9) белгіленген нысандағы анықтама парақты қамтуға тиiс.
Кеңсеге енгізілген, олар бойынша мемлекеттік органдардың ескертулерi бар заң жобалары Премьер-Министрдiң осы мәселелерге жетекшілiк ететiн орынбасарында өтетiн кеңесте мiндеттi түрде қаралады, оның нәтижелерi хаттамамен ресiмделедi. Кеңестерде талқыланатын мәселе бойынша келісімге қол жеткiзілмеген кезде Премьер-Министрдiң орынбасары заң жобасы бойынша түпкілiкті шешiм қабылдау үшiн бұл туралы Премьер-Министрге хабардар етедi.
69. Заң жобаларын әзiрлеушi мемлекеттік органдар оларды Үкiметке енгізу кезiнде нақты заң жобасын басымдықты деп қарауды айқындау немесе оны қарауды шұғыл деп жариялау туралы бiр уақытта ұсыныс енгізуге құқылы. Бұл ретте заң жобасына түсiндiрме жазба, оның iшiнде оны басымдықты деп айқындау немесе шұғыл деп жариялау қажеттілiгiнiң негiздемесiн қамтуы тиiс.
Үкiмет өзi әзiрлейтiн заң жобаларына қатысты Президентке нақты заң жобасын басымдықты деп қарауды айқындау немесе оны қарауды шұғыл деп жариялау туралы ұсыныс енгiзедi. Бұл ретте Үкiметтің ұсынысына тиісті заң жобасы және заң жобасын Парламенттің басымдықты деп қарауды айқындауы немесе оны қарауды шұғыл деп жариялауы қажеттілiгiнiң негiздемесiн қамтитын және заң жобасының нақты мақсаттарын ашатын түсiндiрме жазба және ол шешетiн мiндеттер қоса берілуi тиiс.
70. Кеңседе заң жобасы бойынша сараптама жүргiзілгеннен және қорытынды дайындалғаннан, сондай-ақ ол Премьер-Министрінің тиiстi орынбасарларында келісілгеннен кейiн заң жобасы Үкiметтiң кезектi мәжілiсiнiң қарауына енгізiлуi мүмкiн. Қажет болған кезде заң жобасын Кеңсе осы Регламенттiң 34-тармағында көзделген тәртiппен Үкiмет мүшелерiне дауыс беруге жiберуi мүмкiн.
71. Үкiметтiң бастамашылығы бойынша Парламент Мәжілісiнiң қарауына енгізiлетiн заң жобаларының түпнұсқаларына мiндетті түрде: заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттік органның және Әдiлет министрлiгінiң бiрiншi басшылары (бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлғалар не Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлғалар), Кеңсе Басшысы не Кеңсе Басшысы белгілеген тәртiппен Кеңсе Басшысының мiндетiн атқарушы оның орынбасарларының бiрi, Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы арасында мiндеттердi бөлуге сәйкес заң жобасында қаралатын мәселелерге жауап беретiн Премьер-Министрдiң тиiстi орынбасары және Премьер-Министр не Премьер-Министр белгілеген тәртiппен Премьер-Министрдiң мiндетiн атқарушы оның орынбасарларының бiрi бұрыштама соғуы тиiс. Үкiмет бланкiсiне шығарылған заң жобасына түсiндiрме жазбаға Кеңсе Басшысы бұрыштама соғады және Премьер-Министр не оның мiндетiн атқарушы тұлға қол қояды. Заң жобаларының түпнұсқаларымен бiрге Парламент Мәжілісiне олардың магниттi жеткiзгiштердегi көшiрмелерi енгiзіледi.
72. Үкiмет енгiзген заң жобасын Парламент Мәжілісiнiң Аппараты тiркемей қайтарған жағдайда осы заң жобасы мен оны қайтару негiздемесi Кеңсе Басшысына баяндалады, ол Парламент Мәжілісi Аппаратының уәждемесiн қарайды және тиiстi шешiм қабылдайды.
Егер Кеңсе Басшысы заң жобасын пысықтау қажеттілігi туралы шешiм қабылдаған жағдайда, заң жобасы Парламент Мәжілiсiнiң Аппараты анықтаған кемшілiктердi жою үшiн әзiрлеушi мемлекеттік органға жiберіледi. Бұл ретте әзiрлеушінің заң жобасын пысықтау мерзiмi қайтарылған заң жобасы Кеңседе тiркелген күнiнен бастап 15 күннен аспауы тиiс.
Егер Кеңсе Басшысы Парламент Мәжілісi Аппаратының заң жобасын қайтаруға себеп болған уәждемесiн негiзсiз деп таныған жағдайда, заң жобасын Кеңсе тiркемейдi және оны заңнамада белгiленген тәртiппен парламент депутаттарының қарауы үшiн Парламент Мәжілісiнiң Аппаратына қайтарады.
73. Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, оның iшiнде мемлекеттік кiрiстердi қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды арттыруды көздейтiн заң жобалары бойынша Үкiмет Парламентке мемлекеттік және орыс тілдерiнде қорытынды ұсынады.
Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, Үкiметке келiп түскен заңнамалық кесiмдердiң жобалары Ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралуға тиiс. Ведомствоаралық комиссия заң жобасы Кеңседе тiркелген күнiнен бастап 15 күн мерзiмде не Премьер-Министрдiң немесе оның орынбасарының тапсырмасында белгіленген неғұрлым қысқа мерзiмде депутаттар бастамашылық жасаған заң жобасын оң не өзгеше бағалау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi.
Үкiмет қорытындысының жобасын Ведомствоаралық комиссияның ұсыныстарын ескере отырып, заң жобасында реттелетiн қатынастар құзыретiне енетiн мемлекеттік орган әзiрлейдi. Қорытындының жобасы мемлекеттік және орыс тілдерiнде форматы A4 жай парақта дайындалады және мiндеттi түрде Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiктерiмен келiсіледi (олардың басшылары бұрыштама соғады). Қажет болған кезде қорытындының жобасына әзiрлеушi мемлекеттік кiрiстердi қысқарту немесе мемлекеттік шығыстарды арттыру бөлiгiндегі қаржы-экономикалық есептердi қоса тiркейдi. Қорытындының дайындалуына жауапты мемлекеттік орган осы Регламенттiң 34-тармағында белгіленген тәртiппен қорытындының жобасы бойынша ?кімет мүшелерiнiң дауыс беруiн жүргiзуге және, егер Премьер-Министрдiң немесе оның орынбасарының тапсырмасында өзге неғұрлым қысқа мерзiм белгiленбесе, Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобасы Кеңседе тiркелген күнiнен бастап 20 күн мерзiмнен кешiктiрмей Кеңсеге оның келiсілген жобасын, оның iшiнде магнитті жеткiзгiшпен енгізуге тиiс.
Егер Премьер-Министрдiң немесе оның орынбасарының тапсырмасында қоса орындаушы мемлекеттік органдар көрсетілген жағдайда, осы органдар Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобасы Кеңседе тiркелген күнiнен бастап 15 күн мерзiмнен кешiктiрмей қорытындының дайындалуына жауапты мемлекеттік органға өздерiнің ұсыныстарын беруге мiндеттi.
74. Үкiмет қорытындысының жобасына Кеңседе сараптама жүргiзiлгеннен кейiн оның түпкiлiктi нұсқасын Кеңсе Премьер-Министрдiң немесе оның мiндетiн атқарушы тұлғаның қолымен Үкiмет бланкiсiне шығарып ресiмдейдi. Үкiмет қорытындысы Үкiмет қаулысымен немесе ?кімет мәжілісiнің хаттамасымен мақұлдануы да мүмкiн.
75. Үкiмет енгiзген заң жобаларын Парламентте ұсынушы өкілетті тұлғаларға оларды Парламент қараған кезде заңның тұжырымдамасына немесе оның құқықтық мазмұнын өзгертуге байланысты, сондай-ақ мемлекеттік кiрiстердi қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды арттыруды көздейтiн өзгерістер мен толықтырулар енгізуге Үкiметтің рұқсатынсыз келісім білдiруге тыйым салынады. Бұл ретте Парламентте тиісті заң жобаларын ұсынушы мемлекеттік органдардың бiрiншi басшылары Кеңсеге көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар туралы дереу жазбаша хабарлауға мiндеттi.
Парламентте тиiстi заң жобаларын ұсынушы мемлекеттік органдардың бiрiншi басшылары Үкiметтің келiсуiнсiз көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге келiскенi үшiн жауапты болады.
Парламент депутаттары Үкiметпен келiсілмеген көрсетiлген өзгерістер мен толықтыруларды дауысқа салған жағдайда заң жобаларын ұсынушы тұлғалар мәжілістің стенограммасында өздерiнiң қарсылықтарын тiркеудi талап етуге және Кеңсеге осы өзгерістер немесе толықтырулар туралы дереу хабарлауға мiндетті. Үкiмет бастамашылық жасаған заң жобасына Парламент енгiзген тұжырымдамалық өзгерістер мен толықтыруларды заң жобасын әзiрлеушi салыстырмалы кесте түрiнде қысқаша түйiнiмен Кеңсеге жiбередi, оларды Кеңсе осы өзгерістер мен толықтырулар бойынша Үкiмет бiрыңғай ұстанымды анықтау үшiн Әдiлет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiктерiне, сондай-ақ басқа да мүдделi мемлекеттік органдарға жiбередi.
76. Үкiмет енгiзген заң жобаларын Парламентте ұсынушы өкілеттi тұлғаны (заң жобасы бойынша баяндамашыны) ауыстыру қажет болған кезде Парламентке Премьер-Министрдiң не қаралып отырған заң жобасы құзыретiне жататын оның орынбасарының қолымен тиiстi хат жiберіледi. Бұл ретте осындай хаттардың жобаларын заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттік орган дайындайды және заң жобасы Парламенттің тиiстi Палатасының жалпы отырысында қаралғанға дейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей Кеңсеге енгiзiледi.
77. Парламентте Үкiметтің шешiм жасауына бақылауды Парламенттің тиiстi палаталарындағы Үкiметтiң өкiлдiктерi (бұдан әрi - өкiлдiктер) жүзеге асырады.
Өкілдiктер Премьер-Министрдi, оның орынбасарларын және Кеңсе Басшысын Үкiмет енгiзген заң жобаларының өтуi және Парламент қарайтын әрi ?кіметтің қызметiне қатысы бар басқа да мәселелер туралы үнемi хабардар етiп отырады.
78. Үкiметтiң Парламенттен заң жобасын қайтарып алуы Үкiметтің қаулысымен жүзеге асырылады, оның жобасын осы Регламентте белгіленген тәртiппен заң жобасын әзiрлеушi енгiзедi.
79. Парламент қабылдаған және Премьер-Министрге қолын қойып бекітуге жiберілетiн барлық заңдар бойынша заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттік орган (немесе оның құзыретiне орай) Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiктерiмен келісім бойынша заң қабылданған күнiнен бастап үш күн мерзiмде қорытынды дайындайды және Кеңсеге жiбередi, онда мынадай:
1) Үкiмет бастамашылық жасаған заң жобасын Парламентте қарау кезiнде депутаттар енгiзген өзгерістер мен толықтырулар туралы;
2) қабылданған заңда Қазақстан Республикасының Конституциясына, қолданыстағы заңнамалық кесiмдерге қарама-қайшылықтардың бар екендiгi туралы және оған байланысты қосымша қаржы шығыстары, экономикалық және құқықтық салдарлар туралы;
3) заңды Премьер-Министрдің қолымен бекітудiң мүмкiндiгі туралы ақпарат айтылады. Осы тармақта көзделген рәсiмдердiң орындалуын бақылауды Кеңсе жүзеге асырады.
80. Жобаны әзiрлеушi мемлекеттік орган (немесе оның құзыретiне орай) заңнамалық кесiм күшiне енген күнiнен бастап 15 жұмыс күннен аспайтын мерзiмде Кеңсеге белгіленген тәртiппен келiсілген мыналарды:
1) мемлекеттік органды (мемлекеттік органдарды) қабылдануы осы заңнамалық кесiмге негiзделген нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу жөніндегі жауапты орындаушы (жауапты орындаушылар) етiп белгілеудi;
2) заңнамалық кесiм күшiне енген күнiнен бастап екi айдан аспауы тиiс нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу мен енгізудiң нақты мерзiмдерiн және өкiмнiң жобасында қамтылатын өзге де тапсырмалардың орындалуын;
3) заңға тәуелдi кесiмдердi қабылдау және/немесе қабылданған заңнамалық кесiмге сәйкес келтiру туралы тапсырманы көздейтiн Премьер-Министр өкімінiң жобасын енгiзедi.
81. Заңнамалық кесiммен реттелiп қойылған қатынастар бойынша заң жобаларын әзiрлеу туралы ұсыныстар кейiннен ?кіметтің мәжілісiнде қаралатын болып Ведомствоаралық комиссияның мәжілiсiнде алдын ала қаралады.
8. Прокурорлық ден қою актілерін қарау кезiнде орталық
атқарушы органдардың өзара iс-қимыл жасау тәртібі
82. Премьер-Министрдiң немесе оның орынбасарының тапсырмасы бойынша Үкiметтiң атына жiберілген прокурорлық ден қою актілерiн қарауды прокурорлық ден қою актiсiнің мәнi болған мәселелер құзыретiне енетiн мемлекеттік орган жүзеге асырады. Әдiлет министрлігі тиiстi мемлекеттік органға құқықтық және консультациялық көмек көрсетедi.
83. Прокурорлық ден қою актісiн қарау тапсырылған мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына (бұдан әрi - Бас прокуратура) Үкiмет жауабының жобасын және қажет болған жағдайда ?кімет шешiмдерiнiң жобаларын дайындайды, прокурорлық ден қою актiсiнен туындайтын өзге де шараларды қабылдайды.
?кіметтің Бас прокуратураға жауабының жобасын жобаны әзiрлеушi мемлекеттік орган мiндеттi түрде Әділет министрлігімен, сондай-ақ прокурорлық ден қою актiсiн қарау туралы тапсырмада көрсетілген өзге де мемлекеттік органдармен келiседi.
Үкiмет жауабының жобасын келiсу оған тиiстi мемлекеттік орган басшысының бұрыштама соғуы не ескертулер мен ұсыныстардың жоқтығы туралы хат жiберу жолымен жүзеге асырылады.
84. Прокурорлық ден қою актілерiне Үкiметтiң келісілген жауаптарының жобалары "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген көрсетілген актілерге жауап беру мерзiмi аяқталғанға дейiн 5 күннен кешіктiрмей Кеңсеге ұсынылады.
9. Үкiметтiң кесiмдерiн жариялау тәртібі
85. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты Үкiметтiң кесiмдерi мiндетті түрде ресми жариялануға тиiс.
86. Мемлекеттік құпияларды және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтерi бар Үкiметтiң кесiмдерi жариялануға жатпайды.
87. Үкiметтiң қаулылары Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі кесiмдерiнiң жинағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын және заңнамада белгіленген тәртiппен ?кіметтің қаулыларын ресми жариялауды жүзеге асыру құқығын алған мерзімдi баспа басылымдарында жарияланады және теледидар мен радио бойынша халыққа жеткiзiлуi мүмкiн.
Үкiметтiң Web-сайтын ақпараттық қамтамасыз ету және Үкiмет қабылдайтын шешiмдер туралы ақпаратты тарату мақсатында Internet (Интернет) жаһандық желісін пайдалану жекелеген ережелермен регламенттеледi.
10. Орындалуын бақылау тәртібі
88. Президент, Үкiмет, Премьер-Министр кесiмдерiнiң, сондай-ақ Президенттiң, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының және Президент Әкiмшiлiгi мен Кеңсе басшыларының тапсырмалары бар құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, "Әкiмшілiк рәсiмдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасы Президентінің актілерiн дайындау, келiсу, қол қоюға ұсыну және Республика Президентінің актілерi мен тапсырмаларының орындалуын бақылау тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 2 қазандағы № 4097 Жарлығына, "Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
Көрсетілген құжаттардың орындалуын бақылауды олардың орындалу барысы туралы Премьер-Министрге жүйелi түрде хабардар ететін Кеңсе жүзеге асырады.
89. Бақылау мынадай жолмен жүзеге асырылады:
1) қажетті ақпаратты талап ету;
2) орындалуы туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және талқылау;
3) тексеру және құжаттамалық тексерiстiң өзге де нысандары;
4) жергілікті жерге барып тексеру;
5) заңнамаға қайшы келмейтiн басқа да тәсiлдермен.
Бақылау:
1) мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар қызметiнiң олардың алдына қойылған мiндеттерге сәйкестігi;
2) орындаудың уақтылығы мен толықтығы;
3) орындау кезiнде заңнама талаптарының сақталуы тұрғысында жүргiзiледi.
90. Мынадай, оның iшiнде құпия құжаттар бақылауға алынады (бұдан әрi - бақылаудағы құжаттар):
1) Үкiметке немесе оның басшылығына тапсырмалар берiлген Президенттің кесiмдерi;
2) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырмалар бар Үкiметтің қаулылары, Үкiмет мәжілiстерiнiң хаттамалары, Премьер-Министрдiң өкiмдерi;
3) орындалу мерзiмi көрсетілген немесе бақылауға алу туралы нұсқаулар, "шұғыл", "баяндалсын", "ұсыныстар енгiзілсiн" деген белгілер бар Президенттің Үкiметке немесе оның басшылығына, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының, Президент Әкiмшiлiгi басшылығының Кеңсенiң, Кеңсе Басшысының немесе оны алмастыратын (оның мiндетiн атқарушы) тұлғаның атына тапсырмалары (оның iшінде мәжілiстердiң хаттамаларында және iс-шаралардың жоспарларында қамтылатындар), сондай-ақ мазмұнынан оларды бақылауға қою қажеттігi туындайтын тапсырмалар. Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және оның орынбасарларының хаттамалық және өзге де тапсырмаларының нормативтiк-құқықтық сипаты болмайды;
4) Парламент депутаттарының сауалдары, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкiметтiң қорытындысын беру жөніндегі өтiнiшi бар Парламент палаталарының арнау хаттары.
91. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуын бақылауды Сыртқы iстер министрлігі жүзеге асырады.
92. Бақылаудағы құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуы үшiн жауапкершілiк олар орындалуға жiберiлген мемлекеттік органдардың бiрiншi басшыларына (бiріншi басшылардың мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлғаларға) жүктеледi.
93. Президент кесiмдерiнiң орындалуына жауапты мемлекеттік органдар үш күн мерзiмде оларды iске асыру жөнiндегі ұйымдастыру iс-шараларының жоспарын жасайды.
94. Үкiмет пен Премьер-Министр кесiмдерінің орындалу мерзiмiн Премьер-Министр не нақты кесiмнiң орындалуын бақылау жүктелген оның орынбасары және Кеңсе Басшысы мемлекеттік органның бiрiншi басшысының не бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлғаның белгiленген тәртiппен енгiзілген жазбаша өтiнiшi негiзiнде ұзартуы мүмкiн. Орындалу мерзiмiн екi реттен асырмай ұзартуға жол беріледi.
Үкiмет пен Премьер-Министрдiң кесiмдерiн және тапсырмаларын бiрге орындаушы мемлекеттік органдар, егер тиiстi тапсырмада өзгеше белгіленбесе, оған белгiленген орындалу мерзiмi аяқталғанға дейiн 3 күннен кешiктірмей, ал орындалу мерзiмi 5 күннен аз тапсырмалар бойынша - тапсырма келiп түскен күнiнен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде ұсыныстарды жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға өз ұсыныстарын енгізуге мiндеттi.
95. Бақылаудағы құжатты оған қол қойған немесе орындалуын бақылауды талап ететiн тапсырма берген лауазымды тұлға не оның мiндетiн атқарушы тұлға не оның тапсырмасы бойынша өзге тұлға бақылаудан алады.
Үкiметке және/немесе Кеңсеге тапсырмалары бар Президент кесiмдерiн бақылаудан алу және олардың орындалу мерзiмдерiн ұзарту мәселелерiн Президент Әкiмшiлiгi қарайды.
96. Президенттiң жеке тапсырмаларын барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар, егер Президент өзгеше белгілемесе, тапсырма берiлген күнiнен бастап екi аптадан аспайтын мерзiмде орындауы тиiс.
97. Президенттің және Президент Әкiмшілігі басшылығының бақылаудағы тапсырмаларын оларға Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының қарарларымен бiрге орталық және жергілiктi атқарушы органдар, егер тапсырмаларда өзге мерзiм белгіленбесе, Президент және/немесе Президент Әкiмшілігінiң басшылығы тапсырған күнiнен бастап 25 күн мерзiмнен кешiктiрмей орындайды.
98. Үкiмет мәжілiстерiнiң хаттамаларында және Президентте, ?кімет пен Кеңсе басшылығында өткен кеңестердiң хаттамаларында қамтылатын хаттамалық тапсырмалардың орындалу мерзiмi мәжіліс (кеңес) өткен күнiнен бастап есептеледi. Егер мәжілісте (кеңесте) нақты тапсырманың орындалу мерзiмi аталған жағдайда, атына тапсырма берiлген және өкілдерi мәжіліске (кеңеске) қатысқан тиiстi мемлекеттік органдар мәжілістен (кеңестен) кейiн бiрден, оларға мәжіліс (кеңес) хаттамасының түсуiн күтпестен, тапсырмаларды орындауға кiрiсуге мiндеттi.
Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының тапсырмалары, егер тапсырмаларда өзге мерзiм белгіленбесе, тапсырма берiлген күнiнен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей, ал "шұғыл" немесе "жеделдетiңiз" деген белгі болған кезде 10 күн мерзiмде орындалады.
Премьер-Министрдiң немесе оның орынбасарларының Парламент депутаттарының сауалдарына жауап және Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындылардың жобаларын дайындау туралы тапсырмалары, егер тапсырмаларда өзге неғұрлым қысқа мерзiм белгіленбесе, сауал (заң жобасы) Кеңседе тiркелген күнiнен бастап 25 күн (20 күн) мерзiмнен кешiктiрмей орындалады.
Егер ?кіметтің, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының хаттамалық тапсырмаларында және Үкiмет пен Премьер-Министрдiң кесiмдерінде, сондай-ақ iс-шаралар жоспарларында нақты орындалу мерзiмi көрсетiлмеген және олардың мазмұнынан олардың орындалуы ұзақ уақытты (тұрақты, бiр жыл iшiнде және т.с.с.) талап ететiнi туындаған не олардың мазмұнынан орындалу мерзiмi туралы бiр мәндi қорытынды жасау қиын болған жағдайда, сондай-ақ даулы жағдайларда, осындай тапсырмаларды бақылауға алу қажеттігi, оларды орындаудың нақты мерзiмiн белгiлеудi Кеңсе айқындайды және орындалуына жауапты мемлекеттік органдарға дереу жеткiзіледi.
Егер тапсырманың белгiленген мерзiмде орындалуы мүмкiн болмаса, онда тапсырманың орындалуына жауапты мемлекеттік органның бiрiншi басшысы (бiрiншi басшының міндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға) кешiктірiлуiнiң себептерi туралы хабарлауға және белгіленген тәртiппен оның орындалу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш жасауға тиiс. Тапсырманың орындалу мерзiмiн ұзартуға екi реттен артық жол берілмейдi. Белгiленген орындалу мерзiмiн ауыстыру туралы ұсыныстар қайтадан енгiзілген кезде мемлекеттік органдардың басшылары бiр уақытта жазалау туралы бұйрықтың көшiрмесiн қоса бере отырып, орындаудың ұзартылған мерзiмiн бұзуға жол берген лауазымды тұлғаларға қолданылған тәртiптiк жауапкершілiк шаралары туралы ақпарат ұсынуға тиiс.
Бақылаудағы құжаттарды орындаудың белгіленген мерзiмiн бұзу және оларды сапасыз орындау тәртiптiк терiс қылық болып табылады. Бақылаудағы құжаттарды орындаудың мерзiмiн бұзу және/немесе сапасыз орындау фактілерi бойынша орындалуына жауапты мемлекеттік органдардың бiрiншi басшыларының бұйрықтарымен Қазақстан Республикасы Президентінiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлерiне тәртiптiк жаза қолдану ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығымен белгіленген тәртіппен кiнәлi лауазымды тұлғалар тәртiптiк жауапкершілiкке тартылады.
99. Бақылаудағы, оның iшiнде құпия құжаттардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар Кеңсеге:
1) бақылаудағы құжаттарды орындаудың белгiленген мерзiмi аяқталғаннан кейiн әрбiр бақылаудағы құжаттың не оның нақты тармақтарының орындалуы туралы есептi;
2) есепті тоқсаннан кейiнгi айдың 5-күнiне атқарушылық тәртiптiң жай-күйi және жазалау туралы бұйрықтың көшірмесiн қоса бере отырып, бақылаудағы құжаттарды орындау мерзімінің бұзылуына кiнәлi нақты лауазымды тұлғаларды жауапкершілiкке тарту жөнiнде қабылданған шаралар немесе олардың сапасыз орындалуы туралы ақпаратты ұсынады.
100. Мыналарды бақылаудан алу не орындалу мерзiмiн өзгерту туралы шешiм қабылдау:
1) Президенттің тапсырмалары, оның iшiнде Президенттiң кесiмдерiнде, оның қатысуымен өткен кеңестердiң (мәжілістердің) хаттамаларында және Президент немесе Президент Әкiмшілігінің Басшысы бекiткен iс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар тиiсiнше Президенттің немесе Президент Әкiмшiлiгi Басшысының не оның мiндетiн атқарушы тұлғаның қарары бойынша;
2) Президент Әкiмшілiгi басшылығының тапсырмалары, оның iшiнде Президент Әкiмшілігінің басшылығында өткен кеңестердiң хаттамаларында және ол бекiткен iс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар Әкiмшілiк Басшысының немесе тапсырма берген тұлғаның қарары бойынша;
3) тапсырмалар, оның iшiнде Үкiмет пен Премьер-Министрдiң кесiмдерiнде, ?кімет мәжілiстерiнiң және Премьер-Министрде өткен кеңестердiң хаттамаларында қамтылатын тапсырмалар - Премьер-Министрдiң немесе Кеңсе Басшысының не оның мiндетiн атқарушы тұлғаның қарары бойынша;
4) Премьер-Министр орынбасарларының тапсырмалары, оның ішінде олар өткiзген кеңестердiң хаттамаларында және олар бекiткен iс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар - Премьер-Министрдiң тиiстi орынбасарының қарары бойынша;
5) Кеңсе Басшысының тапсырмалары, оның iшiнде Кеңсе Басшысында өткен кеңестердiң хаттамаларында және ол бекiткен iс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар - Кеңсе Басшысының не оның мiндетiн атқарушы тұлғаның қарары бойынша;
6) Кеңсе Басшысы орынбасарларының тапсырмалары - Кеңсе Басшысының тиiстi орынбасарының қарары бойынша жүзеге асырылады.
101. Бақылаудағы, оның iшiнде құпия сипаттағы тапсырмалардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар Кеңсеге жiберетiн олардың орындалуы туралы есептерде белгіленген орындалу мерзiмiне сәйкес мiндетті түрде мыналар қамтылуы тиiс:
1) егер объективтi себептермен тапсырманың белгiленген мерзiмде орындалуы мүмкiн болмаса, жаңа нақты мерзiмiн көрсете отырып не орындау мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш;
2) егер тапсырма толық көлемде орындалған болса, не бақылаудан алу туралы өтiніш;
3) егер тиiстi кесiммен немесе тапсырмамен мерзiмдi ақпарат ұсыну көзделген болса, не құжаттың ақпарат беру тәртібімен енгiзілiп отырғаны туралы жазба.
102. Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының iс-шаралар жоспарлары мен тапсырмаларының, оның iшiнде Үкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерінің жобаларын енгізуді көздейтін хаттамалық тапсырмаларының нақты тармақтарын бақылаудан алу үшiн тиісті қаулы немесе өкiм қабылдау негiз болып табылады.
103. Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Кеңсе Басшысы осы Регламенттің талаптарын, оның iшiнде бақылаудағы құжаттарды орындау тәртібін өрескел бұзу фактілерi бойынша Премьер-Министрге кiнәлi лауазымды тұлғаларды тәртiптiк жауапкершілiкке тарту жөнiнде ұсыныстар енгізуi мүмкiн.
11. Қорытынды ережелер
104. Премьер-Министрдiң орынбасарлары, Кеңсе Басшысы және оның орынбасарлары осы Регламент талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2002 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1300 қаулысына