4) ҰҚЖ қабаты ұшу алаңын пайдаланудың белгiленген талаптарына сай болмаса;
5) ӘК-нiң үстiңгi қабаты мұз, қырау немесе ылғалды қар басқан және әуе кемесiне өңдеу жүргізілмесе;
6) әуе кемесiнiң ұшу массасы және тепе-теңдiгi көтерiлiп ұшудың нақты жағдайларында рұқсат етiлетiн шегiнен асып кетсе;
7) басқа әуе кемесi екiншi айналымға өтсе;
8) ұшу жолағының алдында кедергi бар болса көтерiлiп ұшуға рұқсат етiлмейдi.
629. Әуе кемесiнiң көтерiлiп ұшуы әдетте, ҰҚЖ-ның басынан басталады. Мынадай жағдайларда, егер:
1) бұл осы әуежайда ұшуды жүргiзу жөніндегі нұсқаулығымен көзделсе;
2) екпiн басталысының орнынан әуе кемесiнiң айырылуына дейiн ұшу сипаттамасы керектi әуе кемесiнiң көтерiлiп ұшу массасының ара қашықтығына сәйкес болса ұшу-қону жолағының басынан бастамауға рұқсат етiледi.
630. Iлеспе жел кезiнде әуе кемесiне ұшуға, егер бұл осы әуеайлақтағы ұшуды жүргiзу жөніндегі нұсқаулықта және әуе кемесiнiң осы үлгiсiнiң ҰПБ-да көзделсе рұқсат етiлуi мүмкiн.
631. Егер әуе кемесi көтерiлiп ұшу кезiнде берiлген бағыттан ауытқыса және жермен жүруi қауіпсiздiктi қамтамасыз етпесе, ұшу тоқтатылуы тиiс. ӘК жылдамдығына аз есептелген жылдамдықпен көтерiлуге рұқсат етiлмейдi.
632. Әуе кемесi жылдамдық алған сәттен және 200 метр биiктi алғанға дейiн ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында талап ететiн жағдайларды қоспағанда экипажға және старт (Мұнара) диспетчерiне радиобайланыс жасауға болмайды.
633. Бағыт бойынша ұшқан кезде метеорологиялық қауiптi аймақты айналу мүмкiндiгi жоқ болған жағдайда, әуе кемесiнiң командирi әуе кемесiн қауiптi аймақтан жедел шығарып, ұшып шыққан пунктке қайтып оралуы тиіс немесе жақын орналасқан жарамды әуежайға қайтуы туралы қабылдаған шешiмдi ӘҚҚ диспетчерлiк органына хабарлай отырып, қонуды жүргiзедi.
634. Жету әуеайлағына дейiн ұшуды жалғастыруға мүмкiндiк бермейтiн себептер бойынша ұшып шығу әуеайлағына уақтылы қайтару немесе қосалқы әуеайлаққа қону әуе кемесi командирiнiң (ұшқышының) дұрыс шешiмi ретiнде бағалануы тиiс.
635. Баратын әуежайға метеожағдайларға немесе басқа себептермен қона алмайтын болса, әуе кемесiнiң командирiне, ШҚБ-дан белгiлi әуежайдағы АНҚ басқа қор әуежайына дейiн жететiн, ауа райы минимумынан төмен болмайтын жағдайда басқа әуежайға ұшуына рұқсат берiледi.
636. Егер әуе кемесiнiң бортында отын мөлшерi, аэронавигациялық және метеорологиялық жағдайы баратын әуеайлықтың ШҚБ-дан қосалқы әуеайлаққа өтудi қамтамасыз етпейтiн болса, әуе кемесiнiң командирiне:
1) отын құю үшiн аралық жақын әуеайлаққа қонуды жүргiзуi;
2) қосалқы әуеайлаққа өту шегiне дейiн ұшу құқығы берiледi.
637. Өту көкжиегiнен баратын әуеайлаққа дейiн ұшуды жалғастыруға деген шешiм қабылдануы мүмкiн, егер:
1) баратын әуеайлақтағы нақты ауа райы минимумнан төмен болмаса;
2) ұшып келген уақытқа дейiн ауа райы болжамымен қосалқы әуеайлақтағыдай метеорологиялық жағдайдың болуы (төменгi шегiнiң бұлт биiктiгi 50 метрге дейiн, көру мүмкiндiгi 500 метр минимумнан жоғары немесе төменгi шегiнiң бұлттан биiктiгi 90 метр және көру мүмкiндiгi 1000 метрден төмен емес, егер, қосымша әуеайлақ санатталған минимуммен пайдалануға жiберiлсе);
3) баратын әуеайлақтың әуе кемесiн қабылдау үшiн техникалық жарамдылығы туралы растауды алса.
638. Өту көкжиегiнен ұшып өткенге дейiн экипаж ӘҚҚ-ның диспетчерiне, баратын әуеайлаққа дейiн ұшу жалғасса немесе қосалқы әуеайлаққа өтуiне қабылдаған шешiм туралы хабарлайды.
639. Өту эшелонынан әуе кемесiнiң төмендеуiне және қонуға бет алу, егер қону әуеайлағында:
1) жердегi желдiң жылдамдығын және оның бағыты мен екпiндерiн есепке алып, сондай-ақ ҰҚЖ үстiңгi бетiнiң жағдайы және тiркесу коэффицентiнiң мәнi белгiленген шектеулерден аспайтын жағдайда;
2) ҰҚЖ-да көру мүмкiндiгi (көру мүмкiндiгi) әуе кемесiнiң осы үлгiсiнiң қонуына арналған әуеайлақтың минимумынан төмен болмаса;
3) бұлттарының төменгi шекарасының биiктiгi (тiгiнен көру мүмкiндiгi) шешiм қабылдау биiктiгiнен 3/4 кем болмаса;
4) ұшу-қону жолағының жай-күйi белгiленген талаптарға жауап беретiн болса рұқсат етiледi.
640. І санаттық минимум бойынша әуе кемесiнiң төмендеуi өту эшелонынан және қонуға бет алу бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгi (тiгiнен көру мүмкiндiгi) шешiм қабылдау биiктiгiнен 3/4 кем болмаған кезде, ал II және III санаттағы минимум бойынша - бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгiне тәуелсiз, осы ҚР ӘК ҰНЕ 42-тармағының талаптарына сай болғанда рұқсат eтiледi.
641. Экипаж АЖБР-ден ұшып шыққанға дейiн қонуға және ҰҚЖ табалдырығына дейiн 1000 метрден кем емес қашықтауға дайындығы туралы қону диспетчерiне хабарлауы, қонуға рұқсат алу немесе екiншi айналымға кетуi туралы хабарлауы тиiс.
642. ГЕН-нен қонуға дейiн әуе кемесiнiң ұшу кезiнде берiлген траекторияны ұстау бойынша қызмет көрсету ӘҚҚ диспетчерiнiң нұсқауы мен ақпараты экипаж тарапының растауынсыз қабылдануы мүмкiн.
Төмендеуге және қонуға рұқсат беру (рұқсат бермеу) туралы хабарды әуе кемесiнiң экипажы растауға мiндеттi.
643. Қону алдындағы ұшу кезiнде ӘК командирi әуе кемесiнiң төмендеуiн тоқтатуға және екiншi айналымға кетуге тиiс егер:
1) қонуды орындау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн қауiптi метеорологиялық жағдай немесе құстардың топталуы байқалса;
2) қатты жауын-шашын жағдайында метеорологиялық көру мүмкiндiгi 1000 метрден төмен болса (ЖҚО бойынша көру мүмкiндiгiнiң мәнi есепке алынбайды);
3) төмендеу глиссадасын ұстап түру үшiн қозғалтқыштардың (қозғалтқыштың) жұмыс режимiн атаулыға дейiн арттыру қажет болса;
4) осы ҚР ӘК ҰНЕ 42-тармағында көрсетiлген шектi мәннен төмен қонудың iс жүзіндегі жағдайлары туралы хабарды экипаж алғанда;
5) жақындау оттарымен сенiмдi көзбен көру байланысын немесе басқа да қону бағыты бойынша бағдарларымен жерге қауiптi сигнализациясының қосылуы;
6) АЖБР ұшып кеткеннен кейiн бағыт бойынша немесе глиссададан ауытқыса және асыратын болса немесе вертикальдық жылдамдықты рұқсат етiлетiндей мөлшерден асыратын болса;
7) ШҚБ-ға дейiн жақындау оттарымен (ұшу-қону жолағының оттарымен) немесе жер бетіндегі бағдарлармен қажеттi көзбен шолу байланысы белгiленбесе;
8) ШҚБ-ға қол жеткізу кезiнде кеңiстiктегi әуе кемесiнiң орналасуы немесе ұшу-қону жолағына қарағанда оның қозғалу параметрлерi қону қауiпсiздiгiн қамтамасыз етпегенде;
9) ҰПБ-ға сәйкес рұқсат етiлетiн ең төменгi кету биiктiгiне дейiн ШҚБ-дан төмендеу кезiнде жақындау оттарымен немесе жер бетіндегі бағдарлармен көзбен шолу байланысын жоғалтқанда;
10) әуе кеңесiнде немесе ұшу жолағында ұшу қауiпсiздiгiне және қонуға қауiп туғызатын кедергiлер пайда болғанда;
11) қонуға деген есептеме оның орындалу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етпегенде;
12) ШҚБ-ны алғанға дейiн қону (Мұнара) диспетчерiнен қонуға рұқсат алмағанда тоқтатады.
Екiншi айналымға өту әуе кемесi командирiнiң сауатты шешiмi ретiнде бағалануы тиiс. Ешбiр лауазымды тұлға екiншi айналымға кетуi туралы әуе кемесi командирiнiң шешiмiне талас тудыруға, сондай-ақ оған әкiмшiлiк iс-қимыл шараларын қолдануға құқығы жоқ.
644. Экипаж әуе кемесiнiң қонуын ҰПБ және Экипаж мүшелерiнiң өзара әрекет етуi және жұмыс технологиялары жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес әуе кемесiнiң есептiк қону массасының белгiленген нормативтерiнiң шегiнде қону аймағында жүргiзуi тиiс.
Қажеттi қону арақашықтығы метеорологиялық жағдайға және ҰҚЖ-ның жай-күйiне байланысты әуе кемесiнiң есептiк қону массасын ала отырып, есептеледi.
Есеп ҰҚЖ-ның жұмыс ұзақтығының шегiнде әуе кемесiнiң тоқтауын көздейдi.
645. Әуе кемесiнiң түнгi уақытта қонуы, ереже бойынша, қону фараларының жағылуымен орындалады. Жарықты экран беретiн тұманды және басқа да метеоқұбылыстар кезiнде қону, фараны жағу биiктiгiн және оларды қолдану тәртібін әуе кемесiнiң командирi анықтайды.
646. Iлеспе жел кезiнде әуе кемесiнiң қонуына, егер де бұл осы әуеайлақта ұшуды жүргiзу жөніндегі нұсқаулықта және ӘК-тiң осы үлгiсi ҰПБ-да көзделсе рұқсат етіледi.
647. Экипаж әуе кемесiн тұраққа рульдеудi әуеайлақта рульдеу белгiленген схемасына сәйкес, (Мұнараны) рульдеу немесе сүйемелдеу автомашинасы диспетчерiнiң нұсқауы бойынша жүзеге асырылады.
648. 4-сыныпты әуе кемелерi және/немесе тiкұшақ ұшуға немесе қону орнына қайтуына топ құрамында ұшуды мына жағдайда орындай алады, егер топқа кiретiн басқа кемелердiң командирлерiмен алдын-ала келісім болса, бақылау әуе кеңесiнде топ ұшу, тек әуе жол қызметiнiң тиiстi өкiлеттi мүшесiнiң көрсеткен талаптарымен орындалады. Көрсеткен талаптарға мыналар кiредi:
1) бiр әуе кемесi навигация және орналасқан жерi туралы ақпаратты ұсыну көзқарасы тұрғысында топ ұшуды орындағанда;
2) топтағы әуе кемелерiнiң арасындағы эшелондауды қамтамасыз етудi әуе кемесiнiң жетекшi командирi және топтағы басқа әуе кемелерiнiң командирлерi жауап бередi және оны қамтамасыз ету кезiнде өту кезеңдерi әуе кемелерiне топта өз орнын алу үшiн, сондай-ақ қосылу және айырылу кезiнде маневр жасалғанда есепке алынады;
3) әрбiр әуе кемесi жетекшi әуе кемесiнен бүйiрлiк және көлденең жазықтықтарда 1 км аспайтын және тiк жазықтықта 30 метр қашықтықта болады.
649. Әуе кемесi әуежайдан немесе қону алаңынан ұшуы кезiнде ӘҚҚ органының диспетчерiмен жердегi байланыс құралы жоқ әуежай тұрған ауданнан (отырғызу алаңы), әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы), борттық радиобайланыс құралын қолданып, ӘҚҚ органынан тiкелей немесе басқа ӘҚҚ мүшелерiнен, мемлекеттік авиация ұшу командалық пункт басқармасы немесе ұшуда болатын әуе кeмeлepi арқылы талап етiп ұшуға, диспетчер рұқсатын алады.
Жердегi әуе кемесiнiң бортынан радиобайланысын орнатуға мүмкiндiк болмағанда, диспетчер рұқсатын әуе кемесi ұшқаннан кейiн алуы мүмкiн. Мұндай жағдайда, әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы) жақын ӘҚҚ диспетчерлiк немесе ұшуларды басқару командалық пункт ұшатын орнын және уақытын хабарлауға мiндеттi. Жерде байланыс құралы болмаған кезде әуеайлақтан (отырғызу алаңынан) ұшуды орындауға рұқсат алудың өзгеше тәртібі ӘҚҚ тиiстi аймағының (аудандарында) әуеайлақтарда (аэроторапта) ұшуды жүргiзу жөніндегі нұсқаулықпен анықталады.
650. Әуе кемелерi белгiленген шектеулер шарттарына сәйкес немесе аумағының үстiнде осындай аймақтар белгiленген мемлекеттiң рұқсатымен орындалатын ұшуларды қоспағанда, олар туралы ақпарат тиiстi түрде жарияланған тыйым салынған аймақта немесе ұшуларды шектеу аймағында ұшуларды орындамайды.
651. Әуе қатынасы туралы халықаралық шарттардың негiзiнде орындалатын Қазақстан Республикасы әуе кемелерiнiң және шетел мемлекеттерi әуе кемелерiнiң халықаралық тұрақты ұшулары бекітілген ұшу кестесi бойынша жүргiзiледi.
652. Азаматтық әуе кемелерiнiң халықаралық ұшулары белгiленген халықаралық әуе трассалары бойынша орындалады. Халықаралық ұшуды орындайтын әрбiр әуе кемесi бортында Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тиiстi кеме құжаттары болуы тиiс.
653. Қазақстан Республикасы әуе кемелерiнiң және шетелдiк мемлекеттердiң әуе кемелерiнiң ұшуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында олардың қонуы шекара әскерлерiнiң бақылау-өткізу бекетi және кедендiк тексеру бекетi бар халықаралық ұшулар үшiн ашық әуежайларда жүргiзiледi.
654. Қазақстан Республикасының әуе кеңістiгiнде халықаралық әуе трассалары бойынша шетел әуе кемелерiнiң ұшуы халықаралық ұшулар үшiн ашық емес әуежайларда (әуеайлақтарда) қонуымен, бортта Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi органымен тағайындалған арнайы басшысымен (ұшқышпен, штурманмен) ғана орындалады.
655. Әуе кемелерiнiң экипаж мүшелерi халықаралық ұшулардың алдында және аяқтағаннан кейiн кедендiк тексеруден, төлқұжаттық бақылаудан және тиiстi мемлекеттік органдармен белгiленген басқа да рәсiмдерден өтуi тиiс.
656. Әрбiр халықаралық ұшу ӘҚҚ органынан белгiленген тәртiппен алынған ұшуға рұқсаты (clearance) болуы кезiнде және ұсынылған ұшу жоспарына (flght plan) сәйкес жүргiзiлуi тиiс.
657. Қазақстан Республикасы әуе кемелерiнiң экипаждары халықаралық ұшуларды орындау кезiнде:
Қазақстан Республикасының әуе кеңістiгiн пайдалану туралы ережесін, осы Ереженi және Халықаралық әуе трассалары бойынша аэронавигациялық ақпараттар жинақтарын және халықаралық стандарттар мен ИКАО ұсынымдарына сәйкес халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны (1944 жылғы Чикаго конвенциясын) басшылыққа алады;
Егер Қазақстан Республикасы әуе заңдарының және осы Ереженiң қағидаттары ИКАО стандарттарынан айрықшаланатын болса, онда бұл айырмашылықтар Қазақстан Республикасының Аэронавигациялық ақпараттар жинағында (ҚP ААЖ) жарияланады және № 9730 құжатпен белгiленген тәртiпте ИКАО-ға хабарланады.
658. Техникалық қызмет көрсетудi - ұшақтың бортинженерi (бортмеханигi) жүзеге асырады.
Халықаралық ұшуды орындау кезiнде өндiрiстiк қажеттілік болған жағдайда ұшуға арналған тапсырмаларда осы пайдаланушының инженерлiк-техникалық персоналының тұлғалары (ұшқыштар кабинасында болу құқығынсыз) енгiзiлуi мүмкiн.
Бұдан басқа, ұшуға арналған тапсырмаға ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердi (флайт-менеджердi) енгізуге рұқсат етiледi.
Жоғарыда аталған мамандар экипаждың мүшелерi болып табылмайды, бiрақ белгiленген тәртiппен сақтандырылуы, азаматтық авиация ұйымының нысандық киiмiн киюi және өзiмен бiрге қажеттi құжаттары болуы тиiс.
Басқа ешқандай мамандар ұшуға арналған тапсырмаға енгiзiлмейдi. ӘК бортындағы адамдардың ең көп саны таңу белдiктерiмен қамтамасыз етiлген орындықтардың санынан аспауы тиiс.
659. Авиакомпанияның өкiлiне көлiктiң әуе кемесiне жақын келуiн, жүк тиеу-түсiру жұмыстарын ұйымдастыру және ЖЖМ-ны уақтылы құю, борт тамағын жеткізу және тиеудi қамтамасыз ету мiндетi жүктеледi.
660. Экипаж жасайтын ұшу жоспарын (флайт-жоспарды) әуе кемесiнiң командирi немесе авиакомпанияның өкiлi әрбiр мемлекет анықтаған уақыттан кешiктiрмей ұшу әуежайының диспетчерiне ұсынады.
661. Халықаралық ұшуларды орындауға сертификатталған оқу орталықтарында арнайы дайындықтан өткен және халықаралық ұшуларға рұқсат бар экипаждар жiберiледi. Әуе кемесiнiң экипажы ол үшiн жаңа халықаралық әуе трассасы бойынша дербес ұшуға осы Ереженiң 598-тармағының талаптарына сәйкес жiберiледi. Осы трасса бойынша және әуеайлақтарға бiрiншi рет халықаралық ұшуды орындайтын командирлер, штурмандар мен бортрадистер үшiн сыныбына қарамастан тасымалдау мiндеттi.
662. Халықаралық ұшуларды орындауға жiберiлген экипаж мүшелерi:
1) Халықаларық азаматтық авиация ұйымы туралы конвенцияны (1944 жылғы Чикаго конвенциясы) және оған тиiстi Қосымшаларды, сондай-ақ әуе кеңiстiгiнде ұшу орындалатын шетелдiк мемлекеттердiң Ұшу ережесін;
2) аэронавигациялық ақпараттар жинақтарын шетел басылымдарының радионавигациялық карталары мен анықтамалық материалын пайдалану тәртібін;
3) шетел мемлекеттерiнiң әуе кеңiстiгiнде әуе қозғалысына қызмет көрсетудi (ӘҚҚ) ұйымдастыруды;
4) кедендiк және төлқұжаттық бақылау рәсiмдерiн;
5) ұшуды ұйымдастыруды және ресiмдерiн;
6) ұшу жоспарын ұсынуды толтыру және ұшу алдындағы аэронавигациялық ақпаратты алу ережесін;
7) iздестiру-құтқаруды қамтамасыз ету тәртібін;
8) ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету тәртібін;
9) төмендеу қонуға бет алу кезiнде және қонуды орындағаннан кейiн маневрлердiң құрылу схемасын;
10) азаматтық әуе кемелерiн шетел мемлекеттерiнiң әуе күштерiне қарсы қорғаныс истребительдерiмен ұсталған кезде халықаралық сигналдар мен рәсiмдердi;
11) ағылшын тілінде радиотелефон байланысын жүргiзу ережесін (ӘК командирi, екiншi ұшқыш, штурман, бортрадист);
12) әуе кемесiне техникалық қызмет көрсетудi қамтамасыз ету үшiн қажеттi деңгейде ағылшын тілін (бортинженер, бортмеханик және бортоператор) бiлуге мiндеттi.
663. Халықаралық ұшуларды орындау кезiнде әуе кемесiнiң командирi жағдайға қарай бағыт бойынша ұшуды тоқтату және ұшып шыққан пунктке оралу немесе қосалқы әуеайлаққа қону туралы шешiм қабылдауға құқығы бар.
Әуе кемесiнiң командирi қабылдаған шешiм туралы жедел түрде ӘҚҚ-ның тиiстi органына хабарлауға мiндеттi.
664. Халықаралық ұшуды орындайтын әуе кемесiнiң командирi:
1) экипаж мүшелерiнiң шетел мемлекетiнiң аумағында заңдары және тәртiп сақтау ережелерiн орындауына;
2) әуе кеңiстiгiнде ұшу орындалатын мемлекеттiң ұшу ережелерiнiң орындалуына;
3) келетiн мемлекет белгiленген иммиграциялық, кедендiк және карантиндiк ережелердiң орындалуына;
4) кеме, жүк, кедендiк, карантиндiк және иммиграциялық құжаттардың болуына және дұрыс ресiмделуiне;
5) экипаж мүшелерiнiң ұшу алдындағы демалысын ұйымдастыруға;
6) ауруына немесе басқа себептер бойынша өз мiндеттерiн орындауға дәрменсiз болған экипаждың кез келген мүшесiнiң шетелдiк әуежайдан ұшып шығуына қамтамасыз етуге жауап бередi.
665. Чартер (фрахтау) шарты бойынша халқаралық ұшуды орындау кезiнде әуе кемесiнiң командирi чартер шарты бойынша ұшу тапсырмаларын бiлуi және қатаң орындауы тиiс.
666. Шу бойынша шектеулер енгiзiлген әуежайларда әуе кемесiнiң командирi ҰПБ жол берiлетiн шамада шу шектеулерi бойынша талаптарды сақтау жөніндегі қажеттi шараларды қабылдауға мiндеттi.
667. Әуе кемесiнiң командирi ұшудың осы жағдайында шуды азайту жөніндегі рәсiмдер ұшу қауiпсiздiгiне терiс әсерiн тигiзетiн болса, шуды азайту жөніндегі рәсiмдердi сақтамауға құқылы.
668. Әуе кемесiнiң командирi шетелдiк әуежайдан ұшуға шешiм қабылдаған кезде ондағы iс жүзіндегі және болжамдалатын ауа райы туралы мағлұматтар болмаған кезде, азаматтық авиациядағы Ұшу ережелерiнiң талаптарына сай келетiн қосалқы әуеайлақ болса, баратын әуеайлаққа ұшуға құқығы бар.
669. Әуе кемесiнiң экипажына көзбен шолып қонуға бет алуға белгiленген минимумнан төмен емес ауа райы кезiнде көзбен шолып қонуға рұқсат етiледi.
670. Ұшу бағытын зерделеу кезiнде экипаж аэронавигациялық жағдаймен, ұшып баратын және қосалқы әуеайлақтармен, сондай-ақ мәжбүрлi (авариялық) қонатын жағдайларда жол бойында орналасқан әуеайлақтармен танысуы тиiс.
671. Қонуға бет алу үшiн тек VOR (NDB) маягi көзделген таулы әуеайлаққа ұшуға дайындық кезiнде экипажға әуе кемесiн ұшу-қону жолағының қақпасына шығарудың тиiмдi дәлдiгiн қамтамасыз ету үшiн басқа да бақылау және бағдарлау құралдарын қосымша анықтау қажет.
672. Әуе жақындаулары шектеулi және қонуға кіру немесе биiкке көтерiлу сызбасы стандартты емес таулы әуеайлаққа ұшу үшiн экипаж аспап бойынша ұшудың ең төменгi рұқсат етiлген жылдамдығын шектеу жөнiнде және әртүрлi ұшу салмақтары үшiн түрлi пiшіндегі жантаю бұрыштары жөніндегі мәлiметтердi нақтылауы қажет.
673. Ұшу алдындағы дайындық кезiнде экипаж әуежай әкiмшiлiгiнiң өкiлiнен (немесе азаматтық авиация ұйымының өкiлiнен), мыналарды:
1) ұшудың бекітілген флайт-жоспарын;
2) аэронавигациялық ақпарат бюллетенiн (НОТАМ);
3) метеорологиялық ақпараттық материалын;
4) коммерциялық жүктердiң тиелуi туралы алдын ала мәлiметтердi қамтитын ұшу ақпараттары құжаттарын алуы тиіс.
674. Әуе кемесiнiң командирi экипаж мүшелерiмен бiрге алынған мәлiметтердi талдайды және аэронавигациялық жағдайлардың негiзiнде ұшуға шешiм қабылдайды және флайт-жоспарды бередi.
675. Технологиялық кестеге сәйкес жолаушыларды және/немесе жүктердi тасымалдау кезiнде әуе кемесiне мынадай құжаттар жеткiзiлуi тиiс:
1) бас декларация;
2) жолаушылар (жүк) манифесi;
3) жиынтық жүк тиеу ведомосы;
4) кеден белгiсi бар жүк құжаттары.
676. Халықаралық ұшуларды орындаудың метеорологиялық жағдайлары әуеайлақтарда әуе кемелерiнiң ұшуы мен қонуы үшiн ауа райы минимумының белгiленген санаттарымен және нақты немесе болжамды ауа райы жөніндегі мағлұматтармен анықталады.
677. Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекетiнiң эшелондау жүйесiнде айырмашылықтар болған кезде, эшелондардың ауысуы ӘҚҚ шектес органдары арасында өзара әрекет ету рәсiмдерi туралы келісімге сәйкес жүргiзiледi, бұл рәсiмдер аэронавигациялық ақпараттар құжаттарында жарияланады.
678. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қиып өтуге 100-200 км қалғанда әуе кемесiнiң командирi мемлекеттік шекара дәлiзi соның ӘҚҚ ауданында орналасқан Қазақстан Республикасының ӘҚҚ диспетчерiнен рейстiң нөмiрiн, ұшу эшелонын және мемлекеттік шекарадан ұшып өтудiң есептелген уақытын хабарлап оны қиып өтуге рұқсат сұрауға мiндеттi. Жоғарыда аталған рәсiмдер ТМД елдерiне көзделмеген.
679. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесiп өткен кезде әуе кемесiнiң экипажы диспетчерге iс жүзiнде кесiп өту уақытын және ұшу эшелонын (биiктiгiн) хабарлайды.
680. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесiп өтуге рұқсат болмаған жағдайда әуе кемесiнiң командирi белгiленген әуе дәлiзiне кемiнде 50 км қалғанда ӘҚҚ диспетчерлiк органынан тиiстi нұсқау алғанға дейiн вираж жасауы тиiс.
681. Әуе кемесi мемлекеттік шекараны кесiп өтсе, бiрақ ұшу қауiпсiздiгi жағдайлары бойынша Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiне оралуға мәжбүр болса, онда экипаж "Мәжбүрлiктен ораламын" деп хабарлауға және диспетчерге мемлекеттік шекараны кесiп өтудiң есептелген уақыты мен ұшу эшелонын (биiктiгiн) баяндауға мiндеттi.
682. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын рұқсатсыз кесiп өткен немесе мемлекеттік шекарадан ұшып өту ережелерiн және әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртібін басқаша бұзған әуе кемесi әуе кеңiстiгiн бұзушы кеме деп танылады және егер ол ұшуды бақылайтын органдардың талаптарына бағынбаса, қонуға мәжбүр eтіледі.
683. Ұшу биiктiгiн анықтауға арналған аралас аспаптары (биiктiк өлшеуiштер, футомерлер) бар әуе кемелерiнде биiктiктi өлшеу мынадай әдiстеме бойынша жүзеге асырылады:
1) ұшу кезiнде:
футомердiң қысым шкаласы QNH қысымына қойылуы тиiс;
метрлiк биiктiк өлшеуiштердiң қысым шкаласы сынап бағанасы бойынша мм. QFE қысымына қойылуы тиiс (стрелкалар "О" биiктiктi көрсетедi);
2) ауысу биiктiгiн кесiп өту кезiнде:
футомердiң қысым шкаласы 1013 мбр (QNH) қысымына қойылады;
метрлiк биiктiк өлшеуiштердiң қысым шкаласы сынап бағанасы бойынша 760 мм қойылады;
3) төмендеу кезiнде:
биiктiк өлшеуiштердiң қысым шкалаларын ауыстыру ауысу эшелонын кесiп өткенде жүргiзiледi;
футомердiң қысым шкаласы орташа теңiз деңгейiне келтiрiлген QNH қысымға қойылады;
метрлiк биiктiк өлшеуiштердiң қысым шкаласы әуеайлақтың QFE қысымының мәнiне қойылады.
Ауысу эшелонын кесiп өткен соң ұшу биiктiгi биiктiк өлшеуiшпен мiндеттi түрде бақылана отырып, футомер бойынша глиссадағы ену нүктесiне дейiн сақталады.
47-тарау. Авиациялық жұмыстарды жүргiзу кезіндегі ұшу
Жалпы ережелер
684. Авиациялық жұмыстарды жүргiзу кезiнде ұшуды орындау Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының қызметi саласындағы нормативтiк құжаттар мен осы Ереженiң, сондай-ақ авиациялық жұмыстарды орындау үшiн ұшуға рұқсат етiлген әуе кемесiн ұшу кезiнде пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың және (немесе) уәкiлеттi орган бекiтетiн авиациялық жұмыстардың осы түрiн орындауға қатысты өзге де нұсқаулар мен нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
685. Авиациялық жұмыстарды орындау үшiн ұшу мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) авиациялық-химиялық жұмыстар;
2) әуеден суретке түсiру;
3) орманавиациялық жұмыстар, мал басына санақ жүргiзу жөніндегі жұмыстар;
4) құрылыс-монтаждық және жүк тиеу-түсiру жұмыстары;
5) көлік-байланыс жұмыстары;
6) ашық теңiздер мен мұхиттар аралдарында;
7) теңiз кемелерiнен және теңiздегi бұрғылау қондырғыларынан;
8) халыққа медициналық көмек көрсету және санитарлық iс-шаралар жүргiзуге арналған;
9) тәжiрибелiк және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзуге;
10) авариялық-құтқару жұмыстарына, дала және орман өрттерiн сөндiруге арналған.
686. Авиациялық жұмыстарды орындау үшін жіберілетін ұшу құрамы мен басқа да мамандар бар дайындық бағдарламаларына сәйкес теориялық және ұшу дайындығынан өтуi тиiс. Авиациялық жұмыстарда ұшуды орындауға жiберу азаматтық авиация ұйымы бойынша бұйрықпен ресiмделедi.