Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 маусымдағы № 576 Қаулысы
(2009.19.09. берілген өзгерістермен)
«2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2) «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі үшін өсімдіктер мен жануарлардың аса қауіпті инфекциялары қоздырғыштарының мониторингін және генетикалық картасын жасауды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» 2004-2006 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 ақпандағы № 135 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 576-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі үшін өсімдіктер мен жануарлардың аса қауіпті инфекциялары қоздырғыштарының мониторингін және генетикалық картасын жасауды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» 2004-2006 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасында:
«1. Бағдарламаның паспорты» деген бөлімнің «Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері» деген кіші бөлімінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаны іске асыруға байланысты көзделген қаржылық шығындар барлығы 209,884 млн. теңгені құрайды, оның ішінде жылдар бойынша:
2004 жылы - 60,0 млн. теңге; 2005 жылы - 70,028 млн. теңге; 2006 жылы - 79,856 млн. теңге»;
«6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері» деген бөлімнің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаны іске асыруға байланысты көзделген қаржы шығындары барлығы 209,884 млн. теңгені құрайды, оның ішінде жылдар бойынша:
2004 жылы - 60,0 млн. теңге; 2005 жылы - 70,028 млн. теңге; 2006 жылы - 79,856 млн. теңге»;
«8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген бөлімнің «Болжамды шығыстар (млн. теңге)» деген 6-бағанындағы реттік нөмірлері 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Барлығы 31,869, оның ішінде жылдар бойынша: 2004 - 25,0; 2005 - 6,869»;
«Барлығы 16,984, оның ішінде жылдар бойынша: 2005 - 6,219; 2006 - 10,765»;
«Барлығы 16,821, оның ішінде жылдар бойынша: 2005 - 7,14; 2006 - 9,681»;
«Барлығы 16,721, оның ішінде жылдар бойынша: 2005 - 7,54; 2006 - 9,181»;
«Барлығы 43,621, оның ішінде жылдар бойынша: 2004 - 13,0; 2005 - 14,54; 2006 - 16,081»;
«Барлығы 24,621, оның ішінде жылдар бойынша: 2004 - 7,0; 2005 - 8,04; 2006 - 9,581»;
«Барлығы 7,021, оның ішінде жылдар бойынша: 2004 - 1,7; 2005 - 2,24; 2006 - 3,081»;
«Барлығы 7,221, оның ішінде жылдар бойынша: 2004 - 1,7; 2005 - 2,44; 2006 - 3,081»;
«Барлығы 7,221, оның ішінде жылдар бойынша: 2004 - 1,7; 2005 - 2,44; 2006 - 3,081»;
«Барлығы 7,421, оның ішінде жылдар бойынша: 2004 - 1,9; 2005 - 2,44; 2006 - 3,081»;
«Барлығы 10,021, оның ішінде жылдар бойынша: 2004 - 2,6; 2005 - 3,34; 2006 - 4,081»;
«Барлығы 10,021 оның ішінде жылдар бойынша: 2004 - 2,6; 2005 - 3,34; 2006 - 4,081»;
«Барлығы 10,321, оның ішінде жылдар бойынша: 2004 - 2,8; 2005 - 3,44; 2006 - 4,081».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |