Ақтөбе қаласының бас жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 350 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 643 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 19-бабына сәйкес және Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы - Ақтөбе қаласын кешенді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Ақтөбе облыстық мәслихаты мақұлдаған Ақтөбе қаласының бас жоспарының жобасы бекітілсін.
2. «Ақтөбе қаласын дамытудың бас жоспары, оның қаламаңы аймағын жоспарлау туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1979 жылғы 5 қазандағы № 379 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 2 мамырдағы
№ 350 қаулысымен
бекітілген
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ
Негізгі ережелер
Жобалау мерзімі мен кезеңдерi
Бастапқы мерзімі - 2003 жыл
Есепті мерзімі - 2015 жыл
Құрылыстың 1-кезеңі - 2003-2008 жылдар
Құрылыстың 2-кезеңі - 2009-2015 жылдар
1. ҚАЛАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
1.1. Тұрғындар
Ақтөбе қаласының тұрғындар саны 2003 жылдың басында 276,7 мың адамды құрады, оның ішінде:
Ақтөбе қаласының өзінің тұрғындары - 247,0 мың адам,
қалалық әкімдіктің ауылдық жерлерінің тұрғындары - 29,7 мың адам.
Осы бас жоспар бойынша 2008 жылға дейін тұрғындар саны 11,5 мың адам құрайтын Новый және Қарғалы кенттерінің елді мекендерін Ақтөбе қаласының құрамына енгізу көзделіп отыр.
Осыған байланысты есептерді қысқарту үшін бастапқы жылғы тұрғындар саны (247+11,3)=258,5 мың адамға тең деп қабылданды.
Келешекте қала тұрғындарының саны мыналарды құрайды:
2008 жылдың аяғында - 275 - 300 мың адам;
2015 жылдың аяғында - 300 - 330 мың адам.
1.2. Өнеркәсіп
2003 жылдың басында қалада 211, оның ішінде 46 орташа және ірі өнеркәсіп орны жұмыс істеді. Қаланың ірі кәсіпорындары: ферроқорытпа зауыты, Ақтөбе хром қосылыстары зауыты (АХҚЗ), Ақтөберентген, тамақ өнеркәсібінің бірқатар кәсіпорындары.
2002 жылы 44,5 млрд. теңге сомаға оның ішінде ірі және орташа кәсіпорындар 42,05 млрд. теңге сомаға өнеркәсіп өнімдері шығарылды.
2008 жылы қала өнеркәсібі өнімдерінің жалпы жылдық көлемі 2002 жылмен салыстырғанда 2008 жылға қарай 1,5 есе, 2015 жылға қарай 2,65 есе өседі және тиісінше 68 және 118 млрд. теңгені құрайды.
Келешекте тат баспайтын болат зауытының құрылысына байланысты қара металлургияның басымдылық рөлі одан әрі арта түседі.
Тат баспайтын болат және шыныталшық шығару жөніндегі зауыттардан басқа, 2015 жылға дейін саланың ірі және орташа кәсіпорындарын іске қосу жоспарланып отырған жоқ.
1.3. Құрылыс-монтаждау ұйымдары
2002 жылы қала бойынша негізгі капиталға инвестициялар 19,2 млрд. теңгені, соның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстары 8,5 млрд. теңгені құрады.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының орташа жылдық көлемі кезеңдер бойынша мыналарды құрайды:
1-кезек (2003 - 2008 жылдар) - 10 - 12 млрд. теңге;
2-кезек (2009 - 2015 жылдар) - 20 млрд. теңге.
1.4. Сыртқы көлік және байланыс
1. Автомобиль көлігi
А. Жүк көлігi
2001 жылы жүк тасымалдау көлемі қала бойынша 509 мың тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш 2008 жылға қарай 650 мың тоннаға жуықты құрайды. 2015 жылға дейін экстраполяциялау 800 мың тонна шамасында шама немесе есепті кезеңде 57 %-ға өсім береді.
Б. Жолаушылар көлігi
Жолаушылар тасымалдау көлемі 2001 жылдан бастап 2010 жылға дейін 12,9-дан 16,4 млн. адамға өседі (27%-ға өсім), ал 2015 жылға қарай шамамен кемінде 20 млн. адамды құрайды.
2. Темір жол көлігi
Саланы жоғары дәрежеде механикаландыруға және автоматтандыруға, сондай-ақ қала шегінде саланың ірі объектілерінің құрылысы жобаларының жоқтығына байланысты қызметкерлер санының өсімі есепті кезеңде 20 %-дан аспайды.
3. Байланыс
Қала тұрғындарына байланыс қызметтерін көрсету көлемі 2001 жылы 530 млн. теңгені құрды. 2008 жылға қарай ол 600 жуықты құрайды, 2010 жылы - 620, ал 2015 жылы - кемінде 650 млн. теңге (есепті кезеңдегі өсім 23 % шамасында).
1.5. Ауыл шаруашылығы
Қаланың келешектегі аумақтық өсімі, оның ішінде қала құрылысы үшін ауыл шаруашылығы алаптарының бір бөлігін алу қалада ауыл шаруашылығының одан әрі дамуына объективті түрде кедергі келтіреді (нақтырақ айтқанда қалада тұратын фермерлер мен жалдамалы жұмысшылар санының артуы). Екінші жағынан, жылыжай-көшетжай шаруашылығын дамыту перспективалы болып табылады.
1.6. Ғылым және ғылыми қызмет көрсету
Саланы дамыту жобалау-конструкторлық, іздестіру, геологиялық-барлау жұмыстарының көлемін ұлғайту және "Әлжан" бизнес-технопаркін (хром орталығы) құру есебінен күтілуде.
1.7. Жоғары оқу орындары, колледждер, кәсіптік-техникалық білім беру
2015 жылға дейін Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ филиалын ашу көзделіп отыр. 8 жаңа колледж салынатын болады. Сол сияқты 13 кәсіптік-техникалық мектеп салу көзделіп отыр.
1.8. Шағын кәсіпкерлікті дамыту
Қалада 2001 жылы шағын бизнес саласында 38 мың адам жұмыс істеді, шағын бизнес субъектілерінің саны 14255 бірлікті құрады. Шағын бизнес саласында жеңіл, тағам өнеркәсібі мен өндірістік инфрақұрылым неғұрлым басым сала болып танылды. Қалалық әкімдіктің болжамы бойынша шағын бизнесте жұмыс істейтіндердің саны 2002 жылмен салыстырғанда 2006 жылы 16 %-ға өседі. 2006 жылы шағын бизнеске салынатын инвестициялар көлемі 800 млн. теңге деңгейіне жетеді.
1.9. Қала құрылысына қатысты кадрлар санының серпінi
Қала құрылысына қатысты кадрлар саны бастапқы жылмен салыстырғанда 2008 жылға қарай 11,4 және 2015 жылға қарай тағы 15,7 мың адамға, оның ішінде өнеркәсіп қызметкерлерінің санының өсуі есебінен тиісінше 3,1 және 9,5, құрылыстың саны 1,6 және 3,6, ғылым мен ғылыми қызмет көрсетулердің саны 1 және 3,5 мың адамға өседі. Қала құрылысына қатысты кадрлардың салалық құрылымында 2015 жылға дейін елеулі өзгерістер болмайды.
Қала құрылысына қатысты қызметкерлердің жиынтық саны кезеңдер бойынша мыналарды құрайды:
2003 жылы - 50,13 мың адам;
2008 жылы - 61,53 мың адам;
2015 жылы - 77,48 мың адам.
1.10. Тұрғын үй қоры
2003 жылдың басында қаланың тұрғын үй қорының жалпы алаңы 4,48 млн. шаршы метрді құрады, олардың ішінде 31% - шағын қабатты тұрғын үй құрылысы, 7% - шағын қабатты көп пәтерлі үйлер, 42% - орташа қабатты (4 - 5 қабатты) және 20%-ға жуық - көп қабатты (6 және одан да көп қабатты).
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру 1998-2002 жылдары жылына орташа есеппен 65 мың шаршы метрді құрады.
2015 жылға дейін барлығы 2,2 млн. шаршы метр тұрғын үй салу көзделіп отыр, оның ішінде 2008 жылға дейін - 1,03 млн. шаршы метр және II кезекте 2009 - 2015 жылдары - 1,19 млн. шаршы метр. Қосалқы құрылыстары бар үйлер (коттедждер) тұрғын үй құрылысы көлемінің 48%-ын, шағын қабаттылар - 21 %-ын, орташа қабаттылар (4 - 5 қабаттылар) - 19%-ын және көп қабаттылар - (6 және одан да көп қабатты) - 12%-ын құрайды, тозуына, авариялық жай-күйіне және жобалауға орай тұрғын үй қорынан шығарылғандар есепті кезеңде 104 мың шаршы метрді құрайды. Тұрғын үймен қамтамасыз етілу есепті кезеңде 1 адамға шаққанда 17,4-тен 22 шаршы метрге өседі. Шынайы нұсқа бойынша тұрғын үйді іске қосудың орташа жылдық көлемі құрылыстың 1-кезегінде жылына 75 мың шаршы метрді және 2-кезегінде жылына 90 мың шаршы метрді құрайды. Жаңа құрылыс көлемі 2015 жылға дейін 1,08 млн. шаршы метрді құрайды, оның ішінде І кезекте - 0,45 млн. шаршы метр және II кезекте - 0,63 млн. шаршы метр. Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 200 - 600 АҚШ доллары аралығында болады. Тұрғын үй құрылысы үшін небәрі 55 млрд. теңге, оның ішінде құрылыстың І кезегіне 25 млрд. теңге және II кезегіне 30 млрд.теңге қажет болады. Муниципалды тұрғын үй бюджет қаражатынан 3,5 млрд. теңге, оның ішінде 1-кезекке 2,8 млрд. теңге бөлуді қажет етеді.
1.11. Халыққа мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жүйесi
Мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету (МТҚ) объектілеріндегі қажеттілік пен жаңа құрылыс көлемінің есебі қажеттілігінің есебі екі деңгейде (300 мың адамға және 330 мың адамға) жүргізілді.
Облыстық басқармалармен келісілген және осы жобада ұсынылып отырған қалалық маңызы бар ірі мәдени-тұрмыстық объектілер тізбесі № 1, 2 кестелерде көрсетілген.
1-кесте.
2015 жылға дейін құрылыс жүргізу белгіленген
облыстық басқармалармен келісілген қалалық маңызы
бар әлеуметтік мәдени-тұрмыстық (ӘМТ)
объектілерінің тізбесi
№№ | Атауы | Мекен- жайы | Өлшем бірлігі | Қуаты |
1- кезек | 2- кезек |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
I. Мәдениет және өнер |
1 | Ломоносов атындағы Орталық кітапхана | жаңа қала | орын | | 125 |
2 | Қалалық көпшілік кітапхана | ескі қала | | 125 | |
3 | Зағиптар мәдениет үйі және кітапхана | қалалық сүт зауыты | | 300 | |
4 | Саңыраулар мәдениет үйі | | | 300 | |
5 | Қалалық Мәдениет үйі | жаңа қала | | 600 | |
6 | Қалалық тарихи-өлкетану мұражайы | ескі қала | объект | 1 | |
7 | Облыстық көрме залы | жаңа қала | объект | | 1 |
8 | Жастар мәдениет сарайы | Абай атындағы парк | орын | | 600 |
| Музыкалық-драма театры | жаңа қала | орын | | 800 |
| Жас көрермендер театры (ЖКТ) | ескі қала | орын | | 500 |
9 | Балалар парк кешені | | объект | | 1 |
10 | Балалар кітапханасы | 5-шағын аудан | орын | 90 | |
II. Денсаулық сақтау |
1 | Қалалық балалар ауруханасы | | кереует- орын | 250 | |
2 | Муниципалды аурухана | ескі қала | кереует- орын | | 250 |
3 | Облыстық диагностикалық орталық | "Батыс" шағын ауданы | ауысы- мында қабылдау | 1000 | |
4 | Медициналық жедел жәрдемнің 2-сыныпты үлгі станциясы | 12-шағын аудан | Автомо- биль | 30 | |
5 | Облыстық туберкулезге қарсы диспансер | "Батыс"» шағын ауданы, Новый кенті | кереует- орын | 200 | |
6 | "Чайка" облыстық балалар сүйек туберкулезі санаторийі | "Чайка" санато- рийі | кереует- орын | 150 | |
7 | Облыстық перинаталды орталық | "Батыс" шағын ауданы | кереует- орын | 400 | |
8 | Дене шынықтыру-сауықтыру орталығы | шағын аудан | ауысы- мында қабылдау | | 300 |
9 | Оңалту бөлімшесі бар көп бейінді балалар ауруханасы | "Батыс" шағын ауданы | кереует- орын | 250 | |
10 | Кардиологиялық орталық | "Батыс" шағын ауданы, аурухана қалашығы | | | |
| а) стационар | | кереует- орын | 150 | |
| б) диспансер | | ауысы- мында қабылдау | 200 | |
| в) оңалту бөлімі | | кереует- орын | 60 | |
III. Әлеуметтік қамсыздандыру |
1 | Ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйі | Новый кенті | орын | 100 | |
2 | Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінің қосымша корпусы | Новый кенті | орын | 100 | |
3 | Мүгедектерге арналған оңалту орталығы | Новый кенті | жылына адам | 600 | |
4 | Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығы | "Батыс"» шағын ауданы | кереует | 100 | |
IV. Білім беру |
1 | Қаз ККА Ақтөбе филиалы (кеңейту) | ескі қала | оқушылар өсімі алаң өсімі № 2 оқу корпус- тары | 500 10000 | 800 7200 |
2 | Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ Ақтөбе филиалы | 11-шағын аудан | оқушылар өсімі | 700 | 100 |
2-кесте.
Бас жоспар бойынша 2015 жылға дейін
құрылысқа ұсынылатын әлеуметтік мәдени-тұрмыстық
(ӘМТ) ірі объектілердің тізбесі
(келісілген объектілерге қосымша)
№ | Атауы | Мекен-жайы | Өлшем бірлігі | Қуаты |
1-кезек | 2-кезек |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Сауда орталығы | "Мәскеу" ауданы | мың м2 | 6,5 | |
2 | Сауда орталығы | ескі қала | мың м2 | | 11,9 |
3 | Сауда орталығы | "Батыс" шағын ауданы | мың м2 | 2,1 | |
4 | Сауда орталығы | Ипподром | мың м2 | | 2,2 |
5 | Сауда орталығы | "Әлжан" технопаркі | мың м2 | | 1,0 |
6 | Жабынды базар (ұжымшар базарын қайта құрылымдау) | ескі қала | мың м2 | | 82,2 |
7 | Әмбебап базар | 41-разъезден оңтүстікке қарай | объект | | 1 |
8 | Стадион | 312-атқыштар дивизиясы | объект | | 1 |
9 | Ипподром | "Заречный" кентінен шығысқа қарай | объект | 1 | |
10 | Спортзал | "Мәскеу" ауданы | объект | | 1 |
11 | Спортзал | 312-атқыштар дивизиясы | объект | 1 | |
12 | Спортзал | Абай атындағы парк | объект | 1 | |
13 | Спортзал | ескі қала | объект | 1 | 1 |
14 | Спортзал | ипподром | объект | | 1 |
15 | Спортзал | "Әлжан" технопаркі (632м2) | объект | | 1 |
16 | Спортзал | ескі автовокзал | объект | | 1 |
17 | Жабық бассейн | "Мәскеу" ауданы | объект | | 1 |
18 | Жабық бассейн | Абай атындағы парк | объект | 1 | |
19 | Жабық бассейн | ескі қала | объект | 2 | 1 |
20 | Жабық бассейн | ескі автовокзал | объект | | 1 |
21 | Тау-шаңғысы базасы | кірпіш зауыты | объект | | 1 |
22 | Спорт кешені | 312-атқыштар дивизиясы | объект | | 1 |
23 | Спорт кешені | ескі қала | объект | | 1 |
24 | Концерт залы | 312-атқыштар дивизиясы | орын | | 700 |
25 | Авиация және ғарыш мұражайы | әуежай | объект | | 1 |
26 | Ғылым және техника мұражайы | 41-разъезден оңтүстікке қарай | объект | | 1 |
27 | Темір жол көлігі мұражайы | темір жол вокзалы | объект | | 1 |
28 | Бейнелері қоз- ғалып тұратын мұражайы бар көп залды кинотеатр | "Мәскеу" ауданы | орын | | 800 |
29 | Кинотеатр | Абай атындағы парк | орын | | 500 |
30 | Кинотеатр | ескі қала | объект | | 2 |
31 | Кинотеатр | "Сазды" ауданы | объект | 1 | |
32 | Кинотеатр | "Батыс" шағын ауданы | объект | 1 | |
33 | Кинотеатр | "Мәскеу" ауданы | объект | | 1 |
34 | Емхана | "Мәскеу" ауданы | ауысымда қабылдау | | 500 |
35 | Емхана | Оңтүстік батыс | ауысымда қабылдау | | 500 |
36 | Почтамт | "Мәскеу" аудандағы жаңа темір жол вокзалы | объект | | 1 |
37 | Почта қызметі- нің бөлімшесі | Заречный кенті | объект | | 1 |
38 | Почта қызметі- нің бөлімшесі | Оңтүстік батыс | объект | | 1 |
39 | Тұрмыстық қамту үйі | "Мәскеу" ауданы | объект | | 1 |
40 | Қонақ үй | "Мәскеу" ауданы | орын | 300 | |
41 | Қонақ үй | әуежай | орын | | 300 |
42 | Неке сарайы | 12-шағын аудан | объект | | 1 |
Қалада жалпы білім беретін мектептердің тапшылығының проблемасы неғұрлым сезіледі. Жобада мектептердегі орындар санын қазіргі уақыттағы 41,5 мыңнан 2015 жылға қарай 60 мыңға дейін ұлғайту көзделуде. Емханалардың қуатын күніне қабылдауды 6,5 мыңнан 10,5 мыңға дейін, ауруханалардың сыйымдылығын 2,5 мыңнан 4,05 мың кереуетке дейін жеткізу қажет. Дүкендердің сауда алаңы 47,5 мыңнан 79 мың м2-ге өседі, тұрмыстық қамту кәсіпорындарындағы жұмыс орындарының жиынтық саны 890-нан 1560-қа дейін, қоғамдық тамақтандыру орындарындағы отыратын орындар тиісінше 5,4-тен 13,5 мыңға дейін өседі. Демалыс үйлері мен пансионаттардың сыйымдылығын 2015 жылға қарай 2600 адамға дейін, турбазалардың 600-ге дейін, мотельдердің санын 1200 орынға дейін жеткізу белгіленді.
1.12. Рекреация
Қарғалы кентінің жанынан жергілікті минералды көздерде санаторий-профилакторий салу жоспарлануда. Бальнеологиялық санаторийді Петропавловка ауылының маңынан құру ұсынылуда.
Заречный кентінен шығысқа қарай сүйек жүйесі ауыратын балаларға арналған санаторий орналасады.
Туристік базаларды Ақжар ауылына жақын жерге, Қарғалы су қоймасының жағасына орналастыру белгіленген.
Александровка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай қала сыртындағы пансионаттар мен демалыс үйлерін, кемпингтер, мектеп оқушыларына арналған жазғы лагерьлер, демалыс қалашықтарын және балық аулау базасын орналастыру көзделген.
Садовое ауылының маңына мектеп оқушыларының лагерін орналастыру белгіленген.
Жаман Қарғалы өзенінде тек балаларға арналған рекреациялық мекемелер, оның ішінде балалар бақшалары мен бүлдіршіндер үйінің саяжайларын (әрқайсысының сыйымдылығы 2-ден 4 мың адамға дейін бірнеше кешен) орналастыру көзделген.
Ақтөбе су қоймасының жағасында бір күндік демалыс базаларын, пансионаттар, балық аулау базасы мен яхт-клубтар орналастыру белгіленуде.
1.13. Жөндеу-қайта құру іс-шаралары
1. Қала аумақтарын қайта құру
Аумақтарды және тұрғын үй қорының жай-күйін талдау, сондай-ақ жоспарлау факторларының кешенін есепке алу жалпы алаңы шамамен 166 га аумақтағы тұрғын үйлерді бұза отырып, қайта құру іс-шаралары көзделген үй маңындағы учаскесі бар шағын қабатты тұрғын үйлер басым орналасқан учаскелерді бөлуге мүмкіндік берді.
Бұдан басқа, жалпы алаңы шамамен 780 га аумаққа тұрғын үйлерді бұзбай қайта құру іс-шаралары белгіленді.
2. Тұрғын үй қоры мен әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілерді күрделі жөндеу
Облыстық сәулет және құрылыс басқармасының деректері бойынша Ақтөбе қаласының күрделі жөндеуді қажет ететін көп пәтерлі тұрғын үй қорының жалпы алаңы шамамен 310 мың м2-ді құрайды.
Облыстық әкімдік қабылдаған бағдарламаға сәйкес 2004-2007 жылдары көрсетілген қаржыдан 222,5 млн. теңге, соның ішінде бюджет есебінен - 68,3 млн. теңге игеру жоспарлануда. Осы жылдары 9,1 мың м2 авариялық тұрғын үйді бұзу қаржыландырылатын болады.
1.14. Бірінші кезектегі құрылыс құрылымы
Қаланың әлеуметтік және көлік-инженерлік инфрақұрылымын дамытуға жұмсалатын инвестициялардың жалпы көлемі құрылыстың І-кезегіне 63 млрд. теңгені құрайды, олардың ішінде тұрғын үй және мәдени-тұрмыстық құрылыс шамамен 40 млрд. теңге немесе 63 %, ал көлік-инженерлік инфрақұрылымды дамытуға шамамен 13 млрд. теңге немесе 37 % қажет болады.
Қаланы дамытуға бюджет қаражатынан шамамен 23 млрд. теңге (36%) бөлінуге тиіс, олардың ішінде республикалық бюджет қаражатынан - 17,9 млрд. теңге және шамамен 5,1 млрд. теңге жергілікті бюджет қаражатынан. Шамамен 30 млрд. теңге (48 %) халықтың шығынын құрайды.
Қала құрылысына арналған жалпы шығындардағы корпорациялардың үлесі болжам бойынша 10 млрд. теңге (16 %).
2. ҚАЛАНЫҢ СӘУЛЕТ-ЖОБАЛАУ ҚҰРЫЛЫМЫН
ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГI НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
Дамудың тарихи ерекшеліктері, табиғи-ландшафтық жағдайлар мен басқа факторлар Ақтөбе қаласының күрделі тарамдалған сәулет-жобалау құрылымын белгілеп берді.
Алғашқы болып саналатын «солтүстік-оңтүстік» білігі бойынша аумақтық дамуға қарағанда бүгінде қаланың жобалау құрылымы «батыс-шығыс» білігі бойынша диаметралды қарама-қарсы дамуы қалыптаса бастады.
Жобалау бағыты Ә. Молдағұлова мен Орск-Хромтау трассалары бойынша негізгі біліктер бойында қалыптасып келе жатқан қаланың осы жобалау құрылымы бас жоспарда мақұлдануда және күшейтіле түсуде.
Есепті мерзім шеңберінен тыс әуежайдың ұшу-қону жолағын 68 градусқа бұру қаланы одан әрі дамытудың басты шарты болып табылады, бұл қаланың орталық аймағына қарай тікелей жанасатын аумақты тұрғын үй-азаматтық құрылысқа беруге мүмкіндік береді.
Бас жобалау бағыттар бойынша бос аумақтарды игеруден басқа, қала құрылысын ішкі қайта құру, оның құрылымдық қаңқасын трансформациялау, оның бөліктерінің функционалдық-жобалау және сәулет-көркемдік бытыраңқылығы, қаланың және оның орталығының біртұтас сәулет-жобалау құрылымын және жасау мәселесі Ақтөбенің қала құрылысы жүйесін дамытудағы басым процестер болып табылады.
Құрылымдық қаңқасын қайта ұйымдастыру "Мәскеу" тұрғын ұй ауданы аумағы арқылы Әбілхайыр хан, Ағайынды Жұбановтар даңғылдары бойымен қаланың жаңа диаметрін қалыптастырудан тұрады және одан әрі темір жол магистральдары үстінен өтпе жол салу тәсілімен ескі қалаға және Орск-Хромтау бағытындағы магистральдарға шығу жүзеге асырылады.
Жұмыс істеп тұрған темір жол вокзалының базасындағы көп функционалды қоғамдық-көлік орталығы өзінің негізгі функцияларын "Мәскеу" ауданының аумағына көшіргеннен кейін қаланың екі ортақ қалалық орталықтары арасындағы байланысшы көпір болады.
Қалыптасқан аумақтарды қайта құруға, құрылыстарды көбейтуге, жер ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалануға, қаланың ортақ орталығы мен оның ұйтқысының аймақтарын одан әрі жандандыра түсуге байланысты ішкі даму процестері басымдылығының қажеттілігін ұғу стратегиялық жағынан маңызды болып табылады.
Бас жоспарда Елек, Сазды өзендерінің жағалаулық аумақтарын түрлендіру, қаланың өзендік қасбеттерін, оның сұлбасын қалыптастыру жоспарлануда. Қалалық демалыс аймағымен үйлестіре отырып, көп қабатты құрылыстар кешенін қалыптастыру, жағалаулықтарды ұйымдастыру олардың жоғары қала құрылысы құндылығын және инвестиялық тартымдылығын қамтамасыз етеді.
Жасыл желектендірудің дамыған жүйесін қалыптастыру қаланы перспективалық дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Тұрғындардың денсаулығына химия және металлургия кәсіпорындарының еселеніп келе жатқан әсері Жеңішке өзені жайылмасының бойындағы жасыл белдеулер, Сазды өзені бойындағы қала диаметрі және електік ескі саяжайлар аумағындағы орманпарк аймағы маңызды санитарлық рөл атқарады. Қаланың айналасында орманпаркі белдеуін дамыту бұл міндеттерді толықтыра түседі және қаланы сыртқы ортаның теріс климаттық әсерінен қорғауды қамтамасыз етеді.
Ақтөбе қаласының функционалдық-құрылымдық жүйесін дамытудың перспективалы моделі қаланың орталығынан басталатын негізгі магистральдың бойына қоныстандыруды дамытудың төрт бағыты түрінде ұсынылуы мүмкін:
аумақтық дамуы өнеркәсіптік мақсаттар үшін ғана көзделген темір жол магистралі бойындағы солтүстік-батыс бағытында. Мұнда тағы да екі ірі өнеркәсіптік кәсіпорынды орналастыру жоспарлануда;
оңтүстік шығыс бағытта қала үлгісіндегі аумақтарды дисперсті орналастыра отырып жиілету және қайта құру белгіленген.
Коммуналдық-қоймалық аумақ ретінде дәстүрлі пайдалану орта және шағын бизнес кәсіпорындарына арналған полигон ретінде дами бастады. Ақтөбе су қоймасының микроклиматтық және эстетикалық ерекшеліктері бұл ауданға тартымдылық жасап тұр.
Әлия Молдағұлова даңғылы мен 101-атқыштар дивизиясы көшесі бойындағы оңтүстік батыс, Орал бағыттарында құрылысқа неғұрлым қолайлы аумақтарда.
Тұрғын үй құрылымдары қалаға қосылатын Қарғалы кентін қоса алғанда, шығыс, Орск-Хромтау бағытында Қарғалы өзені жайылмасының бойындағы көркем жүйені құрайды.
Жаңа аудандар одан әрі дамытуға ашық сипатта.
Бас магистральдар жүйесі оларға қалаға ортақ орталық жүйемен байланыс жасауды қамтамасыз етеді. Сақиналы магистральдар жүйесі бұл аудандардың қаланың негізгі өндірістік аймақтарымен байланысын қамтамасыз етеді.
Бастапқы жылы қала 29 739 га алаңдағы аумақты алып жатты, оның ішінде құрылыс салынған аумақ - 5717 га, құрылыс жүргізілмеген аумақ - 24022 га.
Құрылыстың 2-кезегі басталарда қала аумағы қала маңындағы аумақтардың қосылуы есебінен 13108 га-ға ұлғаяды және 42847 га-ды құрайды. Қаланың құрылыс жүргізілген алаңы 2008 жылы 6455 га-ды құрайды, ал 2015 жылы - 8849 га, яғни 3132 га-ға өседі.
Қаланың құрылыс жүргізілмеген алаңы 2008 жылы 36392 га-ды, ал 2015 жылы - 33998 га, яғни 9977 га-ға ұлғаяды.
3. КӨЛІК ҚҰРЫЛЫМЫН ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ
ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
Ақтөбе темір жол торабы Хромтау - Алтынсарин желісінің құрылысы аяқталғаннан кейін елеулі дами түседі, оның арқасында қала еліміздің солтүстік және орталық облыстарына Ресей аумағын кесіп өтпестен шыға алатын болады.
Қаланың көлік байланысы жүйесіндегі тиімді географиялық орналасуы мен қаланың транзиттік әлеуетін дамыту қажеттігі қаланың тұтас құрылымында жұмыс істеп тұрған темір жол вокзалының қала қалыптастырушылық рөлінің өсуші мәнін күшейте түседі. Оның функцияларын қажетті дамыту мүмкіндігінің жоқтығына байланысты ескі қаланың аумағында бас жоспарда темір жол вокзалының маңында оның негізгі қоғамдық-көлік функцияларын темір жол магистралінің екінші жағына Мәскеу ауданына көшіре отырып, көп функционалды қоғамдық-көлік орталығын құру туралы ұсыныс беріледі. Бұл жаңа қалада тұратын тұрғындардың көпшілік бөлігінің вокзалға қол жетімділігін қамтамасыз етуге, қаланың басты көлік ауыстыру орталықтары арасындағы көлік байланысының қазіргі заманғы жүйесін құруға, жалпы алғанда экологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді.
Қалалық деңгейдегі көлік ауыстыру тораптары дами түседі және көлік-коммуникация жүйесінің маңызды түйіндерінде қоғамдық кешендер жүйесін қалыптастырады. Бұл, ең алдымен, жылдам жүретін көлік ауыстырмайтын қалаішілік рельсті көлік станциялары: «Жеңішке», «Абай гүлзары», «Ә.Молдағұлова даңғылы», Автовокзал, Орталық вокзал, «Гастелло көшесі».