Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы № 19 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 мамырдағы № 423 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 543 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін және Оларды міндетті мемлекеттік лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы № 19 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 1, 10-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін міндетті мемлекеттік лицензиялау ережесінде:
2-тарау 8) тармақшадағы «оң қорытындыларының» деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің»;
2-1 және 2-2-тараулар 6) тармақшадағы «оң қорытындыларының» деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің»;
2-3-тарауда 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің»;
2-4-тарауда 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің»;
2-5-тарауда:
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің»;
3) тармақшадағы «сақтандыру полисінің» деген сөздер «міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-6-тарау 6) тармақшадағы «жою жоспарларының» деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып және 2-7-тарау 6) тармақшадағы «оң қорытындыларының» деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің».
2. Осы қаулы алғаш рет жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |