Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 642 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1598 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезінде кедендік баждарды алу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 38, 533-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен)» деген бағанда:
«64,9» деген сандар «83,3» деген сандармен ауыстырылсын;
«43,3» деген сандар «55,5» сандармен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |