2006 ж. 31 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 108- баптың редакциясы
108-бап. Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң қызметiн тексеру
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Уәкiлеттi орган эмитенттердiң, лицензиаттардың қызметiн тексерудi жүзеге асыруға құқылы.
2. Тексеру жүргiзудiң талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
3. Тексеруге:
1) инвесторлардың өтiнiш жасауы;
2) бағалы қағаздарды ұстаушылардың өтiнiш жасауы;
3) бағалы қағаздар рыногының және өзiн-өзi реттейтiн ұйымдардың кәсiби қатысушыларының өтiнiш жасауы;
4) тексерудiң жүргiзiлгенi туралы немесе уәкiлеттi орган қызметкерлерiнiң тексеруге қатысқаны туралы сот ұйғарымы, прокурордың немесе анықтау және алдын ала тергеу органының қаулысы;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және (немесе) өтеу қорытындылары туралы есептiлiктi қарау және бекіту үшiн эмитент табыс еткен құжаттарды қарау процесiнде құжаттардағы немесе мәлiметтердегi ақпараттың уәкiлеттi орган анықтаған сәйкессiздiктерi;
6) лицензиаттардың қызметi туралы есептердi қарау процесiнде уәкiлеттi орган анықтаған сәйкессiздiктер;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
7) бағалы қағаздар рыногында коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалана отырып, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау туралы мәлiметтердiң болуы;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасы заңдарын бұзуының уәкiлеттi органға мәлiм болған өзге де фактілері негiздеме болып табылады.
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi орган күнтiзбелiк жыл iшiнде бiр рет өз бастамасы бойынша бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiне тексеру жүргiзуге құқылы.