13) мемлекеттік орман қорының ағашы кесiлген және ормандарды молықтыру мен орман өсiруге арналған басқа да алқаптарында ормандарды молықтырудың тәртібі мен мерзiмдерiн бұзу;
14) орман үшiн пайдалы фаунаны жою;
15) ормандарды қурап қалуға немесе ауруға ұшырататын не оларды ластайтын ақаба сулармен, химиялық заттармен, өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтармен және төгiндiлермен орманды бүлдiру;
16) орман қоры жерлеріндегі орман құрғататын жыраларды, кәрiз жүйелерi мен жолдарды жою немесе бүлдiру;
17) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды рұқсаттама құжаттарында көзделген мақсаттарға немесе талаптарға сай келмейтiн әрекеттермен жүзеге асыру;
18) ормандардың жай-күйi мен оларды молықтыруға зиянын тигiзуге әкеп соқтыратын объектiлер салу мен оларды пайдалануға беру;
19) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде кеспеағаш аймағын бөлiп беру мен мөлшерлеудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртібін бұзу;
20) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде сүректердi есептi кеспеағаштардан артық мөлшерде дайындау болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы өзге заң бұзушылықтар үшiн де жауаптылық белгiленуi мүмкiн.
114-бап. Қазақстан Республикасының орман заңдарын
бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының орман заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
115-бап. Мемлекеттік орман қорынан өз бетiмен иеленген аумақтарды қайтару
1. Мемлекеттік орман қорынан өз бетiмен иеленген аумақтар оларды заңсыз пайдалану кезiнде шыққан шығындар өтелместен тиесiлi иелерiне қайтарылады. Бұл ретте мемлекетке орман иеленушi шеккен залал өтеледi.
2. Өз бетімен тұрғызылған құрылыстарды бұзу, жерлерді нысаналы мақсатына сәйкес келтiру және орман алқаптарын қалпына келтiру заң бұзушылар есебiнен жүргiзiледi.
116-бап. Орман қорына кiрмейтiн ағаш және бұта өсiмдiктерiн жойғаны немесе зақымдағаны үшiн жауаптылық
Осы Кодекстiң 6-бабы 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлгеннен басқа, орман қорына кiрмейтiн ағаш және бұта өсiмдiктерiн заңсыз жойғаны немесе зақымдағаны үшiн кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
20-тарау. Қорытынды ережелер
117-бап. Ормандарды күзету, қорғау, молықтыру, орман өсiру мен орман пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Ормандарды күзету, қорғау, молықтыру, орман өсiру мен орман пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен белгiленген принциптерге сәйкес жүзеге асырылады.
118-бап. Осы Кодекстi қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Кодекс ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) 1993 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Орман кодексi (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 3, 45-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 11, 357-құжат; 2001 ж., № 3, 20-құжат; № 24, 338-құжат);
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасының Орман кодексiн күшiне енгізу тәртібі туралы" 1993 жылғы 23 қаңтардағы Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 3, 46-құжат).
Қазақстан Республикасының