“Қазақстан Республикасының халқын тiркеудiң кейбір мәселелерi туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 шілдедегі № 761 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 5 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының халқын тiркеу жүйесiн одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап азаматтарды тiркеу кiтаптары қолданысқа енгiзiлсiн.
2. Тұрғындарды есепке алу кiтаптары 2006 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қолданылады деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі 2006 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгі мерзiмде тұрғындарды есепке алу кiтаптарын азаматтарды тiркеу кiтаптарына ауыстыруды жүргiзсiн.
Тұрғындарды есепке алу кiтабын азаматтарды тiркеу кiтабына ауыстыру азаматтың тұрақты тұратын (тiркеу) орны бойынша аумақтық әдiлет органына азамат өтiнiш берген кезде жүргізiледi.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
5. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгiзiледi және міндетті түрде ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 21 шілдедегi
№ 761 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне
енгізiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. "Тұрғын жайларды айырбастауды ресiмдеу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 маусымдағы № 453 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 21, 260-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Тұрғын жайларды айырбастауды ресiмдеу тәртібiнде:
10-тармақтың г) тармақшасында "меншiк иесiнiң отбасы құрамы туралы анықтамалар және" деген сөздер "азаматтарды тiркеу кiтабын берген аумақтық әділет органының мөрiмен расталған азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi және азаматтарға меншiк құқығында тиесілi тұрғын үйдiң (үй бөлiгiнiң), пәтердiң құрамы, жай-күйi және құрамы туралы анықтама" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдаланудың тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 2 қыркүйектегi № 1292 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 44, 401-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдалану тәртібі туралы нұсқаулықта:
7-тармақтың төртiншi абзацында "1-қосымшаға сәйкес азаматтың отбасының құрамы және тұрған жерi туралы анықтаманы" деген сөздер "азаматтарды тiркеу кiтабын" деген сөздермен ауыстырылсын;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдалану тәртібі туралы нұсқаулыққа 1-қосымша алынып тасталсын.
3. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 12 шілдедегi № 1063 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 29, 359-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесінде:
33-тармақта:
екiншi абзацта "тұрғындарды есепке алу" деген сөздер "азаматтарды тiркеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтарды тiркеу кiтабы жеке тұлғаның тұрақты тiркелу орнын және онымен бiрге отбасы мүшелерiнің бiрлесiп тұрып жатқан фактiсiн растайтын құжат болып табылады және заңнамада белгiленген жағдайларда мүдделi органдарға көрсетiледi";
төртiншi абзацта "Тұратын жерi" деген сөздердiң алдынан "Жеке тұлғаны" деген сөздермен, "тiркеуден шығаруды" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ онымен бiрге отбасы мүшелерінің бiрлесiп тұрып жатқан фактiсiн" деген сөздермен толықтырылсын;
35-тармақта "тұрғындарды есепке алу" деген сөздер "азаматтарды тiркеу" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында солдаттар, матростар, сержанттар мен старшиналар лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызметтi өткеру туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 31 мамырдағы № 603 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 16, 174-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында солдаттар, матростар, сержанттар мен старшиналар лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеру туралы ережеде:
25-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) азаматтарды тiркеу кiтабын берген аумақтық әдiлет органының мөрiмен расталған азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi;".
5. "Жастарды әскери қызметке даярлау және азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 76 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 3, 34-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жастарды әскери қызметке даярлау және азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды өткізу ережесінде:
Ережеге 1-қосымшада:
Тiзiм жасау жөніндегі түсіндiрмеде:
1-тармақтың екiншi абзацында "тiркелу карточкалары, пәтер карточкалары мен үй кiтаптары" деген сөздер "азаматтарды тiркеу кiтаптары" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттілер мен шақырылушыларды әскери есепке алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 12 қыркүйектегi № 925 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 37, 376-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери мiндеттілер мен шақырылушыларды әскери есепке алу ережесінде:
7-тармақтың 7) тармақшасының үшiншi абзацында "тұрғылықты жерiнен анықтамалар" деген сөздер "азаматтарды тiркеу кiтабын берген аумақтық әдiлет органының мөрiмен расталған азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтың 3) тармақшасының үшiншi абзацында "Үй кiтаптарымен (тiркеу карточкаларымен)" деген сөздер "Азаматтарды тiркеу кiтаптарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтың 4) тармақшасында "үй кiтаптарында" деген сөздер "азаматтарды тiркеу кiтаптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақтың 1) тармақшасында "үй кiтабында" деген сөздер "азаматтарды тiркеу кiтабында" деген сөздермен ауыстырылсын.