
2006.05.06. № 149-III ҚР Заңымен 104-1-баппен толықтырылды
104-1-бап. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының
қызметін реттеу жөніндегі уәкілеттi
мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек
инспекторларының міндеттерi
Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекторлары:
1) өз құзыреті шегінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органды Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының бұзылу фактілері туралы хабардар етуге;
2) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанға сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы талаптарының орындалу жай-күйі туралы ақпаратты жүргізуге және оны тоқсан сайын еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға табыс етуге міндетті.
105-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторлары беретiн ұйғарымдардың түрлерi
1. Еңбек туралы заңдардың талаптары бұзылуының анықталуына қарай бақылаудың нәтижелері бойынша нақты құқықтық ықпал ету шараларын қолдану мақсатында мемлекеттік еңбек инспекторлары осы Заңда қарастырылған еңбек жағдайларының анықталған бұзылуын жою туралы ұйғарым бередi.
2. Ұйғарымдардың нысандары мен оларды беру тәртібiн еңбек жөнiндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейдi.
106-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторлары берген ұйғарымдарды орындаудың мiндеттілігі
Еңбек туралы заңдар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек инспекторлары берген ұйғарымдар меншiк нысандарына қарамастан барлық ұйымдардың орындауы үшін мiндеттi.
107-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторларының iс-әрекетiне шағым жасау
Мемлекеттік еңбек инспекторларының іс-әрекетіне заңдарда белгiленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Шағым жасалу берiлген ұйғарымдардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
108-бап. Қоғамдық бақылау
Қызметкерлердің өкілдері өздері мүдделерін білдіретін қызметкерлердің жеке еңбек, ұжымдық шарттары талаптарының орындалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.
2004.23.12 № 20-III ҚР Заңымен 109-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
109-бап. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы бұзылғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының