«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 сәуірдегі № 249 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:
6-тармақтағы «Республика даңғылы, 24» деген сөздер «Бейбітшілік көшесі, 11» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті туралы ережеде:
5-тармақтағы «Республика даңғылы, 24» деген сөздер «Бейбітшілік көшесі, 11» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің құрылымы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті туралы ережеде:
5-тармақтағы «Қабанбай батыр көшесі, 47» деген сөздер «Бейбітшілік көшесі, 11» деген сөздермен ауыстырылсын;
мемлекеттік тілдегі мәтінде 9-тармақтың 1) тармақшасының соңғы абзацындағы «жүзеге асырады» деген сөздердің алдынан «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«ғарыш объектілерінің тіркелімін жүргізуді».
2. Осы қаулы қол қол қойылған күнінен қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 6 сәуірдегi
№ 249 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің
Білім және ғылым саласындағы қадағалау және
аттестаттау комитетінің құрылымы
Басшылық
Лицензиялау және сыртқы емтихандар басқармасы
Аттестаттау және аккредиттеу басқармасы
Қаржы және әкімшілік жұмыс басқармасы
Жаратылыстану және техникалық ғылымдар бөлімi
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар бөлімi
Медицина және ауыл шаруашылығы ғылымдары бөлімi