«Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы»
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны студенттерінің
әскери даярлығын белгілеу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 26 маусымдағы № 943 Қаулысы
(2006.24.05 берілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін "Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының студенттері қатарынан запастағы офицерлер даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында оқу орнының бюджеттен тыс кірістері есебінен әскери кафедра құру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп осы қаулыны іске асыру жөнінде заңнамада көзделген шараларды қабылдасын.
3. ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі