3. Кастодиандық үлгілік шарттың нысанын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4. Кастодиан-банк уәкiлеттi органды, арнайы қаржы компаниясын, инвестициялық портфельді басқарушыны, сондай-ақ мәміле оның сауда жүйесінде жасалса, жасалған мәміленің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтіні туралы қор биржасын дереу хабардар етуге міндетті.
5. Кастодиан-банктің арнайы қаржы компаниясы активтерінің нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
6. Кастодиан-банк арнайы қаржы компаниясына оның шоттарының жай-күйі туралы ай сайын хабарлап отырады.
7. Кастодиандық шарт бір мезгілде бір кастодиан-банкпен ғана жасалуға тиіс.
8. Шарт бойынша міндеттемелердің тоқтатылуының жалпы негіздерімен қатар, кастодиандық шарт мына жағдайлардың бірінде:
1) арнайы қаржы компаниясы атқарушы органының тиісті шешімінің негізінде;
2) инвестициялық портфельді басқарушының талабы бойынша;
3) кастодиан-банктің шешімі бойынша;
4) кастодиан-банктің уәкілетті орган берген лицензиясының қолданылуы тоқтатылған жағдайда бұзылуы мүмкін.
Кастодиан-банктің лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған, ол лицензиясынан айырылған жағдайда, кастодиан-банк бұл туралы күнтізбелік үш күн ішінде арнайы қаржы компаниясына жазбаша хабарлауға міндетті.
Кастодиандық шартты бұзудың бастамашысы шарттың тараптарына шартты бұзудың белгіленген күнінен күнтізбелік отыз күн бұрын хабарлауға міндетті.
Кастодиандық шарт арнайы қаржы компаниясының активтерін жаңа кастодиан-банкке уәкілетті орган белгілеген тәртіппен беру рәсімдері аяқталғаннан кейін бұзылған болып есептеледі.
2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен 2-2-тараумен толықтырылды
2-2-тарау. Жобалық қаржыландыру
6-4-бап. Жобалық қаржыландыру бойынша қатынастардың туындауы
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жобалық қаржыландыру бойынша мәміле кезінде тапсырыс беруші орындаушымен базалық шарт жасасады, ол бойынша орындаушы мүлікті түзу және (немесе) беру және (немесе) түзілген мүлікті пайдалану процесінде қызметтер көрсету және (немесе) тауарлар шығару және (немесе) жұмыстарды орындау нәтижесінде ұзақ мерзімді негізде жүйелі түрде ақшалай түсімдер құқығын иеленеді.
2. Орындаушы өз міндеттемелерінің орындалуын базалық шарт бойынша талап ету құқықтарын кредиторларға немесе арнайы қаржы компаниясына беру жолымен қамтамасыз ете отырып және (немесе) өзге қамтылымды ұсына отырып, кредиторлармен қарыз шарттарын жасасады және (немесе) облигациялар шығарады немесе арнайы қаржы компаниясынан қаржыландыру алады.
3. Кредиторлар өздерінің арасындағы келісімнің негізінде орындаушымен және (немесе) арнайы қаржы компаниясымен өзара қарым-қатынасындағы өздерінің құқықтары мен міндеттерінің жүзеге асырылу тәртібі мен шарттарын айқындай, оның ішінде кредиторлар міндеттемелерін қанағаттандырудың кезектілігін көздей, сондай-ақ кредиторлардың өкілін айқындай алады.
4. Егер жобалық қаржыландыру мәмілесінде тараптардың бірі мемлекет болса, жобалық қаржыландыру тек қана жобалық қаржыландыру мәмілесін орындауды іске асыру үшін орындаушы құратын арнайы қаржы компаниясының қатысуымен жүзеге асырылуы тиіс.
5. Егер кредиторлардың кем дегенде біреуі бұл туралы талап етсе, жобалық қаржыландыру арнайы қаржы компаниясының қатысуымен жүзеге асырылуға тиіс.
6. Базалық шартты бұзу және қатысушыларының шарт міндеттемелерін орындаудан бас тартуы осы Заңда мемлекеттің қатысуымен болатын жобалық қаржыландыру бойынша қарым-қатынастар үшін көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
7. Орындаушы базалық шартта айқындалған өзінің міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, базалық шартта оны ауыстыру мүмкіндігі көзделуге тиіс.
6-5-бап. Жобалық қаржыландыру кезінде талап ету құқықтарын беру
1. Орындаушы кредиторларға немесе арнайы қаржы компаниясына өзіне тиесілі талап ету құқығын береді. Берілетін талап етулерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынбауға тиіс. Берілетін талап ету құқықтарын беру талаптары мен көлемі шартта айқындалады.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жобалық қаржыландыру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру шарты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 346-бабында белгіленген талаптар сақтала отырып, жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Талап ету құқықтарын басқаға беру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді.
3. Орындаушы болашақтағы талап етуін берген кезде осы құқықты өзге тұлғаларға беру мүмкіндігінсіз талап ету құқығын беру шартын жасасқан сәтте ол кредиторларға немесе арнайы қаржы компаниясына ауысады.
4. Орындаушы кредиторлардың немесе арнайы қаржы компаниясының алдында оларға берілген талап ету құқықтарының шынайылығы үшін жауап береді, бірақ, егер талап ету құқығын беру шартында өзгеше көзделмесе, тапсырыс берушінің және базалық шарт бойынша түзілген мүлікті пайдалануды жүзеге асыратын тұлғалардың осы талапты орындамағаны үшін жауап бермейді.
5. Егер базалық шартта өзгеше көзделмесе, базалық шарт бойынша түзілген мүлікті пайдалануға берген кезден бастап талап ету құқығы қойылуы мүмкін.
6-6-бап. Арнайы қаржы компаниясының қатысуымен жобалық қаржыландыру
1. Арнайы қаржы компаниясы өз міндеттемелерінің орындалуын бөлінген активтермен қамтамасыз ете отырып, кредиторлармен қарыз шарттарын жасасады және (немесе) облигациялар шығаруды жүзеге асырады.
2. Арнайы қаржы компаниясы талап ету құқықтарын беру шартына сәйкес оның міндеттемелерін не мүлікті түзу және беру, сондай-ақ түзілген мүлікті базалық шартқа сәйкес пайдалану процесінде қызметтер көрсету және (немесе) тауарлар шығару және (немесе) жұмыстарды орындау нәтижесінде орындаушының шеккен шығыстарын қаржыландыру немесе қайта қаржыландыру мақсатында ақшаны орындаушыға береді.
6-7-бап. Мемлекеттің қатысуымен құрылатын объектілерге меншік құқығы
Мемлекеттің тапсырысымен базалық шарт бойынша түзілген мүлікке меншік құқығы мемлекетке тиесілі болады.
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 6-8-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-8-бап. Мемлекетке талап ету құқықтарын берудің ерекшеліктері
1. Мемлекет «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және шарттарда тапсырыс беруші ретінде жобалық қаржыландыруға қатысады.
2. Базалық шарт бойынша орындаушыны таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.
3. Базалық шарт бойынша орындаушы мемлекетті өзінің кредиторларға немесе арнайы қаржы компаниясына талап ету құқықтарын беруді жүргізгені туралы күнтізбелік он күн ішінде жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.
6-9-бап. Мемлекет қатысатын жобалық қаржыландыру кезінде орындаушыны ауыстырудың ерекшеліктері
1. Орындаушы базалық шартта айқындалған өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес бұл жөнінде орындаушы мен кредиторларды күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей ескерте отырып, шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
2. Базалық шарт бойынша жаңа орындаушыны таңдау осы Заңның 6-8-бабының 2-тармағына сәйкес мынадай талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады:
1) оның негiзiнде базалық шарт бойынша жаңа орындаушыны таңдау мақсатында конкурс өткiзiлiп отырған конкурстық құжаттаманың ережелерi қайталама конкурс өткiзiлетін кезге шарттың iс жүзiнде орындалған талаптарын ескере отырып, өзгерген ережелердi қоспағанда, алдыңғы конкурстың конкурстық құжаттамасының ережелерiне сәйкес келуi тиiс;
2) конкурстық құжаттама жаңа орындаушының кредиторлармен келiсiлген олардың алдындағы мiндеттемелерiн орындауы жөніндегі талапты қамтуы тиіс.
3. Базалық шарт бойынша жаңа орындаушыны таңдау бойынша конкурс өткізу кезінде кредиторлармен келісім бойынша тапсырыс беруші базалық шарт бойынша талаптарды орындауды уақытша орындаушыға жүктеуі мүмкін, оны таңдаудың тәртібі мен қызметін жүзеге асыру талаптарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
6-10-бап. Арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру кезінде облигациялар шығаруының ерекшеліктері
1. Арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығаруы «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруды жүзеге асыруға құқылы.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығару проспектісінде немесе жеке меморандумында немесе облигациялық бағдарлама проспектісінде немесе облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінде немесе жеке меморандумында Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында көрсетілген мәліметтерден бөлек, мыналар қамтылуға тиіс:
1) ақшалай талаптардың сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімдерінің шарттары мен болжамды мерзімдері;
2) осы Заңның талаптарына сәйкес келетін, облигацияларды орналастыру нәтижесінде арнайы қаржы компаниясы алған ақшаның нысаналы мақсаты (облигациялық бағдарлама проспектісін қоспағанда);
3) облигацияларды ұстаушыларға базалық шарт бойынша түзілген мүліктің меншік иесінің ауысуы туралы ақпарат беру тәртібі және арнайы қаржы компаниясының органдарына кредиторлардың өкілдерін енгізу және олардың өкілеттіктерін белгілеу тәртібі;
4) арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру мәмілесіне қызмет көрсетуге, бөлінген активтер есебінен жүзеге асырылатын инвестициялық басқаруға байланысты шығыстар тізбесі;
5) сыйақы төлеу және бір облигациялық бағдарлама шегінде шығарылған әртүрлі шығарылымдардың облигацияларын өтеу тәртібі мен кезектілігі (облигациялық бағдарламаның проспектісінде және облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінде немесе жеке меморандумда көрсетіледі);
6) арнайы қаржы компаниясы банкрот болған кезде арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың талаптарын қанағаттандыру тәртібі мен кезектілігі.
4. Облигациялық бағдарлама бойынша облигациялар шығаруды қоспағанда, арнайы қаржы компаниясы бір жобалық қаржыландыру мәмілесінің шеңберінде кейіннен облигациялар шығаруды жүзеге асыруға құқылы емес.
3-тарау. Секьюритилендіру мәмілелерінің ерекшеліктері
2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-бап. Секьюритилендіру объектілері
1. Секьюритилендіру объектілері болып табылатын талап ету құқықтары біркелкі болуға тиіс.
2. Арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтер бойынша түсімдерді өзі шығарған облигациялар бойынша міндеттемелерін орындауға және бір секьюритилендіру мәмілесі шеңберінде көрсетілген қызметтердің ақысын төлеуге, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда қаржы құралдарына инвестициялауға пайдаланады.
8-бап. 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9-бап. Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру шарты
Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру шарты бойынша оригинатор өзінің дебиторлармен қатынастарынан туындайтын дебиторларға қойылатын болашақтағы немесе қазіргі талап ету құқықтарын береді немесе оны беруге міндеттенеді, ал арнайы қаржы компаниясы осы талап ету құқықтарымен қамтамасыз етілген облигацияларды орналастырудан алынған ақша қаражатын оригинаторға беру арқылы оларды сатып алуды жүзеге асырады.
2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, оригинатор дебиторлардан басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдер жинауды жүзеге асырады.
3. Секьюритилендіру мәмілесі бойынша басқаға беру нысаны болып табылатын талап ету құқықтары оригинатор мен арнайы қаржы компаниясы арасындағы шартта шарт жасасу кезінде орын алған ақшалай талап, ал болашақ талап - ол туындаған кезден кешіктірмей белгілеуге мүмкіндік беретіндей болып айқындалуға тиіс.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру шарты Азаматтық кодекстің 346-бабында белгіленген талаптарды сақтай отырып, жазбаша түрде жасалуға тиіс.
Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді.
5. Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру нәтижесінде арнайы қаржы компаниясы дебиторлардан талаптарды орындау үшін алынған талап ету құқықтары бойынша барлық түсімдерді алу құқығына ие болады.
Оригинатор талап ету құқықтары бойынша түсімдердің арнайы қаржы компаниясының осы құқықтарды алу үшін оригинаторға төлеген сомасынан кем болғаны үшін арнайы қаржы компаниясының алдында жауаптылықта болмайды.
10-бап. 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11-бап. Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру
1. Қазіргі талап ету құқығы, облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінен бастап жасасқан шарт бар болған жағдайда, арнайы қаржы компаниясына ауысқан болып есептеледі.
2. Болашақ талап ету құқығын басқаға берген кезде осы баптың 1-тармағында көзделген талап болған жағдайда, шартта көзделген басқаға беру талабының мәні болып табылатын ақша алу құқығының өзі туындағаннан кейін арнайы қаржы компаниясына ауысқан болып есептеледі. Осы құқық туындаған кезде болашақ талап ету құқығын кейіннен басқаға беруді қосымша ресімдеу қажет етілмейді. Егер ақшалай талап етуді басқаға беру белгілі бір оқиғамен байланысты болса, онда ол осы оқиға басталғаннан кейін күшіне енеді.
12-бап. 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13-бап. Секьюритилендіру мәмілелері бойынша есепке алу және есептілік
1. Арнайы қаржы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бухгалтерлік есеп жүргізеді және арнайы қаржы компаниясының өз қаражаты мен бөлінген активтері, облигациялары (оның ішінде олар бойынша есептелген купон) бойынша бөлек қаржылық есептілікті ұсынады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті орган осы облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті бекіткеннен кейін қалған облигациялар бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер арнайы қаржы компаниясының кірістеріне (шығыстарына) жатқызылады.
3. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Кастодиан-банктің арнайы қаржы компаниясының активтерін, сондай-ақ облигациялармен жасалған мәмілелерді есепке алу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.
2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-бап. Арнайы қаржы компаниясының секьюритилендіру кезінде облигацияларды шығару ерекшеліктері
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының талаптарынан басқа, арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығару проспектісі немесе жеке меморандум немесе облигациялық бағдарлама проспектісі немесе облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісі немесе жеке меморандум мынадай мәліметтерді:
1) оригинатордың, кастодиан-банктің, инвестициялық портфельді басқарушы, арнайы қаржы компаниясының және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдер жинауды жүзеге асыратын тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;
2) оригинатордың қызметінің нысанасын, секьюритилендіру мәмілесіндегі құқықтары мен міндеттерін;
3) талап ету құқықтарының сипаттамасын, бөлінген активтер құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсу шарттарын, тәртібі мен мерзімдерін және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін;
4) бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау тәртібін;
5) - 8) 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) қосымша қамтамасыз ету туралы;
10) 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) талап ету құқықтарының біркелкілік өлшемдерін;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) сыйақы төлеу және бір облигациялық бағдарлама шегінде шығарылған әртүрлі шығарылымдардың облигацияларын өтеу тәртібі мен кезектілігі (облигациялық бағдарлама проспектісінде және облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінде немесе жеке меморандумда көрсетіледі);
13) 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
14) арнайы қаржы компаниясы банкрот болған кезде арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың талаптарын қанағаттандыру тәртібі мен кезектілігін қамтуға тиіс.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығару проспектісіне немесе жеке меморандумына оригинатордың соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есебі, оригинатор мен арнайы қаржы компаниясы арасында жасалған, осы секьюритилендіру мәмілесі бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру шарты қоса беріледі.
Оригинатордың соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есебі болмаған жағдайда, арнайы қаржы компаниясы облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің алдындағы оригинатордың соңғы есепті тоқсан үшін қаржылық есептілігінің көшірмесін уәкілетті органға ұсынады.
3. 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкілі оригинатордың үлестес тұлғасы болмауға тиіс.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-1-тараумен толықтырылды
3-1-тарау. Синдикатталған қаржыландыру
14-1-бап. Синдикатталған қарыз шартының ерекшеліктері
1. Синдикатталған қарыз шарты бойынша бірнеше кредитор (бұдан әрі - кредиторлар синдикаты) бір-бірімен келісе отырып, қарыз алушының меншігіне әрбір кредитор үшін шартта көзделген мөлшерде және мерзімдерде ақша беруге немесе беріп тұруға міндеттенеді, ал қарыз алушы кредиторларға олардан алған ақшаны қайтаруға, сыйақыны, сондай-ақ, егер шартта өзге де төлемдерді төлеу міндеті көзделсе, оларды төлеуге міндеттенеді.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Синдикатталған қарыз шарты қарыз алушы кредиторлар синдикатының бірнеше болашақ қатысушыларымен қарыз (банктік қарыз) шарттарын жасасқаннан кейін жасалуы мүмкін. Мұндай жағдайда синдикатталған қарыз шарты, егер бұрын туындаған міндеттемелерге қатысушылардың құрамы мен синдикатталған қарыз шартына қатысушылардың құрамы толығымен сəйкес келсе, аталған тұлғалардың бұрын туындаған міндеттемелерін өзгертеді, бұл ретте синдикатталған қарыз шарты кепіл шартын жəне (немесе) қарыз алушының міндеттемелеріне байланысты өзге де келісімді тоқтатуды немесе өзгертуді көздеуі мүмкін.
2. Қарыз алушы мен кредиторлар синдикатына қатысушылар (кредиторлар синдикатына бастапқы қатысушылар) арасында жасалған синдикатталған қарыз шартында оған кредиторлар синдикатына жаңа қатысушылардың қосылу мүмкіндігі көзделуі мүмкін, оларға қатысты синдикатталған қарыз шарты кредиторлар синдикатына жаңа қатысушылардың шартта көзделген тәртіппен оған қосылған кезінен бастап қолданылады. Егер синдикатталған қарыз шартында өзгеше көзделмесе, кредиторлар синдикатына жаңа қатысушылар шартқа қосылған кезде кредиторлар синдикатына бастапқы қатысушылардың және қарыз алушының міндеттемелері өзгермейді.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Егер заңды тұлға мен осы Заңға сəйкес кредиторлар синдикатының қатысушысы (бастапқы кредитор) болуға құқылы өзге тұлға арасында екіжақты қарыз (банктік қарыз) шарты жасалса, аталған тұлғалардың қатысуымен синдикатталған қарыз шарты мынадай тəсілдердің бірімен:
1) екіжақты қарыз (банктік қарыз) шарты тараптарының үшінші тұлғамен (үшінші тұлғалармен) келісім жасасуы арқылы жасалуы мүмкін, оған сəйкес үшінші тұлға (үшінші тұлғалар) бастапқы кредитормен келісе отырып, қарыз алушыға көрсетілген келісімде белгіленген мөлшерде жəне мерзімдерде ақша беру немесе беріп отыру міндетін қабылдайды жəне (немесе) кредитор тарапында бастапқы міндеттемеге кіріседі;
2) егер бұл ретте бастапқы кредитор мен жаңа кредитор немесе жаңа кредиторлар арасында қарыз беруге, оған қызмет көрсетуге жəне қайтаруға байланысты барлық кредиторлардың қарыз алушыға жəне өзге де тұлғаларға қатысты шешімдер қабылдауының жəне олардың міндеттерді орындауының тəртібі туралы келісім жасалса жəне қарыз алушы өзі қатысатын қатынастарға қатысты осы Заңның ережелерін қолдануға кез келген уақытта келісім берсе, бастапқы кредитордың екіжақты қарыз шарты бойынша талап ету құқықтарын жаңа кредиторға немесе жаңа кредиторларға беруі арқылы жасалуы мүмкін.
3. Синдикатталған қарыз шартында жиынтығында қаржыландырудың жалпы көлемінің кемінде үштен екісін құрайтын қаржыландыру үлесі бар кредиторлар қабылдаған шешімдер негізінде және осындай шешімде көзделген тәртіппен:
1) кредиторлар синдикатына барлық қатысушылардың құқықтарды жүзеге асыруы немесе белгілі бір құқықтардан бас тартуы;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта көзделген жағдайларда қарыз алушыға синдикатталған қарыз шартынан бас тарту туралы хабарламаны немесе оны өзгерту не бұзу туралы талапты жіберу;
3) кредиторлар синдикатына қатысушылар немесе үшінші тұлғалар қатарынан банк-агентті және (немесе) кепілді басқарушыны таңдау, оларға белгілі бір өкілеттіктер беру және оларға осындай өкілеттіктерді жүзеге асыру мәселелері бойынша нұсқаулар жіберу;
4) синдикатталған қарыз шарты бойынша барлық кредиторлардың талап ету құқықтарын кредиторлар синдикатына басқа қатысушыға, сондай-ақ осы Заңға сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылар болуға құқылы тұлғаларға беру;
5) синдикатталған қарыз шартында айқындалған жағдайларда, қарыз нысанасының барлық немесе қалған бөлігін сыйақымен бірге мерзімінен бұрын қайтару;
6) кепілге салынған мүлікке соттан тыс тәртіппен не сот тәртібімен өндіріп алуды қолдану;
7) синдикатталған қарыз шарты бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгіну;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушыға қатысты оңалту рәсімін қолдану не қарыз алушыны банкрот деп тану туралы арызбен сотқа жүгіну жүргізілетіні көзделуге тиіс.
4. Синдикатталған қарыз шарты жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Синдикатталған қарыз шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыз болуына алып келеді.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
5. Егер синдикатталған қарыз шартын жасасу күніне «Астана» халықаралық қаржы орталығының банктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері жəне (немесе) халықаралық қаржы ұйымы қарыз алушыға синдикатталған қарыз шарты бойынша соманың кемінде үштен екісін беретін жағдайларда синдикатталған қарыз шарты шетелдік кəсіптік ұйым əзірлеген үлгілік талаптардағы синдикатталған қарыз шарты түрінде жасалуы мүмкін.
Тараптар шетелдік кəсіптік ұйым əзірлеген үлгілік талаптарда жасалған синдикатталған қарыз шартына осы синдикатталған қарыз шартында айқындалған тəртіппен жəне талаптарда өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6. Кредиторлар синдикатына қатысушылардың бірі синдикатталған қарыз шартын бұзу туралы талапты мəлімдеген жағдайда осындай шарт кредиторлар синдикатының басқа қатысушыларының кемінде екеуі қалған кезде соларға қатысты өз қолданысын сақтайды.
14-2-бап. Синдикатталған қаржыландыру талаптары
1. Синдикатталған қаржыландыру кемінде екі кредитор қатысқан кезде жүзеге асырылады.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Синдикатталған қарыз шартын жасасқысы келетін тұлға осы Заңға сəйкес кредиторлар синдикатының қатысушылары болуға құқылы тұлғалардың бірімен немесе осындай бірнеше тұлғалармен синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру туралы шарт жасасуға құқылы, ол бойынша синдикатталған қарызды ұйымдастырушы тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша əрекет ете отырып, оған белгілі бір талаптарда синдикатталған қарыз шартын жаса суға дайындалу жөніндегі қызметтер (синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер) көрсетуге міндеттенеді, ал тапсырыс беруші осы қызметтерді көрсеткені үшін сыйақы төлеуге міндеттенеді. Егер синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру туралы шартта өзгеше көзделмесе, синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер синдикатталған қарыз шартын жасасу кезінде көрсетілген болып есептеледі.