Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге экономикасы күйзеліске ұшыраған
соның ішінде шағын қалаларды дамытуға берілетін
нысаналы даму трансферттері"
деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 527000 мың теңге (бес жүз жиырма жеті миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "2004-2006 жылдарға арналған Шағын қалаларды дамыту бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1389 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: шағын қалаларды, соның ішінде экономикасы күйзеліске ұшыраған қалаларды әлеуметтік-экономикалық дамытуды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: 11 шағын қаланың, соның ішінде экономикасы күйзеліске ұшыраған қалалардың инженерлік инфрақұрылымының тиісті жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, сонымен бірге Қызылорда облысы Арал қаласындағы шыны-пластикалық қайықтарды өндіру технологиясын дамытуға жергілікті бюджеттерге қаржылық қолдау жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- ламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 015 | | Облыстық бюджет- терге экономи- касы күйзеліске ұшыраған соның ішінде шағын қалаларды дамытуға берілетін нысаналы даму трансферт- терi | 1. Ақмола облысы Жарқайың ауданы Державинск қаласының су аққысы мен сумен жабдықтау желісін қайта жаңарту 2. Ақмола облысы Еңбекші ауданы Степняк қаласының су құбыры желілерін қайта жаңарту 3. Ақтөбе облысы Алға қаласының көп қабатты тұрғын үйлерін жылумен қамтамасыз ету үшін автономдық қазандық салу 4. Ақтөбе облысы Шалқар қаласының бюджеттік ұйымдары мен көп қабатты тұрғын үйлерін жылумен қамтамасыз ету үшін автономды жылу жүйесінің қазандықтарын орнату 5. Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының су құбыры желілерін қайта жаңарту және сумен жабдықтау ғимараттары мен құрылыстарын қайта жаңарту 6. Қарағанды облысы Абай қаласының су құбыры желілерін қайта жаңарту және оңтайландыру 7. Қарағанды облысы Қарқаралы қаласының жылумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту 8. Қостанай облысы Арқалық қаласын оңтайландыруды есепке алғанда, су құбырының тарату желілерін қайта жаңарту 9. Оңтайландыруды ескере отырып, Қостанай облысы Жітіқара қаласының жылу желілерін қайта жаңарту 10. Қостанай облысы Жітіқара қаласының магистральдық жылу желілерін қайта жаңарту 11. Қызылорда облысы Арал қаласының ауыз суды сақтау үшін арналған бас резервуарын қайта жаңарту, ішкі кварталдық су құбырлар желісін қайта жаңарту және кеңейту, кәріздің, жылумен жабдықтаудың сыртқы желілерін қайта жаңарту және кеңейту 12. Қызылорда облысының Арал қаласында шыны пластикпен жасалған қайықтарды шығару технологиясын бітіру 13. Кетік-Форт-Шевченко - 5,7 км магистральды су құбырын қайта жаңарту | 2006 жылғы қыр- күйек 2006 жылғы қазан 2006 жылғы тамыз 2006 жылғы тамыз 2006 жылғы қазан 2006 жылғы қа- раша 2006 жылғы қа- раша 2006 жылғы шілде 2006 жылғы тамыз 2006 жылғы қа- раша 2006 жылғы тамыз 2006 жылғы мау- сым 2006 жылғы тамыз | Қазақ- стан Респуб- ликасы Эконо- мика және бюд- жеттік жоспар- лау минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- Ақмола облысы Державинск қаласында жаңа су жинағышты, 3 насостық құрал жабдықтарды және трансформаторларды салу және ұзындығы 1500 метр негізгі су аққысын қайта жаңарту;
- Ақмола облысы Степняк қаласында 4 дана мөлшерінде жер асты типтес насостық станциялармен су жинағыш скважиналарын бұрғылау, ұзындығы 13,9 км. су құбыры желісін жаңғырту;
- Ақтөбе облысы Алға қаласындағы 5 тұрғын үйді орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етуден автономдық газ қазандықтарына алмастыру;
- Ақтөбе облысы Шалқар қаласының көп қабатты тұрғын үйлеріндегі және бюджеттік мекемелеріндегі ескірген "Универсал" жылу қазандықтарын "Протерм" қазандықтарына алмастыру;
- Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласындағы шеңберлік су құбыры желісінің 7 учаскесін қайта жаңарту, тозған су құбыры желілерін және насос станциялардағы насостық құрал жабдықтарды толығымен жаңарту, су құбыры желілерін су аққысының электр насос агрегаттарына алмастыру;
- Қарағанды облысы Абай қаласында ұзындығы 5 км су құбыры желілерін жаңарту;
- Қарағанды облысы Қарқаралы қаласындағы № 2 жылу қазандығын және жылу трассасын қайта жаңарту;
- Қостанай облысы Арқалық қаласында оңтайландыруды есепке алғанда ұзындығы 5363 метр су құбыры желісін ауыстыру;
- Қостанай облысы Жітіқара қаласындағы оңтайландыруды есепке алғанда тозған құбырларды толығымен ауыстыру және демонтаж жасау, ұзындығы 1140 метр магистралды және тармақталған жылу желілерін қайта жаңарту;
- Қызылорда облысы Арал қаласының 25 көшесінде қосымша 6500 қума метр су құбыры желісін төсеу, 2 бас резервуарын тазарту, 5 км су аққысын жаңғырту, 3 су аққысы насос станцияларын салу;
- Маңғыстау облысы Форт-Шевченко қаласында ұзындығы 5,7 км тозған су құбыры жүйелерін және ескірген насостарды жаңғырту, су құбыры құбырларын жөндеу;
- Қызылорда облысы Арал қаласында шыны-пластиктен жасалған қайықтарды шығару.
Түпкі нәтиже:
Күзгі-қысқы кезеңде су құбырының, су аққысының және жылу желілерінің авариялығы төмендейді. Жылу, жылы және салқын судың тұрақты және үзіліссіз берілуін қамтамасыз ету. Шағын қалалардың жылу мен суаққысы жүйелерін тиімді пайдалану, энергия ресурстарын тиімді пайдалану. Халықтың жұқпалы аурулармен ауруы төмендейді. Халықтың сапасыз коммуналдық қызметтер көрсету жөніндегі шағымдарының көлемі қысқарады. Балық аулау саласында әрекет ететін балықшылардың құрал жабдықтарын жаңарту, балық шаруашылығындағы балық аулау мөлшерін көбейту мүмкіндігі пайда болады.
Сапа: Шағын қалалардың тұрғындары сапалы ауыз сумен, ыстық және салқын судың үзіліссіз берілуімен, тұрақты жылумен қамтамасыз етіледі. Халықтың тұрмыс жағдайлары, санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық және демографиялық ахуал жақсарады. Арал, Зайсан, Балқаш және балық шаруашылығымен айналысатын басқа да көл маңындағы аудандардың отандық шыны-пластиктен жасалған қайықтарды пайдалану мүмкіндігі пайда болады. Жалпы алғанда, шағын қалалардың дамыған тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымы халықтың іскерлік қабілетіне әсер етеді, шағын және орта бизнесті дамыту мүмкіндігі пайда болады. Жаңадан ұйымдасқан және бұрыннан жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің дамуы халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылауын, жаңа жұмыс орындарының пайда болуын, жұмыссыздық деңгейін төмендеуін көздейді.
Уақтылығы: Жұмыс кестесіне сәйкес іс-шараларды уақытылы аяқтау.
*Ескерту: Облыстық бюджеттерге көрсетілген қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде жүзеге асырылады. Іске асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесі, республикалық бюджеттен алынатын трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
206-қосымша
220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Экономика саласындағы басшы қызметкерлердің біліктілігін арттыру"
деген 042 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 123772 мың теңге (бір жүз жиырма үш миллион жеті жүз жетпіс екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экономиканың түрлі салалары үшін кадрлар даярлау мен олардың біліктілігін арттырудың қазіргі заманғы тиімді жүйесін құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: экономиканың әртүрлі салаларында басқарушы кадрлар даярлау саласындағы отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу; елдің рыноктық экономикасының маңызды негізін құруға мүмкіндігі бар жас басшылардың жаңа буынын тарту; басқарудың қазіргі әдістерін енгізу есебінен елдің экономика саласындағы ұйымдары құрылымын жетілдіру; Германия Федеративтік Республикасының кәсіпорындарына тағылымдамаға жіберу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- ламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 042 | | Экономика саласын- дағы басшы қызмет- керлердің білік- тілігін арттыру | І. Экономика және өндірісті басқару саласындағы басшы қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтердi сатып алу. ІІ. Германия Федеративтік Республикасының кәсіпорындарына тағылымдамаға жіберу. | жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Эконо- мика және бюд- жеттік жоспар- лау минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі:
Экономика және өндірісті басқару саласындағы 600 басшы қызметкердің біліктілігін арттыру.
Yздік басшы қызметкерлер Германия Федеративтік Республикасының кәсіпорындарына тағылымдамаға жіберіледі.
Түпкі нәтижесі:
Қазіргі экономикалық жағдайларға сәйкес экономика саласындағы басшы қызметкерлердің кәсіптік деңгейін арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір басшы қызметкердің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 206,286 мың теңге.
Уақтылығы: жасалатын шарттарға сәйкес жыл бойы.
Сапасы: қазақстандық кәсіпорындардың әлемдік рыноктағы бәсекеге қабілеттілігін дамыту; ел экономикасының нақты секторы ұйымдарында жоғары басқарушы лауазымдарда жұмыс істеу үшін кадрлық резерв құру; Германия Федеративтік Республикасының компанияларымен әріптестік қатынастар орнату.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
207-қосымша
220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
""Электрондық үкімет" құру"
деген 112 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 20000 мың теңге (жиырма миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ел басшылығына өзекті, сенімді әрі кешенді ақпарат ұсыну және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жан-жақты зерттеудің бағалау мен болжамдаудың сапасын арттыру, сондай-ақ тиімді және негізделген басқарушылық шешімдер қабылдауды жылдамдату.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттік басқарудың ахуалдық жүйесін құру мен дамыту және мемлекеттік органдардың басқа да ақпараттық жүйелермен интеграциялануы.
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- ламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 112 | | "Электрон- дық Үкімет" құру | | | |
2 | | 100 | Мемле- кеттік басқарудың жағдайлық жүйесін құру | Мемлекеттік басқарудың ахуалдық жүйесін дамыту және оны мемлекеттік органдардың басқа ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жөніндегі қызметтерді сатып алу. Ілеспе қызметтердi сатып алу. | жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Эконо- мика және бюд- жеттік жоспар- лау минис- трлігі, Қазақ- стан Респуб- ликасы Ақпарат- тандыру және байланыс агент- тігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі:
басқарушылық шешімдерді қабылдауды қолдауға арналған жүйелерді пайдалану.
Түпкі нәтижесі:
елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштерін талдау және болжамдау әдістерін жетілдіру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
басқарушылық шешімдердің қабылдану мерзімін қысқарту және сапасын арттыру.
Уақтылығы:
Жасалатын шарттарда белгіленген мерзімдерге сәйкес.
Сапасы:
сапалы басқарушылық шешімдерді 100% қабылдау.