42. Қаулылардың жобаларын Премьер-Министрдiң орынбасарларында келiсу Премьер-Министр, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысы арасында мiндеттердi бөлуге сәйкес жүзеге асырылады. Премьер-Министрдiң орынбасарларында қаулылардың жобалары бойынша ескертулер мен ұсыныстар болған кезде олар кеңестер өткізуi мүмкiн. Кеңестерде қабылданған шешiмдер кеңестердiң хаттамалары түрiнде ресiмделедi.
Мемлекеттік органдардың арасында қаулы жобасын келiсу процесiнде түзетiлмеген қағидатты келiспеушіліктер болған кезде, Премьер-Министрдiң орынбасарлары, Кеңсе Басшысы жоба бойынша келiспеушілiктердi реттеу мақсатында нәтижелерi хаттамалар түрiнде ресiмделетiн кеңестер өткізуi мүмкiн. Егер талқыланып отырған мәселе бойынша өзара қолайлы шешiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда, кеңесті өткізуші Премьер-Министрдiң орынбасары немесе Кеңсе Басшысы бұл туралы түпкілiктi шешім қабылдау үшiн Премьер-Министрге хабардар етедi.
Қаулының жобасы бойынша Үкiмет мүшелерiнiң көпшiлiгiнiң ескертулерi және/немесе қарсылықтары болған кезде Премьер-Министр, Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Кеңсе Басшысы Үкiмет мүшелерiнiң көпшілiгiмен келісілген шешiм шығару үшін кеңес өткізуi мүмкiн. Келісілген ұстанымға қол жеткiзiлмеген кезде Үкiметтiң қаулысы қабылданбайды, ол кеңес хаттамасында тiркелуi тиiс.
Қажет болған кезде Премьер-Министрдiң орынбасарлары, Кеңсе Басшысы жобаны тиiстi мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қосымша келiсуге жiберуi мүмкiн.
Өкiмдердiң жобалары Премьер-Министрдiң орынбасарларымен Премьер-Министр, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысы арасында мiндеттердi бөлумен айқындалатын құзыретке сәйкес олардың мүдделілiгi анықталған жағдайда келiсіледi.
43. Премьер-Министрдiң тиiстi орынбасарларының келісімiнен (бұрыштама соғуынан) кейiн қаулының (өкiмнiң) жобасына Кеңсе Басшысы бұрыштама соғады және оны жоба бойынша шешiм қабылдау үшiн Премьер-Министрге не Премьер-Министрдiң мiндетiн атқарушы тұлғаға баяндайды.
Премьер-Министр қаулының (өкiмнiң) жобасын қажет болған кезде пысықтау және/немесе қосымша келiсу үшiн тиiстi мемлекеттік органға жiберуi мүмкін.
44. Үкiметтің қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiне Премьер-Министр қол қояды. Премьер-Министр болмаған кезде Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiне Премьер-Министр белгілеген тәртiппен Премьер-Министрдiң мiндетiн атқаратын оның орынбасарларының бiрi қол қоя алады.
Қаулының (өкiмнiң) түпнұсқасына оған қол қойылғаннан кейiн түзетулер енгізуге тыйым салынады.
45. Үкiметтің қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiн тiркеу және есепке алу Кеңсе белгілеген тәртiппен жүзеге асырылады.
Қол қойылған Үкiметтің қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiне Кеңсенiң тиiстi бөлiмшесi:
1) құпия емес қаулылар үшiн - күнтiзбелiк жылдың басынан бастап есепке алу реттiк нөмiрiнен, өкiмдер үшін - дефис арқылы "ө" әрпін қойып, күнтiзбелiк жылдың басынан бастап есепке алу реттік нөмiрiнен;
2) "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісi бар таралуы шектеулi қаулылар мен өкiмдер үшiн - құпия емес қаулылар (өкiмдер) үшiн кезектi peттік нөмiрден және "қбү" кiшi әрiптерiнен;
3) аса маңызды, өте құпия және құпия қаулылар мен өкiмдер үшiн - құпия қаулының (өкiмнiң) кезектi есепке алу нөмiрiн сызықша арқылы берілген құпиялық белгісiне сәйкес "аса м" - "Аса маңызды", "өқ" - "Өте құпия", "қ" - "Құпия" кiшi әрiптерiмен бiрге қойып, құпия емес қаулыларға (өкiмдерге) арналған кезекті реттік нөмiрден;
4) бекiтілген бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу көзделетiн қаулылар үшiн - әлiпбилiк тәртiппен берілетiн әрiптiк литерi (литерлерi) бар бастапқы қаулының реттiк нөмiрiнен тұратын тiркеу нөмiрлерiн бередi.
Кеңсе Басшысының нұсқауы бойынша қаулыларға (өкiмдерге) жоғарыда көрсетілген тәртiппен құпия емес қаулыларға (өкiмдерге) арналған кезектi реттік нөмiрден кейiн дефис арқылы қойылатын сандық литерi бар тiркеу нөмiрлерi берілуi мүмкiн.
46. Үкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерінің түпнұсқалары тұрақты сақталатын құжаттарға жатады және Кеңседе кемiнде 15 жыл сақталады, осы мерзiм өткеннен кейiн олар Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатына мемлекеттік сақтауға берiледi.
47. Үкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерінің куәландырылған көшiрмелерiн уақтылы шығаруды және таратуды Кеңсе жүзеге асырады. Қажет болған кезде қаулылардың (өкiмдердiң) қосымша даналары Кеңсе Басшысының рұқсатымен ғана беріледi. Құпия сипаттағы қаулылар мен өкімдердің куәландырылған көшiрмелерi немесе олардың үзiндi көшiрмелерi белгiленген тәртiппен адресаттардың шектеулi санына жiберiледi.
Оларда техникалық қателер анықталған кезде Үкiметтiң құпия емес қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң бұрын жiберілген даналарын ауыстыру Кеңсе Басшысының рұқсатымен жүргiзіледi. Бұл ретте бастапқы жiберiлген даналарды алғандарға "Бұрынғы жiберілгеннiң орнына" ("Взамен ранее разосланного") мөртаңбасы басылып, қаулылардың (өкiмдердiң) түзетілген нұсқалары жiберіледi. Адресаттар көрсетілген мөртаңбасы бар түзетілген нұсқаны алғаннан кейiн олар қаулылардың (өкiмдердiң) бұрын жiберілген даналарын Кеңсеге дереу қайтаруға тиiс.
Қаулыларды (өкiмдердi) қайтарып алу Кеңсе Басшысының нұсқауы бойынша жүзеге асырылады.
Аса маңызды, өте құпия және құпия қаулылар (өкiмдер) Кеңсе Басшысының хатымен ресми түрде қайтарылып алынады.
48. Жобалары осы Регламенттің талаптарын бұзып енгiзілген ?кіметтің және Премьер-Министрдiң қабылданған шешiмдеріндегі қателерге жобаны әзiрлеушi жауапты болады.
49. Үкiметтiң нормативтiк қаулысы қабылданғаннан кейiн министрлiктер мен олардың ведомстволары, агенттіктер, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдар бiр ай мерзiмде өздерiнің кесiмдерiн ?кімет қабылдаған қаулыға сәйкес келтiруге және қажет болған кезде оны iске асыру мақсатында тиісті кесiмдер шығаруға мiндеттi.
Осы тармақтың орындалуын бақылауды Әдiлет министрлігі жүзеге асырады.
50. Нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдаған орган таратылған, қайта ұйымдастырылған немесе қайта құрылған жағдайда, оның кесiмдерiнiң күші жойылды деп тану, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелердi оның құқықтық мирасқоры немесе жоғары тұрған орган шешедi.
6. ?кімет енгізетiн Президент
кесiмдерiнiң жобаларын дайындау
51. Үкiмет енгiзетiн Президент кесiмдерiнiң жобаларын дайындауды қолданыстағы заңнамаға және осы Регламентке сәйкес тиiстi орган жүзеге асырады.
Президент кесiмдерiнiң жобалары Үкiмет қаулыларымен не Премьер-Министрдiң немесе оны алмастыратын (оның мiндетiн атқарушы) тұлғаның хаттарымен Президент Әкiмшілiгiне енгiзіледi. Бұл ретте, әдетте, хаттармен Президент Әкiмшілiгi бұрын пысықтау үшiн қайтарған жобалар қайта енгізіледi.
Президент кесiмдерiнiң жобаларын келiсу кесiм жобасы мәтiнiнiң түпнұсқаларына (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі) қол қойып (бұрыштама соғып) бекітуден және/немесе оның келiсу парағына бұрыштама соғудан көрiнедi.
52. Үкiмет Президент Әкiмшiлiгiне енгiзетiн мемлекеттік және орыс тілдерiнде дайындалған Президент кесiмдерiнiң жобалары мыналарды қамтуға тиiс:
1) Президент кесiмiнiң жобасын енгізу туралы Үкiмет қаулысының белгiленген тәртiппен ?кімет мөрiмен куәландырылған көшiрмесi немесе Премьер-Министрдiң не оны алмастыратын (оның мiндетiн атқарушы) тұлғаның Президентке жолданған хатының түпнұсқасы;
2) Премьер-Министр немесе оны алмастыратын (оның мiндетiн атқарушы) тұлға, Кеңсе Басшысы, жобаны әзiрлеушi мемлекеттік органның және Әділет министрлігінiң бiрiншi басшылары (бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлғалар не Үкiметтің және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттік берген тұлғалар) бұрыштама соққан тиiстi бланкiдегi Президент кесiмiнiң жобасы. Жобаны әзiрлеушi мемлекеттік органның бiрiншi басшысы не Үкiметтің және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлға Президент кесiмiнiң жобасы мен оған қосымшаның әр парағына алдын ала қол қоюы тиiс. Басқа да келiсушi органдардың бiрiншi басшылары (бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлғалар не Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлғалар) жобаға келiсу парағына бұрыштама соғады. Премьер-Министр немесе оны алмастыратын (оның мiндетiн атқарушы) тұлға және Кеңсе Басшысы (оның мiндетiн атқарушы тұлға) бұрыштама соққан тиiстi бланкiдегi Президент кесiмiнiң жобасына әзiрлеушi орган және Әділет министрлiгі бiрiншi басшыларының (бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлғалардың не Үкiметтің және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлғалардың) бұрыштамасы бар жай қағаздың парақтарында ұсынылған, Үкiметке енгiзілген Президент кесiмiнiң жобасын қоса тiркеуге рұқсат етіледi;
3) Премьер-Министр немесе оны алмастыратын (оның мiндетiн атқарушы) тұлға қол қойған көлемi 3 парақтан, ал күрделi мәселелер бойынша 5 парақтан аспайтын түсiндiрме жазба, онда мәселенiң мәнiсi мен Президент кесiмiн қабылдау қажеттілігінің, оның iшiнде қаржы-экономикалық негiздемесi, осы мәселе бойынша Президент кесiмдерiнiң бұрын қабылданған тiзбесi және олардың орындалуы туралы ақпарат, осы жобаны қабылдаудан күтілетiн салдарлардың болжамы жазылады;
4) егер Президент кесiмiнiң енгiзілетiн жобасымен Президенттiң қолданыстағы кесiмдерiне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу көзделетiн болса, әзiрлеушi мемлекеттік орган бiрiншi басшысының немесе бiрiншi басшының мiндеттерiн атқару ресми түрде жүктелген тұлғаның не Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлғаның әр парағына алдын ала қолы қойылған және қолы қойылған Президент кесiмiнiң бұрынғы және жаңа редакциясының салыстырма кестесi;
5) Президент Әкiмшілiгi белгілеген нысан бойынша жасалған Президент кесiмi жобасының келiсу парағы;
6) өзге де қажетті материалдар.
53. Премьер-Министр немесе оны алмастыратын (оның мiндетін атқарушы) тұлға не Кеңсе Басшысы (оның мiндетiн атқарушы тұлға) Үкiметке тапсырмасы бар Президент кесiмi күшiне енген күнiнен бастап 3 жұмыс күнiнен кешiктiрмейтін мерзiмде осы тапсырмалардың орындалуы үшiн жауапкершiлiк жүктелетiн лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдарды айқындайды.
7. ?кіметтің заң шығару қызметi
54. Үкiметтің заң шығару қызметi Үкiметтiң заң жобалау жұмыстарының жоспарына (бұдан әрi - Жоспар) сәйкес жүзеге асырылады.
55. Үкiметтің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларын қалыптастыру Президенттiң тапсырмалары, Үкiметтiң Бағдарламасы, мемлекеттік бағдарламалар мен Үкiмет бекiтетiн бағдарламалар, мемлекеттік бағдарламаларды iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары, сондай-ақ Премьер-Министрдiң шешiмдерi ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Жоспар заң жобаларының, оның iшiнде заң жобаларын әзiрлеушi мемлекеттік органдарды, нақты заң жобаларын Әдiлет министрлігіне, Үкiметке және Қазақстан Республикасының Парламентiне (бұдан әрi - Парламент) енгізу мерзiмдерi, сондай-ақ заң жобаларын әзiрлеу мен енгізу үшiн жауапты лауазымды тұлғалар көрсетіле отырып, қолданыстағы заңнамалық кесiмдерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудi көздейтiн заң жобаларының тiзбесiн бiлдiредi.
56. Алдағы жылға арналған Жоспардың жобасын Әділет министрлігі мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Ведомствоаралық комиссия) ұсыныстарының негiзiнде жасайды және жыл сайын 1 қарашаға дейiн Үкiмет қаулыларының жобаларын енгізу үшiн белгіленген тәртiппен Үкiметке ұсынады. Бұл ретте Әділет министрлігі Жоспардың жобасына енгізілген әрбiр заң жобасын әзiрлеу қажеттілігiнiң негіздемесiн қамтитын анықтаманы қоса тiркейдi.
Ведомствоаралық комиссияның оң қорытындысы Жоспарға сол немесе өзге заң жобасын енгізу үшiн мiндетті шарт болып табылады.
57. Жоспарды Президентпен келiсу Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентiмен және Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжілiсiне Үкiмет енгiзетiн заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiмен келiсу ережелерiн бекіту туралы" 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.
58. Жоспарда көзделген заң жобаларын ұсыну мерзiмдерiн ауыстыру туралы, сондай-ақ заң жобаларын ағымдағы жылдың Жоспарынан алып тастау немесе оған толықтырулар енгізу туралы мәселелер заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттік органның өтiнiшi бойынша Ведомствоаралық комиссияның отырысында алдын ала қаралады. Мемлекеттік орган Жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Үкiмет қаулысының жобасын енгiзген кезде түсiндiрме жазбада мiндеттi түрде Ведомствоаралық комиссияның осы мәселе бойынша негіздемесi мен шешiмi көрсетіледi.
Мемлекеттік және өзге де бағдарламалар, тұжырымдамалар, ?кіметтiң iс-шаралары жобаларының нормалары (ережелерi) заң жобаларын қамтамасыз ету бөлiгiнде Ведомствоаралық комиссиямен келісіледi.
Мемлекеттік және өзге де бағдарламаларға қоғамдық қатынастарды заңнамалық реттеудiң жаңа тетiктерiн енгізу перспективалық Жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізумен қатар жүргiзілуге тиiс.
Заң жобалау жұмыстарының қабылданған жоспарларына енгiзiлетiн өзгерістер және (немесе) толықтырулар Мемлекет басшысымен не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiмен мiндеттi түрде келiсілуге жатады.
59. Перспективалық және ағымдағы жоспарлардың орындалуын жалпы бақылауды Әділет министрлігі жүзеге асырады.
Әдiлет министрлігі ай сайын ?кіметтiң заң жобалау қызметiнiң барысын қорытады және есептіден кейiнгi айдың 1-күніне ағымдағы Жоспардың орындалу барысы туралы есепті, оның iшiнде жоспарланған заң жобаларының мемлекеттік органдар мен Парламентте өтуi туралы ақпаратты ұсынады.
Жоспарланған заң жобаларын әзiрлеу мерзiмi бұзылған кезде Кеңсе Әдiлет министрлігі ақпаратының негiзiнде Премьер-Министрге заң жобаларын әзiрлеу мерзiмiнiң бұзылуына кiнәлi лауазымды тұлғаларды жауапкершілiкке тарту туралы ұсыныстар енгiзе алады.
60. Халықаралық шарттарды бекіту мен күшiн жою және оларға қосылу туралы заң жобаларынан басқа, жоспардан тыс заң жобалары Ведомствоаралық комиссиямен алдын ала келісілуге жатады, оның оң қорытындысы заң жобаларын белгiленген тәртiппен Үкiметке енгізу үшiн негiздеме болады.
61. Заң жобаларын әзiрлеудің және ұсынудың сапасы, уақтылылығы үшiн Жоспарда көрсетiлген лауазымды тұлғалар жеке жауапкершілiкте болады.
62. Жоспардың негiзiнде заң жобаларын әзiрлеушi мемлекеттік органдар белгiленген мерзiмде заң жобаларын Кеңсеге осы заң жобаларын Парламенттiң Мәжілiсiне енгізу туралы Үкiмет қаулыларының жобаларымен бiрге енгiзедi.
Көрсетілген жобаларды дайындау, ресiмдеу, келiсу, оларға дауыс беру және енгізу, сондай-ақ олар бойынша келiспеушілiктердi қарау тәртібі "Нормативтiк құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң Регламентiнде және осы Регламентте көзделген ерекшелiктермен бiрге Үкiмет қаулыларының жобаларын енгізу үшiн белгіленген тәртiпке ұқсас.
Парламенттің қарауына ?кімет енгiзетiн заң жобалары (халықаралық шарттарды бекіту мен күшiн жою және оларға қосылу туралы заң жобаларын қоспағанда) бойынша "Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 30 мамырдағы № 698 қаулысымен бекiтілген Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу ережесіне сәйкес заң жобасымен реттелетiн құқықтық қатынастарға қарай тиiстi ғылыми сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа) жүргiзу мiндетті. Бұл ретте оларды қабылдаудан экологиялық, оның iшiнде радиациялық қауіпсiздiкке, қоршаған ортаны қорғауға қатер туғызуы мүмкiн зардаптарды болжайтын заңнамалық кесімдердiң жобалары мiндеттi экологиялық сараптама жүргiзуге жатады.
Заң жобасын әзiрлеушi жобаға тиiстi ғылыми сараптама жүргiзудi қамтамасыз етедi, оның нәтижелерi бойынша қорытынды ұсынымдық сипатқа ие болады (барлық заңды және жеке тұлғалар орындау үшін мiндеттi мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын қоспағанда). Әзiрлеушi көрсетілген қорытындыларды мiндеттi түрде заң жобасының басқа материалдарымен бiрге мемлекеттік және орыс тілдерiнде Кеңсеге енгізедi. Ғылыми сараптаманың терiс қорытындысы кезінде (мемлекеттік экологиялық сараптаманы, оның нәтижелерi бойынша заң жобасында мiндеттi түрде жойылуы тиiс ескертулердi қоспағанда) заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттік орган сараптамалық қорытындының ұсыныстарына сәйкес заң жобасын пысықтау, сондай-ақ қайтадан немесе қосымша сараптама жүргiзу туралы өз бетiмен шешiм қабылдайды. Заң жобасы бойынша сараптамалық қорытындыдағы ұсынымдар қабылданбаған жағдайда, әзiрлеушi заң жобасына ілеспе хатта қабылдамау себептерiнiң дәлелдi негiздемесiн келтiруi тиiс.
63. Парламент Мәжілiсiне Үкiмет енгiзетiн заң жобаларын Президент Әкiмшiлiгiмен келiсу Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң заң жобалау жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентiмен және Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжілiсiне ?кімет енгiзетiн заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшілiгiмен келiсу ережелерiн бекіту туралы" 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.
Президент Әкiмшілiгiмен:
1) Парламентте қаралуы Президент атынан шұғыл немесе басымдықты деп жариялау жоспарланатын заң жобалары. Президенттiң заң жобаларын шұғыл немесе басымдықты деп, оның iшiнде Үкiметтiң бастамасы бойынша жариялауы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 1074 Жарлығымен бекiтілген Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгілеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережесіне сәйкес жүзеге асырылады;
2) Президенттің тапсырмасы бойынша Үкiмет әзiрлеген және Парламент Мәжілiсiне енгізуi тиiс заң жобалары;
3) конституциялық заңдардың, кодекстердің жобалары, сондай-ақ қолданыстағы конституциялық заңдар мен кодекстердi өзгертуге және толықтыруға бағытталған заң жобалары;
4) жергілiктi мемлекеттік басқаруды және жергілiкті өзiн-өзi басқаруды, елдiң саяси және сайлау жүйелерiн жетілдiруге бағытталған заң жобалары;
5) қорғаныс және ұлттық қауiпсiздiк саласындағы құқықтық қатынастарды регламенттейтiн заң жобалары мiндеттi түрде алдын ала келiсілуге тиiс.
Президент Әкiмшілiгiнiң онымен келiсілетiн заң жобалары бойынша ескертулерi толық ескерілмейтiн жағдайда, Кеңсе бұл туралы Президент Әкiмшілiгiне хабардар етедi.
64. Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы жолдауымен басымдықты деп айқындалған заң жобаларын (бұдан әрi - басымдықты заң жобалары) әзiрлеушi мемлекеттік органдар осы Регламентке сәйкес келісілген заң жобаларын Кеңсеге заң жобасы басымдықты деп айқындалған күнiнен бастап 20 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей енгізуi тиiс. Бұл ретте басымдықты заң жобаларын мемлекеттік органдардың келiсу мерзiмi олар түскен күнiнен бастап 5 күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiмен келiсілгеннен кейiн Үкiмет басымдықты заң жобаларын 10 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде Парламент Мәжілiсiнiң қарауына енгiзедi.
65. Шұғыл деп жариялау жоспарланған заң жобаларын әзiрлеушi мемлекеттік органдар осы Регламентке сәйкес келісілген заң жобаларын Кеңсеге Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 1074 Жарлығымен бекітілген Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережесінiң 1-тармағына сәйкес Үкiметке немесе тиiстi мемлекеттік органға хабарлама келіп түскеннен кейiн 10 күнтiзбелiк күннен кешiктірмей енгізуi тиiс. Бұл ретте шұғыл деп жариялау жоспарланған заң жобаларын мемлекеттік органдармен келiсу мерзiмi олар келiп түскен күнiнен бастап 3 күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс.
Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкiмшiлiгiмен келісілгеннен кейiн шұғыл деп жариялау жоспарланған заң жобасын Үкiмет 7 күнтiзбелік күннен кешiктiрмейтін мерзiмде Парламент Мәжілісiнiң қарауына енгiзедi.
66. Қазақстан Республикасының Президентi шұғыл деп жариялаған заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы жолдауы Парламентте жария етілгеннен немесе осы жолдау Парламентке жолданғаннан кейiнгi келесi күннен кешiктiрмей Парламент Мәжілiсiнiң қарауына енгiзіледi.
67. Кеңседе өту мерзiмi 10 күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс (жобаның тiркелген күнiнен бастап қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейiн) басымдықты заң жобалары мен шұғыл деп жариялау жоспарланып отырған заң жобаларынан басқа, заң жобаларына сараптама және Кеңседе олар бойынша қорытындылар дайындау Кеңседе тiркелген күнiнен бастап 10 жұмыс күннен аспайтын мерзiмде жүзеге асырылады. Осы Регламентте көзделген негiздемелер бойынша заң жобаларын Кеңсе заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттік органға пысықтауға, оның iшiнде қажет болған кезде қосымша ғылыми сараптама жүргiзу үшiн қайтаруы мүмкiн.
68. Кеңсеге заң жобасы бойынша енгiзілетiн материалдар мемлекеттік және орыс тiлдерiнде дайындалған:
1) заң жобасын, ал қажет болған кезде қолданыстағы заңнамалық кесiмдерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы не негiзгi жобаның қабылдануына байланысты заңнамалық кесiмдердiң күшi жойылды деп тану туралы заң жобаларын да (оның iшiнде магнитті жеткiзгiштердегi) және заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттік органның бiрiншi басшысы (бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметтің және Кеңсенің басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлға) әр парағына алдын ала қол қойған, Үкiмет қаулылары үшiн осы Регламенттiң 27-тармағында белгіленген тәртiппен келісілген (бұрыштама соғылған) осы заң жобасын (заң жобаларын) Парламент Мәжілiсiне енгізу туралы Үкiмет қаулысының жобасын;
2) осы Регламенттiң 26-тармағының талаптарына сәйкес дайындалған Үкiмет қаулысының жобасына түсiндiрме жазбаны;
3) заң жобасы мақсаттарының, мiндеттерi мен негiзгi ережелерiнiң жан-жақты сипаттамасымен бiрге жобаны қабылдау қажеттігінiң негіздемесi, жобаны қабылдаудың ықтимал салдарының болжамы бар, қажет болған кезде заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттік органның бiрiншi басшысы немесе бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға (бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметтің және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлға) әр парағына алдын ала қол қойған қаржы-экономикалық есептер мен статистикалық деректер қоса берiлген заң жобасына (заң жобаларына) түсiндiрме жазбаның (жазбалардың) жобасын, оның iшiнде магниттi жеткiзгiштегiнi;
4) заң жобасын (заң жобаларын) мүдделi мемлекеттік органдармен келiсу парағын (парақтарын);
5) заң жобасының (заң жобаларының) ғылыми сараптамасының нәтижелерi бойынша қорытындыны (қорытындыларды);
6) заң жобасын (заң жобаларын) әзiрлеушi мемлекеттік органның бiрiншi басшысы немесе бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлға қол қойған iлеспе хатты, бұл ретте Үкiмет қаулысының әрбiр жобасы жеке ілеспе хатпен енгізіледi;
7) қолданыстағы заңнамалық кесiмдерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудi көздейтiн заң жобасына заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттік органның бiрiншi басшысы (бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттік берген тұлға) әр парағына алдын ала қол қойған және қол қойған қолданыстағы заңнамалық кесiмнiң бұрынғы және жаңа редакциядағы салыстырма кестесi қоса тiркеледi;
8) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды бекітуге Парламентке енгізу туралы заң жобасына Сыртқы iстер министрлігі куәландырған, мемлекеттік, орыс және әртүрлi оқылуы кезiнде басымдығы болатын оларға қол қойылған өзге де тілдердегi бекітуге енгiзiлетiн құжаттардың көшiрмелерi қоса тiркеледi;