«ұйымдастырылған», «болған» деген сөздер алып тасталсын;
5) 54-бап мынадай мазмұндағы 10 және 11-тармақтармен толықтырылсын:
«10. Осы баптың 1-9-тармақтарында белгіленген талаптар Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкер лауазымын иеленуге үміткер тұлғаларға қолданылмайды.
11. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген өтініш берушінің (лицензиаттың), уәкілетті органмен келісілуге тиіс басшы қызметкерлерінің тізбесі, сондай-ақ басшы қызметкер лауазымына кандидатураны келісудің шарттары мен тәртібі уәкілетті органның актілерінде белгіленеді.»;
6) 63-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың күші Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген брокерлерге және (немесе) дилерлерге қолданылмайды. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген брокер және (немесе) дилер мамандарына қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.»;
7) 89-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қаржы құралдарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңының сауда-саттық ұйымдастырушысының тізіміне енгізу және одан алып тастау шарттары мен тәртібі Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актісімен белгіленеді және уәкілетті органмен келісіледі.»;
3-тармақ «қор биржасы» деген сөздерден кейін «және (немесе) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы «Қор» деген сөз «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығындағы бағалы қағаздардың айналысын қоспағанда, қор» деген сөздермен ауыстырылсын.
14. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» 2004 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 3-4, 17-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат):
28-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекторлары, мемлекеттік еңбек инспекторларының осы бапта тізіп көрсетілген міндеттерінен басқа:
1) уәкілетті органды Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасын бұзу фактілері туралы хабардар етуге;
2) уәкілетті орган белгілеген нысанға сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасы талаптарының орындалу жай-күйі туралы ақпаратты жүргізуге және тоқсан сайын уәкілетті органға табыс етуге міндетті.».
2-бап. Осы Заң, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы маусымның 5-сі.
№ 146-III ҚРЗ