Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылған
ағын суды жер қойнауына көмудiң мемлекеттік кадастрын жүргiзудiң
тәртібі туралы ереженi бекіту туралы Қазақстан Респбуликасы
Үкіметінiң 1996 жылғы 18 қазандағы № 1285 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 25 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 Заң күшi бар Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмудiң мемлекеттік кадастрын жүргiзудiң тәртібі туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 18 қазандағы
№ 1285 қаулысымен
Бекiтiлген
Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды және
пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмудiң
мемлекеттік кадастрын жүргiзудiң тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Осы Ереже зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылған ағын суды көмудiң мемлекеттік кадастрын (бұдан әрi - мемлекеттік кадастр) жүргiзудiң тәртібін анықтайды және Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық жер қойнауын пайдаланушыларға мiндеттi болып табылады.
2. Мемлекеттік кадастрды жүргiзу жер қойнауларының мемлекеттік қорын есепке алу жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
3. Мемлекеттік кадастрды Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінiң органдары республикалық және аймақтық жер қойнауын және қоршаған табиғи ортаны қорғау, бағдарламаларын қамтамасыз ету мақсатында жүргiзедi. Мемлекеттік кадастр жедел ақпарат алу, қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында шешiмдер қабылдау, жеке ұйымдар, аймақтар және жалпы Қазақстан Республикасы бойынша зиянды заттар радиоактивтi қалдықтар және пайдаланылған ағын су көмiлген жерлердiң жай-күйiне жоспарлы бақылау жүргiзу үшiн негiзгi құжат ретiнде қызмет етедi.
Мемлекеттік кадастрдың мәлiметтерi жер қойнауы туралы бiртұтас сандық ақпарат жүйесiне (мәлiметтер банкiне) енгiзiледi және жер қойнауы мемлекеттік мониторингiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
4. Мемлекеттік кадастрдың есепке алуына зиянды заттарды радиоактивтi қалдықтарды көму объектiлерi мен пайдаланылған ағын су жер қойнауына сiңiрiлетiн жерлер жатады.
5. Мемлекеттік кадастр:
зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көметiн объектiлердiң және пайдаланылған ағын су келiп құйылатын жерлердiң жалпы сипаттамасын: орналасқан орны, пайдалану мерзiмi, оларды ұстауға шығындар, қоршаған орта және жер қойнауы мониторингiнiң бақылау жүйесiнiң болуын және орналасуын және т.б.;
зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму объектiлерiнiң және пайдаланылғаны ағын су келiп құйылатын жерлердiң физикалық сипаттамасын: оқшаулау сипаттамасын тау жыныстарының түрiн, шоғырлар тереңдiгiн және қабат-коллектордың тиiмдi қуатын, оның алаңын, кеуектiлiк коэффициентiн, төселетiн және бөгелетiн су бөгеттерiнiң сипаттамасын, жер асты суларының табиғи ағысының жылдамдығын, ағызылған суды сақтау және басқа да сапалық және сандық көрсеткiштерiн, көмудiң және ағызудың кен-техникалық, арнайы инженерлiк-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттарын;
зиянды заттар, радиоактивтi қалдықтар және пайдаланылған ағын су пайда болатын ұйымдар туралы мәлiметтердi: орналасқан жерiн және қарасты мекемесiн, лицензиялардың, контрактiлердiң, кен және жер бөлiнiстерiнiң болуын және тiркеу нөмiрлерiн;
зиянды заттардың, радиоактивтi қалдықтардың және пайдаланылған ағын судың сипаттамаларын: өнiм атауын, нәтижесiнде өнiм пайда болатын технологиялық өндiрiс немесе процесс, физикалық сипаттамасын (толық химиялық құрамын, улы компоненттердiң мөлшерi, өрт-жарылыс қауiптiлiгi, ерiгiштiгi, сақтау кезiнде басқа заттармен сайысушылығы, негiзгi ластайтын радионуклидтер, олардың белсендiлiгi және басқа сипаттамалары), тасымалдау жүйесiнiң сипаттамасын қамтуға тиiс.
6. Мемлекеттік кадастр зиянды заттар, радиоактивтi қалдықтар және пайдаланылған ағын сулар үшiн Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі әзiрлеп, бекiтетiн жеке-жеке нұсқаулық талаптарға сәйкес жүргiзiледi.
7. Осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген мәлiметтер жыл сайын (есеп жылынан кейiнгi жылдың бiрiншi тоқсаны iшiнде) 1-қаңтарға қарасты жағдай бойынша екi данада Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінiң органдарына зиянды заттар, радиоактивтi қалдықтар және пайдаланылған ағын су пайда болатын ұйымдардан және зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылған ағын суды көму объектiлерiнен келiп түседi. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінiң органдарында ұйымдардан келiп түскен мәлiметтер негiзiнде әкiмшiлiк облыстар және жалпы Қазақстан Республикасы бойынша жиынтық мемлекеттік кадастрлар жасалынады.
8. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі мемлекеттік кадастрдың дұрыс толтырылуына жауап бередi және:
ұйымдардан мәлiметтердiң уақтылы келiп түсуiне бақылауды;
мемлекеттік кадастр материалдарын жинауды, есепке алуды, жүйелеудi және сақтауды;
есептеу техникасын пайдалану арқылы және жер қойнауын пайдаланушыларға анықтама-ақпараттық қызмет көрсету негiзiнде мемлекеттік кадастрдың мәлiметтерiн өңдеудiң автоматтық жүйесiн құруды және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi.
9. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының экология және биоресурстар министрлігіне жыл сайын зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылған ағын суды көму объектiлерiнiң нақтыланған мемлекеттік кадастрын тапсырады.