1) аталған кезеңдегi сатып алу құны мен сату құны арасындағы айырма бойынша кiрiс алу үшiн сатып алынған жылдан кейiнгi 3 жыл iшiнде сату мақсатында сатып алынған;
2) рыноктық тәуекелi бар басқа қаржы құралы бойынша рыноктық тәуекелдердi хеджирлеу мақсатында сатып алынған.
18-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
18. Рыноктық тәуекелдi ескергендегi активтер, шартты және мүмкiн талап етулер және мiндеттемелер 8,3-ке тең көрсету коэффициентiн (қатысушысы банктiк холдинг болып табылатын банк үшiн 10-ға тең коэффициент пайдаланылады) тудырушы ретiнде мына сомада есептеседi:
сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралы бойынша тәуекелмен;
рыноктық құнның өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралы бойынша тәуекелмен;
валюталардың айырбас бағамдарының және қымбат металлдардың бағамдарының өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралы бойынша тәуекелмен.
19-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
19. Сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралы бойынша тәуекелмен есептесу айрықша проценттiк тәуекел мен жалпы проценттік тәуекел сомасын білдіреді.
20-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
20. Айырықша проценттік тәуекел осы Нұсқаулықтың 21-тармағына сәйкес айрықша проценттiк тәуекел коэффициентi бойынша сараланған сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар бірыңғай қаржы құралдары бойынша ашық позициялар сомасын ұсынады.
Сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар бірыңғай қаржы құралдары мынадай талаптарға сәйкес келетiн қаржы құралдары болып табылады:
бір эмитент шығарған;
тең кiрiстiлiк мөлшерi бар;
рыноктық құн сол бір ғана валютамен көрсетiлген;
өтелгенге дейiн теңдей мерзiмi бар.
Сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар бірыңғай қаржы құралдары бойынша ашық позиция (ұзын немесе қысқа) мыналардың арасындағы айырманы көрсетедi:
сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралдарының сомасымен, оның iшiнде сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралдарын сатуға арналған талап етулердi бiлдiредi;
сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралдарының сомасы сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты қаржы құралдарының сатуға арналған мiндеттемелердi бiлдiредi.
Опциондар есептi кезеңнiң соңғы жұмыс күнiнiң жай-күйi бойынша қалыптасқан опциондардың рыноктық құны мөлшеріндегі ашық позицияның (ұзын немесе қысқа) есебiне енгiзiледi.
Сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар бірыңғай қаржы құралдары бойынша ашық позиция (ұзын немесе қысқа) аталған қаржы құралдарының рыноктық құны белгiленген валюталар бөлiгi шеңберiнде есептеледi.
21-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
21. Сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар бірыңғай қаржы құралдары бойынша ашық позициялар айрықша проценттiк тәуекелдiң коэффициентi бойынша мынадай тәртiппен сараланады:
1) 0 проценттiк коэффициент бойынша - Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк) шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары түріндегі сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар бірыңғай қаржы құралдары, тәуелсiз рейтингi Standard & Poor's агенттiгiнiң "АА" рейтингiнен немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейiнен төмен емес шет мемлекеттердiң орталық банктерi және орталық Үкiметтерi шығарған мемлекеттік мәртебесi бар бағалы қағаздары;
2) 0,25 проценттiк коэффициент бойынша - Қазақстан Республикасының жергiлiктi билiк органдары 6 айдан кем емес өтеу мерзiмiмен шығарған сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралдары, тәуелсiз рейтингi Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ" рейтингінен немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейiнен төмен емес шет мемлекеттердiң орталық банктерi және орталық Yкiметтерi шығарған мемлекеттік мәртебесi бар бағалы қағаздары, халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар, Қазақстан Республикасының сауда-саттықты ұйымдастырушыларының ресми тiзiмiне енгiзiлген және халықаралық қор биржалары таныған, осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасында көрсетiлген сауда-саттықты ұйымдастырушыларының тiзiмiне енгiзiлген бағалы қағаздар;
3) 1 проценттiк коэффициентi бойынша - осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар, өтеу мерзiмi 6 айдан 24 айға дейiнгi қаржы құралдары;
4) 1,6 проценттiк коэффициентi бойынша - осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар өтеу мерзiмi 24 айдан асатын қаржы құралдары;
5) 8 проценттiк коэффициентi бойынша - осы тармақтың 2)-4) тармақшаларында көрсетiлгеннен басқа жағдайдағы сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралдары.
Туынды қаржы құралдары айрықша проценттiк тәуекел есебiне енгiзiлмейдi.
22-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
22. Жалпы проценттiк тәуекел мынадай соманы көрсетедi:
әр уақыт интервалындағы сараланған жабық позиция сомасының 10 процентi;
1-аймақтың сараланған жабық позициясы мөлшерiнiң 40 процентi;
2-аймақтың сараланған жабық позициясы мөлшерiнiң 30 процентi;
3-аймақтың сараланған жабық позициясы мөлшерiнiң 30 процентi;
1 және 2-аймақтың аралығындағы сараланған жабық позициясы мөлшерiнiң 40 процентi;
2 және 3-аймақтың аралығындағы сараланған жабық позициясы мөлшерiнiң 40 процентi;
1 және 3-аймақтың аралығындағы сараланған жабық позициясы мөлшерiнiң 100 процентi.
23-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
23. Сараланған позициялар мынадай тәртiппен есептеледi:
1) сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты қаржы құралдары бойынша ашық позиция мөлшерiн айқындау.
Сыйақы мөлшерлемесiнiң (бұдан әрi - сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты туынды қаржы құралдары) өзгеруiне байланысты ашық позицияның мөлшерiн айқындау кезiнде қаржы құралдары (фьючерстiк келісім-шарттар, форвардтық келісім-шарттар, проценттiк мөлшерлемедегi форвардтық келісім-шарт) тиiстi базистiк активтердiң рыноктық құнында көрсетiлетiн ұзын және қысқа позиция комбинациясы ретiнде қарастырылады.
Сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты туынды қаржы құралдарын өтеу мерзiмi туынды қаржы құралдарын орындау немесе жеткiзу мерзіміне дейінгі және олардың базистік активінің айналыс мерзімінің сомасы ретiнде есептеледi (туынды қаржы құралының базистiк активтi жеткiзу талабы жағдайында - ұзын позицияға енгiзiлетiн туынды қаржы құралын өтегенге дейiнгi мерзiм қосылады, ал туынды қаржы құралының базистiк активтi жеткiзу мiндеттемесi жағдайында - қысқа позицияға енгiзiлетiн туынды қаржы құралын өтегенге дейiнгi мерзiм қосылады).
Своп ашық позициясының мөлшерiн анықтау кезiнде келісім-шарттар базистiк активтерде белгiленген өтеу мерзiмiмен тиiстi базистiк активтерде көрсетiлген ұзын және қысқа позициялардың комбинациясы ретiнде қаралады.
Ашық позиция есебi кезiнде мынадай талаптарға сәйкес келетiн борыштық бағалы қағаздарды сатуға арналған мiндеттеменi немесе сатуға талап етудi ұсынатын сыйақы мөлшерлемесiн өзгертуге байланысты мерзiмдi туынды қаржы құралдарымен арадағы өзара қарсы позиция сынағы болуы мүмкін:
бір эмитент шығарған борыштық бағалы қағаздар;
борыштық бағалы қағаздардың белгiлi бір шетел валютасында немесе теңгеде тең рыноктық құнының болуы;
борыштық бағалы қағаздардың өтелгенге дейiнгi тең мерзiмi болуы.
2) уақыт интервалы бойынша ашық позицияларды бөлу осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады және:
белгiленген сыйақы мөлшерлемесiмен, өзгертiлген сыйақы мөлшерлемесiмен байланысы бар қаржы құралдары кезектi төлем жасау күнiне дейiн қалған мерзiмге байланысты уақыт интервалы бойынша бөлiнедi;
сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты, өзгермелi сыйақы мөлшерлемесiне байланысты қаржы құралдары сыйақы мөлшерлемесiн қайта қарау күнiне дейiн қалған мерзiмге қатысты уақыт интервалы бойынша бөлiнедi;
орындалу мерзiмi екi уақытша интервалдардың шекарасында тұрған қаржы құралдары мейлiнше жоғары уақытша интервалға бөлiнедi;
айырбасталмайтын артықшылықты акциялар уақытша интервалдарға дивидендтерге төлем жасау мерзiмiне қатысты бөлiнедi, ал дивидендтерге төлем жасау туралы ақпарат болмаған жағдайда уақытша интервал есеп беру жасалған күннен бастап заңды тұлға белгiлеген дивидендтердiң жылдық төлем жасау күнiне дейiн анықталатын болады;
3) әр уақытша интервалдың iшiнде барлық ұзын және қысқа ашық позициялар жинақталады;
4) әр уақытша интервал бойынша жиынтықты ұзын және жиынтықты қысқа позициялар уақытша интервалға сәйкес келетiн коэффициент бойынша сараланады;
5) ашық сараланған және жабық сараланған позициялар әр уақытша интервал бойынша анықталады.
Әр уақытша интервалдың сараланған ұзын және қысқа позициялары өзара есептесуге алынады.
Толық өзара есептесуге алынуы тиiс әр уақытша интервалдың сараланған ұзын және қысқа позицияларының сомасы уақытша интервалдың жабық сараланған позициясын бiлдiредi. Өзара есептесуге алынуы тиiс емес немесе өзара есептесуге алынбай қалған сараланған ұзын және қысқа позициялардың бөлiгi уақытша интервалдың сараланған ұзын және қысқа позицияларын жасай отырып жиынтықталады.
Уақытша интервалдар мына аймақтар бойынша топталады:
1-аймақта жылдан кем төрт уақытша интервал болады, оның iшiнде 1 айдан кем емес, 1 айдан 3 айға дейiн, 3 айдан 6 айға дейiн, 6 айдан 12 айға дейiн;
2-аймақта бір жыл мен 4 жылдан аса уақытты қосатын үш уақытша интервал болады, оның iшiнде 1 жылдан 2 жылға дейiн, 2 жылдан 3 жылға дейiн, 3 жылдан 4 жылға дейiн;
3-аймақта 4 жылдан асатын алты уақытша интервал болады, оның iшiнде 4 жылдан 5 жылға дейiн, 5 жылдан 7 жылға дейiн, 7 жылдан 10 жылға дейiн, 10 жылдан 15 жылға дейiн, 20 жылдан астам жылға дейiн;
Әрбір аймақтың уақытша интервалдар бойынша сараланған ұзын және қысқа позициялары өзара есептесуге жатқызылады. Толық өзара есептесуге жатқызылатын әрбір аймақтағы уақытша интервалдар бойынша сараланған ұзын және қысқа позициялардың бөлiгiнiң сомасы аймақтың жабық сараланған позициясын бiлдiредi.
Өзара есептесуге жатқызылмайтын немесе өзара есептелмей қалған әрбір аймақтағы әр түрлi уақытша интервалдардың сараланған ұзын және қысқа позицияларының бөлiгi әрбір аймақтың сараланған ұзын және қысқа позицияларын жасай отырып, жинақталады;
6) аймақтар арасындағы сараланған ашық және жабық позициялар анықталады.
1-аймақтың сараланған ашық ұзын (қысқа) позициясы 2-аймақтың сараланған ашық қысқа (ұзын) позициясымен есептелiнедi.
Толық өзара есептесуге жататын 1 және 2-аймақтардың сараланған ұзын және қысқа позициясы бөлiктерi мөлшерлерiнiң сомасы 1 және 2-аймақтардың арасындағы сараланған жабық позицияны бiлдiредi.
2-аймақтың сараланған ашық ұзын (қысқа) позициясы 3-аймақтың сараланған ашық қысқа (ұзын) позициясымен өзара есептелiнедi.
Толық өзара есептесуге жататын 2 және 3-аймақтардың сараланған ұзын және қысқа позициясы бөлiктерi мөлшерлерiнiң сомасы 2 және 3-аймақтардың арасындағы сараланған жабық позициясын бiлдiредi.
1-аймақтың сараланған ашық ұзын (қысқа) позициясы 3-аймақтың сараланған ашық қысқа (ұзын) позициясымен өзара есептелiнедi.
Толық өзара есептесуге жататын 1 және 3-аймақтардың сараланған ұзын және қысқа позициясы бөлiктерi мөлшерлерiнiң сомасы 1 және 3-аймақтардың арасындағы сараланған жабық позициясын бiлдiредi.
Аймақтар арасындағы өзара есептесуден кейiн қалған ашық сараланған позициялар қалған ашық сараланған позицияны жасай отырып, жиынтықталады.
Жалпы проценттiк тәуекел есебi осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасында берiлген.
24-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
24. Базалық активi акциялар немесе акциялардың индекстерi болып табылатын туынды қаржы құралдарының рыноктық құнының және акциялардың рыноктық құнының өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралының тәуекелiнiң есебi акциядағы айрықша тәуекелдiң және акцияға деген жалпы тәуекелдiң сомасын бiлдiредi.
Акциядағы айрықша тәуекелдiң және акцияға деген жалпы тәуекелдiң есебiне базистiк активтерi акциялар немесе акциялар индексi болып табылатын рыноктық туынды қаржы құралдарының рыноктық құнына және акциялардың рыноктық құнының өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар мынадай қаржы құралдары енгiзiледi:
акциялар (сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралының тәуекелi есебiне енгiзiлетiн айырбасталмайтын артықшылықты акциялардан басқа);
айырбасталатын бағалы қағаздар (айырбасталатын облигациялар және артықшылықты акциялар);
осы тармақтың үшiншi және төртiншi абзацтарында көрсетiлген базистiк активi бағалы қағаздар болып табылатын туынды қаржы құралдары немесе аталған бағалы қағаздардың индексi.
25-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
25. Айрықша тәуекел және жалпы тәуекел есебi Қазақстан Республикасының сауда-саттықты ұйымдастырушысының немесе халықаралық қор биржалары танып отырған сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiнде сатылатын акциялар индексiмен немесе акциялардың рыноктық құнының өзгеруiне байланысты қаржы құралының ашық (ұзын немесе қысқа) позициясымен есептесу кезiнде анықталады.
Акциялардың рыноктық құнының немесе акциялар индексiнiң өзгеруiне байланысты қаржы құралының ашық (ұзын немесе қысқа) позициясымен есептесу кезiнде базистiк активi белгiлi бір акциялар немесе акцияларға арналған белгiлi бір индекстер болып табылатын қаржы құралдары базистiк активтердiң рыноктық құнына қайта саналады, оның iшiнде:
базистiк активi акциялар болып табылатын фьючерстiк және форвардтық келісім-шарттар аталған фьючерстiк және форвардтық келісім-шарттардың рыноктық құны бойынша көрсетiледi;
базистiк активi акциялар индексi болып табылатын фьючерстiк келісім-шарттар индекс құрамына кiретiн акциялардың рыноктық құны бойынша қайта саналады;
базистiк активi акциялар индексi болып табылатын своптық келісім-шарттар индекс құрамына кiретiн акциялардың рыноктық құны сомасына қайта саналған позицияны бiлдiретiнiн ескере отырып, базистiк активтердiң аталған позициясына сәйкес рыноктық құн бойынша қайта саналған ұзын және қысқа позициялар комбинациясы ретiнде қаралады;
базистiк активi акциялар немесе акциялар индексi болып табылатын опциондық келісім-шарттар есептi кезеңнiң соңғы жұмыс күнi үшiн олардың рыноктық құны мөлшеріндегі акциялардың жалпы тәуекелi есебiмен енгiзiледi.
Белгiлi акциялар немесе белгiлi акциялар индексiнiң рыноктық құнының өзгеруiне байланысты қаржы құралдары бойынша ашық (ұзын немесе қысқа) позиция белгiлi акциялар немесе белгiлi акциялар индексiнiң рыноктық құнының өзгеруiне байланысты қаржы құралдары сомасының арасындағы айырманы, оның iшiнде белгiлi акцияларды сатуды немесе акциялардың белгiлi бір индексi бойынша төлемдердi жүзеге асыруды талап етiп отырған және белгiлi бір акцияларға немесе акциялардың белгiлi бір индекстерiне рыноктық бағаның өзгеруiне байланысты қаржы құралдарының сомасын, оның iшiнде белгiлi бір акцияларды сатуға немесе акциялардың белгiлi бір индексi бойынша төлемдердi жүзеге асыру жөнiнде өзiне мiндеттеме алуды бiлдiредi.
26-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
26. Акциялардың рыноктық құнының немесе акциялар индексiнiң өзгеруiне байланысты қаржы құралдарының рыноктық тәуекелi бар айрықша тәуекелi 0,12-ге тең (банктiк холдинг қатысушысы болып табылатын банк үшiн 0,10 коэффициентi пайдаланылады) айрықша тәуекел коэффициентi бойынша сараланған аталған қаржы құралдары бойынша ашық (ұзын және қысқа) позициялар сомасын бередi.
27-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
27. Жалпы тәуекел белгiлi бір акциялар немесе акциялардың белгiлi бір индексiнiң рыноктық құнының өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралдары бойынша ұзын позициясы мен қысқа позициясы арасындағы айырмасы 0,12-ге тең (банктiк холдинг қатысушысы болып табылатын банк үшiн 0,10 коэффициентi пайдаланылады) жалпы тәуекел коэффициентiн жасайтынын бiлдiредi.
28-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
28. Шетелдiк валюталардың айырбас бағамының (қымбат металдардың рыноктық құны) өзгеруiне байланысты активтердiң, шартты және мүмкiн талап етулер мен мiндеттемелер бойынша тәуекел есебi мына сомалардың бірi мейлiнше мәндi болатын 0,12-гe тең (банктiк холдинг қатысушысы болып табылатын банк үшiн 0,10 коэффициентi пайдаланылады) валюталық тәуекел коэффициентiн жасайтынын бiлдiредi:
әрбір шетелдiк валюта және қымбат металдар бойынша ашық қысқа позициялар;
әрбір шетелдiк валюта және қымбат металдар бойынша ашық ұзақ позициялар.
Әрбір шетелдiк валюта бойынша ашық валюталық позиция осы Нұсқаулықтың 47-тармағына сәйкес есептеледi.
29-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
29. Әрбір шетелдiк валюта (қымбат металл) бойынша ашық (ұзын немесе қысқа) позиция есебiне активтердiң, шартты және мүмкiн талап етулер мен шетел валютасы (қымбат металл) бойынша көрсетiлген немесе белгiленген мiндеттемелер енгiзiледi, оның iшiнде:
шетел валютасымен есептелген сыйақыны қосқандағы шетел валютасымен (қымбат металл) көрсетiлген (белгiленген) активтер мен мiндеттемелердiң рыноктық (әдiл) құны арасындағы айырма;
форвард немесе фьючерс және опцион операциялары бойынша алынған және төленген шетел валютасының (қымбат металл) мөлшерлерi арасындағы айырма;
шетел валютасымен көрсетiлiп (белгiленiп) алынған және берiлген кепiлдiктер арасындағы айырма.
Аталған айырмалардың оң мәндерi шетел валютасы (қымбат металл) бойынша ашық ұзын позицияларды, ашық терiс мәндер - шетел валютасы (қымбат металл) бойынша қысқа позицияларды көрсетедi.
Шетел валютасын немесе қымбат металдарды сатуға арналған форвард операциялары есептi кезеңнiң соңғы жұмыс күнiнде пайда болған базалық активтiң рыноктық бағасына форвард операцияларының базалық активiнiң көлемiн жасау үшiн есептелген айырбасталатын мөлшердегi ашық валюталық позиция есебiне енгiзiледi.
30-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
30. Активтер, шартты және мүмкiн талап етулер шетел валюталарының айырбас бағамының (қымбат металдардың рыноктық құны) өзгеруiне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 2103 тiркелген "Активтердi, шартты мiндеттемелердi жiктеу және оларды күмәндiлер және үмiтсiздер санатына жатқыза отырып, оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру Ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 16 қарашадағы № 465 қаулысына сәйкес (бұдан әрi - Активтердi, шартты мiндеттемелердi жiктеу ережесi) сол бойынша қалыптасқан провизияларды шегергендегi ашық валюта позициясының есебiне енгiзiледi.
Бірiншi және екiншi санатты күмәндi активтердi, шартты мiндеттемелердi жiктеу ережесіне сәйкес танылған активтер, шартты және мүмкiн талап етулерден басқа шетел валюталарының айырбас бағамының (қымбат металдардың рыноктық құны) өзгеруiне байланысты жiктелген активтер, шартты және мүмкiн талап етулер ашық валюталық позиция есебiне енгiзiлмейдi.
31-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
31. Операциялық тәуекел соңғы өткен үш жыл iшіндегі жылдық жалпы кiрiстiң орташа мөлшерiн құрайтын 0,12-гe тең (банктiк холдинг қатысушысы болып табылатын банк үшiн 0,10 коэффициентi пайдаланылады) операциялық тәуекел коэффициентiн 8,3-ке тең (банктiк холдинг қатысушысы болып табылатын банк үшiн 10 коэффициентi пайдаланылады) көрсету коэффициентi бойынша жасайтын болып есептеледi.
Соңғы өткен үш жыл iшіндегі жылдық жалпы кiрiстiң орташа мөлшерi әр жылғы банктiң таза кiрiс алған жылдар саны бойынша соңғы үш жылдағы жылдық жалпы кiрiс сомасына қатыстылығы бойынша есептеледi.
Жаңадан құрылған банктер үшiн операциялық тәуекел қаржы жылының аяқталуы бойынша есептеледi және жылдық жалпы кiрiстiң орташа мөлшерi өткен жылдар санын негiзге ала отырып есептеледi.
Жылдық жалпы кiрiс былайша анықталады:
салық салынғанға дейiнгi жылдық таза кiрiс сомасы, провизияларды (резервтердi) қалыптастыруға арналған қаржыны бөлудiң жылдық мөлшерi және жұмсалған төтенше шығыстар мөлшерi;
банктiң төтенше кiрiстерiн алып тастау.
3-тарау. Бір заемшының барынша жоғары тәуекел мөлшерi
32. "Бір заемшы" терминi бойынша банктiң үшiншi тұлғаның пайдасына немесе заемшы үшiн мiндеттеме алған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе жасалған шарттарында көзделген өзге де негiздемелер бойынша банктiң талап етуi бар немесе болуы мүмкiн әрбір жеке және заңды тұлға деп түсiну керек.
Екi немесе одан да көп заемшылардан тұратын топтың тәуекел мөлшерi егер заемшылардың әр қайсысының тәуекел мөлшерi банктiң меншiктi капиталының 0,05 процентiнен асатын болса, бір заемшы үшiн жиынтықты түрде, сондай-ақ мынадай мiндеттемелердiң бірi болған жағдайда есептеледi:
1) заемшылардың бірi iрi қатысушы (акционерлік қоғамдағы, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктегi немесе қосымша жауапкершiлiктi серiктестiктегi iрi қатысушы; коммандиттiк серiктестiктегi толық жолдас; толық серiктестiкке қатысушы), аффилиирленген тұлға, жақын туыс (ата-анасы, баласы, асыраушысы, асырап алған баласы, туған және туысқан бауыры немесе қарындасы (үлкен апасы) атасы, әжесi, немересi), ерi/зайыбы, ерi/зайыбының жақын туысы, басқа заемшының бірiншi басшысы, не басқа заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға;
2) iрi қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ерi/зайыбы, ерi/зайыбының жақын туысы немесе заемшының бірiнiң бірiншi басшысы не бір заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға - iрi қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ерi/зайыбы, ерi/зайыбының жақын туысы немесе басқа заемшының бірiншi басшысы не бір заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға болып табылады;
3) iрi қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ерi/зайыбы, ерi/зайыбының жақын туысы немесе заемшының бірiнiң бірiншi басшысы не бір заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға - iрi қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ерi/зайыбы, ерi/зайыбының жақын туысы немесе басқа заемшының бірiншi басшысы не бір заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға болып табылады не iрi қатысушының, аффилиирленген тұлғаның, жақын туыстың, ерi/зайыбының, ерi/зайыбының жақын туысының немесе басқа заемшының бірiншi басшысының не басқа заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлғаның мәмiле жасауға мүдделi тұлғасы болып табылады;
4) заемшылардың бірi банктен заемға алған ақшасын басқаға пайдалануға заемшының меншiктi капиталынан асатын мөлшермен бергендiгiн растайтын жеткiлiктi негіздеме бар болса;
5) заемшылар банктен банктiң заемшысы болып табылмайтын сол бір ғана үшiншi тұлғаға пайдалануға осы заемшылары жиынтығы меншiктi капиталынан асатын мөлшердегi заемды бірлесiп немесе жекелей бергендiгiн растайтын жеткiлiктi негiздеме бар болса;
6) заемшылар бір-бірiмен мынадай байланыста, яғни заемшылардың бірiнiң (Қазақстан Республикасының банктерiнен басқа) ортақ не басқа заемшының мiндеттемелерi бойынша оның активтерiнiң он процентiнен асатын сомада субсидиарлық жауапкершiлiгi бар болса;
7) бір заемшының лауазымды тұлғасы банктiң басқа заемшыларының қызметiне қаржылық жағынан мүдделi болса;
8) заемшылар бір-бірiмен өзара бірлескен қызмет туралы шарт не бірлескен қызмет туралы шарттың белгiлерi бар өзге құжат арқылы байланысса;
9) заемшылар:
оффшорлық аймақтың аумағында тiркелген заңды тұлға болып табылады немесе уәкiлеттi орган белгiлеген оффшорлық аймақтың тiзбесiне енгiзiлген мемлекеттердiң азаматтары болып табылады не
оффшорлық аймақтың аумағында тiркелген заңды тұлғалар болып табылады немесе Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйыммен ақпарат алмасу жөнiнде мiндеттеме қабылдамаған оффшорлық аймақтың тiзбесiне енгiзген мемлекеттердiң азаматтары болып табылады, немесе
осы тармақшаның екiншi және үшiншi абзацтарында көрсетiлген мемлекеттердiң азаматтары болып табылатын iрi қатысушылар, аффилиирленген тұлғалар, жақын туыстар, бірiншi басшылар немесе тiркелiп отырған заемшылардың мәмiле жасау жөніндегі деректерiне мүдделi тұлғалар бар;
10) заемшылар өзара бір-бірiмен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа негiздемелер бойынша байланысса;