Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 нысанды жөндеудің орташа шығын құны 29,6 млн.теңге.
Уақтылығы: бекітілген кестеге сәйкес жөндеу жұмыстарын орындау, қалпына келтіру, консервациялау, негізгі активтерді сатып алу, ескерткіштерді уақытында жасау, үнемі сақтау, тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін тіркеу және танымал ету.
Сапасы: тарих және мәдениет көне ескерткіштерінің көпғасырлық дәстүрлерін сақтау және дамыту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
19-ҚОСЫМША
200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Ұлттық фильмдер шығару»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1120423 мың теңге (бір миллиард бір жүз жиырма миллион төрт жүз жиырма үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелері» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ұлттық кинематографияны дамыту, республика тұрғындарының мәдени-эстетикалық, рухани қажеттілігін қанағаттандыру, ұлттық фильмдердің халықаралық имиджін нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттің, қоғам мен тұлғаның даму болашағы мен бүгінгі күнгі жағдайын, тарихын бейнелейтін әралуан түрдегі және жанрдағы киношығармашылығын жасау жолы арқылы ұлттық киноөнерін дамытуды қамтамасыз ету;
қазақ халқының сан ғасырлық тарихы барысында қалыптасқан терең философиялық-рухани негіздері мен құндылықтарын бейнелеу, гуманистік идеалдарға, адамгершілік пен патриотизмге негізделген кинематографиялық тақырыптарды игеру;
әлеуметтік-қоғамдық, саяси, экономикалық мәдени өмірдегі қазақ халқының қазіргі жетістіктерін деректі, көркем, анимациялық кино құралдары арқылы көрсету;
өмірді дәлелдететін ұстанымды Замандас бейнесін бейнелейтін киношығарма жасау үшін шығармашылық зиялыларын біріктіру және шоғырландыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 | | Ұлттық фильмдер шығару | Ауыспалы көркем фильмдер өндірісі: «Махамбет қанжары»; «Мұстафа Шоқай», «Ұмыт жылдар балладасы», «Періште», «Ауылым» комедиясы, «Қасқыр сағаты». Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің бұйрығымен бекітілген тақырыпты жоспарға сәйкес деректі және анимациялық (мультипликациалық) фильмдерді, дебют-фильмдердi шығару. Үздіксіз кинотехно- логиялық үрдісті қамтамасыз ету - фильм түсіруге, шығаруға және басуға арналған, сондай-ақ алғашқы фильм материалдары мен фильм көшірмелерін сақтауды қамтамасыз етуге арналған шикізат пен материал- дарды сатып алу. Фильмдерді дубляждау. Сценарийлік резервті қалыптастыру. Ұлттық фильмдердi сақтау. Ұлттық фильмдерді тираждау және дистрибьюциялау - жалға беруге және сатуға шығарылатын фильмдердің қажеттi мөлшерін көшіру. | қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Респуб- ликасы Мәдениет, ақпарат және спорт минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Мәдениет саласында Қазақстанның мемлекеттік саясатын жүзеге асыруға бағытталған және кинематография құралдары арқылы елдің әлеуметтік экономикалық дамуын көрсететін жаңа фильмдермен фильм қорын молайту.
Тарихи тақырыптағы, классикалық қазақ әдебиетінің шығармаларын және қазіргі заман тақырыбындағы фильмдерді экранизациялау шығармалары енгізілген 6 ауыспалы көркем фильмдерді шығару жөніндегі жұмыстарды жалғастыру.
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихында қайталанбас маңызы бар тарихи оқиғаларды бейнелейтін қазақ халқының кемеңгер тұлғалы ұлдарының өмірі және қызмет тарихын деректі кино құралдары арқылы бейнелейтін 9 деректі фильмдер шығару.
2 дебюттік-фильмдер шығару.
Қазақ халқының сан ғасырлық тарихы барысында қалыптастырған гуманистік патриоттық идеалдар мен құндылықтар тұрғысында жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелейтін балалар мен жасөспірімдерге арналған 3 анимациялық фильмдер шығару.
Соңғы нәтиже: Республика тұрғындарының идеалогиялық тәрбиесінде ұлттық фильмдердің рөлін арттыру.
Халықаралық аренада мемлекеттің имидждік саясатын киноматография құралдарымен жылжыту, тұрғындардың мәдени деңгейін көтеру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Көркем фильмді шығарудың орташа құны - 154 500,0 мың теңге, деректі фильмді шығарудың орташа құны - 3300,0 мың теңге, анимациялық фильмді шығарудың орташа құны - 10 000,0 теңге, дебюттік-фильм шығарудың орташа құны - 20 000,0 мың теңге. Уақтылығы: Тақырыптық жоспарға сәйкес ұлттық фильмдерді шығару жөніндегі мемлекеттік тапсырысты уақытында орындау.
Сапасы: Халықаралық фестивальдарға, кинофестивальдар мен байқауларға қатысу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
20-ҚОСЫМША
200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Мұрағат қорын сақтауды қамтамасыз ету»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 290034 мың теңге (екі жүз тоқсан миллион отыз төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау және пайдалану туралы» Заңы; 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 2004 жылғы 20 желтоқсандағы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 1999 жылғы 7 қазандағы № 1538 «Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2002 жылғы 28 мамырдағы № 578 «Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры туралы ережені бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы, 2004 жылғы 21 сәуірдегі № 445 «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеттің мемлекеттік мекемелерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелері жөніндегі» ҚР Үкіметінің қаулысы; 2005 жылғы 1 наурыздағы № 183 «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетін Археография және деректану Ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы; 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарға қарайтын мемлекеттік мекемелер санының лимиттік штатын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан халықтарының тарихи-деректі мұраларын сақтауды қамтамасыз ету және оның ғылым, мәдениет даму мақсатында қолдану, мемлекеттік сұранысты өтеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын арнайы қолдану және мемлекеттік есепке алу, сақталуын, толықтырылуын қамтамасыз ету, мұрағат ісі, құжаттану саласында басқару, дыбыстық бейнелік және ғылыми-техникалық құжаттамамен ғылыми-зерттеу мен ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | | Мұрағат қорын сақтауды қамтама- сыз ету | | | |
2 | | 100 | Мұрағат құжатта- рының сақталуын қамтама- сыз ету | Қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорында орталық заңнамалық, атқарушы, сот органдары мен басқа республикалық заңды тұлғалардың қызметіне арналған құжаттарды сақтау; Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Орталық мемлекеттік мұрағатында өзінің саласы бойынша жинақталған құжаттардың ғылыми ақпараты және жарияланымы, оның арнайы қолданылуын ұйымдастыру. Негізгі заттарды сатып алу. Материалдық емес активтерді сатып алу. Жоба сметалық - құжаттама мен мемлекеттік сараптама қорытындысы негізінде Орталық мемлекеттік мұрағатқа күрделi жөндеу жүргізу. Қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорында республикалық мемлекеттік заңды тұлғалар қызметіне арналған кинофото- құжаттар және бейнефонограммаларды сақтау, ғылыми талдау және қолдану; Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Кинофото- құжаттар және дыбысжазбалар орталық мемлекеттік мұраға- тында сала бойынша құжаттарды қолданып, жариялап, ғылыми ақпараттар жасау. Негізгі заттарды сатып алу. Қамтамасыз ету: Республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметіне арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының ғылыми-техникалық құжаттарын қолдану, ғылыми өңдеу, сақтау; Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Ғылыми- техникалық құжаттама орталық мемлекеттік мұрағатында сала бойынша құжаттарды жариялап, қолданып, ғылыми ақпарат жасауды ұйымдастыру. Негізгі заттарды сатып алу. Қамтамасыз ету: Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Шағын фильм жасау және мемлекеттік мұрағаттардағы құжаттық материалдар- ды қалпына келтірудің орталық зертханасында мемлекеттік мұрағат дайындаған баспа өнімдерін Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорындағы құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс кешенін орындау; Мұрағат құжаттар көшірмесінің, құжаттардың баспа типографиясының көбеюін, мемлекеттік қорғау қорын ашу; Негізгі заттарды сатып алу. Қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Құжаттану және мұрағат ісі жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығын анықтамалық- ақпараттық қорды, мұрағаттану, құжаттану, көмекшi тарихи пәнді құру жұмыстары. Негізгі мұрағаттарды сатып алу. Қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Археография және деректану ұлттық орталығында шетелден әкелінген Қазақстан тарихына қатысты құжаттардың көшірмесін толықтыру, мұрағаттану, құжаттану, археографияның теориялық, ғылыми- әдістемелік мәселелерін жасау жұмыстары. Негізгі заттарды сатып алу. Материалды емес активтерді сатып алу. Қамтамасыз ету: ҚР Ұлттық мұрағатында Ұлттық компаниялар мен жеке мұрағаттар- дағы орталық заңнамалық, атқарушы, сот органдары мен басқа да республика- лық заңды тұлғалардың қызметіндегі мұрағат құжаттарының барлық түрлерінің сақталуы мен толықтырылу жұмысы. Негізгі заттарды сатып алу; Материалды емес активтерді сатып алу. | жыл бойы наурыз- жел- тоқсан шілде- жел- тоқсан ақпан- жел- тоқсан қаңтар- жел- тоқсан наурыз- жел- тоқсан қаңтар- жел- тоқсан наурыз- жел- тоқсан қаңтар- жел- тоқсан наурыз- жел- тоқсан қаңтар- жел- тоқсан наурыз- жел- тоқсан қаңтар- жел- тоқсан наурыз жел- тоқсан қаңтар- жел- тоқсан наурыз- жел- тоқсан шілде- жел- тоқсан наурыз- жел- тоқсан қаңтар-жел- тоқсан | Мәдениет, ақпарат және спорт министр- лігі Ақпарат және мұрағат комитеті- нің Орталық мемлекет- тік мұрағаты Қазақстан Респуб- ликасы Мәдениет, ақпарат және спорт минис- трлігі Ақпарат және мұрағат комитеті Кинофото- құжаттар және дыбыс- жазбалар орталық мемле- кеттік мұрағаты Мәдениет, ақпарат және спорт министр- лігі Ақпарат және мұрағат комитеті ғылыми- техника- лық құжат- тарының орталық мемле- кеттік мұрағаты Мәдениет, ақпарат және спорт министр- лігі Ақпарат және мұрағат комите- тінің Шағын фильм жасау және мемлекет- тік мұрағат- тарды құжаттық матери- алдарды қалпына келтіру орталық лабора- ториясы Қазақстан Респуб- ликасы Мәдениет, ақпарат және спорт минис- трлігі Ақпарат және мұрағат комитеті Құжаттану және мұрағат ісі жөніндегі ғылыми- техни- калық ақпарат орталығы Қазақстан Респуб- ликасы Мәдениет, ақпарат және спорт минис- трлігі Ақпарат және мұрағат комитеті Археогра- фия және деректану ұлттық орталығы Қазақстан Респуб- ликасының Ұлттық мұрағаты |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- ҚР Ұлттық мұрағат қорының құжаттарының 1654000 бірлігін сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті шарттарға қол жеткізу;
- 1000 тираждық "Қазақстан мұрағаты" журналының басылымы;
- 200 тираждық мұрағат құжаттарының ғылыми-ақпараттық бюллетенінің басылымы;
- 45 саяхат өткізу;
- Республикалық семинар өткізу;
- Халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар мен форумдарға қатысу;
- Мұрағат құжаттарының 15 көрмесін өткізу;
- Есте ұстар және атаулы күндердің күнтізбесін құрастыру;
- Мұрағат құжаттарының 120000 бірлігінің қайта өңделуі;
- Мұрағат құжаттары көшірмесінің 260000 микрофильмдерінің сақтандыру қорын құру;
- Мұрағат құжаттары көшірмесінің 260000 микрофильмдерінің қолдану қорын құру;
- 263 комплектілі әдістемелік және кеңестік көмек өткізу;
- әлеуметтік-құқықтық мәнге ие, соның ішінде, 1700 ұсыныстардың орындалуы;
- 150 тақырыптық ұсыныстардың орындалуы;
- БАҚ-та 30 мақаланың жарияланымы;
- Қолданушыларға оқу залы арқылы сақталған 22500 бірлікті беру;
- Тұрақты сақтау үшін 6000 жұмыстың тізімдемесін талдау-сараптамалық комиссиямен бекіту;
- Сатып алу:
- Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат Комитеті орталық мемлекеттік мұрағатына:
- Компьютерлік қондырғы - 6 жабдық; көшірме аппараты - 1 бірлік, сканер - 1 бірлік;
- "Мұрағат ісінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің" бағдарламалық өніміне ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат Комитеті кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазу орталық мұрағатына:
Компьютерлік қондырғы - 2 жабдық; каталогтық шкаф - 3 бірлік;
мұздатқыш - 2 бірлік: ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат Комитеті ғылыми-техникалық мемлекеттік орталық мұрағатына:
Компьютерлік қондырғы - 2 жабдық; сканер - 1 бірлік;
ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат Комитеті Шағын фильм жасау және мемлекеттік мұрағаттардағы құжаттық материалдарды қалпына келтіру орталық зертханасында:
Компьютерлік қондырғы - 2 жабдық; көшірме аппараты - 1 бірлік, кіші типография - 1 бірлік;
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi
Ақпарат және мұрағат комитетінің Құжаттану және мұрағат ісi
жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығына:
Компьютерлік қондырғы - 3 жабдық; сканер - 1 бірлік.
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Археография және деректану ұлттық орталығына:
Компьютерлік қондырғы - 2 жабдық; сервер - 1 бірлік; көшірме аппараты - 1 бірлік; сканер - 2 бірлік; микроформа арқылы есептеу қондырғысы - 1 бірлік; оқу аппараты - 2 бірлік; ризограф - 1 бірлік, проектор - 1 бірлік; экран - 1 бірлік;
«Мұрағат ісінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің» бағдарламалық өніміне
ҚР Ұлттық мұрағатына:
Транспорт - 2 бірлік (Газель, жеңіл автомобиль); Компьютерлік қондырғы - 30 жабдық; сервер - 1 бірлік; көшірме аппараты - 3 бірлік; сканер - 4 бірлік; микроформа арқылы есептеу қондырғысы - 1 бірлік; оқу аппараты - 4 бірлік; оқу-көшірме аппараты - 1 бірлік; кіші типография- 1 бірлік; ризограф - 1 бірлік; кіші АТС - 1 бірлік; мұздатқыш - 5 бірлік; сейф - 10 бірлік; кинокамера -1 бірлік; цифрлы фотоаппарат - 1 бірлік; бейне магнитофонымен телевизор - 3 бірлік;
- «Мұрағат ісінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің» бағдарламалық өніміне; «Бухгалтерия -1С»
Соңғы нәтиже: Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын сақтауды, жасақтауды және пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды өткізу, мұрағат саласының қызметін жетілдіру, мемлекеттік мұрағаттардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру, Орталық мемлекеттік мұрағат ғимаратын күрделі жөндеудің 1 бөлігінің 39 пайызын өткізу және аяқтау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Мұрағат құжаттарының бір бірлігін сақтауға(басқару ісі, ғылыми-техникалық құжаттар, бюкс, кадр, магнитті диск, слайд, жеке қор құжаттары) кеткен шығын - 118 теңге.
Уақтылығы: мемлекеттік мұрағаттық мекемелер жұмысының бекітілген жоспарына сәйкес.
Сапасы: мемлекет пен қоғамның құжаттық ақпараттық жағдайларын қажеттілігін қанағаттандыру және сақтау жақсарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
21-ҚОСЫМША
200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Әлеуметтік маңызды және мәдени іс-шараларды өткізу»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1004538 мың теңге (бір миллиард төрт миллион бес жүз отыз сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 33-бабы; 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 «Мерейтойлар мен атаулы күндерді өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелері» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 «2006-2008 жылдарға арналған мәдениет саласын дамыту бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы, 2005 жылғы 28 сәуірдегі № 94-р «2005-2006 жылдар аралығында республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндер тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениетті дамыту үшін жағдай жасау, классикалық және халық өнерінің жақсы дәстүрлерін сақтау, әлемдік мәдени кеңістікке ұмтылу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: өнердегі шығармашылық үрдістерін үздіксіз дамыту, ұлттық тарихи-мәдени құндылықтарды және Қазақстанның қазіргі заманғы мәдени жетістіктерін насихаттау; өнер мен мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызды іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; жаңа таланттарды анықтау, шығармашылық ұжымдардың кәсіби деңгейін жетілдіру; шетелдерде Қазақстанның оң имиджін қалыптастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Әлеу- меттік маңызды және мәдени іс-шара- ларды өткізу | Әлеуметтік маңызды және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу: "Елім менің" Республикалық патриоттық әндер байқауы; "Жас Қанат" Республикалық жас орындаушылар байқауы; Балалар шығармашылы- ғының Республикалық байқаулары; Қазақстандық орындаушылардың халықаралық байқауларға қатысуы; "Үкілі домбыра" байқау-конкурсы; "Ұлы дала әуендері" Халықаралық дәстүрлi әндер фестивалі; Шығармашылық ұжымдардың шетелдерде халықаралық театр фестивальдеріне қатысуы (Египет, Қытай, Испания, Франция, Германия, Ресей, Каспий жағалауындағы елдерде); Қазақстан фильмдерін "А" класты халықара- лық кинофестивальдер бағдарламасына қатысуы; Құрманғазы атындағы республикалық дәстүрлі орындаушы- лар байқауы; Халықаралық скрипка- шылар байқауы; Халықаралық пианистер байқауы; Халықаралық балет өнері байқауы; "Астана - Бәйтерек" ұлттық байқауы; Қазақстан Тәуелсіздігінің 15- жылдығына арналған XIV Республикалық драма театрлар фестивалі; Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, академик, композитор А.К.Жұбановтың 100 жылдығы; Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, композитор Л.А.Хамидидің 100 жылдығы; Ш. Құсайновтың 100 жылдығына арналған меретойлық іс-шаралар; Қазақстан Республикасы Парламентінің 10 жылдығына арналған мерекелік концерт; "Еуразия - 2006" ІІІ Халықаралық Еуразия- лық кинофестиваль; "Алматы-менің бірінші махаббатым" фестивалі; "Опералия" классикалық өнер фестивалі; "Алтын алма" халықаралық танымал әндер фестивалі; "Каспий - достық теңізі" халықаралық әндер фестивалі; Орталық Азия елдерінің халықаралық театр фестивалі; Наурыз мейрамы; Халықаралық әйелдер күні; Қазақстан халықтары- ның бірлік күні; Жеңіс күні; Конституция күні; Республика күні; Тәуелсіздік күні; Қазақстандағы Қытай мәдениеті күндері; Шетел шеберлерінің қатысуымен театр өнері қайраткерле- рінің республикалық практикумы; Қазақстан шығармашы- лық одақтарының Ассамблеясын өткізу; Облыстық театрлардың шығармашылық жұмыста- рына консультациялық көмекпен экспорттық комиссияның шығуын ұйымдастыру; Кәсіби өнер ұжымдарының күшімен Қазақстан өнерінің жетістіктерін шет елдерде көрсету; Қазақстан Республикасының Президенттік мәдени орталығында Мемлекеттік Эрмитаждан көрме ұйымдастыру; "Шекарадағы кездесулер" мегажобасы; Дүниежүзілік діндер съезге арналған мерекелік концерт; Мәдениет пен ұлттық дәстүрлерді дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізу. | ақпан- жел- тоқсан | Қазақстан Респуб- ликасы Мәдениет, ақпарат және спорт минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Өткізу: 11 конкурстар, 4 мерейтойлық іс-шаралар, 9 фестивальдар, 7 мерекелік күндер, 9 басқа да іс-шаралар.
Соңғы нәтиже: Халықтың мәдени деңгейін көтеру, Қазақстан туралы шетел азаматтары білімдерінің кеңеюі, өнер және мәдениет қайраткерлерінің шығармашылық әлеуетінің өсуі.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір іс-шараны жүргізуге жұмсалатын шығынның орташа құны 24501 мың теңге.
Уақтылығы: Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрінің бұйрығымен бекітілген жоспарға сәйкес әлеуметтік-маңызды іс-шаралар өткізу.
Сапасы: Адамдардың рухани қажеттілігін қанағаттандыру.
Республикалық және халықаралық деңгейде имиджді арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
22-ҚОСЫМША
200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Театр-концерт ұйымдарының жұмысын қамтамасыз ету»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2576689 мың теңге (екі миллиард бес жүз жетпіс алты миллион алты жүз сексен тоғыз мың теңге).