Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы
№ 1158 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 324 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысынамен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы № 1158 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 37, 390-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізудің ережесінде:
29-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сондай-ақ конкурстық комиссия, егер конкурстық құжаттама талаптарына жауап беретін екіден кем конкурстық өтінім ұсынылса, конкурсты өткізілмеді деп таниды.;
39-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |