мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың одан әрі қызметі бойынша ұсынымдар әзірлей отырып, жастар ортасындағы жағдайға негізгі зерттеу жүргізу ("Жастар 2006" мемлекеттік баяндамасы)
"Жасыл ел" бағдарламасын іске асыру шеңберінде көгалдандырумен және сәулеттендірумен айналысатын кәсіпорындарда жастарды еңбекпен қамту және олар атқаратын қызметке ақы төлеу - 12 000 сарбаз.
"Жасыл ел" отрядтарының 12 000 сарбазын киім-кешекпен қамтамасыз ету.
Республикалық "Жасыл ел" жастар еңбек отрядтарының 15 облыстық филиалды республикалық деңгейде ұйымдастыру және үйлестіру.
Республиканың 16 қаласында коммерциялық емес жастар ұйымдарының негізінде кемінде 32 мәдени-бұқаралық іс-шара өткізу.
Кемінде 5 дөңгелек стол өткізу.
"Жасыл ел" бастамасын жаңғыртуға бағытталған кемінде 5 роликті радио мен теледидарда трансляциялау.
Жастарды студенттік құрылыс отрядтарына тарту қызметін ұйымдастыру бойынша іс-шаралар саны - 11.
азаматтарды патриоттыққа тәрбиелеуге бағытталған кемінде 5 іс-шара өткізу.
Соңғы нәтиже:
елдің жастар ұйымдары мен бастамашы топтары көшбасшыларының 80% өз жұмысын мемлекеттік-патриоттық негізде құрады.
Кемінде 2 млн. жас адамдарды қоғамдық-саяси процеске белсене қатысуға тарту.
Жастар ұйымдарының жұмысына кемінде 700 мың жас адам қатысатын болады.
Ормандар мен ағаш өсіруді қайта өндіру, орманды сақтау, қорғау және қайта өндіру саласындағы жағдайларды тұрақтандыруға бағытталған "Жасыл ел" салалық бағдарламасын іске асыру шеңберінде елді мекендерді көгалдандыру және сәулеттендіру бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға жастарды кеңінен тарту. Кемінде 12 мың сарбазды тарту күтіледі.
Осы еңбек отрядтары қызметінің негізгі мақсаты жастарды жыл ішінде ағаш отырғызу және отырғызылған ағаштарды күтіп бағу жұмыстарына тарту есебінен еңбекпен қамтамасыз ету болып табылады.
Қалыптасқан студенттік құрылыс және жастар еңбек отрядтарының саны - 480.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
республикалық деңгейдегі бір іс-шараны өткізуге орташа шығыстар - 1300,0 мың теңге
республикалық бюджеттің қаражаты есебінен 1 сарбазға ақы төлеуге орташа шығыстары - 16600 теңге
1 сарбазды киім-кешекпен қамтамасыз етуге орташа шығыстары - 8400 теңге
студенттік құрылыс және жастар еңбек отрядының 1 іс-шарасын өткізуге орташа шығыстар - 2250,0 мың теңге;
Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеудің бір іс-шарасын өткізуге арналған орташа шығыстар - 3680,0 мың теңге.
Уақтылығы:
жастар саясатын іске асырудың салалық және аймақтық бағдарламаларына сәйкес іс-шаралар өткізу.
"Жасыл ел" бағдарламасында белгіленген мерзімге сәйкес іс-шаралар өткізу, бұл ретте негізгі жұмыстар салалық ерекшеліктерге байланысты көктем-жазда атқарылады.
Сапасы:
қоғамдық-саяси процестерге белсене қатысуға жастардың 45% тартылды.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
258-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
""Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыштық
зымыран кешенін құруға кредит беру"
деген 041 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5994400 мың теңге (бес миллиард тоғыз жүз тоқсан төрт миллион төрт жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенін тиімді пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы 2004 жылғы 9 қаңтардағы келісім; Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін құру туралы 2004 жылғы 22 желтоқсандағы келісім.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ғарыштық бағдарламалар мен жобаларды орындау, сол сияқты Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының ұлттық ғарыштық бағдарламаларын іске асыру мақсатында "Байқоңыр" ғарыш айлағы жерүсті ғарыштық инфрақұрылым объектілері базасында жаңа экологиялық қауіпсіз "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру және бірлесіп пайдаланудағы тең құқықтық және өзара тиімді ынтымақтастық.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін құру және коммерциялық ғарыштық ұшырулар мен Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының ұлттық ғарыштық бағдарламалары мүддесіндегі ұшуларды жүзеге асыру үшін "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны акционерлік қоғамына бюджеттік несие беру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 041 | | "Бай- қоңыр" ғарыш айлағында "Бәй- терек" ғарыштық зымыран кешенін құруға кредит беру | "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны акционерлік қоғамына несиелік шартқа сәйкес бюджеттік несие беру | 2006 жылдың 1 тоқсаны | Қазақс- тан Респуб- лика- сының Білім және ғылым министр- лігі, Қазақ- стан Респуб- ликасы- ның Қаржы минист- рлігі, "Қазақ- станның даму банкі" акцио- нерлік қоғамы (келісім бойынша) |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
тікелей нәтиже: коммерциялық ғарыштық ұшырулар және Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының ұлттық ғарыштық бағдарламалары мүддесіндегі ұшуларды орындау мақсатында бір "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін құру;
түпкілікті нәтиже: зерттеу процесінде және ғарыш кеңістігін пайдалануда Қазақстан Республикасының ғарыштық держава ретіндегі "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдалану бойынша екі жақты және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
"Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдаланғаны үшін жалға беру төлемімен бірге, Қазақстан Республикасы осы жоба бойынша ғарыш аппаратының әрбір ұшырылуынан қосымша кіріс алады, сондай-ақ "Байқоңыр" кешенінің негізгі объектілерінде жұмыс істейтін қазақстандық мамандардың санын көбейтуге мүмкіндік болады;
уақтылығы: 2006 жылдың бірінші тоқсанында "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны акционерлік қоғамына бюджеттік несие аударылатын болады;
сапа: "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін құру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2004 жылғы 22 желтоқсандағы келісімді іске асыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
259-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
""Байқоңыр" кешенінің жалға алынған мүлкінің есебі"
деген 042 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 9735 мың теңге (тоғыз миллион жеті жүз отыз бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың Қазақ ССР-і Үкіметінің қарамағына көшуі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылғы 31 тамыздағы № 410 Жарлығы; "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі принциптері мен шарттары туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы 1994 жылғы 14 шілдедегі Келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 14 шілдедегі қаулысы; "Заңды тұлғаларға бекітілмеген мемлекеттік мүлікті бекіту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қаңтардағы № 61 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Байқоңырбаланс" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 563 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясы жалға алған "Байқоңыр" кешені мүлкінің сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясы Үкіметі жалға алған "Байқоңыр" ғарыш айлағы объектілерінің мүлкін есепке алу және түгендеу, бухгалтерлік есеп жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 042 | | "Бай- қоңыр" кешенінің жалға алынған мүлкінің есебi | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясы жалға алған "Байқоңыр" кешенi объектілерінің мүлкін есепке алу және түгендеу бухгалтерлік есеп жүргізуді жүзеге асыру мақсатында штат саны 15 адам мемлекеттік мекеменi ұстау. | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- лика- сының Білім және ғылым министр- лігі, "Байқо- ңырба- ланс" Мемле- кеттік мекемесі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: тікелей нәтиже: есепке алу және бухгалтерлік есеп жүргізу, Ресей Федерациясы Үкіметі жалға алған және Федералдық ғарыштық агенттіктің ұйымдастыру жүргізуіндегі "Байқоңыр" кешені мүліктері қозғалысының есебі;
түпкілікті нәтиже: "Байқоңыр" кешені мүліктерінің сақталуы;
қаржы-экономикалық нәтиже:
мемлекеттік мекеменің бір жұмысшыны ұстау қаржысы жыл сайын 649,0 мың теңгені құрайды;
уақтылығы: "Байқоңырбаланс" Мемлекеттік мекемесінің жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес;
сапа: бухгалтерлік есепті жетілдіру және "Байқоңыр" кешенi мүліктерін қымқырудан сақтандыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
260-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Қазақстан Республикасының ғарышкерлерін даярлау"
деген 043 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 15131 мың теңге (он бес миллион бір жүз отыз бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Қазақстан Республикасының ғарышкерлеріне кандидаттарды алдын ала іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 қаңтардағы № 27 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Ресей авиация-ғарыш агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерінің Ю.А.Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында жалпы ғарыштық дайындықтан өту тәртібі мен шарттары туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 тамыздағы № 819 қаулысы; "Ю.А. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында Қазақстан Республикасының ғарышкер-сынаушыларын даярлауға байланысты шығыстардың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қыркүйектегі № 919 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Халықаралық ғарыш станциясында ұшу және ғарыштық зерттеулер мен тәжірибе жасаудың қазақстандық бағдарламасын орындау үшін Ю.А. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында (Мәскеу қаласы) Қазақстан Республикасының топтағы екі ғарышкер-сынаушысын даярлауға арнайы дайындық жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: екі ғарышкер-сынаушының Ю.А. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында (Мәскеу қаласы) болуы және арнайы оқуы жағдайын қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 043 | | Қазақстан Республи- касының ғарыш- керлерін даярлау | Қазақстан Республикасының екi ғарышкер-сынаушы Ю.А. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында арнайы даярлықтан өткізу үшін, стипендия, іссапар шығыстарын, жатын-орын мен арнайы тамақтану, жеке арнайы киім мен аяқ киім сатып алуға арналған шығыстарды төлей отырып, жағдай жасау | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- лика- сының Білім және ғылым министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының екі ғарышкер-сынаушысын Ю.А. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында арнайы даярлықтан өткізілуі;
түпкілікті нәтиже: ғарышкер-сынаушының оқу жоспары мен бағдарламаларын толық көлемде игеруі және олардың Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыштық қызметті дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленген Халықаралық ғарыш станциясына өздерінің ұшуы кезінде ғарыштық зерттеулер мен эксперименттердің қазақстандық бағдарламаларын орындауға дайындығы;
қаржы-экономикалық нәтиже:
топтағы бір ғарышкер-сынаушының арнаулы дайындығына жұмсау қаржысы жыл сайын 7565,5 мың теңгені құрайды;
уақтылығы: Ю.А. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығымен жасалған шартқа сәйкес;
сапа: Ю.А. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерінің арнаулы дайындықтан өту тәртібі және жағдайы туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Ресей авиация-ғарыш агенттігі арасындағы хаттаманы іске асыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
261-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
""Есіл" авиациялық зымырандық-ғарыштық кешенін құру"
деген 044 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1000000 мың теңге (бір миллиард теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "2005- 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру Жоспарын бекіту туралы" 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 352 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Есіл" авиациялық ракетті-ғарыштық комплексін құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: "Есіл" авиациялық зымыран-ғарыш кешенін әзірлеу және құру бойынша шараларды қаржыландыру.
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 30 қазандағы № 470д Қаулысымен 6 тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 044 | | "Есіл" авиа- циялық зымы- рандық- ғарыштық кешенін құру | Заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген техникалық-экономи- калық негіздемеге сәйкес жобаны іске асыру: 1. МиГ-31Д екі ұшағын ұшатын жағдайға келтіру жұмыстарының басталуы; 2. жұмыстық конструкторлық құжаттардың көлемi бөлігін әзірлеу 3. МиГ-31Д ұшағының макеттеріне және «Есіл» ғарыш зымыран тасығыштың аэродинамикалық құбырларында эксперименталдық зерттеулер жүргізу. | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- лика- сының Білім және ғылым министр- лігінің Аэро- ғарыш комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: тікелей нәтиже: "Есіл" авиациялық зымыран-ғарыш кешенін құру бойынша жұмыс көлемінің орындалуы;
түпкілікті нәтиже: шағын өлшемді ғарыш аппараттарын ұшыру үшін "Есіл" авиациялық зымыран-ғарыш кешенін іске-асыру;
қаржы-экономикалық нәтиже:
Қазақстан Республикасының ғарыш саласындағы ғылыми әлеуетін және материалдық-техникалық базасын арттыру;
уақтылығы: жұмыс кестелеріне сәйкес жасалынған шарттар келісімімен;
сапа: "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
262-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Қазғарыш" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның жарғылық
капиталын ұлғайту" деген 047 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 1300000 мың теңге (бір миллиард үш жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру Жоспарын бекіту туралы" 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 352 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын құру туралы" 2005 жылғы 17 наурыздағы № 242 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының ғарыштық қызмет саласындағы ағымдағы, ұзақмерзімді салааралық бағдарламаларын іске асыру үшін жағдай жасау, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуге бағытталған жоғары тиімді ақпараттық және ғарыштық технологияны және жүйелерді жасау.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының жерін қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесін құру және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары өкілдерінің ғарыш қызметі саласындағы қызметін қамтамасыз ету үшін Байқоңыр қаласында қажетті жағдай жасау.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 047 | | "Қазға- рыш" Ұлттық компа- ниясы" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту | «Қазғарыш» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталының толықтыру: әкімшілік персонал, Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы ұйымдары үшін Байқоңыр қаласында ақпараттық-есептеу орталығы (АЕО) ғимаратының жапсарлас құрылысын және 2 тұрғын үйді қайта жаңарту жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу; мемлекеттік сараптама жүргізу; Байқоңыр қаласында әкімшілік персонал, Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы ұйымдары үшін AEO ғимаратының жапсарлас құрылысын қайта жаңарту; Қазақстан Республикасының жерін қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесін құру жөніндегі жұмыстар жүргізуді бастау үшін. | 2006 жылдың 1, 3-тоқ- сандары | Қазақс- тан Респуб- лика- сының Білім және ғылым министр- лігінің Аэро- ғарыш комитеті |
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік органдары мен ұйымдары өкілдерінің қызметіне жағдай жасау үшін AEO ғимаратының бір жапсарлас құрылысын және екі тұрғын үйді қайта жаңарту жөніндегі белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама, Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік органдары мен ұйымдары өкілдерінің қызметіне жағдай жасау үшін AEO ғимаратының бір жапсарлас құрылысын қайта жаңарту жөніндегі жұмыстарды жүргізуді бастау, сондай-ақ жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесінің жоғары шешімді, басқарудың жер үсті кешені, жер үсті нысаналы кешені спутнигінің эскиздік жобаларын жасау.
Соңғы нәтиже: картографиялау, пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, төтенше жағдайлардың мониторингі, алдын алу және салдарын жою, өнеркәсіп және инфрақұрылым объектілерін салу және пайдалану, жылжымайтын мүлікті бақылау (есепке алу мен салық салу мақсатында) саласында тұрақты негізде Жердің бетіндегі объектілер мен процестер, жер және орманды пайдалану (есепке алу, жоспарлау және бақылау), ауыл шаруашылығын жоспарлау, ғарыш қызметі саласындағы қызметкерлерге арналған әлеуметтік жағдай жасау және ғарыштық техниканы дамытудың негізгі бағыттарын және оны құру жөніндегі тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды негіздеу жөніндегі жүйелі зерттеулер жүргізу үшін инфрақұрылымды есепке алу және бақылау оның экологиялық мониторингі, дамуы туралы жедел ақпарат алу есебінен мемлекеттік басқару органдары мен коммерциялық ұйымдарда шешімдер қабылдаудың жылдамдығын және тиімділігін арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: ғарыштық түсірілімдердің құнын 10 - 20 %-ға төмендету, спутниктерді пайдаланудан бастап өзін-өзі өтеу мерзімі - 4, 2 жыл; экономиканың түрлі секторларында ЖҚЗ технологияларын енгізуден алынатын жоғары экономикалық тиімділік, елдің экспорттық әлеуетін ұлғайту және әртараптандыру, Қазақстан Республикасының ғарыш саласы мамандарының ғылыми әлеуетін арттыру.
Уақтылығы: қызметтік ғимаратты қайта жаңарту және Қазақстан Республикасының жерін қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесін жасау жөніндегі жасалған шарттарға және жұмыс кестелеріне сәйкес.
Сапа: түсілімдердің мынадай түрлерін жүргізу мүмкіндігі: 1 м және 6.7 м рұқсат бере отырып, көрінетін диапазондағы панхроматика, 4 м және 28 м рұқсат бере отырып, көрінетін диапазондағы көп аймақты, 30 м рұқсат бере отырып, орта және алыс ИК диапазонындағы инфрақызыл, 30 м рұқсат бере отырып, гиперспектрлі; 24-тек 3-5 тәулікке дейінгі жоғары рұқсатты түсілімдер алу жеделдігінің ұлғаюы, "2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамытудың» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
263-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Қостанай облысының облыстық бюджетіне Арқалық қаласындағы кәсіптік
бастауыш және орта білім оқушыларына арналған жатақхананы қайта жөндеуге
берілетін нысаналы даму трансферттері"
деген 048 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 207806 мың теңге (екі жүз жеті миллион сегіз жүз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Палаталарының бірлескен комиссиясының "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заң жобасы бойынша 2006 жылғы 8 қарашадағы жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білікті, құзыретті мамандармен қамтамасыз ету жолымен Қостанай облысы Торғай аумағының экономика саласындағы барлық мекемелерді қолдау және көмек беру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне кәсіптік білім алу жағдайын жасау.