4. Жер асты су қорларына және жер асты су объектiлерi туралы геологиялық ақпаратқа мемлекеттік сараптаманы жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
5. Су шаруашылығы объектiлерi мен өнеркәсiптiк гидротехникалық құрылыстардың төтенше жағдайлар талаптарына сәйкестiгiне мемлекеттік сараптаманы өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган және Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы жүзеге асырады.
6. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық сараптамаларды тиiсiнше халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган және Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы жүзеге асырады.
7. Мемлекеттік сараптаманы жүргiзу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
10-тарау. Суды ұтымды пайдалануды, қорғауды және оның
жай-күйін жақсартуды қамтамасыз ететін талаптар
55-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану кезіндегі табиғат қорғау талаптары
1. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыру қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсiп қауiпсiздiгi, су ресурстарын ұдайы молайту және ұтымды пайдалану шарттары мен ережелерi сақтала отырып, сондай-ақ аталған объектiлер қызметiнiң экологиялық салдары ескерiле отырып жүргiзiледi.
2. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды салу, қайта жаңғырту, пайдалану, консервациялау, тарату Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының, жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкiлеттi органның, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның оң қорытындысы болған жағдайда жүзеге асырылады.
3. Құрылыс жұмыстарын орындау кезiнде жерлердi қайта өңдеу, су ресурстарын ұдайы молайту мен ұтымды пайдалану, аумақтарды абаттандыру және қоршаған ортаны сауықтыру жөнiнде шаралар қолданылады.
56-бап. Су объектiлерiне ластаушы заттардың ағызылуын азайту жөніндегі талаптар
1. Cу ресурстарын пайдалану мен қорғау ластаушы заттарды ағызылу нүктелерiнде нормалауға тиiстi бассейн, ағын су немесе учаске шегiнде барлық ұйымдардың су шаруашылығы қызметiн жинақтап нормалауға негiзделедi.
2. Ағызылатын суды тазарту дәрежесiне және сапасына қойылатын талаптар су объектiсiн ықтимал мақсатты пайдалану бағыттары бойынша айқындалып, есептеулермен негiзделедi және онда су объектiсiнiң нақты жай-күйi, техникалық және экономикалық мүмкiндiгi, жоспарланатын көрсеткiштерге қол жеткізу мерзiмдерi ескерiлуге тиiс.
3. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органмен және Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органымен бiрлесе отырып, су объектiсiнiң әрбiр бассейнi үшiн судың жай-күйi мен сапа өлшемдерiнiң мақсатты көрсеткiштерiн әзiрлеуге мiндеттi.
4. Бассейн iшіндегі су объектiлерi жай-күйiнiң мақсатты көрсеткiштерiне кезеңдеп көшу мерзiмдерiн бассейндiк басқармалар мен жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық органдары және Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органымен және жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып бекiткен әдiстеменiң негiзiнде белгiлейдi.
57-бап. Экономика салалары және қоршаған ортаны қорғау талаптарын қамтамасыз ету үшiн кешендi су жiберудi негiздеу
1. Кешендi су жiберу санитарлық-эпидемиологиялық және табиғат қорғау талаптарын қамтамасыз ету жағдайларын негiзге алып, сондай-ақ экономика салаларының қажеттерi ескерiле отырып белгiленедi.
2. Табиғат қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық су жiберу басым бағыт болып табылады.
3. Табиғат қорғау су жiберуi су объектiсiнiң табиғи жағдайының сақталуын қамтамасыз етуге тиiс. Ең төменгi шығысты сақтаудан басқа, табиғат қорғау су жiберуi су жайылуы мен су тасуы кезiнде су объектiлерiнiң кезеңдiк шайылуын қамтамасыз етуге тиiс.
4. Табиғат қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық су жiберудiң көлемiн су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган су объектiлерi бассейндерi бойынша белгiлейдi.
5. Авариялық су жiберу су тасыған және су жайылған кезде су объектiсіндегі судың қалыпты деңгейде ұсталуын және су объектiлерi арналарының шайылуын қамтамасыз етуге тиiс.
11-тарау. Жер үсті және жер асты суларын мемлекеттік
есепке алу, мемлекеттік су кадастры, су объектілерінің
мемлекеттік мониторингі. Су қорын ұтымды пайдалану
мен қорғауды ғылыми және инновациялық-ақпараттық
қамтамасыз ету
58-бап. Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттік есепке алу
1. Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттік есепке алу Қазақстан Республикасының аумағындағы су ресурстарының сандық және сапалық көрсеткiштерiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүйелi түрде анықтау және тiркеу болып табылады.
2. Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттік есепке алу деректерi жер үстi және жер асты су объектiлерiнiң сапалық және сандық көрсеткiштерi бойынша, олардың адам өмiрi мен денсаулығы үшiн өнеркәсiптiк және экологиялық қауiпсiздiк дәрежесi, зерттелуi мен пайдаланылуы бойынша жай-күйiн сипаттайды.
3. Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттік есепке алуды су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкiлеттi органмен бiрлесiп су пайдаланушылар мен гидрометеорологиялық қызмет ұсынатын жер үстi және жер асты суларын пайдалану есебiнiң деректерi негiзiнде жүзеге асырады.
59-бап. Мемлекеттік су кадастры
1. Мемлекеттік су кадастры су объектiлерiнiң жай-күйiмен пайдаланылуы туралы, олардың су ресурстары туралы, су пайдаланушылар туралы жүйелендiрiлген ресми деректер жиынтығы болып табылады.
2. Мемлекеттік су кадастры бiрыңғай жүйе бойынша жүргiзiледi және суларды мемлекеттік есепке алу деректерiне негiзделедi.
3. Мемлекеттік су кадастрына енгiзiлген су объектiсiнiң паспорты болады, онда тiркеу нөмiрi, атауы және физикалық-географиялық, геологиялық-гидрологиялық, техникалық, құқықтық және экономикалық көрсеткiштерi қамтылатын кешендi сипаттамасы көрсетiледi.
4. Мемлекеттік су кадастрын жүргiзудi су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкiлеттi органмен, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органымен және гидрометеорологиялық қызметтермен бiрлесiп жүзеге асырады.
5. Су пайдаланушылар су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органға және жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкiлеттi органға мемлекеттік су кадастрына енгiзiлуге тиiс қажеттi деректердiң бәрiн ұсынуға мiндеттi.
6. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік су кадастрында қамтылған ақпаратқа мүдделi жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
60-бап. Су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингi
1. Су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингi қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингi жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
2. Су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингi олардың жай-күйiне гидрологиялық, гидрогеологиялық, гидрогеохимиялық, санитарлық-химиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және токсикологиялық көрсеткiштердi тұрақты қадағалау, жағымсыз процестердi уақтылы анықтау, олардың дамуын бағалау мен болжау мақсатында алынған ақпаратты жинау, өңдеу және беру, жүзеге асырылатын су шаруашылығы iс-шараларының зиянды зардаптарын болғызбау және тиiмдiлiк дәрежесiн айқындау жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу жүйесi болып табылады.
3. Су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингiн су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органымен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкiлеттi органмен бiрлесiп әзiрленген әдiстеме бойынша бiрлесiп жүзеге асырады.
61-бап. Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғауды ғылыми және инновациялық-ақпараттық қамтамасыз ету
1. Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғауды ғылыми қамтамасыз ету мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) су ресурстарын кешендi және ұтымды пайдалануды негiздеу;
2) су шаруашылығы кешенiн дамытуды бағалау мен болжау;
3) су үнемдеудiң ғылыми-әдiстемелiк және технологиялық негiздерiн әзiрлеу;
4) су шаруашылығы жүйесiнiң нормативтiк құқықтық базасын әзiрлеу;
5) басқару шешiмдерiн қабылдау үшiн ұсынымдар әзiрлеу.
2. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
3. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы инновациялық қызмет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iске асырылады және:
1) ұйымдастыру жағдайларын қалыптастырумен;
2) жалпы ұлттық сипаты бар инновациялық су шаруашылығы мен су қорғау бағдарламалары үшiн тiкелей мемлекеттік инвестициялар бөлу арқылы мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етiледi.
4. Су ресурстарын кешендi және ұтымды пайдалану мен қорғауды ұзақ мерзiмдi және орташа мерзiмдi жоспарлау, су шаруашылығы ұйымдары мен су пайдаланушыларды ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесiп су ресурстарын пайдаланудың республикалық ақпараттық-талдау жүйесiн құруы мүмкiн.
5. Деректер қорын қалыптастыру үшiн су пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бекітілген нысандар бойынша қажеттi мәлiметтер бередi.
6. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
12-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы
жеке тұлғалардың құқықтары мен міндеттері және
қоғамдық бірлестіктердің қызметі
62-бап. Жеке тұлғалардың су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
1. Жеке тұлғалардың:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су объектiлерiн пайдалануға, оларды қорғау мен ұдайы молайту жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;
2) су объектiлерiн пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сауалдармен, шағымдармен, өтiнiштермен және ұсыныстармен жүгiнуге;
3) су қорын пайдалану мен қорғау саласында қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу туралы ұсыныстар енгізуге және оған қатысуға;
4) әкiмшiлiк немесе сот тәртібімен су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы талаптарға сай келмейтiн кәсiпорындарды және басқа да құрылыстарды орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың су объектiлерiне терiс әсер ететiн шаруашылық және өзге қызметiн шектеу мен тоқтату туралы шешiмдердiң күшiн жоюды талап етуге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өзге де құқықтарды iске асыруға құқықтары бар.
2. Жеке тұлғалар су қорын пайдалану мен қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға мiндеттi.
63-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қызметi
1. Қоғамдық бiрлестiктердiң су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қызметi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен олардың жарғыларына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi бассейндiк кеңестердiң жұмысына қатыса алады.
3. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды қоғамдық бiрлестiктер өз бастамасы бойынша жүргiзе алады.
4. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды жүргiзу тәртібін қоғамдық бiрлестiктер өздерiнiң жарғыларына сәйкес су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдармен келiсе отырып айқындайды.
4-Бөлім. Су пайдалану
13-тарау. Су пайдалану құқығы
64-бап. Су пайдалану түрлерi, су пайдалану құқығының туындауы
1. Су пайдалану ортақ, арнайы, оқшау, бiрлескен, бастапқы, қайталама, тұрақты және уақытша болып бөлiнедi.
2. Ортақ су пайдалану құқығы азамат үшiн ол туған кезден бастап туындайды және қандай жағдайда болмасын оны одан айыруға болмайды.
3. Арнайы су пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлген лицензия немесе рұқсат алынған кезден бастап туындайды.
65-бап. Ортақ су пайдалану
1. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн су объектiлерi жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекітілiп берiлмей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
2. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшiн арнайы рұқсат талап етiлмейдi.
3. Экологиялық, техникалық және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында ортақ су пайдалану шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкiн.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
4. Ортақ су пайдалану шарттары мен ережелерiн облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлейдi.
66-бап. Арнайы су пайдалану
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
1. Халықтың ауыз су және коммуналдық-тұрмыстық қажеттерiн, ауыл шаруашылығының, өнеркәсiптiң, энергетиканың, балық шаруашылығының және көлiктiң суға деген қажеттерiн қанағаттандыру үшiн, сондай-ақ өнеркәсiптiк, коммуналдық-тұрмыстық, сорғыту және басқа да ағынды суларды жер үстi су объектiлерiне ағызу үшiн құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды су объектiсiнен алып немесе алмай қолдана отырып су объектiсiнен жер үстi және жер асты су ресурстарын тiкелей пайдалану арнайы су пайдалануға жатады.
2. Жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалану құқығы лицензияда немесе рұқсатта белгiленген мақсаттар үшiн ғана пайдаланылады және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзбауға және қоршаған ортаға зиян келтiрмеуге тиiс.
3. Осы баптың 4 және 5-тармақтарын қоспағанда, арнайы су пайдалануды жеке және заңды тұлғалар лицензияның негiзiнде жүзеге асырады.
4. Өнеркәсiптiк, коммуналдық-тұрмыстық, сорғыту және басқа да ағынды суларды жер үстіндегі cу объектiлерiне ағызу рұқсаттың негiзiнде жүзеге асырылады.
5. Жер қойнауы бөлiгiнен алу лимитi тәулiгiне елуден екi мың текше метрге дейiнгi шаруашылық-ауыз су және өндiрiстiк-техникалық жер асты суларын пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган берген рұқсаттың негiзiнде жүзеге асырылады.
6. Мынадай су тарту құрылыстарын: шахталы және тереңдiгi жиырма метрге дейiнгi құбырлы сүзгiлi құдықтар, сондай-ақ орталықтандырылған сумен жабдықтау үшiн пайдаланылмайтын су тұтқыш жиектiң бiрiншi беткейiнен барлық жағдайда деңгейiн мәжбүрлi төмендетпей тәулiгiне елу текше метрден аспайтын су алып жұмыс істейтiн шегендеу құрылыстарын пайдаланған кезде арнайы су пайдалануға лицензия және рұқсат талап етiлмейдi.
67-бап. Оқшау су пайдалану
1. Су объектiлерiн немесе олардың бiр бөлiгiн бiр жеке немесе заңды тұлғаға пайдалануға берген кезде оқшау су пайдалану құқығы туындайды.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2. Оқшау су пайдалануға берiлген су объектiлерiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген шарттармен ортақ су пайдалануға рұқсат етiледi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
3. Оқшау су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы, егер облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының шешiмдерiнде өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ортақ су пайдалану жағдайлары немесе оған тыйым салу туралы жариялауға мiндеттi.
68-бап. Бiрлесiп су пайдалану
1. Бiрлесiп су пайдалану құқығы су объектiлерiн немесе олардың бiр бөлiгiн бiрнеше жеке және (немесе) заңды тұлғаға пайдалануға берген кезде туындайды.
2. Бiрлесiп су пайдалану кезiнде бiрiншi кезекте халықты ауыз сумен жабдықтаумен айналысатын су пайдаланушылардың мүдделерi, сондай-ақ су аяғында орналасқан су пайдаланушылардың мүдделерi қанағаттандырылады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
3. Бiрлесiп су пайдалануға берiлген су объектiлерiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген жағдайлармен ортақ су пайдалануға рұқсат етiледi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
4. Бiрлесiп су пайдаланатын су пайдаланушылар, егер облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының шешiмдерiмен өзгеше белгiленбесе, ортақ су пайдалану жағдайлары немесе оған тыйым салу туралы жариялауға мiндеттi.
69-бап. Бастапқы және қайталама су пайдалану
1. Өз мұқтаждарын қанағаттандыру немесе оны қайталама су пайдаланушыларға жеткізу үшiн тiкелей су объектiлерiнен су алуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың су пайдалануы бастапқы су пайдалану болып табылады.
2. Бастапқы су пайдаланушыдан шарт негiзiнде су алатын жеке және заңды тұлғалардың cу пайдалануы қайталама cу пайдалану болып табылады.
3. Қайталама су пайдалануға арналған шартта су беру мақсаты және оны пайдаланудың негiзгi талаптары көрсетiлiп, бастапқы су пайдаланушы үшiн белгiленген лимит шегiнде қайталама су пайдаланушыға кесте бойынша су беруге кепiлдiк берiледi.
4. Бастапқы және қайталама су пайдаланушылар Қазақстан Республикасының су заңдары талаптарының сақталуы үшiн екiжақты жауапкершiлiкте болады.
70-бап. Су пайдалану мерзiмдерi
1. Су объектiлерi тұрақты немесе уақытша су пайдалануға бepiледi.
2. Мерзiмi белгiленбеген су пайдалану тұрақты деп танылады.
3. Уақытша су пайдалану қысқа мерзiмдi - бес жылға дейiн және ұзақ мерзiмдi - бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiн болуы мүмкiн.
4. Қажет болған жағдайда су пайдалану мерзiмдерi ұзартылуы мүмкiн.
5. Арнайы су пайдалану мерзiмдерi су объектiсiнiң ресурстық әлеуетi мен ағымдағы экологиялық жай-күйiне байланысты болады.
6. Ортақ су пайдалану тұрақты болып табылады.
71-бап. Су пайдаланушылардың құқықтары
Су пайдаланушылардың:
1) Қазақстан Республикасының су заңдарында көзделген шарттар мен талаптарды сақтай отырып, су объектiлерiн берiлген мақсаттарында пайдалануға;
2) су объектiлерiн пайдаланудың өзiне тиесiлi құқығын өз қалауына қарай жүзеге асыруға, бұл орайда, басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына, су объектiлерi мен қоршаған ортаға зиян келтiруге жол бермеуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен cу қорының жерлерiн пайдалануға;
4) су пайдаланушылардың бiрлестiктерiн, одақтарын (қауымдастықтарын) және басқа да коммерциялық емес ұйымдарын құруға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су шаруашылығы қызметiн жүзеге асыру үшiн су объектiлерiнiң жай-күйi туралы ақпарат алуға;
6) берiлетiн судың сапасы мен мөлшерiн тексеруге;
7) су пайдалануға өз құқықтарын қорғауға;
8) белгiленген су беру лимитi мен режимiне сәйкес құқықтардың, соның iшiнде су алу құқықтарының бұзылуынан келтiрiлген зиянды өтеттiруге;
9) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы заңдарында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
72-бап. Су пайдаланушылардың мiндеттерi
Су пайдаланушылар:
1) су ресурстарын ұтымды пайдалануға, судың ысырабын қысқартуға шаралар қолдануға;
2) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарына ұқыпты қарауға, оларға зиян келтiрiлуiне жол бермеуге;
3) белгiленген су пайдалану лимиттерi мен режимдерiн сақтауға;
4) басқа су пайдаланушылар мен табиғат пайдаланушылардың құқықтары мен мүдделерiнiң бұзылуына жол бepмeугe;
5) судың жай-күйiне әсер ететiн су шаруашылығы құрылыстары мен техникалық құрылғыларды ақаусыз күйiнде ұстауға, олардың пайдаланылу сапасын жақсартуға, су ресурстарын пайдалануды есепке алуға;
6) су қорғау iс-шараларын жүзеге асыруға;
7) арнайы су пайдалануға лицензияда және (немесе) рұқсатта белгiленген су пайдалану шарттарын, сондай-ақ бақылаушы органдардың нұсқамаларын белгiленген мерзiмде толық көлемiнде орындауға;
8) белгiленген нормативтерден асатын зиянды заттардың ағызылуына жол бермеуге;
9) су объектiсiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нысан бойынша пайдалану туралы анық және толық ақпаратты мемлекеттік органдарға уақтылы ұсынуға;
10) су үнемдеушi технологияларды, суарудың озық техникасын, сумен жабдықтаудың айналымдық және қайталама жүйелерiн енгізуге шаралар қолдануға;
11) жер үстi және жер асты суларынан су жинау алаңының ластануына жол бермеуге;
12) су объектiлерiнiң су қорғау аймақтарының аумағында шаруашылық және өзге де қызметтiң белгiленген режимiнiң сақталуын қамтамасыз етуге;
13) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органның және жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкiлеттi органның тиiстi негiздемесi мен шешiмiнсiз ауыз су сапасындағы суды өндiрiстiк және басқа мұқтаждарға пайдалануға жол бермеуге;
14) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында өнеркәсiп қауiпсiздiгiнiң талабын сақтауға;
15) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында жеке тұлғалардың қауіпсiздiгiн қамтамасыз етуге;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
16) барлық авариялық жағдайлар мен су пайдаланудың технологиялық режимiнiң бұзылуы туралы Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының аумақтық органдарына және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына дереу хабарлауға, сондай-ақ су объектiлерiне зиян келтiрiлуiн болғызбау жөнiнде шаралар қолдануға;
17) су пайдаланғаны үшiн төлемдердiң уақтылы төленуiн жүзеге асыруға;
18) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы заңдарында көзделген басқа да мiндеттердi орындауға мiндеттi.
73-бап. Су пайдаланушылардың құқықтарын қорғау
1. Су пайдалану құқығы заңмен қорғалады. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында аталған негiздерден өзгеше ешкiмдi де су пайдалану құқығынан айыруға болмайды.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, су пайдаланушылардың су пайдалану құқығына қысым көрсетумен байланысты олардың қызметiне мемлекеттік органдардың тарапынан араласуға тыйым салынады.
74-бап. Су пайдалану құқығын шектеу
1. Мемлекет қауiпсiздiгi мен қорғанысын, халықтың денсаулығын сақтауды, қоршаған ортаны, тарихи-мәдени мұраны, басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ су тапшылығы, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су пайдалану құқығы шектелуi мүмкiн.
2. Су пайдалану құқығын шектеу халықтың ауыз су және тұрмыстық мұқтаждары үшiн су ресурстарын пайдалану жағдайын нашарлатпауға тиiс.
75-бап. Арнайы cу пайдалану құқығын тоқтату
1. Арнайы су пайдалану құқығы:
1) су пайдаланушы су пайдалану құқығынан бас тартқан;
2) су пайдалану мерзiмi өтiп кеткен;
3) су пайдаланушы жеке адам қайтыс болған;
4) су пайдаланушы заңды тұлға таратылған;
5) су объектiлерi табиғи немесе жасанды түрде жойылып кеткен;
6) су объектiлерiн пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен басқа жеке және заңды тұлғаларға ауысқан жағдайларда тоқтатылуға тиiс.
2. Арнайы су пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен: