Банктiң салымдық тәуекел дәрежесi бойынша
сараланған активтерiнiң есебiне түсiндiрме
1. Салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, банкте түзетiлген құны аталған активтер аумағының 50 процентiнен кем емес қамтамасыз етуi бар (салымдық тәуекел дәрежесi бойынша сараланған активтер мен мiндеттемелер кестесiнiң 1-3, 9-11, 14-16-жолдарында көрсетiлген активтер түріндегі), осы тармаққа сәйкес банкте түзетiлген қамтамасыз ету құнын анықтауға мүмкiндiк беретiн осыған ұқсас есепке алу жүйесi болған жағдайда түзетiлген қамтамасыз ету құнын шегергендегi тәуекел дәрежесiмен сараланған активтер есебiне енгiзiлуi мүмкiн заемдар.
Түзетiлген қамтамасыз ету құны (салымдық тәуекел дәрежесi бойынша сараланған активтер мен мiндеттемелер кестесiнiң 1-3, 9-11, 14-16-жолдарында көрсетiлген активтер түріндегі) мыналарға тең болады:
салымдардың 100 проценттiк сомасы, оның iшiнде осы банктегi қамтамасыз ету ретiнде ұсынылғандары;
қамтамасыз етуге берiлген бағалы қағаздардың рыноктық құнының 95 процентi;
қамтамасыз етуге берiлген тазартылған қымбат металдардың рыноктық құнының 85 процентi.
Жоғарыда аталған салымдардың, дебиторлық берешектiң, сатып алынған бағалы қағаздардың қамтамасыз етiлмеген бөлiгi салымдарға, дебиторлық берешекке, сатып алынған бағалы қағаздарға сәйкес тәуекел дәрежесi бойынша осы Кестеге сай сараланады.
2. Қарсы агенттен төмен тәуекел дәрежесi бар ұйымдар кепiлдiк берген (сақтандырылған) банк инвестициясы есебiне енгiзiлмеген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар тәуекел дәрежесi бойынша (банк инвестициясы есебiне енгiзiлмеген салымдардың, дебиторлық берешектiң, сатып алынған бағалы қағаздардың кепiлдiк берген (сақтандырылған) сомасын шегергендегi) сараланған активтердiң есебiне қарызгердiң тәуекелi бойынша енгiзiлуi мүмкiн.
Банк инвестициясы есебiне енгiзiлмеген салымдардың, дебиторлық берешектiң, сатып алынған бағалы қағаздардың, заемдардың, инвестициялардың кепiлдiк берген (сақтандырылған) сомасы тиiстi кепiлдiң (сақтандырылушының) дебиторлық берешегiнiң тәуекел дәрежесi бойынша сараланады.
3. Осы Түсiндiрменiң 1-тармағында көрсетiлген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, заемдар Қазақстан Республикасының мынадай резидент еместерiне ұсынылады:
1) оффшорлық аймақ аумағында заңды тұлға ретiнде тiркелгендерге;
2) жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 проценттен астамын иеленушi оффшорлық аймақ аумағында тiркелген заңды тұлғаға қатысты немесе оффшорлық аймақ аумағында тiркелген заңды тұлғаға қатысы бойынша еншiлес болып табылатындарға;
3) оффшорлық аймақ азаматтары болып табылатындарға, тәуекел дәрежесi осы Түсiндiрменiң 1-тармағында көрсетiлген қамтамасыз етудiң барлығына қатыссыз, салымдардың тәуекел дәрежесi бойынша банк активтерiнiң кестесiне сәйкес сараланады.
4. Осы Түсiндiрменiң 1-тармағында көрсетiлген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, заемдар Қазақстан Республикасының мынадай резидент еместерiне ұсынылады:
1) Оффшорлық аймақ аумағында заңды тұлға ретiнде тiркелген, бірақ Standard & Poor's агенттiгiнiң "AA-"-дан төмен емес борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар немесе мiндеттемелерiнiң барлық сомасының қамтамасыз етуi ретіндегі, аталған деңгейден төмен емес борыштық рейтингi бар бас ұйымның тиiстi кепiлдiгі барларына;
2) жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 проценттен астамын иеленушi, оффшорлық аймақ аумағында тiркелген заңды тұлғаға қатысты болып табылатын немесе оффшорлық аймақ аумағында тiркелген заңды тұлғаға қатысы бойынша еншiлес болып табылатындарға, бірақ аталған деңгейден төмен емес борыштық рейтингi бар немесе мiндеттемелерiнiң барлық сомасының қамтамасыз етуi ретіндегі борыштық рейтингi аталған деңгейден төмен емес бас ұйымның тиiстi кепiлдiгi барларына, оффшорлық аймақ аумағында тiркелген заңды тұлғалар болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерiне немесе уәкiлеттi орган белгiлеген оффшорлық аймақ тiзбесiне енгiзiлген мемлекеттер азаматтарына қойылатын талаптардан басқа не Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ақпарат алмасу жөнiнде мiндеттеме қабылдамаған оффшорлық аймақтар тiзбесiне енгiзiлген немесе жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 проценттен астамын иеленушi, оффшорлық аймақ аумағында тiркелген заңды тұлғаға қатысты болып табылатын не аталған оффшорлық аймақ аумағында тiркелген заңды тұлғаға қатысы бойынша еншiлес болып табылатындарға қойылатын талаптардан басқаларына тәуекел нөл дәрежесi бойынша сараланады.
5 тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
5. Жеке тұлғаларға тұруға арналған тұрғын үй құрылысы үшiн не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берiлетiн ипотекалық тұрғын үй заемы мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:
1) ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша ай сайынғы төлемдер сомасының (негiзгi борыш және ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша сыйақы төлемiн қосқанда) заемшының ай сайынғы жиынтықты кiрiс сомасына (жеке табыс салығы мен зейнетақы жарналарын шегергенде) қатысы оның ай сайынғы жиынтықты кiрiсiнiң (жеке табыс салығы мен зейнетақы жарналарын шегергенде) 35 процентiнен аспаған жағдайда. Жекелеген жағдайларда коэффициент 45 процентке дейiн түзетiлуi мүмкiн, егер осы көрсеткiшке сәйкес ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша төлемдер жасау кезiнде заемшының әрбір отбасы мүшесi үшiн Астана және Алматы қалаларындағы кiрiстер 15 000 теңгеден кем емес, ал басқа аймақтар бойынша 10 000 теңгеден кем емес, ал 15 жастан төмен балалар үшiн - аталған сомалардың жартысынан кем болмаған талаптар бойынша;
2) заемшының ай сайынғы мiндеттемелерiнiң жалпы сомасының (Қазақстан Республикасының заңнамаларында және шарттарында көзделген заемдар, мүлiк салығы, жылжымайтын мүлiктi сақтандыру жөніндегі ай сайынғы төлемдер, жеке сақтандыру және азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру, басқа да реттi мiндеттi төлемдердi қосқанда) ай сайынғы жиынтықты кiрiстер сомасына (жеке табыс салығы мен зейнетақы жарналарын шегергенде) қатысы оның ай сайынғы жиынтықты кiрiстер сомасының (жеке табыс салығы мен зейнетақы жарналарын шегергенде) 40 процентiнен аспаған жағдайда. Жекелеген жағдайларда коэффициент 50 процентке дейiн түзетiлуi мүмкiн, егер осы көрсеткiшке сәйкес ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша төлемдер жасау кезiнде заемшының әрбір отбасы мүшесi үшiн Астана және Алматы қалаларындағы кiрiстер 15 000 теңгеден кем емес, ал басқа аймақтар бойынша 10 000 теңгеден кем емес, ал 15 жастан төмен балалар үшiн - аталған сомалардың жартысынан кем болмаған талаптар бойынша;
3) берiлiп отырған ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының кепiл құнына қатысы мына төменде келтiрiлiп отырған мәндердiң бірiнен аспаған жағдайда:
кепiл құнының 70 процентiнен,
кепiл құнының 85 процентiнен аспаған жағдайда және кредитор болып отырған банкпен айрықша қатынастары жоқ болса, ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының қамтамасыз ету құнына қатысы бойынша өсу мөлшерi 70 процент,
кепiл құнының 90 процентi және кредиттiк тәуекелге "Қазақстан ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру қоры" акционерлік қоғамы ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының қамтамасыз ету құнына қатысының өсу мөлшерi 70 процентпен кепiлдiк берген, не ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының қамтамасыз ету құнына қатысының өсу мөлшерi 85 процент және кредитор болып отырған банкпен айрықша қатынастары жоқ сақтандыру ұйымы сақтандырған кредиттiк тәуекелдiң ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының қамтамасыз ету құнына қатысының өсу мөлшерi 70 процент.
Қосалқы заемшыны тартқан жағдайда осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген коэффициенттер заемшы мен қосалқы заемшының жиынтықты кiрiстерi мен шығыстарынан есептеледi. Заемшының жұбайы немесе зайыбы және баласы, қызы, анасы, әкесi, туған аға-iнiлерi және қарындастары оған қосалқы заемшы бола алады.
Қамтамасыз ету құны (кепiл) ең аз дегенде мынадай екi себеп бойынша белгiленедi: жылжымайтын мүлiктi сату бағасы немесе осы мүлiктiң "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгiленетiн бағалау құны.
6. Егер бағалы қағаз шығарылымының арнайы борыштық рейтингi болса, онда тәуекел дәрежесi бойынша банк активтерiн саралау кезiнде бағалы қағаз рейтингiн ескеру қажет.
7 тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
7. Нұсқаулықтың 17-тармағына сәйкес рыноктық тәуекелдi ескере отырып, активтердiң, шартты және мүмкiн талап етулер мен мiндеттемелердiң есебiне енгiзiлген активтер валюталардың айырбас бағамының және қымбат металдар бағамдарының өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралдарының есебiне енгiзiлген активтерден басқа кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша сараланатын активтердiң, шартты және мүмкiн мiндеттемелердiң есебiне енгiзiлмейдi.
8. "Қазақстан ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру қоры" акционерлік қоғамы ұсынып отырған сипаттамалар мен талап етулерге жауап беретiн, жеке тұлғаларға берiлген ипотекалық тұрғын үй заемы, оның iшiнде ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының қамтамасыз ету құнына қатысының өсу мөлшерi 85 проценттен аспайтындар және сақтандыру ұйымы не бастапқы кредитор болып табылатын, банкпен айрықша қатынаста байланысы жоқ заңды тұлға сақтандырған (кепiлдiк берген) кредиттiк тәуекелi ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының қамтамасыз ету құнына қатысының өсу мөлшерi 70 процент болатындары тәуекел дәрежесi бойынша сараланады - ол осы Қосымшаның 43 және 44 жолдары қолданысқа енгенге дейiн 50 процент.
Екiншi деңгейдегi банктер
үшiн пруденциалдық нормативтер
бойынша есеп айырысудың
нормативтiк мәнi мен әдiстемесi
туралы нұсқаулықтың 2-қосымшасы
Банктiң тәуекел дәрежесi бойынша өлшенген
шартты және ықтимал мiндеттемелер кестесi
№ | Баптардың атауы | Конверсия коэффициентi проценттермен |
I топ |
1 | Банк кепiлдiктерi және кепiлдемелерi мыналар бойынша: Standard да Poor's агенттiгiнен жоғары және "АА-" деңгейiнде тәуелсiз рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шетел мемлекеттерiнiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң, Қазақстан Республикасының Үкіметінiң, Ұлттық Банкінің қарсы кепiлдiкпен (кепiлдемелермен); банк өкіміне берiлген ақшамен немесе тазартылған қымбат металдармен; Standard & Poor's агенттiгiнiң "AA-"-ден төмен емес тәуелсiз рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шетел мемлекеттерiнiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң, Қазақстан Республикасының Үкіметінiң, Ұлттық Банкінің бағалы қағаздармен толық қамтамасыз етiлген мiндеттемелер | 0 |
2 | Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды, Standard & Poor's агенттiгiнiң жоғары және "АА-"-ден деңгейiнде тәуелсiз рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шетел мемлекеттерiнiң орталық үкiметтерi шығарған осы нұсқаулықтың 17-бабында көзделген өтiмдiлiгi жоғары басқа да бағалы қағаздарды сатып алу не сату бойынша шартты (ықтимал) мiндеттемелер. | 0 |
3 | Банк аккредитивтерi: банктiң қаржы мiндеттемелерiнсiз; мыналар бойынша: Standard & Poor's агенттiгiнен жоғары және "АА-" деңгейiнде тәуелсiз рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шетел мемлекеттерiнiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң, Қазақстан Республикасының Үкіметінiң, Ұлттық Банкінің кепiлдiкпен (кепiлдемелермен); Standard & Poor's агенттiгiнен жоғары және "АА-" деңгейiнде тәуелсiз рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шетел мемлекеттерiнiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң, Қазақстан Республикасының Үкіметінiң, Ұлттық Банкінің бағалы қағаздармен; банк өкіміне берiлген ақшамен немесе тазартылған қымбат металдармен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер; | 0 |
4 | Банк талабы бойынша кез келген сәтте болдырмауға жататын болашақта заемдар мен салымдарды банктiң орналастыруы бойынша ықтимал (шартты) мiндеттемелер | 0 |
5 | Банктiң сыртқы заемдарын тартқан және борыштық мiндеттемелерiн орналастырған кезде банктiң еншiлес компанияларының пайдасына берiлген банктiң мiндеттемелерi мен кепiлдемелерi. | 0 |
II топ |
6 | Өтеу мерзiмi 1 жылдан кем емес болашақта заемдар мен 6 салымдарды банктiң орналастыруы бойынша ықтимал (шартты) мiндеттемелер | 20 |
7 | Банк кепiлдiктерi және кепiлдемелерi мыналар бойынша: Standard & Poor's агенттiгiнен жоғары және "А"-ден "АА-"-дейiн тәуелсiз рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шетел мемлекеттерiнiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң қарсы кепiлдiкпен (кепiлдемелермен); Standard & Poor's агенттiгiнiң "А"-ден "АА-"-дейiн тәуелсiз рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шетел мемлекеттерiнiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң бағалы қағаздармен толық қамтамасыз етiлген мiндеттемелер | 20 |
8 | Банк аккредитивтерi мыналар бойынша: Standard & Poor's агенттiгiнiң "А"-ден "AA-"-дейiн тәуелсiз рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегі рейтингi бар шетел мемлекеттерiнiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң кепiлдiкпен (кепiлдемелермен); Standard & Poor's агенттiгiнен жоғары және "АА-" деңгейiнде борыштық рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар банктердiң кепiлдiкпен (кепiлдемелермен); Standard & Poor's агенттiгiнiң "А"-ден "АА-"-дейiн тәуелсiз рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шетел мемлекеттерiнiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң бағалы қағаздармен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер. | 20 |
ІІІ топ |
9 | Өтеу мерзiмi 1 жылдан кем емес болашақта заемдар мен салымдарды банктiң орналастыруы бойынша ықтимал (шартты) мiндеттемелер. | 50 |
10 | Банк кепiлдiктерi және кепiлдемелерi мыналар бойынша: Standard & Poor's агенттiгiнiң "BBB"-ден "А-"-дейiн тәуелсiз рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шетел мемлекеттерiнiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң қарсы кепiлдiкпен (кепiлдемелермен); Standard & Poor's агенттiгiнiң "А"-ден "АА-"-дейiн борыштық рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар банктердiң кепiлдiкпен (кепiлдемелермен); Standard & Poor's агенттiгiнен жоғары және "АА-" деңгейiнде борыштық рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар заңды тұлғалардың кепiлдiкпен (кепiлдемелермен) және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдардың сақтандыру полистерiмен; Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ"-ден "А-"-дейiн тәуелсiз рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шетел мемлекеттерiнiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң бағалы қағаздармен; Standard & Poor's агенттiгiнiң "А-"-ден "AA-"-дейiн борыштық рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар банктердiң бағалы қағаздарымен; Standard & Poor's агенттiгiнен жоғары және "АА" деңгейiнде борыштық рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар заңды тұлғалардың бағалы қағаздарымен толық қамтамасыз етiлген мiндеттемелер. | 50 |
11 | Банк аккредитивтерi мыналар бойынша: Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ"-ден "AA-"-дейiн тәуелсiз рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шетел мемлекеттерiнiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң қарсы кепiлдiкпен (кепiлдемелермен); Standard & Poor's агенттiгiнiң "А"-ден "АА-"-дейiн борыштық рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар банктердiң кепiлдiкпен (кепiлдемелермен); Standard & Poor's агенттiгiнен жоғары және "АА-" деңгейiнде борыштық рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар заңды тұлғалардың кепiлдiкпен (кепiлдемелермен) және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдардың сақтандыру полистерiмен; Standard & Poor's агенттiгiнiң "BBB"-ден "А-"-дейiн тәуелсiз рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шетел мемлекеттерiнiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң бағалы қағаздармен; Standard & Poor's агенттiгiнiң "А-"-ден "АА-"-дейiн борыштық рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар банктердiң бағалы қағаздарымен; Standard & Poor's агенттiгiнен жоғары және "АА" деңгейiнде борыштық рейтингiне немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң біреуiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар заңды тұлғалардың бағалы қағаздарымен толық қамтамасыз етiлген мiндеттемелер | 50 |
12 | "Қазақстанның ипотекалық компаниясы" акционерлік қоғамынан ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап ету құқықтарын керi сатып алу бойынша ықтимал (шартты) мiндеттемелер | 50 |
IV топ |
13 | Банкке қаржы құралдарын сату және банк керi сатып алатын мiндеттемесi туралы келісім | 100 |
14 | Банктiң өзге кепiлдiктерi (кепiлдемелерi) | 100 |
15 | Банктiң өзге аккредитивтерi | 100 |
16 | Банктiң өзге шартты (ықтимал) мiндеттемелерi | 100 |
Кредит тәуекелiнiң дәрежесi бойынша өлшенген
банктiң шартты және ықтимал мiндеттемелерiнiң
есебiне түсiнiктемелер
Болашақта салымдар мен заемдарды орналастыру-алу бойынша, бағалы қағаздар мен қаржы фьючерстерiн сатып алу-сату бойынша, және валюталық құндылықтарды сатып алу-сату бойынша есепшоттар бөлiгiнде, баланстан тыс мiндеттемелердiң тәуекел дәрежесiн белгiлеген кезде есепке ағымдағы және одан кейiнгi екi ай iшiнде туындауы мүмкiн мiндеттемелердi қабылдау қажет.
2 абзац 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi (орыс тіліндегі мәтінін қара)
Нұсқаулықтың 17-тармағына сәйкес рыноктық тәуекелiн ескере отырып шартты мен ықтимал талаптары және мiндеттемелерiнiң активтер есебiне енгiзiлген шартты және ықтимал мiндеттемелер валюталардың айырбастау бағамдарының және қымбатты металдар бағамдарының өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелмен қаржы құралдарының есебiне енгiзiлген шартты және ықтимал мiндеттемелердi қоспағанда кредит тәуекелiнiң дәрежесi бойынша өлшенген шартты және ықтимал мiндеттемелерiнiң активтер есебiне енгiзiлмейдi.
Екiншi деңгейдегi банктер
үшiн пруденциалдық нормативтер
бойынша есеп айырысудың
нормативтiк мәнi мен әдiстемесi
туралы нұсқаулықтың 3-қосымшасы
Туынды қаржы құралдарына арналған кредит тәуекел
коэффициенттерiнiң (проценттермен) кестесi
Өтеуге дейiн қалған мерзiм | Сыйақы ставка- сымен байла- нысты опера- циялар | Валюта және алтын ба- ғамдарының өзгеруiне байланысты операциялар | Акция- лармен байла- нысты опера- циялар | Алтыннан басқа қымбат металдармен байланысты операциялар | Қымбат металдардан басқа құндылықтар мен байланысты операциялар |
Бір жыл және одан да кем | 0 | 1 | 6 | 7 | 10 |
Бір жылдан бес жылға дейiн | 0,5 | 5 | 8 | 7 | 12 |
Бес жылдан астам | 1,5 | 7,5 | 10 | 8 | 15 |
Осы кестеде көрсетiлген бірде бір санаттарына жатпайтын туынды қаржы құралдарымен байланысты операциялары "Қымбат металдардан басқа құндылықтармен байланысты операциялар" санатында көрсетiлген кредит тәуекел коэффициенттерi бойынша өлшенуге тиiс.
Екiншi деңгейдегi банктер
үшiн пруденциалдық нормативтер
бойынша есеп айырысудың
нормативтiк мәнi мен әдiстемесi
туралы нұсқаулықтың 4-қосымшасы
Халықаралық қор биржалары болып мойындалған
сауда-саттық ұйымдастырушылардың тiзiмi
1. Чикаго тауар биржасы (Chicago Merca№tile Excha№ge)
2. Чикаго мерзiмдi тауар биржасы (The Chicago Board of Trade)
3. Лондон халықаралық қаржылық фьючерстер биржасы (Lo№do№ I№ter№atio№al Fi№a№cial Futures a№d Optio№s Excha№ge)
4. Француз халықаралық қаржылық фьючерстер биржасы (Fre№ch I№ter№atio№al Fi№a№cial Futures Excha№ge MATIF)
5. Франкфурт қор биржасы (Fra№kfurt Stock Excha№ge)
6. Стокгольм қор биржасы (Stockholm Excha№ge)
7. Стамбул қор биржасы (Ista№bul Stock Excha№ge)
8. Шанхай қор биржасы (Sha№ghai Stock Excha№ge)
9. Шэньчжень қор биржасы (She№chzhe№ Stock Excha№ge)
10. Америка қор биржасы (America№ Stock Excha№ge)
11. Афина қор биржасы (Athe№s Excha№ge)
12. Австралия қор биржасы (Australia№ Stock Excha№ge)
13. Испания бірлескен қор биржасы (ВМЕ Spa№ish Excha№ges)
14. Италия қор биржасы (Borsa Italia№a SPA)
15. Люксембург қор биржасы (Bourse de Luxembourg)
16. Монреал қор биржасы (Bourse de Mo№treal)
17. Малазия қор биржасы (Bursa Malaysia)
18. Чикаго опциондар биржасы (Chicago Board Optio№s Excha№ge)
19. Копенгаген қор биржасы (Cope№hage№ Stock Excha№ge)
20. Немiс қор биржасы (Deutsche bourse AG)
21. Амстердамдағы "Еуронекст" Еуропа қор биржасы (Euro№ext Amsterdam)
22. Брюссельдегi "Еуронекст" Еуропа қор биржасы (Euro№ext Brussels)
23. Лиссабондағы "Еуронекст" Еуропа қор биржасы (Euro№ext Lisbo№)
24. Париждегi "Еуронекст" Еуропа қор биржасы (Euro№ext Paris)
25. Кұрамына Стокгольм, Хельсинка, Таллин және Рига биржалары кiретiн бірлескен қор биржасы (Hex I№tegrated Markets Ltd.)
26. Гонконг қор биржасы (Ho№g Ko№g Excha№ges a№d Cleari№g)
27. Ирландия қор биржасы (Irish Stock Excha№ge)
28. Джакарта қор биржасы (Jakarta Stock Excha№ge)
29. Йоханнесбург қор биржасы (Оңтүстiк Африка) (JSE Securities Excha№ge South Africa)
30. Оңтүстiк Корея қор биржасы (Korea Stock Excha№ge)
31. Лондон қор биржасы (Lo№do№ Stock Excha№ge)
32. Мальта қор биржасы (Malta Stock Excha№ge)
33. Үндiстан ұлттық қор биржасы (№atio№al Stock Excha№ge of I№dia Limited)
34. Нью-Йорк қор биржасы (№ew York Stock Excha№ge)
35. Жаңа Зеландия қор биржасы (№ew Zeala№d Excha№ge)
36. Осака қор биржасы (Osaka Securities Excha№ge)
37. Осло қор биржасы (Oslo bourse)
38. Фйлиппин қор биржасы (Philippi№e Stock Excha№ge)
39. Сингапур қор биржасы (Si№gapore Excha№ge)
40. Швейцария қор биржасы (SWX Swiss Excha№ge)
41. Токио қор биржасы (Tokyo Stock Excha№ge)
42. Австрия қор биржасы (Wie№er bourse AG)
Екiншi деңгейдегi банктер
үшiн пруденциалдық нормативтер
бойынша есеп айырысудың
нормативтiк мәнi мен әдiстемесi
туралы нұсқаулықтың 5-қосымшасы
Уақытша аралығы бойынша ашық позицияларды бөлу
Ай- мақ- тар | Уақытша ара- лықтар | Ашық пози- циялар | Өлшеу коэф- фици- енті | Ашық өлшенген позициялар | Жабық өлшен- ген пози- циялар | Өлшенген ашық по- зициялар жиынтығы |
| | ұзақ | қыс- қа | ұзақ | Қыс- қа | ұзақ | қыс- қа |
1 | 1 айдан кем | | | 0,00 | | | | | |
1-3 айлар | | | 0,002 | | | | | |
3-6 айлар | | | 0,004 | | | | | |
6-12 айлар | | | 0,007 | | | | | |
1 аймақ жиынтығы | | | |
2 | 1-2 жылдар | | | 0,0125 | | | | | |
2-3 жылдар | | | 0,0175 | | | | | |
3-4 жылдар | | | 0,0225 | | | | | |
2 аймақ жиынтығы | | | |
3 | 4-5 жыл | | | 0,0275 | | | | | |
5-7 жыл | | | 0,0325 | | | | | |
7-10 жыл | | | 0,0375 | | | | | |
10-15 жыл | | | 0,0450 | | | | | |
15-20 жыл | | | 0,0525 | | | | | |
20 жылдан астам | | | 0,06 | | | | | |
3 аймақ жиынтығы | | | |
Аймақтар бойынша жиынтығы | | |