Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс
өткізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 11 қазандағы № 1118 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 14 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткізу ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 11 қазандағы
№ 1118 қаулысымен
бекітілген
Нормативтік құқықтық актiлердi
ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткізу
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткізуге қойылатын негізгі талаптарды белгілейдi.
2. Осы Ереже конкурсты ұйымдастырушылар мен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға үмiткер мерзiмдi баспасөз басылымдарының арасындағы қарым-қатынастарды реттейдi.
3. Осы Ереже ресми басылымдар болып табылатын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысына және Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы ?кіметінiң актiлер жинағына қолданылмайды.
4. Конкурстың негізгі мақсаттары:
1) азаматтардың ақпараттарды еркiн алуындағы конституциялық құқықтарын іске асыру;
2) азаматтардың құқықтық танымы мен құқықтық хабардар болуын арттыру;
3) нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға мерзiмдi баспасөз басылымдарының тең қол жеткізуiн қамтамасыз ету;
4) мерзiмдi баспасөз басылымдарының қызметiн жандандыру;
5) мерзiмдi баспасөз басылымдарының арасында бәсекелестiктi арттыру болып табылады.
5. Осы Ережеде:
1) мемлекеттік тапсырыстың негiзiнде мемлекеттік сатып алуға байланысты (бұдан әрi - мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс);
2) мемлекеттік сатып алуға байланысты емес (бұдан әрi - конкурстық iрiктеу) нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурстың екi түрiн өткізу көзделедi.
6. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) конкурс - жеңiмпаз мерзiмдi баспасөз басылымдарын оларға нормативтік құқықтық актiлердi ресми жариялауға құқық беру мақсатында анықтау тәсiлi;
2) конкурстық комиссия - конкурсқа ұсынылған құжаттардың конкурстың шарттарына сәйкестiгiн анықтау және тиiстi шешiм қабылдау мақсатында қарау үшiн конкурсты ұйымдастырушылар құратын алқалы орган;
3) мерзiмдi баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмiрi бар және жарты жылда кемiнде бiр рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, оларға қосымшалар;
4) конкурсты ұйымдастырушылар - осы Ережеге сәйкес конкурс өткізуге уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдар;
5) нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау - конкурстың негiзiнде осындай құқық алған мерзiмдi баспасөз басылымдарының нормативтiк құқықтық актiлердi жариялауы;
6) мемлекеттік сатып алу (конкурстық iрiктеу) жөніндегі конкурстың қатысушысы - мемлекеттік сатып алу (конкурстық iрiктеу) жөніндегі конкурсқа қатысуға өтiнiм берген мерзiмдi баспасөз басылымы;
7) уәкiлетті орган - Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары мен ақпарат агенттiктерiнiң қызметтерiн мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
7. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс және конкурстық iрiктеу нормативтiк құқықтық актiлердi:
1) заңнамалық актiлер мен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қаулыларын;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтiк құқықтық Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулыларын;
3) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтiк құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулыларын;
4) мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерiн, әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiн ресми жариялауға құқық беру мақсатында өткiзiледi.
8. Конкурс өткізудi ұйымдастырушылар:
1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң өкiлдерi қатысқан кезде заңнамалық актiлердi, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтiк құқықтық Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулыларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтiк құқықтық актілерін ресми жариялау құқығына конкурс өткізу бойынша - уәкiлеттi орган;
2) уәкiлеттi органның аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі аумақтық органдарының өкiлдерi қатысқан кезде мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерiн, әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiн ресми жариялау құқығына конкурс өткізу бойынша - Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары болып табылады.
9. Мемлекеттік сатып алу жөнiндегі конкурс пен конкурстық iрiктеудi конкурстарды ұйымдастырушылар бiр күнде өткiзедi.
2. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсты және конкурстық
іріктеуді ұйымдастыру тәртібі мен өткізу шарттары
10. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсты ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасымен реттеледi.
11. Конкурстық iрiктеу тендер өткізу арқылы жүзеге асырылады. Конкурстық iрiктеу басталар алдында конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы күнiне дейiн 30 күннен кешiктiрмей, бұқаралық ақпарат құралдарында конкурстық iрiктеу өткізу туралы хабарландыру жариялайды.
Хабарландыру мынадай мәлiметтердi қамтиды:
1) конкурстық iрiктеудi ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жерi;
2) конкурстық iрiктеудi өткізу уақыты, күнi және орны;
3) конкурстық iрiктеудi өткізу шарттары;
4) конкурстық ipiктeyгe қатысу үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi;
5) конкурстық өтiнiмдердi және өзге де құжаттарды қабылдау, конкурстық iрiктеу туралы қосымша ақпараттарды беру мерзiмi мен орны, сондай-ақ конкурстық өтiнiмдерi мен басқа да құжаттары бар конверттердi ашу орны, күнi және уақыты;
6) Әдiлет министрлігінiң келісімi бойынша уәкiлеттi орган белгiлеген конкурстық iрiктеуге қатысушыға қойылатын талаптар;
7) конкурстық өтiнiмдi және басқа да құжаттарды жасау тіліне қойылатын талаптар;
8) конкурсты ұйымдастырушылардың банктiк деректемелерi;
9) конкурсты ұйымдастырушы белгiлейтiн өзге де қажеттi ақпарат.
12. Конкурстық iрiктеуге қатысуға тiлек бiлдiрген адам конкурстық өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi бiткенге дейiн конкурсты ұйымдастырушыға желiмделген конвертпен мынадай құжаттарды ұсынуға мiндеттi:
1) ұсынылған құжаттардың тiзбесi қоса берiлетiн, уәкiлетті орган белгiлеген нысандағы конкурстық өтiнiм;
2) конкурстық iрiктеуге қатысушының ұсыныстары;
3) конкурстық iрiктеу өткізу туралы хабарландыруда көрсетiлген басқа да құжаттар.
13. Конкурстық iрiктеуге қатысуға конкурстық iрiктеудiң жарияланған талаптарына сай келетiн, конкурстық өтiнiмдi уақытында берген және осы Ереженiң 12-тармағына сәйкес тиiстi түрде ресiмделген құжаттарды ұсынған мерзiмдi баспасөз басылымдары жiберiледi.
14. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдер мен басқа да құжаттар бар конверттердi конкурстық iрiктеудi өткізу туралы хабарландыруда көрсетiлген күнi, уақытта және орында конкурстық iрiктеуге қатысушылардың немесе олардың өкiлдерiнiң қатысуымен ашады.
Конверттi ашу кезiнде конкурстық комиссия мүшелерi алынған құжаттардың әрбiр бетiне қол қоюды жүзеге асырады.
15. Конкурстық комиссия ұсынылған конкурстық өтiнiмдер мен басқа да құжаттарды қарайды және конверттердi ашқан күннен бастап он күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде конкурстық iрiктеудiң қорытындысын шығарады.
16. Конкурстық iрiктеу қорытындысы конкурстық комиссияның барлық мүшелерi қол қоятын хаттама түрiнде ресiмделедi.
17. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс пен конкурстық iрiктеудiң нәтижелерi бойынша жеңiмпаздар анықталады, олармен конкурсты ұйымдастырушы шарт жасасады.
Жасалған шарттарға сәйкес жеңiмпазға осы Ереженiң 7-тармағында көрсетiлген түрлердiң әрқайсысы бойынша жеке-жеке нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығы берiледi.
3. Конкурстық комиссияның жұмыс тәртібі
18. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және комиссия мүшелерiнен тұрады.
19. Комиссия мүшелерiнiң құрамын, санын конкурс ұйымдастырушылар бекiтедi.
Конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды (үштен жетiге дейiн) құрауы тиiс.
Конкурстық комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, комиссияның отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды және оның шешiмдерiн iске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Төраға жоқ кезде оның функцияларын орынбасар орындайды.
20. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткiзiледi.
21. Комиссия шешiмдерi ашық дауыс берумен қабылданады, егер оған конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы санының басым көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп саналады.
Дауыстар тең түскен жағдайда, комиссия төрағасы дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
22. Комиссия шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi.
Комиссия отырыстарының хаттамаларын белгiленген тәртiппен оның жұмыс органы дайындайды және қол қойылғаннан кейiн олар барлық мүдделi мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жiберiледi.
23. Конкурсты ұйымдастырушының құрылымдық бөлiмшесi комиссияның жұмыс органы болып табылады.
4. Конкурстық комиссияның, конкурстық iрiктеуге
қатысушылардың және оның жеңiмпаздарының
құқықтары мен міндеттерi
24. Конкурстық комиссия:
1) осы Ереженiң талаптарын бұза отырып ұсынылған конкурстық өтінiмдер мен басқа да құжаттарды қараусыз қайтаруға;
2) заңнамада белгіленген тәртiппен ұсынылатын конкурстық өтiнiмдер мен басқа да құжаттарды қарауға және сараптаманы жүзеге асыруға қатысу үшiн тәуелсiз сарапшылар мен өзге де мамандарды (консультанттарды) тартуға;
3) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
25. Конкурстық комиссия:
1) конкурстық iрiктеуге қатысу үшiн қажеттi конкурстық өтiнiмдер мен басқа да құжаттарды белгiленген мерзiмде қабылдауға;
2) конкурсқа қатысушыларды конкурстық iрiктеудiң шарттарымен, конкурстық ірiктеудiң жеңiмпазымен конкурсты ұйымдастырушының үлгiлiк шартының жобасымен таныстыруға;
3) конкурстық iрiктеудi жүргiзуге қатысты қосымша ақпаратты конкурстық iрiктеуге қатысушыларға беруге мiндеттi.
26. Конкурсқа қатысушылар:
1) конкурстық iрiктеудiң шарттарымен, конкурстық iрiктеудiң жеңiмпазымен конкурсты ұйымдастырушының үлгiлiк шартының жобасымен танысуға;
2) конкурстық iрiктеу жүргiзуге қатысты қосымша ақпарат сұратуға құқылы.
27. Конкурсқа қатысушылар конкурстық iрiктеуге қатысу үшiн қажеттi толық және шынайы ақпаратты беруге мiндеттi.
28. Конкурстың жеңiмпаздары жасасқан шарттарға сәйкес өзiне алынған мiндеттемелердi тиiстi түрде орындауды қамтамасыз етуге, соның iшiнде нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялаудың талаптары мен мерзiмдерiн сақтауға мiндеттi.
5. Конкурстық iрiктеудiң қорытындысын жарамсыз деп тану
29. Егер конкурстық iрiктеуге екiден кем қатысушы қатысса, конкурсты ұйымдастырушы оны болған жоқ деп таниды немесе конкурсты ұйымдастырушы конкурстық iрiктеудiң талаптарын қанағаттандырмайтын деп таныған конкурстық iрiктеуге қатысушылардың ұсыныстары жарамсыз болып табылады.
6. Қорытынды ережелер
30. Конкурстарды өткізу немесе нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау процесiнде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.
31. Конкурсты ұйымдастырушы мен жеңiмпаздың арасында жасалған шарттардың орындалуын бақылауды конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.