ҚР Үкіметінің 2006.26.12. № 470ф Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: мемлекеттік басқару органы бекіткен тізбеге сәйкес Мемлекеттік авиациялық орталыққа негізгі құралдарды алу.
Соңғы нәтиже: Қазақстанның азаматтық авиациясындағы ұшқыштар құрамының және Қазақстан Республикасы әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтында және басқа мемлекеттердің әуе оқу мекемелерінде азаматтық авиация академиясында оқу үшін бастапқы азаматтық ұшқыштық дайындық.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 100000 мың теңге көлемінде Мемлекеттік авиациялық орталықтың қызметін қамтамасыз ету үшін жағдай жасауға шығындар.
Уақыттылығы: негізгі құралдарды жеткізу планына сәйкес
Сапасы: Қазақстан Республикасы азаматтық авиацияның ұшқыштық құрамының сапасын жақсарту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
238-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Балаларды оңалту"
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 209751 мың теңге (екі жүз тоғыз миллион жеті жүз елу бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 15, 50-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: балалардың денсаулығын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының әртүрлі облыстарынан келген әлсіз және ауру балалар, жетім балаларды, республиканың экологиялық қолайсыз аймақтарынан келген балаларды, аз қамтамасыз етілген және көп балалы от басынан шыққан балаларды сауықтыру, оңалту және олардың демалысын ұйымдастыру. Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды, дамуында проблемалары бар балаларды тексеру және кеңес беру. Дамуында проблемалары бар балаларға туғаннан бастап кәмелетке толғанға дейін түзету-оңалту көмек көрсету. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың интеллектуалды және психофизиологиялық мүмкіндіктерін дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 019 | | Балаларды оңалту | Қазақстан Республикасының әртүрлі облыстарынан келген жетім балаларды, республиканың экологиялық қолайсыз аймақтарынан келген балаларды, аз қамтамасыз етілген және көп балалы от басынан шыққан балаларды сауықтыру, оңалту және олардың демалысын ұйымдастыру Дамуында проблемалары бар балаларды табу және іріктеу; диагностикалық тексерулерді, оңалту сабақтарын өткізу. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген тізім бойынша "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы үшін негізгі құралдар алуға күрделi трансферттер аудару. | Жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі Түзеу педаго- гикасы ұлттық ғылыми- практи- калық орталығы Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
ҚР Үкіметінің 2006.06.12. № 1173 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
Қазақстан Республикасының әртүрлі облыстарынан келген жетім
балаларды, экологиялық қолайсыз аймақтардан келген балаларды, аз қамтамасыз етілген және көп балалы от басынан шыққан балаларды, дарынды балаларды оңалту, балалардың саны жылына 5921 бала. Дамуында проблемалары бар балаларды табу және іріктеу; диагностикалық тексерулерді, оңалту сабақтарын өткізу, балалар саны орта есеппен 1418.
"Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы үшін 630-дан кем емес негізгі құралдар алынады.
Соңғы нәтиже:
балаларды салауатты өмір сүруге және өзінің денсаулығы мен өзгелердің денсаулығына қамқорлықпен қарауға үйрету.
Емдеу профилактикалық және сауықтыру шараларды жетілдіру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
жетім балаларды, экологиялық қолайсыз аймақтарынан келген
балаларды, аз қамтамасыз етілген және көп балалы от басынан шыққан балаларды, дарынды балаларды сауықтыру, оңалтудың және олардың демалысын ұйымдастырудың құны айына 1 балаға орта есеппен шаққанда (капиталды шығыстарды ескермегенде) 2257 теңгені құрайды;
диагностика жасау, тексеру, оңалту сабақтарын өткізудің құны айына 1 балаға орта есеппен шаққанда 2317 теңгені құрайды.
Уақтылығы:
келісім шарттарға сәйкес.
Сапасы:
балалардың денсаулығын нығайту үшін ерте анықтау, іріктеу және олардың денсаулығын нығайтуға ықпал тигіздіретін оңалту қызметтерін көрсету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
239-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік
білімді мамандар даярлау"
деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 37527870 мың теңге (отыз жеті миллиард бес жүз жиырма жеті миллион сегіз жүз жетпіс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексі; "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 4, 8, 9, 13, 15, 25, 26, 30, 43, 44, 46-баптары; "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңының 6-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысы; "Жоғары оқу орындарындағы студенттерді (курсанттарды) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларда әскери дайындықтан өткізу және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттерді (курсанттарды) әскери дайындықтан өткізу белгіленген жоғары оқу орындарының тізбесі туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 қазандағы № 1094 қаулысы; "Мемлекеттік білім гранты туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы № 1781 қаулысы; "Мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар тағайындау және төлеу тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 қарашадағы № 1398 қаулысымен бекітілген ерекше мәртебесі бар мемлекеттік жоғары оқу орындары туралы үлгілік Ереже; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2002-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; "Мемлекеттік атаулы стипендиялар тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 ақпан № 125 қаулысы; "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамын құрудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 301 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 511 қаулысы; "Жастар арасынан орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңілдікпен жол жүру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 736 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экономиканың барлық салаларын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді жоғары білікті мамандармен және Қазақстан Республикасының Қарулы күші үшін запастағы офицерлермен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi:
Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік, экономикалық, зияткерлік және мәдени дамуын жақсарту мүмкіндігін қарастыру; мемлекеттік білім тапсырысы шеңберінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді мамандарды сапалы даярлау және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының студенттерін әскери даярлау;
жоғары кәсіптік білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту;
жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін еңбекпен қамтылған жоғары кәсіптік білімі бар азаматтардың пайызын көбейту.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 020 | | Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгi кәсіптік білімдi мамандар даярлау | | | |
2 | | 100 | Мемлекет- тік білім беру гранты бойынша мамандар даярлау | Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайын бекітілетін қаулысына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде азаматтар- дың ақысыз жоғары кәсіптік білім алуына қол жеткізуін қамтамасыз ету. Жоғары кәсіптік білім бағдарламалары бойынша студенттерді, магистрлердің, даярлық бөлімнің тыңдаушы- ларын даярлау. Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес оқу процесін өткізу жолымен білім сапасын арттыру. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сәйкес толық мемлекет- тік қамтамасыз етуде азаматтарды және Қазақ мемлекеттік әйелдер педагогикалық институтының студент- терін білім алу кезеңінде әлеуметтік қолдау; Профессорлық-оқытушы- лық құрамның және ерекше мәртебелі жоғары оқу орындарының басқарушы қызметкер- лерінің белгіленген лауазымдық жалақы- ларына жоғарылатылатын 1,75 коэффициенттi төлеуге байланысты шығыстарды қаржылан- дыру арқылы ұлттық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен қызметкерлердің дамуы үшін неғұрлым жақсы жағдайлар мен қызығушылықты қамтамасыз ету: Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техника- лық университеті; Абай атындағы Қазақ педагогикалық университеті; Қазақ ұлттық-аграрлық университеті; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті; әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті; Азаматтық авиация академиясы студент- терінің жаттығу және жазғы практикасында практикалық қабілетке ие болуға көмек көрсету. Оқу процесінің деңгейін М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің оқушыларын қамтамасыз ету есебінен мына пәндер бойынша қажетті оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету: шет тілі, орыс әдебиеті, шетел әдебиеті, орыс фольклоры, экономика (международная экономика, макроэконо- мика, микроэкономика, қаржы, статистика, аудит, есепке алу), бағдарламалау және математика. | жыл бойы ай сайын 2 тоқсан 3 тоқсан | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
3 | | 101 | Жоғары оқу орын- дарының студент- терін стипен- диямен қамтама- сыз ету | Мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекет- тік стипендиялар тағайындау және төлеу туралы Нұсқаулыққа және Қазақстан Республикасының Президенті тағайында- ған стипендияларды белгілеу ережесіне сәйкес студенттердi стипендиялармен қамтамасыз ету арқылы студенттерді жоғары кәсіптік білім алу кезеңінде әлеуметтік қолдау. | ай сайын | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
4 | | 102 | Ғылыми және ғылыми- педаго- гикалық кадрлар даярлау | Күндізгі және сырттай оқу нысанындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды (өндірістен қол үзіп оқитын аспиранттарды, өндірістен қол үзбей оқитын аспиранттарды, докторанттарды, PhD докторларын, аға ғылыми қызметкерлерді) даярлау. | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
5 | | 103 | Ғылыми және ғылыми- педаго- гикалық кадрларды стипен- диямен қамтама- сыз ету | Күндізгі және сырттай оқу нысанындағы аспиранттар мен докторанттарды білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендия- лар тағайындаудың және төлеудің тәртібі туралы Нұсқаулыққа және Қазақстан Республикасы Президенті тағайында- ған атаулы стипендия- лар Ережесіне сәйкес мемлекеттік стипендия- лар төлеу арқылы әлеуметтік қолдау. | ай сайын | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
6 | | 104 | Құрман- ғазы атындағы Қазақ ұлттық консерва- тория- сында мамандар даярлау | Музыка өнері саласын- дағы мамандарды даярлау. Жоғары оқу орындарының негізгі құралдар мен бейматериалдық активтерді сатып алуы арқылы білім беру сапасын арттыру мақсатында оқу процесін ұйымдастыру үшін материалдық- техникалық жағдайлар жасау. | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі; Құрман- ғазы атындағы Қазақ ұлттық консер- ватория- сы |
7 | | 105 | Қазақстан Республи- касы Білім және ғылым министр- лігі жоғары оқу орын- дарының әскери кафедра- ларында запастағы офицерлер даярлау | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі- нің тапсырысы бойынша мынадай жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында мобилизациялық резерв үшін запастағы офицерлер даярлау: Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ техникалық университеті; Абай атындағы Қазақ педагогикалық университеті; Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті; Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті; Қазақ Ұлттық аграрлық университеті; Қазақ гуманитарлық-заң университеті; Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті; М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті; Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті; Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті; М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті; Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті; М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті; С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық-техни- калық университеті; әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті; М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық академиясы. | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
8 | | 106 | "Болашақ" бағдар- ламасы шеңбе- рінде шетелдегі жоғары оқу орын- дарында мамандар даярлау | Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыруды, үйлестірудi және оның іске асырылуын жүзеге асыру. Шетелде кадрлар даярлаудың халықаралық бағдарламаларын іске асыру жөніндегі қызметтерді жеткізушіге шетелде стипендиаттарды оқытуға ақы төлеуге күрделі трансферттер аудару. Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру, соның ішінде: Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру туралы ақпараттандыру; Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің құжаттарын іріктеу рәсімдерін жүргізу; Жеке әңгімелесумен қоса, "Болашақ" халықаралық стипендия- сын тағайындауға үміткерлердің әрқайсы- сын психологиялық және тілдік тестілеуден тұратын Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсының бірінші турын ұйымдастыру және өткізу; Қазақстанның конкурсты іріктеуден өткен неғұрлым талантты жастарының мынадай дәрежелерге ие болуына бағытталған жұмыстар жүргізу: - шетелдегі жоғары оқу орындарында (PhD) ғылымының бакалавры, магистрі және докторы; Стипендиаттардың келісім-шарттағы өз міндеттемелерін, соның ішінде білім алу бойынша стипендиаттардың барлық шығыстарын төлеу үшін негіз болып табылатын стипендиаттардың міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі ретінде кепілдік шарты және шетелдік әріптестермен жасалатын шарттар арқылы орындау мониторингі | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі, Халықа- ралық бағдар- ламалар орталығы |
9 | | 107 | Мемле- кеттік жоғары оқу орындарын күрделi жөндеу | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің бұйрығына сәйкес және күрделі жөндеу жүргізуге берілетін күрделі трансферттер бөлу арқылы оқытудың сапасын арттыру үшін жағдайлар жасау мақсатында мемлекеттік жоғары оқу орындарының ғимараттары мен мекемелерінің техникалық жай-күйін жақсарту, соның құрамында: Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті; Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті; Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті; М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті; М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті; Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты; Абай атындағы Қазақ педагогикалық университеті; Қазақ ұлттық аграрлық университеті; Семей мемлекеттік педагогикалық институты; М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті; Рудный индустриалдық институты; Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті; Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті; Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетi | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
10 | | 111 | Жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгi кәсіптік білімдi мамандар даярлау үшін Қазақ- станның жоғары оқу орындары үшін шетелдік маман- дарды (оқыту- шыларды, профес- сорларды) тарту | Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік мамандар даярлау үшін шетел консультанттарын тартуға трансферттер аудару арқылы білім беру сапасын арттыру | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
11 | | 113 | Кәсіптік жоғары оқу орын- дарында мемлекет- тік білім беру тапсырысы бойынша оқып жатқандар арасынан жастардың жол жүруіне өтемақы төлеу | Мемлекеттік білім тапсырысы бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылардың қысқы және жазғы каникулдар кезінде жол жүруінің ақшалай өтемін төлеу үшін жоғары оқу орындарына трансферт- тер аудару арқылы азаматтарды білім алу кезеңінде әлеуметтік қолдау. | 1-2 тоқсан | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
12 | | 114 | "Нұр- Мүбарак" ислам мәде- ниетінің Египет универси- тетінде мамандар даярлау | Қазақстан тарапының "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университеті туралы" үкіметаралық келісімі бойынша міндеттеме- лерін орындауы. | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
1) Тікелей нәтиже:
Мемлекеттік білім тапсырысы шеңберінде жоғары кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша орташа жылдық контингентін оқыту 100855 адам, оның ішінде Қазақстан Республикасында білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі магистранттар - 3333 адам.
мемлекеттік білім тапсырысы бойынша студенттер мен тыңдаушыларды қабылдау - 28 390 адам, магистранттар - 2520 адам, оның ішінде
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті үшін сатып алынған оқулықтардың саны - 800 бірліктен кем емес;
жоғары кәсіптік білім алатын азаматтар санынан, барлық санаттағы стипендиаттардың орташа жылдық контингенті - 78883;
мемлекеттік білім тапсырысы шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім бағдарламалары бойынша білім алушылардың орташа жылдық саны - 3253.
жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім алатын күндізгі оқу нысаны стипендиаттарының орташа жылдық саны - 2794 адамға дейін;
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына орташа жылдық контингенті 543 оқушыны даярлау, оның ішінде қабылдау 150 адам;
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына: 15 компьютер, студия кешеніне 1 жабдық, университет радиосына 1 жабдық, 2 тоңазытқыш витринасы, 1 жеңіл автомобиль, 1 плазмалық телевизор, 4 спорттық тренажер мен құралдар, бағдарламалық қамтамасыз ету.
азаматтық авиация академиясының жаттығу және жазғы практикадан өтетін студенттерінің орташа жылдық саны - 30 адамнан кем емес;
запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша білім алушылардың орташа жылдық саны - 6703, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің наряды бойынша қабылдау - 3000 адам;
Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының саны - 3000-нан аспайды.
ұлттық жоғары оқу орындарына тартылғандар саны - 40 ставка;
Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен күрделі жөндеу өткізетін жоғары оқу орындар саны - 13 бірлік;
мемлекеттік білім тапсырысы бойынша күндізгі оқу нысанында білім алушылардан жол жүру өтемақысын алатындар саны - 102007 адам.
2) Соңғы нәтиже:
орталық және жергілікті атқарушы органдардың өтініші бойынша берілген мемлекеттік білім тапсырысы шеңберінде жоғары кәсіптік білімді мамандар 2006 жылғы қажеттілігінен мемлекеттік, білім тапсырысы бойынша жоғары кәсіптік білім алғандар үлесі - 98%;
жоғары оқу орнын бітіргендер санынан еңбекпен қамтылған жоғары кәсіптік білімді мамандар пайызы 60%-ға дейін;
2006 жылы жобалық-сметалық құжаттама ұсынған жоғары оқу орындарының ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу қажеттілігін республикалық бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз ету дәрежесі - 33%;
Ағымдағы жылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мамандарды даярлау үшін шетелдік консультанттарды тартудағы қажеттілікті қанағаттандыру дәрежесі - 50%.
3) Қаржы-экономикалық нәтиже:
бір студентті және магистрантты оқытудың орташа құны - 153,6 мың теңге, Қазақстан Республикасында білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде магистрантты оқытудың орташа құны - 334,7 мың теңге, аспирантты оқытудың орташа құны - 99,7 мың теңге, PhD докторын оқытудың орташа құны - 1057,2 мың теңге;
стипендия мөлшері:
студенттер мен магистранттардың орташа стипендиясының мөлшері - 6938 теңге;
даярлық бөлімнің тыңдаушыларының стипендиясының мөлшері - 5469 теңге;
өндірістен қол үзе отырып, оқитын аспиранттарға - 17 685 теңге;
докторанттарға - 22564 теңге;
жетім балалар құрамындағы студенттер үшін тамақтану шығысының нормалары 310 теңгеден кем емес, ата-анасының қамқорлығынсыз (қорғанысыз) қалған балалар құрамындағы студенттер үшін - 124 теңге;
жаттығу және жазғы практика өтетін Азаматтық авиация академиясының бір студентіне жұмсалатын орташа шығыстар - 2050 мың теңге;
М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті үшін бір оқулық сатып алуға жұмсалатын орташа шығыстар - 1 000 мың теңге;
мына жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында запастағы бір офицерді даярлауға орташа шығыстар - 65 мың теңге;
4) Уақтылығы:
Мемлекеттік білім тапсырысы бойынша 2006 жылы жоғары кәсіптік білім алған Қазақстан Республикасы азаматтарының саны 10 000 халыққа -18 адам