«Көне Отырарды қалпына келтiру 2005-2009 жылдарға арналған
бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004
жылғы 30 қыркүйектегі № 1009 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 17 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Көне Отырар қалашығы археологиясы мен сәулетiнiң ескерткiштерiн сақтау және тиiмдi пайдалану және оларды зерделеу әрi көпшiлiкке танымал етудiң пәрмендi жүйесiн құруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берілiп отырған "Көне Отырарды қалпына келтiру" 2005-2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгі Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi жарты жылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша 10 шілдеге және 10 қаңтарға Бағдарламаның орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігіне ақпарат ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі жыл сайын Бағдарламаның орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты 20 шiлдеде және 20 қаңтарда Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
5. Осы қаулының орындалу барысын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.С.Әйтiмоваға жүктелсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 1009 қаулысымен
бекітілген
"Көне Отырарды қалпына келтiру"
2005-2009 жылдарға арналған
бағдарламасы
Бағдарламаның паспорты
Кiрiспе
1. Проблеманың қазiргi жай-күйін талдау
2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi
3. Бағдарламаны iске асырудың негiзгі
бағыттары мен тетiгi
4. Қажеттi ресурстар мен бағдарламаны
қаржыландыру көздерi
5. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетін нәтижелер
6. "Көне Отырарды қалпына келтiру" 2005-2009 жылдарға
арналған бағдарламасының iс-шаралар жоспары
Бағдарламаның паспорты
Атауы
"Көне Отырарды қалпына келтiру" 2005-2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Әзiрлеу үшін негiз
2004 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Премьер-Министріндегі "Көне Отырар қалашығындағы қалпына келтiру жұмыстарының барысы туралы" кеңестің № 11-7/007-102 хаттамасы
Негізгi әзiрлеушілер
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкiмдігі
Мақсаты
Көне Отырар қалашығы мен Отырар шұраты қалашықтарын қалпына келтiру үшiн тарих пен мәдениет ескерткіштерiн сақтау әрi тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету
Мiндеттерi
Бағдарламаның міндеттерi мыналар:
Отырар мен Отырар шұраты қалашықтарының ескерткіштерiн ғылыми зерттеу;
тарих пен мәдениет ескерткiштерiнің археологиялық қазбалары, қазылған объектілердi консервациялау;
қалашық сәулет ескерткiштерiн қайта жаңғырту;
Отырар археологиялық мұражай-қорығының аумағын көркейту әрi көгалдандыру;
Отырар шұраты аймағында автожолдар салу;
Мұражай ғимаратын қайта жаңарту және оның жаңа экспозициясын безендiру;
Отырар мұражай-қорығында кiтапхана салу;
ғылыми еңбектер мен ғылыми-көпшілік әдебиет басып шығару;
Отырар қалашығы мен Отырар шұраты ауданында туризм инфрақұрылымын дамыту, мейманханалар, маусымдық киiз үйлер мен басқа да әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы құрылыстар салу.
Iске асыру мерзімдерi
2005-2009 жылдар
бірiншi кезең - 2005-2007 жылдар
екiншi кезең - 2008-2009 жылдар
Қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Қаржыландырудың жалпы көлемi - 373,124 млн. теңге, оның iшiнде республикалық бюджеттен:
2005 жылы - 53,824 млн. теңге;
2006 жылы - 10,0 млн. теңге;
2007 жылы - 13,5 млн. теңге;
жергілікті бюджеттен:
2005 жылы - 0,6 млн.теңге;
2006 жылы - 184,6 млн.теңге;
2007 жылы - 110,6 млн.теңге.
Бағдарламаны қаржыландырудың 2006-2007 жылдарға арналған көлемi республикалық және жергілікті бюджеттердiң тиiстi қаржы жылына арналған болжамды көрсеткіштерi шеңберiнде нақтыланатын болады.
Қаржыландыру көлемiн нақтылау және 2006-2007 жылдарға арналған қажеттi қаражатты бөлу мақсатында 2005 жылы объектiлердi қайта жаңарту мен салу жөніндегі іс-шараларға техникалық-экономикалық негіздемелер (ТЭН) әзiрленедi.
2006 жылы техникалық-экономикалық негiздемелер (TЭH) әзiрленгеннен кейiн "Көне Отырардың тарихи-мәдени, сәулет және археологиялық ескерткiштерiн қалпына келтiру" бағдарламасы іс-шаралар жоспарының II бөлiмiнде көзделген объектілер салудың бірiншi кезеңi басталады.
Күтілетiн нәтижелер
Бағдарламаны iске асыру көне Отырар қалашығы мен Отырар шұратының ескерткіштерiн қалпына келтiруге, орта ғасырдағы қаланың материалдық әрі рухани мәдениетi туралы жаңа ғылыми деректер алуға, туризм инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседi.
Бағдарламаны іcкe асыру аяқталғаннан кейiн мынадай нәтижелер күтіледi:
Отырар, Құйрықтөбе, Алтынтөбе, Мардан-Құйық, Көк-Мардан, Бесік қалашықтарында, Талтақай моласында ауқымды археологиялық зерттеулер (қазбалар) жүргiзу және ескi және жаңа қазбалар объектілерiн консервациялау;
Мұражай-қорық аумағын көркейту әрi көгалдандыру, жүргінші жолдары мен коммуникациялар салу;
туризм инфрақұрылымы объектілерін: киіз үйлер, ғұрыптық асүйлер салу;
зиярат ету орталығын салу;
этнографиялық сауық-танымдық орталық пен Әл Фараби мұражайын салу;
Отырар шұраты аймағында автожол салу;
Оңтүстік Қазақстанның көне әрi орта ғасырлық тарихы туралы; Ұлы Жiбек жолындағы қалалардың даму серпіні, Еуразия мәдениетi мен өркениетi диалогы туралы; Қазақстан қалаларының полеоэкономикасы туралы; этногенез туралы жаңа ғылыми ақпарат алу;
Отырар мұражай-қорығының ескерткіштерiн басқару және сақтау жөнiнде менеджмент-жоспар әзiрлеу;
жаңа құжаттама алу: қалашықтың және бүкіл шұратының картасы, ескерткiштер мен оларды қорғау аймақтарының шекараларын айқындау; шұраттың қорғалатын аймағын айқындау;
оларды Ұлы Жiбек жолындағы маңызды туризм орталығына айналдыру мақсатында Отырар мен шұратты мұражайға айналдыру үшiн ұсынымдар дайындау;
9 ғылыми монография, альбом кiтаптар, буклеттер басып шығару.
Кiрiспе
"Көне Отырарды қалпына келтiру" бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) 2004 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнде өткен "Көне Отырар қалашығындағы қалпына келтiру жұмыстарының барысы туралы" кеңестiң № 11-7/007-102 хаттамасының шешiмiне сәйкес әзiрлендi.
Осы Бағдарламаны әзірлеу Отырар қалашығының тарихи және мәдени ескерткіштерін зерделеуге, археологиялық зерттеуге, консервациялауға және жаңғыртуға байланысты проблемаларды шешумен қалыптасқан жағдайға белсендi түрде сындарлы ықпал жасау қажеттiлiгiнен туындады.
1. Проблеманың қазiргi жай-күйін талдау
Отырар қалашығының тарихи және мәдени ескерткiштерiн зерделеуге, археологиялық зерттеуге, консервациялауға және жаңғыртуға байланысты проблеманың қазiргі жай-күйі оны сақтау әрi қалпына келтiру жөніндегі шама жетерлік шаралар кешенiн қамтамасыз етумен сипатталады.
Көне Отырар қалашығы Қазақстан Республикасының Оңтүстік Қазақстан облысы қазiргi Отырар ауданының аумағындағы Отырар шұратының құрамына енедi.
Қалашықтың сақталуы қанағаттандырарлық күйде. Оңтүстік бөлігін қоспағанда, оның аумағында егiстiк жоқ.
Отырар - оқшаулау даусыз деп саналатын Қазақстанның орта ғасырлардағы аз ғана қалаларының бірi.
Отырар алғаш рет Орта Азия облыстарын арабтардың жаулап алуына байланысты IX ғасырда аталып өтедi. 1218 жылы мұнда Шығыс тарихында "Отырар ойраны" деген атпен белгiлi оқиға орын алды.
1947 жылы Оңтүстiк Қазақстан археологиялық экспедициясы (ОҚАЭ) ұйымдастырылған кезде Отырар шұратын қарқынды археологиялық зерттеулер басталды. Экспедиция шұраттың Пышақшы төбе, Алтынтөбе, Құйрықтөбе және Көк Мардан қалашықтарында зерттеулер жүргізіп, археологиялық қазбалар қазды.
Отырар мен шұрат ескерткіштерi туралы 50-жылдардың аяғына қарай жинақталған бүкiл археологиялық ақпарат "Қазақстанның археологиялық картасында" жарияланды.
1969-1970 жылдары ҚазКСР Ғылым академиясы Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының Отырар археологиялық экспедициясы көне Отырарды ауқымды түрде қазуды қайтадан бастады.
1971 жылдан бастап Отырар қалашығында 1993-1996 жылдары ғана үзiлген Оңтүстік Қазақстан кешендi экспедициясының зерттеулері басталды, ол күні бүгiнге дейiн жұмыс iстеуде.
Осы жылдары Отырарда XVI-XVIII ғасырлар деңгейi бойынша алаңы 7 га қалашық аумағы ашылды, сондай-ақ қаланың жекелеген аудандарында тимуридтер, қараханидтер дәуiрінiң объектілерi зерттелдi.
Қалашықты зерттеудің неғұрлым қызықты объектiлерi арасында мыналар: XI-XV ғасырлардағы моншалар, XIII-XV ғасырлардағы қыш құюшылар орамы, XIII-XV ғасырлардағы кiрпiш күйдiру шеберханасы, XIV ғасырдың аяғы-XVIII ғасырдың басындағы күмбездi мешіттер, қараханидтер, тимуридтер дәуiрінің және қазақ хандығының бекiнiстерi.
Құйрықтөбе қалашығында ҮII-ІХ ғасырларға жататын сарай кешенi, VII-VIII ғасырлардағы бай атақоныс, IX-XI және XI-XII ғасырлардағы тұрғын үй орамдары, XIII-XIY ғасырлардағы темір жасау шеберханалары қазып ашылды.
Мардан Құйықта VII-VIII ғасырлардағы үй құрылысы, IV-VI ғасырлардағы храм, IV-VI ғасырлардағы қорым зерттелдi.
Көк Мардан қалашығында IV-VI ғасырлардағы қорғандағы храм кешенi, IV-VIII ғасырлар деңгейiндегі құрылыстар, IV-VI ғасырлардағы некрополь қазып аршылды.
Жоғарыда аталған қалашықтар маңында сақталған Отырар шұратының ирригациясы зерттелдi. Қазу кезiнде қыш пен металл бұйымдарының, монеталардың мол коллекциялары жиналды, оларды зерттеуге монографиялар, альбомдар, мақалалар арналды.
Компьютерлік технологиялар пайдаланылған жаңа деңгейде шұрат ескерткiштерiн құжаттау жүргізiлуде, топырақтанушылармен, геоморфологтармен, палеогеографтармен ынтымақтастықта аэро және ғарыш түсiрілімдерi пайдаланылып, оның ирригациясы зерттелуде.
Қолда бар барлық материалдарды жариялау мен өңдеу, деректер банкiн жасау зерттеулердің маңызды бағыты болып табылады.
1979 жылы Қазақ КСР Министрлер Советiнің өкіміне сәйкес Отырар мемлекеттік археологиялық мұражай-қорығы құрылды, ол ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту мекеме - Отырар шұраты археология ескерткiштерінің негiзгi қоймасы болып табылады. Мұражай қорында 20 мыңнан астам экспонат сақталуда. Отырар ауданы археологиялық ескерткiштерінің көпшiлiгiн күзету жолға қойылған.
2001 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелерi бойынша ұйымы (ЮНЕСКО) арасында көне Отырар қалашығын сақтау әрi консервациялау жобасы бойынша келісімге қол қойылды.
Төрт жылға (2001-2004 жылдар) есептелген жоғарыда көрсетiлген жоба ескерткіштi сақтау әрi консервациялаудың бірегей әдiстерiн әзiрлеуге бағытталған.
Жоба шеңберiнде Отырартөбе қалашығында қазылған бірқатар объектілердi консервациялаудың, сондай-ақ Құйрықтөбе қалашығындағы шұғыл консервациялық жұмыстардың ұзақ мерзiмдi бағдарламасы орындалды.
2002 жылғы сәуiрде Отырар мұражай-қорығында Эксприментальдық корпус салынды, онда әртүрлi ғылыми эксперименттер жүргiзу үшiн компьютерлер, қазiргi заманғы жабдықтар мен зертхана орнатылды.
Жобаны iске асыру барысында консервациялаудың жаңа әдiстерi, сондай-ақ археологиялық жұмыстарды кейiн консервациялаумен қоса атқаруды ұйғаратын инновациялық тәсіл әзiрлендi әрi сынақтан өткiзiлдi. Отырар қалашығына арналып әзiрленген консервациялау әдiстерi өңiрдегі басқа ұқсас ескерткіштерге де қолданылуы мүмкiн. Жоба ғылыми түрде тексерілген консервациялаудың үлгiсi, сондай-ақ болашақ жұмыстар үшін эталон бола алады.
ЮНЕСКО-Қазақстан-Жапония жобасы аяқталғаннан кейiн қайта жаңғырту және консервациялау жөніндегі жұмыстар, әлбетте жалғастыруды талап етедi. Сонымен бірге, көне Отырар қалашығын сақтау әрi қалпына келтiру саласында қалыптасқан жағдай осы бағыттағы қызметтi одан әрi дамыту мен жандандыру жөніндегі кiдiрiссiз шаралар кешенiн талап етеді.
Көне қалашықты зерделеудiң аса маңызды проблемаларының бірi шұрат қалашығының қазылған объектілерiн, бәрiнен бұрын, лай кiрпiштен салынған құрылыстарды сақтаумен байланысты мәселе болып табылады.
Отырар шұратының лай кiрпiштi ескерткiштерiн сақтау бірқатар техникалық проблемаларды шешуге бағытталған. Өңiрдегi күрт континентальдық климат күрделі факторлардың бірi болып табылады: температура жаздағы +40-тан қыста -20-ға дейiн төмендейдi. Климат, сондай-ақ жауынның мол болуымен сипатталады. Мұның өзі шұрат аумағындағы ескерткіштердің тез бұзылуы қаупiн туғызады, қазiргі уақытта тап солай болуда. Осы факторлардың салдарынан басқа өңiрлерде сынақтан өткiзiлген консервациялаудың стандартты әдiстерi Отырар қалашығына қолданылмайды. Басқа проблема Отырар шұраты көлемiнiң және ескерткіштерді қазу ауқымының зор болуымен байланысты.
Объектiлердi консервациялау белгiлi бір қиындықтар туғызуда. 40 жылдан астам уақыт бұрын қазылған лай кiрпішті ескерткіштер iшiнара бұзылуда, ал таяуда ашылған объектілер жай-күйі жылдам нашарлауда. Осал сәулет құрылыстарына келушi адамдар санының көбеюi де қауiп туғызуда.
1980 жылы салынған мұражай-қорық ғимараты күрделi жөндеуге мұқтаж, мұражайдың экспозициялары да қайта безендiрудi талап етеді. Мұражай-қорықтың қорғау аймағы күні бүгінге дейiн қоршалмаған. Сапалы жолдар мен қонақ үй сервисінің жоқтығынан туризм инфрақұрылымы дамымаған. Мұражай-қорықтың материалдық-техникалық базасының нашарлығы толыққанды ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту және шаруашылық қызметiн жүргiзуге мүмкiндiк бермейдi.
Осы Бағдарлама шеңберiнде жоғарыда айтылған проблемаларды кешендi түрде шешу көне Отырар қалашығын зерттеу, сақтау әрі көпшілікке танымал ету жүйесiн одан әрi дамытуға жәрдемдеседi.
Оны халықаралық және ішкi туризм орталығына айналдырып, археологиялық кешен құру жөнiндегі осындай жобалар бірқатар шет елдерде бар.
Өзбекстанда, Самарқант аумағындағы Афрасиаб қалашығында оларды кейiннен консервациялай отырып, археологиялық қазбалар 100 жылдан астам уақыт бойы жүргiзiлуде. Нәтижесiнде Афрасиаб Самарқанттың ең адам көп келетiн орындарының біріне айналды.
Пакістанда, Мохенджо-Даро қалашығында археологиялық және консервациялау жұмыстары 100 жылдан астам уақыт бойы жүргiзiлуде. Қазiргі уақытта қаланың жанында археологиялық база - тұрақты ғылыми және консервациялау жұмыстары орталығы салынған. Туризм инфрақұрылымы жолға қойылған - қонақ үйлер, мұражай салынған, соның нәтижесiнде қала Пакiстандағы халықаралық туризм орталықтарының біріне айналды.
2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi
Бағдарламаның мақсаты - көне Отырар қалашығы мен Отырар шұраты қалашықтарын қалпына келтiру үшін тарих пен мәдениет ескерткiштерінің сақталуын әрi оларды тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:
Отырар қалашығы мен Отырар шұраты қалашықтарының ескерткіштерін ғылыми зерттеу;
тарих пен мәдениет ескерткiштерінің археологиялық қазбалары, қазылған объектілердi консервациялау және мұражайға айналдыру;
қалашық сәулет ескерткіштерін қайта жаңғырту;
ғылыми еңбектер мен ғылыми-көпшілiкке танымал әдебиетті басып шығару;
Отырар қалашығы мен Отырар шұратында туризм инфрақұрылымын дамыту.
3. Бағдарламаны iске асырудың негiзгі
бағыттары мен тетiгi
Бағдарлама 2005-2009 жылдар кезеңiнде iске асырылады: бірiншi кезең - 2005-2007 жылдар, екiншi кезең - 2008-2009 жылдар.
Бағдарламада көне Отырар қалашығын сақтау әрi қалпына келтiрудiң мынадай бағыттары көзделедi:
көне Отырар қалашығын зерделеудiң тұтас жүйесiн қалыптастыру, оны археологиялық зерттеудi жүзеге асыру, оларды туризм инфрақұрылымы жүйесiне енгізу;
Отырар қалашығы мен Отырар шұратындағы ескерткіштердi қайта жаңғырту, консервациялау әрi пайдалану;
тарих ғылымының ғылыми білімiн көпшiлiкке таныту, теориялық проблемаларын әзiрлеу, ғылыми және энциклопедиялық әдебиет басып шығару.
Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу тетіктерi мынадай жолдармен жүзеге асырылады:
Отырар мемлекеттік археологиялық мұражай-қорығының ескерткіштерiн басқару әрi сақтау жөніндегi менеджмент-жоспарды әзірлеу;
Отырар қалашығы мен Отырар шұратында кең ауқымды археологиялық қазбаларды қолмен және техниканы қолданып жүргізу;
археологиялық қазбалардан кейiн археологиялық объектілерді консервациялау;
Отыраp қалашығы мен Отырар шұратының аумағындағы тарихи және мәдениет ескерткiштердi көркейту әрi көгалдандыру;
қонақ үй кешенiн, зиярат ету орталығын, кiтапхана, мұражай, этнографиялық ойын-сауық - танымдық орталық, Отырар қалашығы мен мұражай-қорық аралығында толық жайластырылған жүргінші-көлiк байланысы жолдарын салу;
Отырар қалашығы ауданында қыш көзе шеберханаларын қалпына келтiру және Отырар қалашығы мен Отырар шұраты қалашықтарындағы қазбалар үстiнде жабынды құрастырмалар құрылысын салу;
Отырар қалашығы мен Отырар шұраты қалашықтарының тарихи-мәдени ескерткiштерiн насихаттау жөніндегі монографиялар, альбом-кiтаптар, буклеттер, ғылыми әдебиет басып шығару.
4. Қажеттi ресурстар мен бағдарламаны
қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергiлікті бюджеттердің қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Қаржыландырудың жалпы көлемi - 373,124 млн. теңге, оның iшiнде республикалық бюджеттен: 2005 жылы - 53,824 млн. теңге; 2006 жылы - 10,0 млн. теңге; 2007 жылы - 13,5 млн. теңге; жергiлiктi бюджеттен: 2005 жылы - 0,6 млн.теңге; 2006 жылы 184,6 млн.теңге; 2007 жылы - 110,6 млн.теңге. Бағдарламаны қаржыландырудың 2006-2007 жылдарға арналған көлемі тиiстi қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң болжамды көрсеткіштерi шеңберiнде нақтыланатын болады.
Қаржыландыру көлемiн нақтылау және 2006-2007 жылдарға арналған қажеттi қаражатты бөлу мақсатында 2005 жылы объектілердi қайта жаңарту мен салу жөніндегі iс-шараларға техникалық-экономикалық негiздемелер (ТЭН) әзiрленедi.
2006 жылы техникалық-экономикалық негіздемелер (TЭH) әзiрленгеннен кейiн "Көне Отырардың тарихи-мәдени, сәулет және археологиялық ескерткіштерін қалпына келтiру" Бағдарламасы iс-шаралар жоспарының II бөлiмiнде көзделген объектілердi салудың бірiншi кезеңі басталады.
5. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетін нәтижелер
Бағдарламаны iске асыру көне Отырар қалашығы мен Отырар шұратының ескерткiштерiн қалпына келтiруге, орта ғасырдағы қаланың материалдық әрi рухани мәдениетi туралы жаңа ғылыми деректер алуға, туризм инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседi.
Бағдарламаны iске асыру аяқталғаннан кейiн мынадай нәтижелер күтіледi:
Отырар, Құйрықтөбе, Алтынтөбе, Мардан-Құйық, Көк Мардан, Весидж қалашықтарында, Талтақай моласында ауқымды археологиялық зерттеулер (қазбалар) жүргiзу әрi ескi және жаңа қазбалар объектілерiн консервациялау;
мұражай-қорық аумағын көркейту әрi көгалдандыру: жүргінші жолдары мен коммуникациялар салу;
туризм инфрақұрылымы объектiлерін: қонақ үйлер, киiз үйлер, ғұрыптық асүйлер салу;
зиярат ету орталығын салу;
этнографиялық ойын-сауық-танымдық орталық пен Әл Фараби мұражайын салу;
Отырар шұраты аймағында автожол салу;
Қазақстанның көне әрi орта ғасырлық тарихы туралы; Ұлы Жiбек жолындағы қалалардың даму серпіні, Еуразия мәдениеттерi мен өркениеттерінің диалогы туралы; Қазақстан қалаларының полеоэкономикасы туралы; этногенезi туралы жаңа ғылыми ақпарат алу;
Отырар мұражай-қорығының ескерткіштерiн басқару және сақтау жөнiнде менеджмент-жоспар әзiрлеу;
жаңа құжаттама алу: қалашықтың және бүкiл шұраттың картасы, ескерткiштер мен оларды қорғау аймақтарының шекараларын айқындау; шұраттың қорғалатын аумағын айқындау;
оны Ұлы Жiбек жолындағы маңызды туризм орталығына айналдыру мақсатында Отырар мен шұратты мұражайға айналдыру үшiн ұсынымдар дайындау;
9 ғылыми монография, альбом-кiтаптар, буклеттер басып шығару.
6. "Көне Отырарды қалпына келтiру" 2005-2009 жылдарға
арналған бағдарламасының iс-шаралар жоспары
№ | Iс-шаралар | Аяқтау нысаны | Орындалуы (iске асырылуы) үшін жауаптылар | Орындау (iске асыру) мерзiмi | Болжам- ды шы- ғыстар, млн. теңге | Қаржы- ландыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
I. Археологиялық ескерткiштердi ғылыми зерттеу |
1 Отырар мемлекеттік Қазақстан Мәдениет- 2005 8,0 Республи- археологиялық Республика- мині жыл калық мұражай-қорығының сының бюджет ескерткiштерiн Үкіметіне басқару және сақтау ақпарат жөнiнде менеджмент- жоспар әзiрлеу 2 Отырар қалашығында Мәдениет- БҒМ 2005 1,0 Республи- оны ішінара минiне жыл калық консервациялап, ақпарат бюджет 10 м учаскесiнде батыс және оңтүстiк бұрылмалардағы қабырғаны тазалау. Ғылыми құжаттаманы дайындау 3 Отырар қалашығында Мәдениет- БҒМ 2005 1,0 Республи- оны iшiнара минiне жыл калық консервациялап, ақпарат бюджет оңтүстiк қақпасына iргелес бекiнiстік қабырғаны қазу әрi тазалaу 4 Объектiлердi iшiн- Мәдениет- БҒМ 2005 1,0 Республи- ара консервациялап, минiне жыл калық Әл Фарабидiң Отаны ақпарат бюджет - Весидж қалашығын қазу 5 Оны iшiнара консер- Мәдениет- БҒМ 2006 2,0 Республи- вациялау әрi минiне жыл калық көркейту мақсатында ақпарат бюджет Отырар қалашығының орталығында XI-XII ғасырлар деңгейiн- дегi қазбаларды тазалау. Ғылыми құжаттаманы дайындау 6 Отырар қалашығында Мәдениет- БҒМ 2007 2,0 Республи- оны iшiнара консер- минiне жыл калық вациялап, 10 м ақпарат бюджет учаскесiнде "Дарбаза және сопы" қақпасының қабырға- сын қазу әрi тазалау. Ғылыми құжаттаманы дайындау 7 "Дарбаза және сопы" Мәдениет- БҒМ 2007 2,0 Республи- қақпасында XI-XII минiне жыл калық ғасырлардағы Отырар ақпарат бюджет моншасын қазу әрi тазалау. Қайта жаңарту элемент- терiмен моншаны iшiнара консерва- циялау. Ғылыми құжаттаманы дайындау 8 Отырар, Алтынтөбе Мәдениет- БҒМ 2005 2,0 Республи- және Құйрықтөбе минiне жыл калық қалашықтарынан ақпарат 2006 2,0 бюджет қалдықтарды шығару жыл 2007 2,0 жыл 9 Көк Мардан қалашы- Мәдениет- БҒМ 2005 1,0 Республи- ғындағы қазбалар, минiне жыл калық iшiнара консерва- ақпарат бюджет циялау үшiн объек- тiлердi дайындау және ғылыми құжаттаманы дайындау 10 Талтақай некрополiн Мәдениет- БҒМ 2005 2,0 Республи- және Жуантөбе минiне жыл калық қалашығын қазу. ақпарат бюджет Ғылыми құжаттаманы дайындау 11 Оны iшiнара Мәдениет- БҒМ 2005 1,0 Республи- консервациялау минiне жыл калық мақсатында Мардан- ақпарат бюджет Құйық некрополiн қазу. Ғылыми құжат- таманы дайындау 12 Алтынтөбе қалашығын Мәдениет- БҒМ 2006 3,0 Республи- қазу әрі көне минiне жыл калық қазбаларды тазалау, ақпарат бюджет оларды iшiнара консервациялау. Ғылыми құжаттаманы дайындау 13 Құйрықтөбе қалашы- Мәдениет- БҒМ 2006 2,0 Республи- ғындағы сарайдың минiне жыл калық үлкен залын тазалау ақпарат бюджет әрі оны iшiнара консервациялау, Құйрықтөбе және Жуантөбе қалашықта- рындағы көне қазбаларды қазу әрі тазалау 14 Мардан-Құйық қала- Мәдениет- БҒМ 2007 3,0 Республи- шығындағы көне минiне жыл калық қазбаларды тазалау ақпарат бюджет әрі қала орамы (жылжымалы монша, 10 м учаскедегi қабырға) объектiле. рiн iшiнара консервациялау. Ғылыми құжаттаманы дайындау |
Жиыны: 35,0 2005 17,0 жыл 2006 9,0 жыл 2007 9,0 жыл |
ІI. Көне Отырардың тарихи-мәдени, сәулет және археологиялық ескерткiштерін қалпына келтіру |
15 Отырар археология- Қазақстан Мәдениет- 2005 29,924 Республи- лық мұражай-қорығын Республика- мині жыл калық ұстау және оның сының бюджет экспозициясын Үкіметіне безендіру ақпарат 16 Арыстан-баб кесе- Мәдениет- Оңтүстiк 2005 0,6 Жергілікті несi жанында минiне Қазақстан жыл бюджет маусымдық киiз үй ақпарат облысының 2006 0,6 орнатуды ұйымдас- әкімдігі жыл тыру 2007 0,6 жыл 17 Арыстан-баб кесене- Мәдениет- Оңтүстiк 2006 50,0 Жергілікті сi жанындағы минiне Қазақстан жыл бюджет аумақты көркейту ақпарат облысының 2007 60,0 әрi көгалдандыру: әкімдігі жыл жүргiншi жолдар салу, кесене аума- ғын жарықтандыру, қоршау 18 Арыстан-баб кесене- Мәдениет- Оңтүстiк 2006 50,0 Жергілікті сi жанында минiне Қазақстан жыл бюджет кiтапхана салу ақпарат облысының 2007 50,0 әкімдігі жыл 19 Арыстан-бaб Мәдениет- Оңтүстiк 2006 * Республи- кесенесi жанында минiне Қазақстан жыл калық 220 орындық қонақ ақпарат облысының 2007 * бюджет үй кешенiн салу әкімдігі жыл 20 Отырар мұражай- Мәдениет- Оңтүстiк 2006 * Республи- қорығы қалашықтары минiне Қазақстан жыл калық (12 қалашық) ақпарат облысының 2007 * бюджет арасында толық әкімдігі жыл жайластырылған жүргiншi-көлiк байланысын орнату 21 Отырар шұраты Мәдениет- Оңтүстiк 2006 * Республи- аумағында автожол- минiне Қазақстан жыл калық дар салу ақпарат облысының 2007 * бюджет әкімдігі жыл 22 Отырар қалашығы Мәдениет- Оңтүстiк 2006 30,0 Жергілікті ауданындағы қыш минiне Қазақстан жыл бюджет көзе шеберханала- ақпарат облысының рын қалпына әкімдігі келтіру 23 Отырар қалашығы Мәдениет- БҒМ 2006 54,0 Жергілікті мен Отырар шұратын- минiне жыл бюджет дағы қазбалар ақпарат үстiне жабынды құрастырма салу 24 Этнографиялық ойын- Мәдениет- Оңтүстiк 2006 * Республи- сауық-танымдық минiне Қазақстан жыл калық орталық салу ақпарат облысының 2007 * бюджет әкімдігі жыл 25 Арыстан-бaб Мәдениет- Оңтүстiк 2006 * Республи- кесенесi жанында минiне Қазақстан жыл калық зиярат ету ақпарат облысының 2007 * бюджет орталығын салу әкімдігі жыл 26 Әл Фараби мұражайын Мәдениет- Оңтүстiк 2006 * Республи- салу минiне Қазақстан жыл калық ақпарат облысының 2007 * бюджет әкімдігі жыл |
Жиыны: 325,724 2005 30,524 оның iшiнде, жыл республикалық 2006 184,6 бюджет: жыл 2005 жыл - 29,924; 2007 110,6 2006 жыл - * жыл 2007 жыл - * жергiлiктi бюджет: 2005 жыл - 0,6 2006 жыл - 184,6 2007 жыл - 110,6 |
ІII. Отырар қалашығы мен Отырар шұратының тарихи-мәдени ескерткіштерін насихаттау жөніндегі ғылыми және ғылыми-көпшілік әдебиеттi басып шығару |
27 "Отырар шұраты" - Мәдениет- БҒМ 2005 1,5 Республи- альбом-кітап миніне жыл калық ақпарат бюджет 28 "Құйрықтөбе қалашы- Мәдениет- БҒМ 2005 2,4 Республи- ғы - Кедар қаласы" миніне жыл калық - альбом-кітап ақпарат бюджет 29 "Мардан-Құйық Мәдениет- БҒМ 2005 0,5 Республи- қалашығы" - буклет миніне жыл калық ақпарат бюджет 30 "Көк Мардан қалашы- Мәдениет- БҒМ 2006 0,5 Республи- ғы" - буклет миніне жыл калық ақпарат бюджет 31 "Орта ғасырлардағы Мәдениет- БҒМ 2005 1,5 Республи- Қазақстанның дiн- миніне жыл калық дерi мен ғұрыптары" ақпарат бюджет - монография 32 "Ерте орта ғасыр- Мәдениет- БҒМ 2005 1,5 Республи- лардағы Оңтүстiк миніне жыл калық Қазақстанның ақпарат бюджет некропольдерi" - монография 33 "Отырардың және Мәдениет- БҒМ 2007 1,5 Республи- Оңтүстiк Қазақстан миніне жыл калық қалаларының ақпарат бюджет бекiнiстерi" - монография 34 "Отырар және Отырар Мәдениет- БҒМ 2007 1,5 Республи- шұраты" - моногра- миніне жыл калық фия ақпарат бюджет 35 "Отырардың және Мәдениет- БҒМ 2007 1,5 Республи- Отырар шұратының миніне жыл калық құжаттамасы" - ақпарат бюджет монография |
Жиыны: 12,4 2005 6,9 жыл 2006 1,0* жыл 2007 4,5* жыл |
Барлығы: 373,124 2005 54,424 оның ішінде жыл республикалық 2006 194,6* бюджет: жыл 2005 жыл - 53,824; 2007 124,1* 2006 жыл - 10,0; жыл 2007 жыл - 13,5; жергiлiктi бюджет: 2005 жыл - 0,6; 2006 жыл - 184,6; 2007 жыл - 110,6. |