|
|
«Алтынды, күмісті, платинаны, басқа да қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастарды қоса алғанда, қатты пайдалы қазбалар бойынша роялти ставкаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 наурыздағы № 191 Қаулысы ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 297-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қосымшаға сәйкес алтынды, күмісті, платинаны, басқа да қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастарды қоса алғанда, қатты пайдалы қазбалар бойынша роялти ставкалары белгіленсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы»20 наурыздағы № 191 қаулысына Қосымша Алтынды, күмісті, платинаны, басқа да қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастарды қоса алғанда, қатты пайдалы қазбалар бойынша роялти ставкалары Алтынды, күмісті, платинаны, басқа да қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастарды қоса алғанда, қатты пайдалы қазбалар бойынша роялти мынадай ставкалар бойынша белгіленеді: Пайдалы қазбалар: | Роялти ставкасы, % | 1 | 2 | Металдар: | Қара және түсті металдар | Алюминий, темір, марганец, хром, титан, ванадий, магний, мыс, қорғасын, мырыш, никель, кобальт, қалайы, вольфрам, молибден, висмут, сурьма, сынап, мышьяк | 3,5 | Сирек кездесетін металдар | Литий, бериллий, ниобий, тантал, цирконий, иттрий, стронций | 4,5 | Қымбат бағалы металдар | Күміс, алтын, платина және платиноидтар | 4,0 | Шашыранды металдар | Скандий, германий, рубидий, цезий, кадмий, индий, таллий, селен, теллур, гафний, рений, осмий | 3,5 | Радиоактивті элементтер | Радий, торий, уран | 3,0 | Металл еместер: | Тас көмір | 2,5 | Қоңыр көмір, жанғыш тақтатастар | 1,7 | Фосфориттер | 2,0 | Бор ангидриті | 2,0 | Барит | 2,5 | Тальк | 1,5 | Флюориттер | 1,7 | Воластонит | 1,7 | Шунгиттер | 1,5 | Графит | 2,0 | Жарқырауық тас шикізаты: | Қымбат бағалылар | Алмас, лағыл, жақұт, зүбәржат, александрит, асыл шпинель, эвклаз, топаз, аквамарин, гранат | 7,0 | Жасандылар | Нефрит, лазурит, радонит, чароит, малахит, авантюрин, агат, яшма, қызғылт шынытас, диоптаз, халцедон | 2,0 | Техникалық | Алмас, корунд, агат, яшма, серпентинит, цирконий, талшықтас, қабаттас | 1,5 |
|
|