Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне толықтырулар енгізу туралы
1-бап. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж. № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) 9-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен айқындалатын халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға;»;
2) 13-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) жеке тұрғын үй құрлысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережелерін бекіту;».
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 5-і.
№ 162-III ҚРЗ