«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 927 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 448 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі № 927 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 35, 482-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламада:
«8. Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген бөлімде:
«4. Ғылыми-техникалық әлеуетті әртараптандыру» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 4.7-жолдың 3-бағанындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ақпарат» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |