Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 26 қыркүйектегі № 1061 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 174 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 671 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мал тұқымын асылдандыру орталығы және дистрибьютерлік орталық мәртебесін беру, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметіне аттестаттау (қайта аттестаттау) өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қыркүйектегі № 1061 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 32, 346-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мал тұқымын асылдандыру орталығы және дистрибьютерлік орталық мәртебесін беру, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметіне аттестаттау (қайта аттестаттау) өткізу ережесінде:
4-тармақта:
«асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның» деген сөздер «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган)» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен білім және ғылым саласындағы орталық атқарушы органның бірлескен бұйрығымен құрамына асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның және/немесе оның аумақтық басқармаларының, жергілікті атқарушы органның (қаралып отырған субъект орналасқан аумақтың) мамандары, ауыл шаруашылығы бейініндегі ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының ғалымдары кіретін комиссия құрылады.»;
6-тармақтың бірінші абзацындағы «асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның облыстық аумақтық басқармасына» деген сөздер «жергілікті атқарушы органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы «Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның облыстық аумақтық басқармасы» деген сөздер «Жергілікті атқарушы орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтағы «асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға» деген сөздер «жергілікті атқарушы органға» деген сөздермен, «табыс етеді» деген сөздер «жібереді» деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақтағы «мәртебесі» деген сөзден кейін «жергілікті атқарушы органның шешімімен» деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақтағы «өтініш берушіге табыс етілген құжаттарды қарау үшін белгіленген мерзімде бас тартудың себептері көрсетіліп, жазбаша түрде уәжді жауап қайтарылады» деген сөздер «жергілікті атқарушы орган өтініш берушіге табыс етілген құжаттарды қарау үшін белгіленген мерзімде бас тартудың себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде уәжді жауап қайтарады» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақта:
8) тармақшадағы «лейкоз» деген сөзден кейін «, лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, қой эпидидимиті, хламидиоз, жылқының шағылысу ауруы, эпизоотиялық лимфангит» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 9), 10), 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) асыл тұқымды жануарларды ұстауға, өсіруге, пайдалануға және азықтандыруға байланысты тиісті зоогигиеналық және ветеринариялық-санитарлық талаптардың сақталуы;
10) шаруашылық мұқтаждарына арналған аумақтардың, мал шаруашылығы үй-жайларының, сондай-ақ басқа да құрылыстардың зоогигиеналық талаптарға жауап беретін жағдайларда ұсталуы;
11) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен асыл тұқымды жануарларға сәйкестендіру жүргізудің және оларға ветеринариялық паспорттар ресімдеудің қамтамасыз етілуі.»;
15-тармақта:
9) тармақшадағы «лейкоз» деген сөзден кейін «, лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, қой эпидидимиті, хламидиоз, жылқының шағылысу ауруы, эпизоотиялық лимфангит» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 10), 11), 12) тармақшалармен толықтырылсын:
«10) асыл тұқымды жануарларды ұстауға, өсіруге, пайдалануға және азықтандыруға байланысты тиісті зоогигиеналық және ветеринариялық-санитарлық талаптардың сақталуы;
11) шаруашылық мұқтаждарына арналған аумақтардың, мал шаруашылығы үй-жайларының, сондай-ақ басқа да құрылыстардың зоогигиеналық талаптарға жауап беретін жағдайларда ұсталуы;
12) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен асыл тұқымды жануарларға сәйкестендіру жүргізудің және оларға ветеринариялық паспорттар ресімдеудің қамтамасыз етілуі.»;
17-тармақта:
бірінші абзацтағы «асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның облыстық аумақтық басқармасына» деген сөздер «жергілікті атқарушы органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген сөздер «асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақ «жеке және заңды тұлғаға» деген сөздердің алдынан «жергілікті атқарушы орган» деген сөздермен толықтырылсын, «Аттестат», «беріледі» деген сөздер тиісінше «Аттестатты», «береді» деген сөздермен ауыстырылсын;
23-тармақтағы «асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздер «жергілікті атқарушы орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
28-тармақтағы «уәкілетті мемлекеттік органның» деген сөздер «жергілікті атқарушы органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
29-тармақтағы «Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздер «Жергілікті атқарушы орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
30-тармақтағы «асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздер «жергілікті атқарушы орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
31-тармақтағы «Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздер «Жергілікті атқарушы орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | К. Мәсімов |