«Балық» мемлекеттік акционерлік компаниясын қайта құру туралы»
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 14 ақпандағы № 157 Қаулысы
Үкіметтің реформаларды жеделдету және экономикалық дағдарыстан шығу жөніндегі іс-қимылының бағдарламасына сәйкес және балық саласын басқаруды жетілдіру, монополиясыздандыру, бәсекелестікті дамыту әрі жекешелендіру процестерін тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитеті:
"Балық" мемлекеттік акционерлік компаниясына 1 қосымшаға сәйкес берілген акционерлік қоғамдардың және аумақтық акционерлік компаниялардың акцияларының мемлекеттік пакеттері кері алынсын;
аталған акционерлік қоғамдардың және аумақтық акционерлік компаниялардың мемлекеттік пакеттері қолданылып жүрген заңдарда белгіленген тәртіп бойынша өткізілетін болсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитеті Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесіп, бір ай мерзімде "Балық" мемлекеттік акционерлік компаниясының міндеттемелері бойынша құқықтық мұрагерлікті анықтасын.
3. ҚР Үкіметінің 1996.17.05. № 609 қаулысымен күші жойылды
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қаржы министрлігі екі апта мерзімде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Балық шаруашылығы жөніндегі комитеттің саны, оны материалдық қамтамасыз ету және қызметінің басқа да мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетіне ұсыныстар енгізсін.
5. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанынан балық шаруашылығы жөніндегі комитет құру туралы" 1992 жылғы 26 ақпандағы № 159 қаулысының, "Балық" мемлекеттік акционерлік компаниясын құру туралы" 1994 жылғы 4 мамырдағы № 472 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 21, 209-бап) және "Балық" мемлекеттік акционерлік компаниясының президенті және Байқаушы кеңесі туралы" 1994 жылғы 19 мамырдағы № 539 қаулысының күші жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 14 ақпандағы
№ 157 қаулысына
№ 1 Қосымша
Акцияларының мемлекеттік пакеттері «Балық»мемлекеттік
акционерлік компаниясынан кері алынатын акционерлік
қоғамдар мен аумақтық акционерлік компаниялардың
ТІЗБЕСІ
"Аралбалықөнеркәсіп" АҚ, Қызылорда облысы
"Балық" АҚ, Қызылорда облысы
"Нұртуған" АҚ, Қызылорда облысы
"Қазақбалықфлот" АҚ, Маңғыстау облысы
"Балық" АҚ, Батыс Қазақстан облысы
"Қостанай балық зауыты" АҚ, Қостанай облысы
"Балық" АҚ, Солтүстік Қазақстан облысы
"Қазбалықшардың 3-МЖК" АҚ, Солтүстік Қазақстан облысы
"Ақмола балықшысы" АҚ, Ақмола облысы
"Шымкентбалық" АҚ, Оңтүстік Қазақстан облысы
"Құрылысбалық" АҚ, Оңтүстік Қазақстан облысы
"Толқын" АҚ, Семей облысы
"Алтынбалық" АҚ, Жамбыл облысы
"Балқашбалық" АҚ, Жезқазған облысы
"Өскементоғаншары" АҚ, Шығыс Қазақстан облысы
"Атыраубалық" ТАК, Атырау облысы
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 14 ақпандағы
№ 157 қаулысына
2 Қосымша
Жекешелендіруге жатпайтын, қызметін реттеуді
Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын
кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің
ТІЗБЕСІ
ҚР Үкіметінің 1995.17.05. № 609 қаулысымен 2-қосымша өзгертілді
Майбалық балық питомнигі, Ақмола облысы
Қазақ өндірістік жерсіндіру станциясы, Алматы облысы
Қапшағай уылдырық шашу-көбейту шаруашылығы, Алматы облысы
Балық өнеркәсібі флотының теңізде жүзу қауіпсіздігі және
порттық қадағалау Қазақ мемлекеттік инспекциясы, Алматы облысы
Атырау теңіз балық шаруашылығы техникум, Атырау облысы
Бұқтырма уылдырық шашу-көбейту шаруашылығы, Шығыс Қазақстан облысы
Жезқазған балық питомнигі, Жезқазған облысы
Қамыстыбас балық питомнигі, Қызылорда облысы
Зеренді балық питомнигі, Көкшетау облысы
Жоғарғы тобыл балық питомнигі, Қостанай облысы
Качир балық питомнигі, Павлодар облысы
Шідерті уылдырық шашу-көбейту шаруашылығы, Павлодар облысы
Петропавл балық питомнигі, Солтүстік Қазақстан облысы
Шардара балық питомнигі, Оңтүстік Қазақстан облысы
Түрген бақтақ балық шаруашылығы, Алматы облысы