Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі № 1235 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 495 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 653 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі № 1235 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 33, 433-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесінде:
2-тармақта:
бірінші абзацта «Әділет министрлігінің Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитеті» деген сөздер «Әділет министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацта «Әділет министрлігінің Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төрағасы» деген сөздер «Әділет министрі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аттестация екі кезеңнен тұрады:
1) заңнаманы білуіне компьютерлік тест тапсыру;
2) үміткердің білімін емтихан билеттері бойынша тексеру.»;
4-тармақта:
5) тармақша алынып тасталсын;
үшінші абзацта «1), 5) тармақшаларда көрсетілген адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың ұсынған құжаттары» деген сөздер «1) тармақшада көрсетілген адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамның ұсынған құжаты» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Комиссия аттестациядан өткізу жөніндегі көшпелі отырыстар ұйымдастыруға құқылы.»;
14-тармақта «тестілеуді» деген сөз «аттестацияны» деген сөзбен ауыстырылсын;
18-тармақта:
бірінші және екінші абзацтардағы «65» деген сандар «70» деген сандармен ауыстырылсын;
бірінші абзац «және екінші кезеңге жіберіледі» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші және төртінші абзацтар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 19-1, 19-2, 19-3, 19-4-тармақтармен толықтырылсын:
«19-1. Уміткердің білімін емтихан билеттері бойынша тексерген кезде өзінің мазмұны бойынша әр түрлі билеттер, адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлер үшін жеке-жеке пайдаланылады.
Комиссия билеттерді құрастырады және бекітеді. Уміткерлердің білімін бағалауға арналған сұрақтар тиісті кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін білуді қажет ететін құқық салалары мен пәндерінің тақырыбына сәйкес келуге тиіс. Билеттерде үш сұрақтан болуға тиіс.
Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлер үшін емтихан билеттері бойынша білімін тексеру бөлек жүргізіледі.
19-2. Аттестациялау билеттері Әділет министрлігінің мөрімен бекітілетін конверттерге салынады.
Аттестациялау билеттері салынған конверттерді Әділет аттестациялау комиссиясының төрағасы аттестацияда аттестацияланушылардың және Әділет аттестациялау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен ашуға тиіс.
19-3. Емтихан билеттерінің сұрақтарына жауап беру үшін аттестацияланушының дайындалуына 10 минуттан аспайтын уақыт беріледі.
Аттестацияланушы ауызша айтқан баяндаған және түсініктеме берген сұрақтарға аттестацияланушының берген жауаптарының дұрыстығын Комиссия мүшелері бес баллдық жүйе бойынша бағалайды. Комиссияның әрбір мүшесі аттестацияланушының (басқалардан тәуелсіз) жауаптарын бағалайды.
Екінші кезеңнің қорытындылары бойынша төрағалық етуші Комиссия мүшелері ұсынған нәтижелерді есептейді, содан кейін жинақталады және Комиссияның барлық қатысушы мүшелерінің санына бөлінеді.
Комиссия мүшелерінің бағалары, сондай-ақ аттестацияланушының билет сұрақтары бойынша жинаған орташа баллдары Комиссияның хаттамасында көрсетіледі.
19-4. Егер жалпы орташа баллы кемінде төрт баллды құраған үміткер аттестациядан өтті деп саналады.
Сұрақтар бойынша төрт баллдан аз жинаған үміткер аттестациядан өтпеді деп саналады.»;
20-тармақта:
«Тестілеу» деген сөзден кейін «және/немесе емтихан сұрақтарына жауабының» деген сөздермен толықтырылсын;
«Комиссия» деген сөзден кейін «осы Ережеге» деген сөздермен толықтырылсын;
21-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Комиссияның отырысында міндетті түрде хаттама жүргізіледі, онда отырыстың күні, уақыты мен өткізілетін жері, аттестацияланушының тегі, аты, әкесінің аты, тестілеу нәтижесі, емтихан билетінің нөмірі мен мазмұны, аттестацияланушының жауаптары, билет сұрақтары бойынша Комиссия мүшелерінің қойған бағалары және орташа баллдары, сондай-ақ Комиссияның шешімі көрсетіледі.
Комиссияның хаттамасына аттестацияға қатысқан барлық мүшелері қол қояды.»;
22-тармақта «тестілеуден өтпеген» деген сөздер «Комиссияда аттестациядан өтпеген» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 1, 2-қосымшалар осы қаулыға 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 2 маусымдағы
№ 495 қаулысына
1-қосымша
Адвокаттық не нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына үміткер адамдардың
аттестациядан өту ережесіне
1-қосымша
Әділет аттестаттау комиссиясының адвокаттық (нотариаттық)
қызметпен айналысу құқығына үміткерді аттестаттау туралы
шешімi
200 жылғы «____» ________ __________ қаласы
Адвокаттық (нотариаттық) қызметпен айналысу құқығына
аттестаттау нәтижелері бойынша әділет аттестаттау комиссиясының
құрамында:
Төраға
Хатшы
Мүшелерi
шешім шығарды
____________________________ аттестатталсын.
(Т. А. Ә.)
Комиссия төрағасы
Комиссия хатшысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 2 маусымдағы
№ 495 қаулысына
2-қосымша
Адвокаттық не нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына үміткер
адамдардың аттестациядан өту
ережесіне
2-қосымша
Әділет аттестаттау комиссиясының адвокаттық (нотариаттық)
қызметпен айналысу құқығына үміткердің аттестациядан өтпегенi
туралы шешімi
200 жылғы «____» ________ _________ қаласы
Адвокаттық (нотариаттық) қызметпен айналысу құқығына
аттестаттау нәтижелері бойынша әділет аттестаттау комиссиясының
құрамында:
Төраға
Хатшы
Мүшелерi
шешім шығарды
1. ________________ аттестациядан өтпеді деп саналсын.
(Т. А. Ә.)
2. _____________________ әділет аттестаттау комиссиясына
(Т. А. Ә.)
адвокаттық (нотариаттық) қызметпен айналысу құқығына
аттестаттаудан өту үшін қайта жүгінуге құқылы.
Комиссия төрағасы
Комиссия хатшысы