Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты
дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске
асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі
шаралар бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 Қаулысы
(2008.27.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1060 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы шешімімен мақұлданған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. 2006 - 2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) көзделген шығыстардың сомасы 2006 және одан кейінгі жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтылауға және түзетуге жатады деп белгіленсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Бағдарлама бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде мүдделі мемлекеттік органдармен келісе отырып, өңірлік бағдарламалар мен оларға іс-шаралар жоспарларын әзірлесін.
4. Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдар (келісім бойынша):
1) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екі рет, 10-қаңтарға және 10-шілдеге Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екі рет, 25-қаңтарға және 25-шілдеге Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 6 наурыздағы
№ 149 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты
дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске
асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған біріншi
кезектегі шаралар бағдарламасы
ҚР Үкіметінің 2007.05.10 № 908 Қаулысымен мәтіндегі «РМК» және «ЕМК» деген аббревиатуралар «ЖШС» деген аббревиатурамен ауыстырылды (бұр .ред. қара)
Мазмұны
1.Бағдарламаның паспорты
2.Кіріспе
3.Агроөнеркәсіп кешені экономикасының қазіргі таңдағы жай-күйi
4.Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты
дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске
асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған бірінші кезектегi
шаралар бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерi
5.Бірінші кезектегі шараларды іске асырудың жолдары мен тетіктерi
§ 1. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу
§ 1.1. Ғылыми-негізделген агротехнологияның сақталынуы
негізінде егіншілікті өңірлік мамандандыру
§ 1.2. Егіншіліктің ылғалқорсақтау технологиясын енгізу
§ 1.3. Суармалы егіншілікті дамыту
§ 1.4. Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін жанар-жағар май
материалдары рыногын басқарудың жаңа тетіктерi
§ 1.5. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта
өңдеудің техникалық жарақтануын сапалы арттыру
§ 1.6. Өсімдік шаруашылығының кластерлік басым бағыттары
негізінде тігінен және көлденеңінен ықпалдасқан өндірісті құру
§ 1.7. Өсімдік шаруашылығы және оның қайта өңделген
өнімдерінің азық-түліктік рыногын реттеу тетіктерi
§ 1.8. Өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру жөніндегі
инновациялық жобалар
§ 1.9. Өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру мен қайта өңдеудi
дамыту жөніндегі іс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету
§ 2. Мал шаруашылығы мен балық шаруашылығы өнімдерін өндіру
және қайта өңдеу
§ 2.1. Мал шаруашылығының өнімділігі мен сапасын арттыру
§ 2.2. Мал шаруашылығы өнімін өндіру мен қайта өңдеудi
техникалық жарақтандыруды арттыру
§ 2.3. Мал шаруашылығындағы және балық шаруашылығындағы
кластерлік басымдықтар негізінде тігінен және көлденеңінен
ықпалдасқан өндірісті құру
§ 2.4. Мал шаруашылығы өнімдерінің азық-түліктік рыногын
реттеу тетіктерi
§ 2.5. Мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің экологиялық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету
§ 2.6. Мал шаруашылығы және балық шаруашылығы өнімдерін
өндіру мен қайта өңдеуді дамыту жөніндегі іс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету
§ 3. Отандық ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту
§ 3.1. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамытудың
негізгі бағыттары
§ 3.2. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту
шараларын қаржылық қамтамасыз ету
§ 4. Қызмет көрсету құрылымын және өнімнің қауіпсіздігін
және сапасын бағалау жүйесін дамыту
§ 4.1. АӨК өнімінің қауіпсіздігі қаупін бағалау және
сапасын бақылау жүйесін жаңарту және нығайту, техникалық реттеудi
жетілдіру
§ 4.2. Ауыл шаруашылығы өнімдерін даярлау жүйесi
§ 4.3. АӨК өнімдерін көтерме саудада сату
§ 4.4. АӨК қаржы және сақтандыру құрылымдары
§ 4.5. Ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету
§ 4.6. АӨК салаларын ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету
§ 4.7. Қызмет көрсету инфрақұрылымдарын және өнімдердің
сапасын бақылау және қаупін бағалау жүйесін дамыту бойынша
іс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету
§ 5. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруi
жағдайында агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігi
§ 5.1. Бәсекеге қабілеттігін көтеру - АӨК тұрақты дамуының
факторы
§ 5.2. Отандық АӨК бәсекеге қабілеттігін арттыру жөніндегi
іс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету
6. Бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын іске асырудан күтілетін
нәтижелер
7. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты
дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске
асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған бірінші кезектегi
шаралар бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескерту
ҚР Үкіметінің 2007.05.10 № 908 Қаулысымен 1- бөлім өзгертілді (бұр .ред. қара)
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін
атауы тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған
тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2008
жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар
бағдарламасы
Бағдарламаны Агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың
әзірлеу үшін 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы
негіздеме
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
негізгі әзірлеушi
Бағдарламаның Салаларының өнімділігі мен табыстылығын арттыру
мақсаты және отандық өнімдердің ұлттық бәсекелестік
артықшылықтарын дамыту негізінде АӨК-інің
тұрақтылығын қамтамасыз ету
Міндеттері Ауыл шаруашылығы құрылымдарын өңірлік мамандандыру
және ірілету;
ылғалқорсақтау технологиясын егіншілікке енгізу;
суармалы егіншілікті дамыту;
АӨК сапалы техникалық жарақтандыру негізінде АӨК
салаларының техникалық жарақтануы және
технологиялық жаңаруын қамтамасыз ету;
кластерлік басымдылық негізінде ықпалдасқан
өндірісті құру;
азық-түлік өнімдері нарығын реттеудің жаңа
тетіктерін енгізу;
АӨК өнімінің қауіпсіздігі қаупін бағалау және
сапасын бақылау жүйесін жаңарту және нығайтуды
қамтамасыз ету;
ауыл шаруашылығы өнімдерін әзірлеу және көтерме
сауда жүйесін дамыту;
қаржылық, сақтандыру инфрақұрылымдары және
ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету жолымен АӨК
субъектілерінің кәсіпкерлік белсенділігін арттыру;
АӨК-нің ғылыми-инновациялық инфрақұрылымдарын
дамыту және АӨК-ні кадрлық қамтамасыз етудi
жетілдіру;
ДСҰ кіру жағдайында АӨК субъектілерінің бәсекеге
қабілеттігін арттыру.
балық өсіруді және балық өнеркәсібін дамыту
Iске асыру 2006 - 2008 жылдар
мерзімi
Қаржыландыру Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты,
көздері бюджеттен тыс көздер қаражаты (агроөнеркәсіптік
кешен субъектілерінің меншікті қаражаты, заем
қаражаты, тікелей инвестициялар және басқа да қаржы
институттарының қаражаты)
Қаржыландыру 2006 жылы - 70879,6 млн. теңге.
көлемдері: 2007 және 2008 жылдарға арналған іс-шаралар
бағдарламасын қаржылай қамтамасыз ету
Республикалық бюджет комиссиясы бекіткеннен кейін
анықталатын болады
Бағдарламаны Агроөнеркәсіп кешенін техникалық және технологиялық
іске асырудан жарақтандыру елеулі өседі;
күтілетін
нәтижелер АӨК өнімінің қауіпсіздігі мен саласын бағалау
жүйесі ДСҰ талаптарына сәйкес үйлестірілетін
болады;
астықты қайта өңдейтін, сүт, жеміс-көкөніс, мақта
және балық кластерлер қалыптасатын болады;
ауыл шаруашылығы өнімі өндірісіндегі ірі және
орташа шаруашылықтардың үлесі 40 % дейін артады;
егістік құрамындағы жоғары рентабельді егістер 70%
дейін артады;
институционалды инфрақұрылым аграрлық рыноктың
қажеттілігіне бейімделетін болады;
отандық қайта өңдейтін өнеркәсіптерді дамыту үшін
тұрақты шикізат негізі құрылатын болады және қайта
өңдейтін кәсіпорындардың жүктеме дәрежесi
көтерілетін болады;
ішкі азық-түлік рыногын реттеу негізі қаланатын
болады, қазақстандық экологиялық және биологиялық
таза өнімнің экспортты бағдарланған брэндi
құрылған;
АӨК өнімінің жалпы көлемі 1 га егістік 300 АҚШ
долларына дейін артады;
АӨК отандық субъектілерінің бәсеке әлеуеті біршама
өседі, бұл ДСҰ-ға ену үшін өте маңызды.
ҚР Үкіметінің 2007.05.10 № 908 Қаулысымен 2- бөлім өзгертілді (бұр .ред. қара)
2. Кіріспе
2005 жылы Қазақстан Республикасының 2003 - 2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасын іске асыру аяқталды. Агроөнеркәсіптік кешенінің дамуы тұрақтанды, Ауыл шаруашылығы өнімдерін және оның қайта өңделген өнімдерін өндірудің өсуі байқалады, азық-түліктің импорты төмендеуде, құрал-жабдықтармен және ауыл шаруашылығы техникаларымен жарақтандыру артуда, ауыл халқының қуаттылығы жақсарды.
Солай бола тұра бұл жерде шешілмеген мәселе аз емес. Елдің ауыл шаруашылық өндірісі әлі де ұсақ тауарлы және соның нәтижесінде техникалық артта қалып отыр. Сала өндірістің негізгі құрал-жабдықтарын жедел жаңартуды, және бірінші кезекте техникалық паркті, қажет етеді.
Өндірілген ауыл және балық шаруашылығы өнімдерінің 80%-ға жуығы қайта өңдеусіз, шикізат түрінде таралады, ал дайын өнімнің қайта өңдеу кәсіпорындарының техникалық артта қалуы, олардың құрал-жабдықтарының моральдық және табиғи тозуы себепті бәсекеқабілеттілігі төмен.
Ауылдық жерлерде халықтың кәсіпкерлік белсенділігі төмен, соның нәтижесінде ауылдағы халықтың жан басына шаққандағы ішкі өнім қалаға қарағанда 5 есе төмен. Бір жағынан бұл өндірістік инфрақұрылымның дамымауымен және қаржы ресурстарына қол жетімсіздігімен де байланысты.
Мұның барлығы еңбек өнімділігінің артуына, ауыл және балық шаруашылығы өнімдерінің рентабелділігі мен сапасына кедергі болуда, бұл бізге ішкі азық-түлік рыногының ашықтығы жағдайынан жұмыс істеуге тура келетін ДСҰ кіру алдында аса өзекті.
Бұл міндеттерді шешу үшін мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2010 жылға дейін арналған тұжырымдамасы әзірленді.
Осының негізінде алдағы жақын үш жылдық шараларды нақтылау мақсатында Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасы әзірленді.
ҚР Үкіметінің 2007.05.10 № 908 Қаулысымен 3- бөлім өзгертілді (бұр .ред. қара)
3. Агроөнеркәсіп кешені экономикасының қазіргі таңдағы жай-күйi
2005 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 764,8 млрд. теңге деңгейіне жетті, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 9,4%-ға жоғары.
Жалпы өнім құрылымында мал шаруашылығы саласының үлесі өсуде, егер 2001 жылы ол 39 % төмендесе, қазіргі күні 46,5 % құрайды.
Сыртқы саудада ауыл шаруашылығы өнімдерінің және оның қайта өңделген өнімдерінің оң айырымы сақталуда. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің және оның қайта өңделген өнімдерінің экспортының импорттан жоғарылауы 2003 - 2005 жылдары 8 %-ды құрады.
Балық және балық өнімінің сыртқы саудасындағы импорт физикалық көлемде экспорттан артық. Сонымен қатар, экспорттық портфельдің нарықтық құны жоғары.
Өсімдік шаруашылығында
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңы 18,4 млн. гектар. Егіс алаңдары құрылымында жемдік астықтың, жарманың және жем дақылдарының үлесі аз болуы есебінен негізгі үлес дәнді дақылдарға (80 %-ға дейін) мен бидайға (68 %) тиіп отыр. Ауыспалы егіс тәртібі бұзылып қоза үлесі ұлғайтылған, жеміс ағаштары мен жүзім ағаштарының алаңын азайту тұрақты сипат алып отыр. Сонымен бірге майлы дақылдар мен қант қызылшасы егістіктерін ұлғайтуда оң өзгерістер де байқалады.
Егістік жердің өнімділігін арттыру мақсатында жыл сайын оның құрылымында сүрі жердің үлесі ұлғайтылып отырады. 2005 жылы ол 19,1%-ды құрады, бұл 2001 жылмен салыстырғанда 7%-ға дерлік артық.
2002 - 2004 жылдарда республика бойынша тұтас алғанда 100 мың тоннадан астам минералдық тыңайтқыш (қолданыстағы түрі) себілді, яғни өткен 6 жылда себілген минералдық тыңайтқыш көлемінен артық. Қазақстанда минералдық-шикізат ресурстарының барлық түрі болса да, өндірілетін минералды тыңайтқыштың түр-түрінің тек фосфорлымен шектелуде.
Тракторлар паркі 1995 жылы 138,5 мың бірлік болған еді, 2004 жылы 129,4 мың бірлікке дейін, жемшөп жинайтын комбайн - 7,7 мыңнан 3,1 мың бірлікке дейін және т.с.с. азайды. Қазіргі уақытта қолданыстағы тракторлар мен комбайндардың 70-75 %-ының орташа жасы 13 - 14 жыл, ал оларды пайдаланудың нормативтік мерзімі - 7-10 жыл.
Мал шаруашылығында
Мал шаруашылығы өнімін өндіру 1998 - 2000 жылдарда құлдырау шегіне жетті де, бірте-бірте ұлғайтыла бастады, алайда әлі 1995 жылғы деңгейге жеткен жоқ.
50 %-дан астамын ауыл шаруашылығы құрылымдары өндіретін жұмыртқа мен құс етін қоспағанда, еттің, сүттің және жүннің 80%-дан астамы үй шаруашылықтарында өндіріледі.
Мал шаруашылығы өнімін өндіру қарқынының ұлғаюы ең алдымен мал басының көбеюіне байланысты. 1998 жылдан бастап мал мен құс басы өсуге бағыт алды.
Еттің (негізінен құс еті) өзіндік құны мен түр-түрі бойынша бәсекеге қабілетсіздігінің салдарынан импорттың ұлғаюға беталысы байқалады. 2005 жылы құс еті импорты 2002 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге өсті. Құс фабрикаларының қолданыстағы қуаттылығы 100,0 мың тоннадан артық құс етін өндіруге мүмкіндігі бола тұра, импорт бойынша келіп түскен құс етінің көлемі (110,4 мың тонна) республика бойынша өндіріс көлемінен (болжаммен 45,0 мың тонна) шамамен 2,5 есе артық.
Балық шаруашылығында
Балық шаруашылығы су тоғандарының жалпы алаңы, Каспий теңізін қоспағанда, 3 миллион гектарға жуық. 2006 жылы республика су тоғандарында лимит 49754,6 мың тонна болғанда 41773,9 мың тонна балық ауланған.
Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жыл сайын жіберілетін балық шабақтары мен личинкалары 194,02 млн. дана, оның ішінде Каспий теңізіне жіберілетін бекіре балығының шабағы 6,0-дан астам данаға дейін жетеді.
Республикамызға балық пен балық өнімі 35 шет елден келіп түседі. Балықты негізгі жеткізіп берушілерге Ресей, Норвегия және Латвия жатады.
Балық пен балық өнімінің импорты соңғы бес жыл ішінде көлемі бойынша да, құны бойынша да 2006 жылы ең жоғары болды және 2001 жылғы 34,7 мың тонна және 16,0 млн. АҚШ доллары болған көрсеткіштермен салыстырғанда тиісінше 44,1 мың тонна мен 31,6 млн АҚШ долларына жетті. 2006 жылы әкелінетін өнімнің негізгі көлемі мұхит балығы (дайын мұздатылған және консервіленген) болды.
Қазіргі уақытта балықты қайта өңдеу және балық өнімін шығару республикамыздың 58 кәсіпорнында жүзеге асырылады. Балық өнімін шығарудың негізгі түрлеріне мыналар жатады: балық консервілері мен пресервтері, балық еті, мұздатылған балық, ысталған балық, сүрленген және басқа да балық өнімі.
Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу өнімдерi
Тамақ өнеркәсібі ел экономикасының тұрақты өсуі үшін аса маңызға ие. Бұл сектор 2005 жылғы алдын ала алынған деректер бойынша қайта өңдеу өнеркәсібі құрылымында 26,3% құрайды және жалпы ішкі өнімнің шамамен 7,5 %-ын кіргізеді. Кейінгі төрт жылда сектор жыл сайын 108,2 %-дан 114,4 %-ға дейін өсу қарқынын көрсетті. Азық-түлік өнімдерін өндіру 2005 жылы 424,8 млрд. теңгеге жетті, бұл 2004 жылдың деңгейінен 14,4 %-ға жоғары.
Қолданыстағы қуаттылықтар республика халқының сүт өнімдерін терең қайта өңдеу жөніндегі қажеттігін 95,3 %-ға, консервіленген жеміс және көкөніс өндіру бойынша 27%-ға, ет өнімдері бойынша 49%-ға қамтамасыз ете алады.
Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру көлемі жыл сайын ұлғая түсуде. Яғни, 2005 жылы 2002 жылғы деңгейге қарағанда өсімдік майы - 3,2 есеге жоғары және 2004 жылдың деңгейінен - 1,0 %-ға жоғары, тиісінше, ұн 23,7 %-ға және 22,6%-ға, жарма 27,1%-ға және 15,1 %-ға, кондитерлік өнімдер 1,6%-ға және 16,8 %-ға, қоюлатылған сүт - 2,2 есе және 28,8%-ға, жеміс-көкөніс консервілері - 3,3 есе және 4,6 %-ға, шұжық өнімдері - 1,4 есе және 1,0 %-ға, ірімшік - 1,6 есе және 10,7%-ға, өңделген сұйық сүт пен кілегей - 42,6%-ға және 13,1%-ға, сары май - 2 есе және 40,9%-ға артық өндірілді.
2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда ең маңызды азық-түлік тауарларының түрлері бойынша экспорт ұлғайып импорт азайды.
Азық-түлік өнеркәсібі дамуының оң ағымы еліміздің экономикасы жалпы жақсаруына байланысты өнімнің көптеген түрлеріне халықтың сұранысы күшеюімен, сондай-ақ қуаттылықтарды жаңартуға және айналым қаражатын толықтыруға екінші деңгейдегі банктердің арзандатылған кредиттерін тартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асырумен негізделінеді.
ҚР Үкіметінің 2007.05.10 № 908 Қаулысымен 4- бөлім өзгертілді (бұр .ред. қара)
4. Агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006 - 2010
жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегi
2006 - 2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар
бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерi
Мақсаты - салаларының өнімділігі мен табыстылығын арттыру және отандық өнімдердің ұлттық бәсекелестік артықшылықтарын дамыту негізінде АӨК-інің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Міндеттері:
ауыл шаруашылығы құрылымдарын аймақтық мамандандыру және ірілету;
ылғалқорсақтау технологиясын егіншілікке енгізу;
суармалы егіншілікті дамыту;
АӨК сапалы техникалық жарақтандыру негізінде АӨК салаларының техникалық жарақтануы және технологиялық жаңаруын қамтамасыз ету;
кластерлік басымдылық негізінде ықпалдасқан өндірісті құру;
азық-түлік нарығын реттеудің жаңа тетіктерін енгізу;
АӨК өнімінің қауіпсіздігі қаупін бағалау және сапасын бақылау жүйесін жаңарту және нығайтуды қамтамасыз ету;
ауыл шаруашылығы өнімін бірлесіп өндіру, дайындау, өткізу, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау, тауарлық-материалдық құндылықтармен жабдықтау және ауыл шаруашылығы өнімін көтерме саудамен сату жүйесін дамыту;
қаржылық, сақтандыру инфрақұрылымдары және ақпараттық- маркетингтік қамтамасыз ету жолымен АӨК субъектілерінің кәсіпкерлік белсенділігін арттыру;
АӨК-нің ғылыми-инновациялық инфрақұрылымдарын дамыту және АӨК-ні кадрлық қамтамасыз етуді жетілдіру;
ДСҰ кіру жағдайында АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттігін арттыру.
АӨК салаларын индустрияландыру арқылы ауыл шаруашылығы өндірісін жеделдетіп дамыту;