Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргiзудiң ережесін
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20
қыркүйектегі № 958 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 6 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берілiп отырған:
1) Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргiзудiң ережесi;
2) Жер учаскелерiнiң кадастрлық нөмiрлерiн қалыптастыру мақсаты үшін облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға, аудандарға және облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға берілетiн кодтардың тiзбесi бекiтілсiн.
2. Мемлекеттік жер кадастрын жүргiзу үшін қажетті аэрофототүсiрiм, топографиялық материалдары бар орталық атқарушы органдар оларды жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға көшiрме түрiнде және ақысыз ұсынатын болсын.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 20 қыркүйектегi № 958 қаулысымен
бекітiлген
Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын
жүргiзудiң ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес әзiрлендi және мемлекеттік жер кадастрын жүргiзу, жердi сандық және сапалық есепке алу мен жердi бағалау, тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiн есепке алу, мемлекеттік жер кадастрының мәлiметтерiн беру және кадастр ақпаратын пайдалану тәртібін белгiлейдi.
2. Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастры (бұдан әрi Кадастр) мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды жер және жекелеген жер учаскелерi туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.
3. Тұйық шекарада бөлiп шығарылған, белгiленген тәртiппен жер құқығы қатынастары субъектiлерiне бекітілген жер учаскесi кадастрдың деректерiн есепке алу мен оларды сақтау бiрлiгi болып табылады. Кадастрда әрбiр жер учаскесi үшiн оны кеңiстiкте бiр мәндi бөлуге, мөлшерiн және орналасқан жерiн айқындауға мүмкiндiк беретiн табиғи сипаттамалар, сондай-ақ учаскенiң кадастрлық бағалау құны белгiленедi.
4. Кадастрдың құрамына жер учаскесiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар туралы ақпарат кiредi.
5. Жер учаскесi туралы мәлiметтер осы учаскеге бекітілiп берiлген нөмiрi, орналасқан жерi, шекарасы және мәтіндiк сипаттамасы көрсетiлетiн жер-кадастрлық карталармен ара қатынаста болады.
6. Кадастр аэрофототопографиялық, фотограмметриялық, кадастрлық суретке түсiрудi, жобалау-iздестiру, картографиялық және бағалау жұмыстарын, топырақты зерттеу, геоботаникалық және басқа да зерттеулер мен iздестiрулердi, жер мониторингiн, жердi сандық және сапалық есепке алуды және мемлекеттік жер кадастрын жүргiзуге байланысты басқа да жұмыстарды жасау арқылы жүргiзiледi.
7. Деректердi жинақтау жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi, жеке немесе заңды тұлғалардың - жер учаскесiне құқық субъектiлерiнiң атауы, атқарушы органдардың кесiмдерi мен өзге де заңнамада көзделген құжаттар, жер учаскесiнiң орналасқан орны мен мөлшерi, кадастрлық бағалау құны, жердi пайдалану құқығы, мақсатты тағайындауы, бөлiнетiндiгi және бөлiнбейтiндiгi, жер учаскесiне сервитуттар туралы, сондай-ақ атқарушы органдар белгiлеген оны пайдалану жөніндегі шектеулер туралы ақпараттар тiркелетiн және caқталатын тиiстi аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) деңгейiнде жүргiзіледi.
Көрсетілген деректер аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана және тұтастай алғанда Қазақстан Республикасы бойынша өзара салыстыруға мүмкiндiк беретiн меншiк нысандары, жер санаттары бойынша жүйелендiріледi.
2. Кадастрды жүргiзудiң тәртiбі
8. Кадастрды жүргiзу:
әзiрлiк жұмыстарын;
бастапқы деректердi жинау мен өңдеудi;
ақпараттық жүйелердi құру мен жүргiзудi қамтиды.
9. Жер учаскелерiнiң желiлiк және алаңдық сипаттамаларына өзгерістер енгізу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге тиiстi жер-кадастрлық карталар Кадастрдың картографиялық негiзi болып табылады.
Жер-кадастрлық карталардың масштабы Кадастрды жүргiзудiң деңгейiне байланысты таңдалады.
Кадастрды автоматтандырылған жүргiзу кезiнде картографиялық негiз геоақпараттық технологияларды қолданумен және қағаз жеткiзгiштермен көшiрмелерiн дайындаумен электрондық карта түрiнде қалыптастырылады.
10. Жер учаскелерi туралы ақпарат жерге орналастырудың деректерi бойынша құрылады және учаскелер мен жер алқаптарының шекарасы мен алаңдары өзгерген кезде жүйелi түрде жаңартылады.
11. Жер учаскесi, егер оның белгiленген шекарасы болса және оған жер-кадастрлық iс жүргiзілсе, түпкiлiктi қалыптастырылған болып саналады. Жер-кадастрлық iс - жер учаскесiнiң қалыптасуы туралы iс, оған жер учаскесi туралы құжаттар кiргiзiледi.
12. Азаматтарға және заңды тұлғаларға иелiк ету не пайдалану құқығымен бұрын берiлген жер учаскелерiн жеке меншiкке немесе пайдалануға берудi алғашқы ресiмдеу кезiнде жер-кадастрлық iс олардың жер ресурстарын бacқаpу жөніндегі аумақтық органдарға берілетін өтiнiштерiнiң негiзiнде жүргiзіледi.
Жер учаскесiне құқықты куәландырушы құжаттар, ал олар болмаған кезде - бұл учаскенi берген атқарушы органның шешімiмен учаске шекарасының сызбасы (схемасы) өтiнiшке қосыла беріледi.
Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдар көрсетiлген құжаттарды тексерудi жүзеге асырады және осы құжаттарды жер учаскелерiн жергiлiктi жерде зерттеу үшiн Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорындарға жiбередi. Олардың шекаралары, алаңдары және мақсатты тағайындауы өзгергенi белгiлi болған жағдайда, бұл өзгерістер жергiлiктi атқарушы органдардың қайта бекітуiне немесе мүдделi тараптардың арасында жасалатын шартта көрсетуге жатады.
13. Азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншiгіндегі жерден учаске құру тек тараптардың арасында жасалған мәмiлелердiң негiзiнде ғана жүргiзіледi.
14. Азаматтардың және заңды тұлғалардың меншiгіндегі немесе пайдалануындағы жерден мемлекеттік қажеттiктер үшiн жер учаскесiн қалыптастыру кезiнде оған жүргiзiлген жер-кадастрлық iске жаңа учаскенi құру үшiн негiз болып табылатын жер учаскесiн мемлекеттік қажеттiктер үшiн алу туралы атқарушы органның шешiмi не соттың шешiмi, сондай-ақ жоспар (шекара сызбасы) және басқа құжаттар кiргiзіледi.
15. Мемлекеттік мұқтаждар не азаматтар мен заңды тұлғалардың арасындағы мәмiлелер үшiн жасалатын жер учаскесiн қайта құру жағдайында жаңа жер-кадастрлық iс жүргiзiлмейдi. Жер учаскесiн қайта ұйымдастыру процесiмен бiрге жүретiн барлық құжаттар осы учаскеге бұрын жүргiзілген жер-кадастрлық iске кiргiзiледi.
16. Азаматтар мен заңды тұлғалардан ерiксiз алуға не тәркiлеуге жататын жер учаскесiнiң жер-кадастрлық iсiне сот-атқарушылық iс жүргiзу құжаттары кiргiзiледi.
17. Қалыптастырылған жер-кадастрлық iс жер учаскесiн жер-кадастрлық кiтабына жазу үшiн негiз болады.
18. Жер-кадастрлық кiтабы жер учаскелерi есепке алынатын, жердiң кеңiстiк, табиғи және шаруашылық жағдайы туралы анық мәлiметтер қамтылатын құжат болып табылады.
Жер учаскесiн жер-кадастрлық кiтапқа жазу кезiнде оған жеке, Қазақстан Республикасының аумағында қайталанбайтын, учаске бiр тұтастық ретiнде бар кезде сақталатын кадастрлық нөмiр беріледi. Бұл учаскеге жүргiзілген жер-кадастрлық iс те осы нөмiрмен сәйкестендiріледі.
Жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрiн құру осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
19. Жердiң жер-кадастрлық картасы жер учаскелерiнiң орналасқан жерiн, мөлшерлерiн және шекараларын көрнектi кескiндеу, бiрiктiру және бөлу кезіндегі олардың өзгерістерiн есепке алу мақсатында құрылады және жүргiзіледi. Кадастр және жер учаскелерiн есепке алу үшiн жер-кадастрлық карталар жүргiзу осы Ереженiң 39 және 41-42-тармақтарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
20. Кадастр қағаз жеткiзгiшпен жүргiзіледi және ақпараттарды жинақтаудың, өңдеудiң және сақтаудың электрондық жүйелерiн пайдалана отырып жүргiзілуi мүмкiн.
21. Кадастрдың автоматтандырылған ақпараттық жүйелерi жұмыс iстеу тәртібін жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын мамандандырылған бағдарламалық-техникалық кешендердiң базасында құрылады.
22. Жер-кадастрлық құжаттама мынадай талаптарға сәйкес болуы тиiс:
барлық деректемелердi (оларды шығарушы органның, мекеменiң, ұйымның атауын, күнiн, құжаттың нөмiрiн, мекен-жайын (құжатты алушыны) көрсету) толтыра отырып белгіленген үлгiдегi бланкілерде орындалады;
жер учаскелерi шекараларының жоспарларын (сызбаларын) дайындау жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган белгiлейтiн техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады;
мемлекеттік құпияға жатқызылған жер учаскелерiнiң жоспарларында (сызбаларында) қамтылатын мәлiметтер олардың құпиялылығын қамтамасыз ететiн белгiленген ережелерге сәйкес пайдаланылады және сақталады.
3. Жердi сандық және сапалық есепке алуды жүргiзу мен
бағалаудың тәртібі
23. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер учаскелерi жерге меншiк нысанына, жер учаскелерiнiң мақсатты тағайындауына және оларды пайдаланудың рұқсат етiлген сипатына қарамастан, кадастрлық есепке алуға жатады.
Жер учаскелерiн кадастрлық есепке алу олардың орналасқан жерiнде бiрыңғай әдiстеме бойынша жүргiзіледi.
Жерді сандық және сапалық есепке алу олардың нақты жағдайы және пайдаланылуы бойынша жүргiзіледi. Барлық өзгерістер олар жергiлiктi жерде болғаннан кейiн тiркеледi. Жердi есепке алудың деректерi әрбiр жер учаскесi бойынша жер-кадастрлық кiтапқа енгiзiледі.
Есептiк деректер жер учаскелерi, елдi мекендер, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), облыстар, астана, республикалық маңызы бар қалалар бойынша және тұтастай алғанда республика бойынша қалыптастырылады. Бұл ретте ерекше қорғалатын табиғи және тарихи-мәдени объектiлер орналасқан учаскелер бөлек көрсетiледi.
Барлық санаттағы жерлер есепке алуға жатады және ол жер алқаптарының түрлерi бойынша жүргiзіледi.
Жердiң мөлшерi, орналасқан жерi, саны мен сапасы туралы қажеттi мәлiметтер оларды бастапқы есепке алу кезiнде тiркелер, ал жердiң құрамында, олардың сапасы мен пайдалану түрiнде болған өзгерістер жердiң ағымдағы есебiн жүргiзу процесiнде анықталады.
24. Кадастрлық деректердi нақтылау және жаңарту мақсатында:
1) жер учаскелерiнiң иелерi мен жер пайдаланушылар, уәкілеттi лауазымды тұлғалар мен тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бiрлiктердегi (ауыл (село), кент, аудандық маңызы бар қала) жергілiктi атқарушы органдар есепті жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша жыл сайын жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық (қалалық) органға тиiсiнше жердiң жай-күйi мен пайдаланылуы, меншiктегi және пайдаланудағы, сондай-ақ тиiстi әкiмшiлiк-аумақ бiрлiктердiң (ауыл (село), кент, аудандық және облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерiнiң қарауындағы жерлердiң құрамында болып жатқан өзгерістер туралы белгiленген нысан бойынша есептер ұсынады;
2) жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдар есептi жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша аудандар, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана, Қазақстан Республикасының облыстары бойынша жердiң бар-жоғы, сапалық жағдайы және пайдаланылуы туралы оларға мыналарды қоса отырып есептер жасайды;
ауыл шаруашылығы алқаптары алаңдарының бар-жоғы мен оларда болған өзгерістер (оның iшiнде жеке суармалы және құрғатылған жер), оларды санаттар, меншiк иелерi және жердi пайдаланушылар бойынша бөлу туралы мәлiметтердi, сондай-ақ жер учаскелерiн жеке меншiкке мемлекеттiң сатуы туралы, пайдаланылмайтын және ұтымсыз пайдаланылатын жерлердi алу туралы және мемлекеттiң меншiгіндегі жерлердi ауыл шаруашылығы үшiн емес қажеттіктер үшiн бөлу туралы мәлiметтерді - жыл сайын;
берiлген жерге ақы алу үшiн қажеттi мәлiметтердi, жердiң бар-жоғы және оларды санаттар, алқаптар, меншiк иелерi және жердi пайдаланушылар бойынша бөлу, алқаптардың алаңдарында болған өзгерістер, жердiң сапалық жағдайы, оларды кадастрлық бағалау туралы мәлiметтердi - 5 жылда 1 рет.
25. Жердiң сапасын және кадастрлық бағасын есепке алу:
мақсатты тағайындауын ескерiп, жер учаскесiн пайдалану тиiмділiгiн анықтау;
жер учаскесiн жеке меншiкке сатқан кезде оның бағасын (жер учаскесiн жалдау құқығын сату төлемiн) анықтау;
салық салу;
жер учаскесiн мемлекеттік қажеттiктер үшiн ерiксiз алу кезiнде және иелiктен айыру жағдайында сатып алу бағасы мен төлем мөлшерiн сотпен анықтау мақсатында жүргiзiледi.
Жердiң сапасы және оның кадастрлық бағасы туралы мәлiметтер әрбiр жер учаскесi бойынша жер-кадастрлық кiтапта көрсетiледi.
26. Осы Ереженiң 24-тармағына сәйкес жасалатын жердiң бар-жоғы, сапалық жағдайы және пайдаланылуы туралы есептердi мыналар қарайды және бекiтедi:
аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бойынша - тиiсiнше ауданның және облыстық маңызы бар қаланың әкiмдерi және есептi жылдың 1 қарашасынан кешiктiрмей жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық комитетке ұсынады;
облыс пен республикалық маңызы бар қалалар бойынша - тиiсiнше облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкiмдерi және есептi жылдың 20 қарашасынан кешiктiрмей жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға ұсынады.
Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган есептi жылдан кейiнгi 20 қаңтардан кешiктiрмей, Қазақстан Республикасы жерiнiң (республикалық маңызы бар қалалар, облыстар бойынша және тұтастай алғанда республика бойынша) бар-жоғы, олардың сапалық жағдайы және пайдаланылуы туралы есептi алқада қарайды.
Жиынтық талдамалы есептi бекiткеннен кейiн жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган оның көшiрмесiн Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне, Ауыл шаруашылығы министрлігіне, Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне және Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігiне жолдайды.
4. Тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiн есепке алу
27. Тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiн және олардағы жылжымайтын мүлiктi есепке алу меншiк құқығы мен басқа да құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке ауыртпалықты мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз ететiн қажеттi шарт болып табылады.
28. Жер учаскелерiн есепке алу кезiнде мына деректердi тiркеу мiндеттi болып табылады:
жер учаскесi иесiнiң немесе оны пайдаланушының аты-жөнi;
жер учаскесінiң алаңы;
жер учаскесiне меншiктiң нысаны;
жер учаскесiнiң мақсатты тағайындалуы;
жер учаскесiн пайдаланудағы шектеулер және ауыртпалықтар;
жер учаскесiнiң бөлiнетiндiгi немесе бөлiнбейтiндiгi;
жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi;
жер учаскесіндегі жылжымайтын мүлiк туралы мәлiметтер.
29. Жер және құқықтық кадастрды жүргiзгенде әрбiр жер учаскесiнiң орналасқан жерiн анықтау (сәйкестендiру) мақсатында кадастрлық нөмiрлер берiледi.
30. Жеке және заңды тұлғалар жылжымайтын мүлiк объектiлерi орналасқан жер учаскесiне кадастрлық нөмiр берiлуi үшін, сондай-ақ жерге құқықты куәландыратын, жоғарыда көрсетiлген деректердi қамтитын ескi үлгiдегi құжатты жаңасына ауыстыру үшін өтiнiшпен жер ресурстарын басқару жөніндегі тиiстi аумақтық органға жүгiнедi.
Жер учаскесiне және жылжымайтын мүлiкке құқықты куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi, жер учаскесiнде орналасқан жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу органы немесе сәулет және қала құрылысы органы растаған жоспары өтiнiшпен қоса берiледі.
31. Жер учаскесiн сәйкестендiру оны жер-кадастрлық картада көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргiзу бұл учаскенiң нақты шекараларын, шектеулер мен ауыртпалықтардың бар-жоғын айқындаудан, басқа тұлғалар құқықтарының сипатын, сондай-ақ мақсатты пайдаланылуын анықтаудан басталады. Жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу және оларды ресiмдеу рәсiмдерi жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкiлеттi органның бұйрықтарына сәйкес жүргiзiледi.
32. Жүргiзiлген жұмыстардың нәтижелерi бойынша белгiленген тәртiппен бекітілген жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжаттар әзiрленедi және берiледi, сондай-ақ жер учаскесiне кадастрлық нөмiр бере отырып жер-кадастрлық кiтапқа жазба жазылады.
33. Кадастрлық нөмiрдi құру:
облыстың немесе республикалық маңызы бар қалалардың, астананың коды мен;
ауданның немесе облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың кодымен;
есептi кварталдың кодымен;
жер учаскесiнiң есептi кварталдағы және/немесе аудандағы, облыстық (аудандық) маңызы бар қаладағы реттiк нөмiрiмен айқындалады.
Елдi мекеннiң кварталы, жұмыс кенттерi және ауылдық елдi мекендер, бағбандық және саяжайлық қоғамдар, желiлік объектілер: темір жол, автомобиль жолдары, жердегi, жер үстi және жер асты құбыр желiлерi бөлу жолақтарымен, суаттар және басқалар есептi кварталдар болып табылады.
Ескерту.
Жер учаскесi кадастрлық нөмiрiнiң екi алғашқы саны облыстың немесе республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кодын, одан кейінгi үшеуi ауданның немесе облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың, одан кейінгi тағы үшеуi - есептi кварталдың кодын және соңғы үш сан - есептi кварталдың және/немесе ауданның, облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың iшiндегі жер учаскесiнiң реттiк нөмiрiн бiлдiредi.
Есептi квартал ішінде жер учаскелерiнiң саны 999-дан асқан жағдайда, осы есептi квартал iшінде қалыптасатын келесi жер учаскелерiне төрт таңбалы реттік нөмiр берiледi.
34. Есептi кварталдардың және/немесе аудандардың, облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың, астананың iшіндегі жер учаскелерiнiң кадастрлық нөмiрлерiн Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорындар береді.
35. Егер осы Ережеге сәйкес есептi кварталға код беру объективтi себептер бойынша мүмкiн болмаса, онда осы кварталдың iшіндегі жер учаскелерiне уақытша (шартты) кадастрлық нөмiрлер берiледi. Бұл жағдайда мұндай кварталдың коды нақты есептi кварталдағы кадастрлық нөмiрдiң шартты белгiсiн көрсетуге тиiс "9" санынан басталады. Есептi кварталдың заңды мәртебесiн кейiннен анықтау кезiнде бұрын берiлген шартты нөмiрдi көрсете отырып оған нағыз код беріледi.
36. Жер учаскесiн бiрнеше бөлiкке бөлу немесе бiрнеше жер учаскелерiн бiреуге бiрiктiру кезiнде ескi нөмiрлер жойылады және жаңа кадастрлық нөмiрлер берiледi.
37. Бүтiн жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жердi пайдалану құқығы басқа меншiк иесiне немесе жердi пайдаланушыға ауысқан кезде жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi ауыстырылмайды.
Жер учаскесiнiң есептiк деректерiне онымен жүзеге асырылған мәмілелердiң нәтижесiнде жер учаскесiне меншiк құқығының немесе жер пайдалану құқығының басқа тұлғаға ауысуы туралы мәлiметтердi енгізудi оларға жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелердi мемлекеттік тiркеу органы ұсынатын материалдардың негiзiнде Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорындар жүргiзедi.
38. Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорын жер учаскесiне кадастрлық нөмiр берiлгендiгi және бұл учаскенiң жер-кадастрлық есепке қойылғандығы туралы өтiнiш берушi мен тiркеушi органға хабарлайды. Өтiнiш игерушiге жер учаскесiнiң жаңа кадастрлық нөмiрi бар және жер-кадастрлық картадағы (схемадағы) өзгерістер көрсетiлген жер-кадастрлық картаның (схеманың) тиiстi бөлiгiнiң расталған көшiрмесi беріледi.
39. Кадастрды жүргiзудiң деңгейiне қарай жер-кадастрлық карталар (схемалар):
Қазақстан Республикасының жер-кадастрлық картасы (схемасы) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекаралары мен кодтары көрсетiле отырып;
облыстың жер-кадастрлық картасы (схемасы) аудандардың және облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың шекаралары мен кодтары көрсетiле отырып; республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер-кадастрлық картасы қаланың iшіндегі аудандардың шекаралары мен кодтары көрсетiле отырып;
ауданның, облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың жер-кадастрлық картасы (схемасы) есепті кварталдардың шекаралары мен кодтары көрсетiле отырып;
есептi кварталдың жер-кадастрлық картасы (схемасы) жер учаскелерiнiң шекаралары мен нөмiрлерi көрсетiле отырып бақылау жағдайында құрылады және ұсталады.
40. Жер-кадастрлық картада (схемада) жер учаскелерiнiң шекаралары жер учаскелерiне құқықты куәландыратын құжаттарға және картаның (схеманың) масштабындағы жерді пайдалану жоспарларына сәйкес көрсетiледi.
41. Қажет болған кезде жер-кадастрлық карталар (схемалар) бiрнеше бөлiкте дайындалуы мүмкiн.
42. Жер-кадастрлық карталары (схемалары) жүргiзудi және кейiннен жаңартуды Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорындар жүзеге асырады.
Көрсетілген карталар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінiң тиiстi тiркеушi органдарына өтеусiз негiзде берiледi.
5. Кадастрдың деректерiн беру және ақпаратын пайдалану
43. Мыналар Кадастрдың мәлiметтерiн пайдаланушылар болып табылады:
аумақтарды дамытуды жоспарлау, жердi аймақтарға бөлу, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды әзiрлеу мәселелерi, жер ресурстарын басқаруға байланысты басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік басқару органдары;
жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу саласындағы уәкілеттi органдар;
мемлекеттік статистика саласындағы органдар;
құрылыс салуға жер учаскелерiн таңдау және беру (сату) мәселелерi бойынша - құрылыс және басқа объектiлерге тапсырыс берушiлер;
жобалау-iздестiру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшiн бастапқы деректер алу мәселелерi бойынша - жобалау, iздестiру, ғылыми-зерттеу ұйымдары;
мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргiзу, қала құрылысы және басқа да құжаттаманы әзiрлеу мәселелерi бойынша - сәулет-қала құрылысы қызметi саласындағы уәкiлеттi органдар;
табиғи ресурстардың пайдаланылуын және қоршаған ортаның жай-күйiн бақылауды жүргiзу, табиғат қорғау iс-шараларын әзiрлеу мәселелерi бойынша - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органдар;
жер салығын есептеу мәселелерi бойынша - салық қызметiнiң органдары; өзге де жеке және заңды тұлғалар.
44. Белгiлi бiр жер учаскесi туралы кадастрдың мәлiметтерi қағаз немесе магниттiк жеткiзгiштерде, сондай-ақ техникалық және телекоммуникациялық байланыс құралдары қолданыла отырып, Кадастр деректерi банкiне тiкелей санкцияландырылған рұқсат түрiнде жер учаскесiн есепке алу орны бойынша берiледi.
45. Кадастрдың жер учаскелерi туралы мәлiметтерi жер-кадастрлық карталармен (жоспарлармен) ара қатынаста болады.
Кадастрдың мемлекеттік құпияларды және өзге де шектеулерді қамтымайтын мәлiметтерi жалпыға қол жетiмдi болып табылады және мүдделi жеке және заңды тұлғаларға ақылы негiзде берiледi.
Кадастрдың мәлiметтерiн мемлекеттік органдарға беру өтеусiз негiзде жүзеге асырылады.
46. Кадастрдың мәлiметтерiн алу режимiн бұзу немесе анық емес ақпараттарды ұсыну заңнамалық кесімдерде көзделген жауапкершілікке әкеп соқтырады.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысымен
бекiтілген
Жер учаскелерiнiң кадастрлық нөмiрлерiн қалыптастыру мақсаты үшiн
облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға, аудандарға
және облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға берiлетiн кодтардың
ТIЗБЕСI
Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк Коды |
1 2 |
Ақмола облысы - 01 Ақкөл 001 Астрахан 002 Атбасар 003 Сандықтау 004 Аршалы 005 Ерейментау 006 Егiндiкөл 007 Қорғалжын 008 Бұланды 009 Целиноград 011 Шортанды 012 Ақкөл қаласы 014 Атбасар қаласы 015 Ерейментау қаласы 016 Макинск қаласы 017 Степногор қаласы 018 Шаңтөбе кентi 019 Зеренді 160 Щучье 171 Еңбекшілер 172 Заозерный кентi 173 Көкшетау қаласы 174 Степняк қаласы 176 Щучье қаласы 177 Жарқайың 275 Есіл 277 Жақсы 278 Державин қаласы 283 Есіл қаласы 284 Красногор кентi 285 Ақтөбе облысы - 02 Алға 022 Байғанин 023 Әйтеке би 024 Ырғыз 025 Мұғаджар 027 Қарғалы 028 Мәртeк 029 Темір 031 Ойыл 032 Қобда 033 Хромтау 034 Шалқар 035 Ақтөбе қаласы 036 Алға қаласы 037 Қандыағаш қаласы 038 Темір қаласы 039 Хромтау қаласы 040 Шалқар қаласы 041 Ембi қаласы 042 Алматы облысы - 03 Балқаш 043 Еңбекшiқазақ 044 Жамбыл 045 Iле 046 Қарасай 047 Райымбек 050 Талғар 051 Ұйғыр 052 Есiк қаласы 054 Қапшағай қаласы 055 Қасқелең қаласы 056 Талғар қаласы 057 Ақсу 254 Алакөл 255 Қаратал 259 Кербұлақ 260 Көксу 261 Панфилов 262 Сарқанд 263 Ескелдi 264 Жаркент қаласы 266 Сарқант қаласы 267 Tалдықорған қаласы 268 Текелi қаласы 269 Үштөбе қаласы 270 Ушарал қаласы 271 Атырау облысы - 04 Жылыой 059 Индер 060 Исатай 061 Қызылқоға 062 Құрманғазы 063 Мақат 064 Махамбет 065 Атырау қаласы 066 Шығыс Қазақстан облысы - 05 Глубокий 068 Зайсан 069 Зырян 070 Қатон-Қарағай 071 Күршiм 072 Тарбағатай 078 Ұлан 079 Шемонаиха 080 Зайсан қаласы 081 Зырян қаласы 082 Риддер қаласы 083 Серебрянск қаласы 084 Өскемен қаласы 085 Шемонаиха қаласы 086 Абай 236 Аягөз 239 Бесқарағай 240 Бородулиха 241 Жарма 243 Көкпектi 244 Үржар 248 Аягөз қаласы 251 Семей қаласы 252 Шар қаласы 253 Жамбыл облысы - 06 Байзақ 087 Жамбыл 088 Жуалы 089 Қордай 090 Т.Рысқұлов атындағы 091 Мерке 092 Мойынқұм 093 Сарысу 094 Талас 095 Шу 096 Тараз қаласы 097 Жаңатас қаласы 098 Қаратау қаласы 099 Шу қаласы 100 Батыс Қазақстан облысы - 08 Бөрiлi 114 Жаңақала 115 Жәнiбек 116 Зеленов 118 Казталовка 119 Қаратөбе 120 Сырым 122 Тасқала 124 Теректi 125 Бөкейорда 126 Ақжайық 127 Шыңғырлау 128 Ақсай қаласы 129 Орал қаласы 130 Чапаев қаласы 131 Қарағанды облысы - 09 Ақтоғай 102 Жаңаарқа 104 Ұлытау 106 Шет 107 Балқаш қаласы 108 Жезқазған қаласы 109 Қаражал қаласы 110 Приозерск қаласы 111 Сәтпаев қаласы 112 Қарқаралы 133 Абай 134 Нұра 136 Осакаровка 137 Бұхар-Жырау 140 Абай қаласы 141 Қарағанды қаласы 142 Қарқаралы қаласы 143 Саран қаласы 144 Теміртау қаласы 145 Шахтинск қаласы 146 Қызылорда облысы - 10 Арал 147 Жалағаш 148 Жаңақорған 149 Қазалы 150 Қармақшы 151 Сырдария 153 Шиелi 154 Қазалы қаласы 155 Қызылорда қаласы 156 Қостанай облысы - 12 Алтынсарин 178 Жiтiқара 179 Қамысты 180 Қарасу 181 Қарабалық 182 Қостанай 183 Ұзынкөл 184 Меңдiқара 185 Наурызым 186 Денисов 187 Әулиекөл 188 Таран 189 Сарыкөл 190 Феодоров 191 Жiтiқара қаласы 192 Қостанай қаласы 193 Лисаковск қаласы 194 Рудный қаласы 195 Амангелдi 272 Жангелдi 276 Арқалық қаласы 282 Маңғыстау облысы - 13 Бейнеу 196 Қарақия 197 Маңғыстау 198 Түпқараған 199 Ақтау қаласы 200 Жаңаөзен қаласы 201 Форт-Шевченко қаласы 202 Павлодар облысы - 14 Ақтоғай 204 Баянауыл 205 Железинка 206 Ертіс 207 Қашыр 208 Лебяжi 209 Май 210 Павлодар 211 Успен 212 Шарбақты 213 Ақсу қаласы 215 Ертіс селосы 216 Курчатов қаласы 217 Павлодар қаласы 218 Екiбастұз қаласы 219 Солтүстiк Қазақстан облысы - 15 Айыртау 157 Уәлиханов 162 Тайынша 164 Ғ.Мүсiрепов атындағы 165 Ақжар 167 Қызылжар 220 Мағжан Жұмабаев атындағы 221 Жамбыл 223 Есіл 224 Мамлют 225 Шал ақын 228 Аққайың 229 Тимирязев 231 Булаево қаласы 232 Мамлютка қаласы 233 Петропавл қаласы 234 Сергеев қаласы 235 Оңтүстік Қазақстан облысы - 19 Бәйдібек 286 Арыс 287 Мақтаарал 288 Қазығұрт 289 Ордабасы 293 Отырар 294 Сайрам 295 Сарыағаш 296 Созақ 297 Төлеби 298 Түлкібac 300 Шардара 301 Арыс қаласы 302 Жетiсай қаласы 303 Кентау қаласы 304 Леңгiр қаласы 305 Сарыағаш қаласы 306 Түркiстан қаласы 307 Шардара қаласы 308 Шымкент қаласы 309 Алматы қаласы - 20 Алмалы 311 Әуезов 312 Бостандық 313 Жетiсу 314 Медеу 315 Түрксiб 317 Астана қаласы - 21 "Алматы" 318 "Сарыарқа" 319 |