Астана қаласының қала шетіндегі аймағының шегінде (оңтүстік бағыты ІІ кезек) қорғаныштық екпелер құрудың жұмыс жобасы - 8000 гектар; Шортанды орман питомнигының ұйымдастыру-шаруашылық жоспары мен суландырудың жұмыс жобасы - 69 гектар; "Жасыл Аймақ" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының орман дақылдары плантациясын суландырудың жұмыс жобасы - 155 гектар;
"Жасыл Аймақ" республикалық мемлекеттік кәсіпорны 9 бірлік автомашиналармен, 4 бірлік тұрғын вагондармен, 1 бірлік тіркемемен, 1 бірлік арнайы тягачпен; 21 бірлік тракторлармен жарақтандырылды.
Ұшу сағаты жүргізілді, 3 байқаушы-ұшқыш оқытылды, "Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы" РМҚК 1 бірлік микроавтобуспен, 2 бірлік автомашинамен, 29 бірлік байланыс құралдарымен, өрт сөндіру және жеке қорғау құралдарымен жарақтандырылды.
Түпкі нәтиже: орман питомнигінде стандартты отырғызу материалы алынды, орман қорының сақталуы қамтамасыз етілді, ормандарды молықтыру және орман өсіру алқаптары кеңейтілді, орман орналастыру жобалары, жобалық іздестірулер мен техника-экономикалық негіздемелер алынды, орман өрттері қамтыған алқаптар азайды, орман қорының бір жану алқабы 1 гектарға дейін қысқарды.
Қаржы-экономикалық нәтиже: 1 гектар уақытша орман тұқымдары учаскелерін құру 1252 теңгені құрайды, 1 артықшылығы бар ағаш іріктеу - 5277 теңге тұрады, 1 га орман орналастыру жұмыстары 71,21 теңге, 1 га жобалық-іздестіру 6446 теңге, 1 га жасыл аймақ құру бойынша жобалық-іздестіру 1380 теңге, 1 га орман отырғызу 14725,8 теңге, 1 га орманды авиациямен күзету және аэрокөрілімдік орман-патологиялық бақылау 129,5 теңге тұрады.
Уақтылығы: өртке қарсы және ормандарды қалпына келтіру іс-шараларын, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, материалдық-техникалық жарақтандыру, орман тұқымы плантацияларында ағаш отырғызу және перспективалы нысандағы отырғызу материалын өсіру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарын өртке қарсы жабдықтау жобаларын және республиканың орман күзеті мекемелерінде ұйымдастыру-шаруашылық жоспарының жобаларын әзірлеу, жобаларға сәйкес ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізу, ормандарды авиациямен күзету туралы ережеге сәйкес және жұмыстар атқару, қызметтер көрсету және тауарлар сатып алу кестесіне сәйкес авиациямен орман күзету жұмыстарын орындау.
Сапасы: келіп түскен бүкіл тұқым қорының тұқымын анализбен жүз пайыз қамту және оны сертификаттау, питомниктер мен орман дақылдарында отырғызу материалының шығымы нормативтеріне сәйкес тұқымның өсіп-өну пайызы, мұрагерлік сапасы жақсартылған отырғызу материалын алу, ГИС технологияны қолданып орман орналастыру жұмыстарының құнын кеміту және бағдарламамен қамтамасыз етуді жетілдіру, орман орналастыру жұмыстарының кезеңділігін нормативті мөлшерге дейін жеткізу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өртке қарсы құрылғысы үшін іздестіру жүргізу, көп жылғы деректермен салыстырғанда бір өрттің орташа алқабының артып кетуіне жол бермеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
113-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Балық ресурстарын мемлекеттік есепке алу және оның кадастры»
деген 037 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 131620 мың теңге (бір жүз отыз бір миллион алты жүз жиырма мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1997 жылғы 15 шілдедегі «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы; 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22, 47-баптары; 2003 жылғы 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1344 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: балық қорларын ұтымды пайдалану, балықтың құнды түрлерінің гендік қорын сақтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: санының өсуіне мониторинг жүргізу, балықтың жай-күйін және кәсіпшілік балық табындары қорын бағалау; оларды тұрақты пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу; Балықты жіберу мен жерсіндіру схемасын әзірлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 037 | | Балық ресурс- тарын мемле- кеттік есепке алу және оның кадастры | Кәсіпшілік аудандардың балық өнімділігі мен халықаралық және республикалық маңызды ірі балық шаруашылығы су қоймаларынан жалпы аулау рұқсаттамасын анықтау. Кәсіптік балық табындары қорының жай-күйін бағалау негізінде облыстық маңыздағы (Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстары) су қоймаларынан жалпы аулау рұқсаттамасын анықтау. Шекаралас ағын сулардың режимін гидрологиялық талдау және олардың биоресурстарды қалыптастыруға әсерін анықтау. Су қоймаларына балықты жіберу мен жерсіндірудің республикалық схемасын әзірлеу. Каспий теңізіндегі балық қорын мемлекет- аралық зерттеу. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігіның Балық шаруа- шылығы комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже: шекаралас және ішкі су қоймаларынан аулаудың тиімді рұқсаттамасын анықтау жөніндегі есебі; Қазақстан Республикасы балық кәсіпшілігінің барлық су қоймаларына 100%-дық жерсіндіру схемасы, Каспий теңізінің балық қорын зерттеу жөніндегі халықаралық экспедицияның есебі.
Соңғы нәтиже: балық ресурстарын сақтау мақсатында ішкі су қоймалары мен Каспий теңізінің оңтайлы қолдану және кәсіптік балық қорын сақтау жөніндегі ұсыныстар әзірленген.
Қаржы-экономикалық нәтиже: шекаралас және ішкі су қоймаларынан аулаудың тиімді рұқсаттамасын анықтау жөніндегі есебінің құны 104886 мың теңге, Қазақстан Республикасы балық кәсіпшілігінің су қоймаларын жерсіндіру схемасының құны 6724 мың теңге, Каспий теңізінің балық қорын зерттеу жөніндегі мемлекетаралық зерттеу жөніндегі есебінің құны 20000 мың теңге.
Уақтылығы: Каспий теңізінің су биоресурстары жөніндегі халықаралық Комиссиясының жыл сайынғы отырысына каспий жанындағы мемлекеттердің балық ресурстарын пайдаланудың оңтайлы негіздемесін және жануарлар дүниесін пайдаланушылар арасындағы балық аулаудың жыл сайынғы лимиттер мен квоталарын бөлу үшін, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес жануарлар дүниесінің жай-күйін жыл сайын бағалау.
Сапасы: ғылыми кеңестің дұрыс қорытындысының бар болуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
114-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Балық ресурстарын молайту»
деген 038 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 623187 мың теңге (алты жүз жиырма үш миллион бір жүз сексен жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 2004 жылғы 9 шілдедегі "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 47-бабы; 2003 жылғы 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1344 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы су тоғандарында кәсіпшілік балық қорларын толықтыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жас балықтарды жасанды жолмен өндіру; балықтардың тиімді мекендеуіне және табиғи өсіп өнуіне жағдай жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 038 | | Балық ресурс- тарын молайту | Құнды жас балық түрлерін өсіру (бекіре, тұқы, ақсаха және өсімдікқоректі). Атырау облысының Орал және Қиғаш өзендерi сағаларында түп тереңдету жұмыстарын жүргізу. Балық өндірісімен айналысатын кәсіпорындардың материальдық- техникалық базасын дамыту. | Ақпан- қараша | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігіның Балық шаруа- шылығы комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже: Қазақстан Республикасының 35 су қоймаларына балық жіберілген; Орал және Қиғаш өзендерінің балық жолы каналдарына балық өсіру-мелиорациялық жұмыстары 10,9 шақырымға жүргізілген; Құнды жас балық түрлерін су қоймаларына жіберуді ұлғайту: бекірені - 4,5%-ға (7000 мың дана көлемінде), тұқы, ақсақа және өсімдікқоректі - 36,6%-ға (187020 мың дана көлемінде); Атырау облысының Орал және Қиғаш өзендерін 535,3 мың текше метр тұнба шығару жолымен балық жолы каналдары түбін тереңдету нәтижесінде балықтардың уылдырық шашу мен жайып семірту жерлеріне көшіп-қонуын қамтамасыз ету. Балық шаруашылығы кәсіпорындары жұмысының тиімділігін арттыру үшін 5 бірлік арнайы автокөлік, 4 бірлік арнайы техника сатып алынған.
Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасының балық ресурстарын қалпына келтіру мен тұрақты пайдалану.
Қаржы-экономикалық нәтиже: 1 дана жас бекірені өсірудің құны - 13,43 теңге, жылға дейінгі тұқы және өсімдікқоректі - 5,95 теңге, жылдық тұқы және өсімдікқоректі - 19,64 теңге, екі жылдық тұқы және өсімдікқоректі- 13,60 теңге, ақсаха құрты - 0,15 теңге, тұқы құрты - 0,05 теңге, Атырау облысының Орал және Қиғаш өзендерін 1 текше метр тұнба шығару құны - 410,98 теңге.
Уақтылығы: өсіру биотехникасының талаптарына сәйкес су қоймаларына құнды жас балық түрлерін жіберу; уылдырық шашу мен қайту уақыты есебін қоса, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес балық өсіру-мелиорациялық жұмыстарын жүргізу.
Сапасы: 1 дана жас бекіренің салмағы - 3 г., жылға дейінгі ақсаха және өсімдікқоректі - 25 г., жылдық ақсаха және өсімдікқоректі - 30 г., екі жылдық ақсаха - 150 г., Атырау облысының Орал және Қиғаш өзендерінің балық жолы каналдары параметрлерінің техникалық жобамен сәйкестігі; сатып алынатын техниканың сапа сертификатының талаптарына сәйкестігі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
115-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және жануарлар
дүниесін сақтау мен дамытуды қамтамасыз ету»
деген 040 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2272814 мың теңге (екі миллиард екі жүз жетпіс екі миллион сегіз жүз он төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1997 жылғы 15 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабы; 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-15-баптары; «Республикадағы жыртқыштардың жекелеген түрлерінің санын реттеу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 қыркүйектегі № 1230 қаулысы; «Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын 2030 жылға дейін дамытудың және орналастырудың тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1692 қаулысы; «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молайту әрі орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 53 қаулысы; «Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді сақтаудың және қалпына келтірудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 25 наурыздағы № 267 қаулысы; «2005-2007 жылдарға «Жасыл ел» Бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 632 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік табиғи-қорық қоры мен орман қорының объектілерін, биологиялық саналуандықты сақтау, қалпына келтіру және кеңейту, Қазақстанның сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы тұяқты жануарларының түрлері мен киіктерінің санын сақтау және қалпына келтіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттік табиғи-қорық қоры мен орман қорының объектілерін қорғау, жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту, табиғи кешендерді сақтаудың ғылыми әдістерін әзірлеу және енгізу, жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктердің кәсіпшілік санына қол жеткізу мақсатында олардың табиғи еркіндік жағдайында таралымдарын сақтау және биологиялық жағынан негіздей отырып жыл сайынғы өсімін ұлғайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 040 | | Ерекше қорға- латын табиғи аумақ- тарды және жануарлардүниесін сақтау мен дамытуды қамта- масыз ету | | | |
2 | | 100 | Ерекше қорға- латын табиғи аумақтар | Жалпы штат саны 2737 бірлік болатын "Ертіс орманы" және "Семей орманы" - 2 мемлекеттік табиғи орман резерватын; Ақсу-Жабағылы, Алакөл, Алматы, Барсакелмес, Батыс Алтай, Қаратау, Қорғалжын, Марқакөл, Наурызым, Yстірт - 10 мемлекеттік табиғи қорығын; "Алтын Емел", Баянауыл, Іле Алатауы, Қарқаралы, Қатон-Қарағай, "Көкшетау", Сайрам-Өгем және "Шарын" 8 мемлекеттік ұлттық табиғи паркін ұстау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік мекемелерi кадрларының біліктілігін арттыру. Өртке қарсы іс-шаралар жүргізу және ормандарды молықтыру. "Семей орманы" мемлекеттік табиғи орман резерваты үшін үй-жайлар мен құрылыстар: Морозов филиалы үшін жанар-жағармай материалдарын сақтайтын қойма, Соснов орманшылығы үшін кеңсе үйін, Семей филиалы үшін жөндеу шеберханасын, Семей филиалы үшін өндірістік шеберхана сатып алу. Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының туристік базасын күрделі жөндеу (15.03.2005 жылғы № 004/05 МС); Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің әкімшілік ғимараты мен қонақ үйін (17.03.2005 жылғы № 7-135/05 МС), кордондарын (25.03.2005 жылғы № 7-144/05 МС) күрделi жөндеу; Yстірт мемлекеттік табиғи қорығының кордондарын күрделі жөндеу (13.10.2004 жылғы № 15-288/04 МС); Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеу (11.03.2005 жылғы № 7-108/05 МС). 20 ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін негізгі құралдар, құрал-саймандар, қару, киім, байланыс құралдарын, ұйымтехникасын, автокөлік, арнайы техника және тракторлар сатып алу. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Орман және аңшылық шаруа- шылығы комитеті |
3 | | 101 | Киіктер- ді, тұяқты жабайы жануар- лардың құрып бара жатқан түрлерін сақтау және олардың санын қалпына келтіру | Республика аумағында төлдеу және басқа да маусымдық топталу орындарында киіктердi қорғау. Киіктердің қоныс аудару жолдарында, төлдеу, қыстау және басқа да мекендеу орындарында қасқырлар ату. Жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін қорғауды жүзеге асыру. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы тұяқты жануарлардың есебін және бақылауын (мониторингін) ұйымдастыру және таралымдардың жай-күйіне үнемi жедел баға беріп отыру. Табиғи таралу аймақ- тары шегінде тоғай кермаралын, қарақұйрықты, арқар мен құланды жерсіндіру. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК-н: автокөлікпен, байланыс құралдарымен, түрлі-түсті сурет және видеоаппарату- рамен материалдық- техникалық жарақтандыру. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Орман және аңшылық шаруа- шылығы комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 3540477 гектар алқапта 20 ерекше қорғалатын табиғи аумақты қорғау және ұтымды пайдалану, жүргізілген орман дақылдарын отырғызу жұмыстарының алқабы - 3668 гектар; өртке қарсы іс-шаралар алқабы - 35340 км; ормандарды молықтыру алқабы - 4,06 мың гектар.
20 ерекше қорғалатын табиғи аумақ: 340 бірлік жазғы нысанды киіммен, 607 бірлік қысқы нысанды киіммен, 1 бірлік су таситын автомобильмен, 9 бірлік қорапты автомобильмен, 53 бірлік жинақталған компьютерлермен, 31 бірлік орман өртіне қарсы мотопомпалармен, 24 бірлік мотоциклдермен, 35 бірлік қарумен, 13 бірлік күзет машиналарымен, 3 бірлік өрт сөндіру машиналарымен, 1 бірлік принтермен, 31 бірлік радиостанциялармен, 14 бірлік тракторлармен жарақтандырылатын болады, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың 47 маманы біліктілік деңгейін арттырады, питомниктердегі отырғызу материалы 29,5 млн. данаға көбейеді, 1500 бас қасқыр атып алынады, киіктердің және жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері таралымдарының саны олардың табиғи өсімін молайту деңгейінде сақталады.
"Охотзоопром" ӨБ" РМҚК 2 бірлік күзет машиналарымен, 1 бірлік қорапты автомобильмен, 19 бірлік радиостанцияларымен, 20 бірлік қабылдағыштармен, 10 бірлік цифрлы фотоаппараттармен, 12 бірлік цифрлы бейнекамераларымен жарақтандырылатын болады.
Түпкі нәтиже: табиғи-қорық қоры объектілерінің сақталуы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алқабы 7,9% ұлғаяды, киіктердің және жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің саны тұрақтанады, сондай-ақ олардың таралу аймақтары бойынша олардың таралымдарын сан өсімінің есептік деректерімен тіркелген орнықты даму деңгейіне дейін қалпына келтіру.
Уақтылығы: жұмыстар атқарудың, қызметтер кәрсетудің және тауарлар сатып алудың бекітілген жоспарларына сәйкес өртке қарсы жұмыстар және ормандарды молықтыру жөнінде іс-шаралар жүргізу, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын өткізу, материалдық-техникалық жарақтандыру және 20 ерекше қорғалатын табиғи аумақтың кадрларының біліктілігін арттыру, Бағдарламаны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарына сәйкес киіктерді және жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін сақтау және өсімін молайту үшін нормативтік құқықтық және ұйымдық-шаруашылық шараларын жүргізу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың 1 гектарын қорғау, молықтыру және онда өртке қарсы іс-шаралар жүргізу 527,5 теңгені құрайды.
Сапасы: орман өрттері қамтыған алқаптардың қысқаруы, қазіргі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өздерінің табиғи жағдайында сақталуы, табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерге сәйкес жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру, жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің санын қазіргі бар деңгейде сақтау, киіктер санын 10% көбейту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
116-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Нұра-Есіл өзендері бассейнінің қоршаған ортасын
оңалту және басқару»
деген 041 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 167660 мың теңге (бір жүз алпыс жеті миллион алты жүз алпыс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз (Нұра өзенін тазарту жобасы) туралы келісімді бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 26 мамырдағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: өзен арнасы мен оған іргелес аудандарды сынаппен ластанудан тазарту арқылы Нұра өзені алабы аумағында тұратын халықтың әл-ауқатын жақсарту, бұл жергілікті су пайдаланушылардың қауіпсіз, тиімді, аз шығынды баламалы сумен қамтамасыз ету көзіне өспелі мұқтаждығын қанағаттандырады, сондай-ақ су тасқынын басқару үшін және экологиялық мақсатта судың шығынын бақылауды қайта жүргізуге мүмкіндік береді.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жоба аумағында судағы сынаптың жоғары концентрациясын төмендету (3000 ПДК-дан ПДК-ға дейін); жоба көлемін реттеу мүмкіндігіне дейін (240 млн. м3)
Ынтымақ су қоймасын жаңғырту, қазіргі уақытта жылдық орта есеппен алғандағы реттелмеген көлемі - 40 млн. м3; Нұра өзеніндегі 17 гидрологиялық бекеттерді және Қарағанды облысының 4 зертханасын техникалық жабдықтау.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асы жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 041 | | Нұра-Есіл өзендері бассей- нінің қоршаған ортасын оңалту және басқару | | | |
2. ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен алып татсалды (бұр.ред.қара) |
3 | | 016 | Жобаны респуб- ликалық бюджеттен сыртқы қарыз- дарды бірлесіп қаржы- ландыру есебінен іске асыру | Нақтыланған жобаны жасау бойынша консультанттардың қызметіне төлеу. Жоба шеңберінде құрылыс жұмыстары бойынша құрылыс және техникалық бақылауды іске асырушы консультанттардың қызметіне төлеу. Құрылысқа жер бөліп бергені үшін өтемақы төлеу. Операциялық шығындар- мен қоса, жергілікті консультанттардың қызметіне төлеу. Жарнама-ақпараттық қызметтер үшін ақы төлеу. Валюталық операциялар жасағаны үшін лицензиялық алымды төлеу. Операциялар жүргізгенi үшін екінші деңгейдегі банктің комиссиясын төлеу. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Су ресурс- тары жөніндегі комитеті |
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: нақты жобалауды әзірлеу жөніндегі есептер; құрылыс жұмыстарына жүргізілген бақылаудың есептері.
Түпкілікті нәтиже: оң сараптау қорытындылары бар егжей-тегжейлі жобалау нәтижелері.
Қаржы-экономикалық нәтиже: сынап қалдықтарының 1 текше метрін көму құны - 2500 теңге.
Уақтылығы: қызметтер мен жұмысты ұсыну бастапқы тізбеге сәйкес.
Сапасы: ПДК деңгейіне дейін ауадағы, судағы, топырақтағы сынап құрамын төмендетеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
117-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Агроөнеркәсіп кешені саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 042 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2123240 мың теңге (екі миллиард бір жүз жиырма үш миллион екі жүз қырық мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi:
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі "Ғылым туралы" Заңының 26-бабы; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 11 және 17-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 145 "Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру мен іске асырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 1385 "Мемлекеттік ғылыми- техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы" қаулысы.