3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: халық арасында ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын дамытуға жағдай жасау, дене шынықтыру спорт бірлестіктерінің және спорт клубтарының жұмысын жандандыру, ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын дамытуды бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 016 | | Бұқаралық спортты және спорттың ұлттық түрлерін дамытуды қолдау | Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерінен күнтізбелік спорттық іс-шараларға қатысу және өткізу. Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін халық спорты ойындарын өткізу. Ел ішінде және шет елдерде ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын насихаттау. Ұлттық спорт түрлерi бойынша спортшылармен жаттықтырушыларды спорттық мүкәмалмен және киіммен қамтамасыз ету | қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Респуб- ликасы Мәдениет, ақпарат және спорт минис- трлігінің Спорт істері комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: ұлттық және бұқаралық спорт түрлері бойынша кемінде 10 оқу-жаттығу жиынын, 42 республикалық жарыс өткізу және 20 халықаралық жарысқа қатысу.
Соңғы нәтиже: халықтың әртүрлі жіктерін ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарымен шұғылдануға тарту арқылы салауатты өмір салтын енгізу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: 1 іс-шараға жұмсалатын шығынның орташа құны - 771,0 мың теңге.
Уақтылығы: республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес бұқаралық және ұлттық спорт түрлері бойынша іс-шаралар өткізу.
Сапасы: ұлттық спорт түрлерін дамыту және халық арасында оны кеңінен таныту арқылы Қазақстан Республикасының беделін арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
27-ҚОСЫМША
200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Ақпараттың жалпыға қол жетімділігін қамтамасыз ету»
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 965531 мың теңге (тоғыз жүз алпыс бес миллион бес жүз отыз бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы; 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы; 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы; 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161»2006-2008 жылдарға арналған мәдениет саласын дамыту Бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ақпараттық-коммуникативтік технологиялар басымдықтарын енгізу арқылы қоғамның интеллектуалдық деңгейін және дәстүрлі кітапханалық сервисін дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: кітапхананың жұмысын динамикалық, дамуына ықпал ету, түрлі әдебиет таратқыштар арқылы тұрғындарға сақтау және жеткізу, ақпараттық ортаны қалыптастыру және Қазақстанның ақпараттық кеңістігін нығайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 017 | | Ақпа- раттың жалпыға қол же- тімділі- гін қамтама- сыз ету | Қазақстан Республика- сының Ұлттық кітапха- насының қызметкерлерi мен оқырмандар жұмысы үшін тұтынушылардың ауқымды компьютерлік ресурстарға қол жетімділігін қамта- масыз ету, оларға тиімді жағдайлар жасау, оқырмандарды библиографиялық- анықтамалық, кітапха- налық, ақпараттармен қамтамасыз етуді жүзеге асыру. Негізгі қаражат, материалдық емес активтер мен техниканы алу. Мемлекеттік сараптама қорытындысы мен жобалық-сметалық құжат негізінде күрделі жөндеу жүргізу. Қытай Ұлттық кітапханасында мәдениет Орталығын құру. Зағиптарға және олардың отбасы мүшелеріне, мектептегі нашар көретін оқушыларға қызмет көрсетудi жүзеге асыру, Республикалық кітапханада зағип және нашар көретін азаматтардың жалпы білім беретін, кәсіби және мәдени деңгейін көтеру. Негізгі активтер мен техниканы сатып алу. Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхананың қызмет- керлері мен пайдала- нушылары үшін, сондай-ақ зағип және нашар көретін азамат- тарға тиімді жағдай- лар жасау, оқырман- дардың интеллектуалды және мәдени, рухани қажеттілігін өтеуге бағытталған қажет- тіліктерін арттыру, мәдени және ағартушы- лық қызметін жүзеге асыру. Негізгі активтер мен техниканы алу. | жыл бойы | Қазақстан Респуб- ликасы Мәдениет, ақпарат және спорт минис- трлігі Қазақстан Республи- касының Ұлттық кітапха- насы Көзі нашар және көрмей- тіндерге арналған республи- калық кітап- ханасы Қазақстан Респуб- ликасының Астана қала- сындағы Ұлттық академи- ялық кі- тапханасы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- 3 номинация бойынша деректемелік ескерткіштердің тізімін дайындау;
- 3180 беттік көлемдегі жазба, мұрағат құжаттарын қалпына келтіру және консервациялау;
- 9300 беттік көлемдегі жазба, мұрағат құжаттарына электронды сандық
нөмірлеу жүргізу;
- 170 кітап көрмесін және 12 тұсаукесер өткізу;
- 25 түрлі шаралар өткізу (ақын, жазушылар мен мәдениет басқа да өкілдерінің қатысуымен оқыту конференциялары, дөңгелек үстелдер және шығармашылық кештер);
- халықаралық кітапханалық ұйымдардың мүшелігімен халықаралық кітапхана ынтымақтастығы бойынша 8 іс-шараға қатысу;
- 40 кітапханалық ғылыми және ақпараттық басылымдар әзірлеу;
- 2 реабилитациялық байқау өткізу;
- қазақ және орыс тілдеріндегі әдебиеттерді сөйлету - 400 сағат;
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына сатып алатындар:
- тұтынушыларға толық ақпараттар жеткізу мен толықтыру үшін түрлі білім саласындағы әдебиеттер;
- оқырмандардың жұмыс орындарын жабдықтау үшін 500 дана орындық, 500 дана стол;
- әдебиеттерді экспонаттау үшін көрме шкафтары - 20 дана;
- сирек кездесетін басылымдарды сақтау үшін сейфтер - 5 дана;
- комфортабельды жұмыс орнын құру үшін кеңсе жиһаздары - 9 комплект;
- температура және ылғалдылығын реттейтін кондиционер - 3 дана;
- компьютер - 21 комплект, сканер - 17 дана, принтер - 9 дана, жүйелі қондырғыларды техникамен жабдықтау үшін қажетті бөлімшелер - 2 дана;
- басылымдық қызметке арналған қондырғылар (резак, термобиндер) - 2 дана;
- құжаттарды ғылыми консервациялау үшін қажетті қондырғылар.
Көздері нашар көретін және көрмейтін азаматтарға арналған республикалық кітапхана:
- қорды толықтыруға арналған әдебиеттер;
- екіпроцессорлық серверлік компьютер - 2 дана техникамен жабдықтау үшін;
- оқырмандар мен жұмыс орындарын жабдықтайтын жиһаздар - 2 комплект;
- зағиптарға арналған графикалық-бедерлі комплекті материалдар мен қондырғыларды шығару үшін әдістеліктер;
- аудиокассеттерге арналған грампластинкаларды көшіру аппараты.
Қазақстан Республикасының Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхана:
- білімнің түрлі саласы бойынша әдебиеттер;
- оқырмандар мен жұмыс орындарын жабдықтау үшін жиһаздар;
- компьютерлер - 53 дана, сканер (барабанды), жұмыс орындарын жабдықтау үшін оргтехникалар;
- сурдокомпьютерлер - 2 дана, көздері нашар көретін және көрмейтін
азаматтар үшін мүмкіндіктері шектелген адамдардың жағдайын жақсарту мақсатындағы жолда қолданылатын тифломагнитофондар, оқитын машиналар.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына күрделі жөндеу жүргізудің 1 кезеңі.
Соңғы нәтиже: оқырмандар сұраныстарын орындау сапасын арттыру, өзекті, тақырыптық, нақты электрондық база деректемелер қатарын құру, кітапханалар ісін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір кітапты сақтаудың орташа құны - 2205 теңге.
Уақтылығы: көрсетілген мерзімде жоспарланған іс-шараларды орындау.
Сапасы: Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алу, интеллектуалдық, рухани қажеттіліктерін жоғарылату.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
28-ҚОСЫМША
200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Баспа мұрағатының сақталуын қамтамасыз ету»
деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 26361 мың теңге (жиырма алты миллион үш жүз алпыс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 6 сәуірдегі № 270 «Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелері" қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының аумағында шығатын, сондай-ақ тапсырыс құпия емес басылымдардың бақылау даналарының негізінде баспасөз мұрағатының сақталуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасындағы барлық тілде шығатын жарияланымдардың негізгі түрлеріне библиографиялық өңдеуді жүзеге асыру; республика аумағында шығатын барлық баспасөз шығармаларын есепке алуды, бақылауды және оған ғылыми өңдеуді ұйымдастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 018 | | Баспа мұраға- тының сақталуын қамтама- сыз ету | Баспа мұрағатының жасақтауын қамтамасыз ету, бақылау даналарының сақталуы, каталог, картотекаларды жүргізу, Мемлекеттік ұлттық кітап палатасында басып шығарушы ұйымдардың Мемлекеттік негізгі стандарттар (МНС) талаптарын сақтауына бақылау және статистикалық анықтамалықтар шығару. Материалды емес активтердi сатып алу. | қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Респуб- ликасы Мәдениет, ақпарат және спорт минис- трлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: бақылау экземпляр баспаларын 72079 экземплярда шығару, сонымен қатар:
кітаптар, брошюралар, автореферат - 4138 баспа бірлігі;
журналдар - 3763 баспа бірлігі;
газеттер - 56200 баспа бірлігі;
ноталар - 150 баспа бірлігі;
ұсақ баспа - 7828 баспа бірлігі;
жырлар шығару - 48 номер 11 атпен;
материалды емес активтердің 2 комплект санын сатып алу.
Соңғы нәтиже: барлық баспалардың баспасөздерін 5103451 дана бойынша бақылауды және оған ғылыми өңдеуді көтеру, Қазақстан Республикасындағы баспасөздің дамуы туралы статистикалық жинақтар дайындау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір баспасөзді сақтап қамтамасыз етудің орташа шығыны - 5 мың теңге.
Уақтылығы: елдің баспа өнімдері туралы ақпаратпен көрсетілген мерзімде қамтамасыз ету, каталог, картотекалар жүйесін енгізу, анықтау және есепке алу, сондай-ақ барлық баспа жарияланымдарға статистикалық есеп жүргізу.
Сапасы: азаматтарды мұрағат құжаттарымен қамтамасыз ету арқылы олардың ақпараттық деңгейін көтеру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
29-ҚОСЫМША
200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу»
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 10480419 мың теңге (он миллиард төрт жүз сексен миллион төрт жүз он тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы; 2001 жылғы 21 маусымдағы «Салық және басқа міндетті түрдегі бюджетке төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық Кодексі); 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылғы 24 наурызындағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының қызметін тәуелсіз және кедергісіз жүргізудің халықаралық-құқықтық кепілдігі туралы Келісімінің ратификациясы туралы» 1995 жылғы 4 қыркүйектегі № 2452 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған Стратегиясы туралы» 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын жүзеге асырудың алдағы шаралары туралы» 2003 жылғы 15 тамыздағы № 1165 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени-мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 1277 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында «электронды үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтары Ассамблеясы институтын нығайту туралы» 2005 жылғы 23 сәуірдегi № 1561 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Телерадио хабарлары мен мәліметтерді таратудың ұлттық спутниктік жүйесі туралы» 1996 жылғы 4 қазандағы № 1234 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салааралық бағдарламасын бекіту туралы» 2001 жылғы 29 қазандағы № 1371 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2005-2007 жылдарға арналған іс-шараларды бекіту туралы» 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 68 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің «Тұтыну нарығындағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2005 жылғы 5 мамырдағы № 430 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Экономиканың басымды секторларында пилоттық кластерлерді қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жоспарды бекіту туралы» 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының агроөндірістік кешенін қарқынды дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясын құру туралы» 1992 жылғы 9 қазандағы Тәуелсіз Мемлекет Достастығының мемлекет-қатысушы басшыларының шешімі; «Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының сұрақтары туралы» 1993 жылғы 22 қаңтардағы Тәуелсіз Мемлекет Достастығының Үкімет мемлекет-қатысушы басшыларының шешімі; «Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының қызметін тәуелсіз және кедергісіз жүргізудің халықаралық-құқықтық кепілдігі туралы» 1993 жылғы 24 желтоқсандағы мемлекет-қатысушы басшыларының келісімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: елдегі экономикалық, қоғамдық-саяси маңызды оқиғаларды және мемлекеттік саясаттың негізгі бағыт бағдарларын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен жариялау және ақпараттық-насихаттауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мына бағыттарға бағытталған теледидар және радио бағдарламаларды, жарияланымдарды әзірлеу және тарату; елдегі болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларға ақпараттық-насихаттық белсенді қолдау көрсету;
"Қазақстан-2030" даму Стратегиясын жүзеге асыруда мемлекеттің қызметі туралы тұрғындарды ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
конфессияаралық қатынастарда қоғамдық әріптестік принциптерді, ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді насихаттау және қолдау;
қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;
Мемлекет басшысының "2006 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы" және "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациялауды тездетудің жолында" Жолдауын жүзеге асыру шараларына ақпараттық-насихаттық қолдауды қамтамасыз ету;
мемлекеттің ішкі және сыртқы негізгі оқиғалары жөнінде республиканың тұрғындарына нақты, шұғыл ақпараттар беру;
кіші және орта кәсіпкерлікті дамытуды ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету;
білім, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатқа ақпараттық қолдау көрсету;
елдегі азық-түлік бөлігіндегі сұрақтарды жариялау;
тұрғын үй, "электронды үкімет" және басқа мемлекеттік бағдарламаларды жариялау;
мемлекеттік тілді дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 019 | | Мемле- кеттік ақпа- раттық саясатты жүргізу | | | |
2 | | 100 | Газеттер мен жур- налдар арқылы мемле- кеттік ақпа- раттық саясатты жүргізу | Мына тақырыптық бағыттар бойынша материалдар дайындау мен жариялау: Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерін ресми жариялау; еліміздің әлеуметтік- экономикалық, қоғамдық саяси өмірін жариялау; Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының іске асу барысын жариялау; Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жариялау; Елдің агроөнім саласындағы мәселелері бойынша материалдар жариялау; Қазақстанның жағымды инвестициялық бейнесін қалыптасты- руға бағытталған материалдарды жариялау; мемлекеттік экономи- калық саясатты ақпараттық қолдау; қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресудің негізгі мәселелерін жариялау, құқық қорғау органдарының жағымды бейнесін қалыптастыру; білім, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық қатынастар саласында- ғы мемлекеттік саясатты жариялау; "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын, "Сирек және жоғалып бара жатқан жабайы тұяқты түрдегі аңдар мен ақбөкендер сақтау және қалпына келтірудің 2005-2007 жылдарға арналған" салалық бағдарлама- сын, Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы- ның 2005-2007 жылдар- ға арналған мемлекет- тік бағдарламасын, "Желтоқсан оқиғасына" 20 жыл толуы аясында қазақ мемлекеттігі- нің құрылу тарихы, атаулы және мерекелік даталы күндер туралы, материалдар жариялау; мемлекеттік жастар саясаты мәселелерін жариялау; қазақстандық патриотизм тәрбиелеу- ге бағытталған әдеби-көркем шығарма- ларды орналастыру; мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жөніндегі материал- дарды орналастыру; мемлекеттік ұлттық саясатты, Қазақстан халықтары Ассамблея- сының, ұлттық-мәдени орталықтардың қызме- тін жариялау; нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күресті, нашақорлыққа қарсы насихатты жариялау; мемлекеттің терроризм және экстремизмге қарсы күрес, қоғамда діни экстремизм және радикализм идеяларын қабылдамауды қалып- тастыру жөніндегі қызметін жариялау; АҚТҚ/ЖҚТБ-мен күрес, халықты індеттің алдын-алу мәселелері- мен таныстыру жұмыс- тарын жариялау; елдің көші-қон саясатын ақпараттық- насихаттық қолдау, шетелдегі отандастар мен қазақ диаспора- ларының өмірін жариялау; шетелдегі қазақ диаспораларын Қазақстанның әлеуметтік-экономи- калық қоғамдық-саяси өмірі туралы хабардар ету; Қарулы Күштер және әскери қызметтің жағымды имиджін қалыптастыру мен нығайтуға бағытталған материалдарды жариялау; мемлекеттің қоғамдық- саяси және әлеумет- тік экономикалық дамуы туралы әдеби- көркем материалдарды орналастыру; салауатты өмір салтын насихаттау; құқықтық насихаттың басты мәселелерін жариялау; кіші және орта кәсіпкерлікті ақпараттық-насихаттық қолдау; отандық кітап шығаруды насихаттау аясында әдеби-көркем материалдарды орналастыру; қазіргі заманның басты мәселелерін, ТМД аумағындағы интеграциялық процестерді, ынтымақтастық елдері- нің мәдени және тарихи байланыстарын жариялау; балалар және жасөспі- рімдердің патриоттық интернационалдық адамгершілік және рухани тәрбиесі мен өсуі туралы материал- дар орналастыру; отандық телекоммуни- кацияларды дамытуды жариялау, жаңа ақпараттық техноло- гияларды насихаттау; мемлекеттік ақпараттық саясат және БАҚ дамуының басты мәселелерін жариялау; әйел мәселесі, әйелдің қоғамдағы рөлін көтеру, гендерлік теңдік мәселелерін жариялау; қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жариялау, қоғам дамуының өзекті мәселелері жөнінде әлеуметтік сатиралық материалдарды жариялау; республикалық бұқара- лық ақпарат құралда- рында мемлекеттік қызметшілердің және судьялардың әкімшілік бос лауазым орында- рына орналасуға конкурстар туралы хабарламалар жариялау. Президент пен Үкіметтің қызметі мен мемлекеттік ресми шетел сапарларының барысын жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің елден тыс жерлерге қызметтік іссапарлары. Қазақстан Республика- сы Үкіметінің веб-сайтын (www.government.kz) ақпараттық жүргізу. | жыл бойы | Қазақстан Респуб- ликасы Мәдениет, ақпарат және спорт минис- трлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті |
3 | | 101 | Телерадио хабарла- рын тарату арқылы мемле- кеттік ақпарат- тық саясат жүргізу | Мынадай негізгі тақырыпты бағыттар бойынша телерадио хабарларын тарату арқылы мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу, теледидар және радио бағдар- ламаларын шығару және трансляциялау: ақпараттық бағдарламаларда мемлекеттік билік пен басқарудың жоғары органдарының қызметін көрсету; талдау бағдарлама- ларында Президенттің, Үкіметтің, Парламенттің қызметтерін көрсету; "Қазақстан-2030" Стратегиясын іске асыру барысын және оң нәтижелерін көрсету; халықты еліміздің заңнама базасымен, Президенттің Жарлықтары, Yкіметтің қаулылары, өкімдері, өзге де нормативтік құқықтық кесімдер туралы хабардар ету; Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын жариялау; елдің агроөнімдер саласындағы мәселе- лерді көрсету; ҚР ішкі және сыртқы саясатын түсіндіру және насихаттау; мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік саясатты ақпараттық қолдау; "Жаңа экономикалық саясат" теледидар бағдарламаларының циклін шығару; мемлекеттік ұлттық саясатты, Қазақстан халықтары ассамблея- сының, ұлттық мәдени бірлестіктердің қызметін, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді ақпараттық қолдау; үкіметтік емес ұйымдардың қызметін ақпараттық қолдау; қазақстандық патрио- тизмді тәрбиелеу; тілдер туралы Заңның іске асуын ақпараттық қолдау; мемлекеттік жастар саясатын ақпараттық қолдау; балалар мен жастарды мәдени-адам- гершілікке тәрбиелеу; халықты қылмыстық және сыбайлас жемқорлықпен күрес барысы туралы хабардар ету; құқық қорғау органдарының, сот корпусының жағымды имиджін қалыптастыру; құқықтық насихат; сайлаушылар және сайлауды ұйымдасты- рушыларды құқықтық оқыту; мемлекеттің терроризм және экстремизммен күресі жөніндегі қызметін жариялау, қоғамда радикализм, діни экстремизм және терроризм идеяларын қабылдамауды қалыптастыру; Қарулы Күштер және әскери кәсіптің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту; есірткі бизнесі және нашақорлықпен күрес барысын көрсету, есірткіге қарсы насихат; АҚТҚ/ЖҚТБ қаупі және індеттің алдын алу жолдары туралы халықты хабардар ету; шағын және орта бизнесті, отандық тауар өндірушілердi және тауарларды, импорт алмасу бағдарламасын ақпараттық қолдау; мемлекеттік көші-қон саясатын ақпараттық қамтамасыз ету, шетелдегі отандастар, қазақ диаспорасының өмірін көрсету; әдеби-публицистикалық бағдарламалар; білім беру-танымдық бағдарламалар; музыкалық-көңіл көтеру; отандық дене тәрбиесi мен спортты ақпараттық қолдау; білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық қатынастар саласын- дағы мемлекеттік саясатты жариялау; "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарла- масын ақпараттық қолдау, "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан - асырау- шысы жоқ балалар үшін" мемлекеттік бағдарламасын, "Сирек және жоғалып бара жатқан жабайы тұяқты түрдегі аңдар мен ақбөкендер сақтау және қалпына келтірудің 2005-2007 жылдарға арналған" салалық бағдарлама- сын; Қазақстан Республика- сындағы тұрғын үй құрылысының 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын; Қазақстан Республика- сындағы микрокредит- теудің 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдар- ламасын ақпараттық қолдау; атаулы және мерекелік даталы күндерге ақпараттық қолдау, халықты төтенше жағдайларда өзін өзі ұстауы мен қорғану тәсілдеріне үйрету; әйел мәселесін, қоғамдағы әйел рөлін арттыру, гендерлік теңдік мәселелерін жариялау; қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жариялау; халыққа денсаулықты нығайту мәселелерi және салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде жариялау; көркем, деректі фильмдер, сериалдар, мультипликациялық сериалдар; қазақстан театрлары- ның спектакльдері; әлеуметтік роликтер; шет елдердің саяси, экономикалық, мәдени өмірін жариялау "KazSat" және "Intelsat" транспон- дерін жалдау; "Мир" халықаралық телерадиокомпания- сында Қазақстанның экономикалық, саяси, мәдени өмірі туралы бағдарламаларды шығару және орналастыру. Қазақстан Республика- сы мен ТМД елдерінде жүргізіліп жатқан реформалардың әлеуметтік- экономикалық және саяси бағыттары туралы Қазақстан мен ТМД елдерінің халықтарын хабардар ету. ТМД қатысушы елдерінің біртұтас экономикалық және мәдени кеңістік құрудағы Қазақстанның интеграциялық бастамасын жариялау. Электронды БАҚ мемлекеттік тілде мынадай тақырыптық және жанрлы бағыттарда теледидар және радио бағдар- ламаларын, деректі фильмдерді шығару: "Қазақстан-2030" Стратегиясын іске асыру барысы туралы; құқықтық тақырыпта; жеке адам, қоғам, мемлекет қауіпсіздігі қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен күрес барысы, мемлекеттің терроризм және экстремизмге қарсы күресі тақырыбында; ақпараттық бағдарламалар; экономикалық және қаржылық тақырыптардағы бағдарламалар; ҚР Қарулы Күштерi туралы; қылмыстылық және сыбайлас жемқорлықпен күрес барысы туралы; қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу; жастар; балалар; спорттық соның ішінде қазақстандық спортшы- лардың жоғары дәрежелерін; қоғамдық өмірдегі әйелдің рөлі, гендерлік саясат туралы; білім беру, мемлекет- тік тілді үйрету; музыкалық-көңіл көтеру; ауыл шаруашылығы, Ауыл жылын қолдау туралы; мемлекеттік ұлттық саясат және Қазақстан халықтары ассамблеясы, ұлттық- мәдени орталықтар қызметі туралы; әдеби-көркем, мәдениеттану сипаттағы бағдарламалар; салауатты өмір салты туралы; шағын және орташа бизнес туралы; конфессияаралық келісім туралы; нашақорлық, темекi шегу және алкоголизм- нің зияны туралы; әзіл-ысқақ; АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу туралы; экологияның жағдайы және қоршаған ортаны қорғау; ток-шоу жанрындағы бағдарламалар; кино, театр, әдебиет және өнер туралы мемлекеттік бағдарламаның іске асуы туралы; Қазақстан Республикасы Астанасының құрылуы мен құрылысы туралы жариялау; көші-қон саласында тақырыпты радио бағдарламаларды өткізу; ақпараттық бағдарламалардың сурдо аудармасын және субтитрларын мемлекеттік тілде және орыс тілінде ұйымдастыру; салық заңнамалары бойынша қазақ және орыс тілдерінде телебағдарламалар мен роликтерді шығару және орналастыру. Президент пен Үкіметтің қызметі мен мемлекеттік ресми шетел сапарларының барысын жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің елден тыс жерлерге қызметтік іссапарлары. | жыл бойы | Қазақстан Респуб- ликасы Мәдениет, ақпарат және спорт минис- трлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті |