"off-line" режимімен нақты уақыт режимінде телемедициналық консультациялар жүргізу.
Түпкілікті нәтиже: Қызылорда және Ақмола облыстарының ауыл халқын сауықтыру; жаңа технологиялар енгізу; медициналық білім беруді жетілдіру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір телемедициналық торапты құрудың орташа құны 20 949,3 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес 2006 жылға арналған барлық іс-шаралардың толық орындалуы.
Сапа: ауылдық аймақтардың халқына медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
286-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық емдеу деңгейінде
жеңілдікті жағдайларда дәрілік заттармен қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" деген 024 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1849975 мың теңге (бір миллиард сегіз жүз қырық тоғыз миллион тоғыз жүз жетпіс бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 34, 42, 44-баптары; "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-1010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы
№ 1050 қаулысы; "Азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 тамыздағы № 889 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтардың жекелеген санаттарының амбулаториялық емдеу деңгейінде денсаулығын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: аурулардың жекелеген түрлері бойынша диспансерлік есепте тұратын ауруларды амбулаториялық емдеу кезінде жеңілдікті шарттарымен уақытылы дәрілік заттармен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 024 | | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалала- рының бюджет- теріне азамат- тардың жекелеген санат- тарын амбула- ториялық емдеу деңгей- інде жеңіл- дікті жағдай- ларда дәрілік заттармен қамтама- сыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы транс- ферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарла- масын жүзеге асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары- ның бюджеттеріне нысаналы трансферттер аудару. Жекелеген нозологиялық нысандардан (артериалды гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, ойық жарасы ауруы және жіті қабыну) зардап шегетін ересек адамды жеңілдіктi амбулаториялық емдеу үшін дәрілік заттарды сатып алу. | Жыл бойы Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минис- трлігі Облыс- тардың, Астана мен Алматы қалала- рының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: артериалды гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, ойық жарасы ауруы және жіті қабыну ауруларымен диспансерлік есепте тұратын ауруларды амбулаториялық емдеу кезінде жеңілдікті шарттарымен уақтылы дәрілік заттармен қамтамасыз ету (ауруларды болжамды саны - 347 159).
Түпкілікті нәтиже: дерттен жазылу, ремиссияны ұзарту, асқыну санын төмендету, жатқызу санын азайту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: 1 ауруды емдеуге жылына орта есеппен жұмсалатын шығын - 5 329 теңгені құрайды, оның ішінде артериалдық гипертензияға - 6 579 теңге; жүректің ишемиялық ауруына - 3228,7 теңге; өкпенің созылмалы обструктивті ауруы - 2067 теңге; ойық жарасы ауруына - 2022,2 теңге; жіті қабыну - 2541 теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапа: негізделген шағымдарды болдырмау.
Ескерту:
*) Республикалық бюджеттің трансферттерін игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың тізбесі, сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
287-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Білім беру объектілерін салу және қайта жаңарту"
деген 026 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1195000 мың теңге (бір миллиард бір жүз тоқсан бес миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау саласының ұзақ мерзімді стратегиялық қажеттілігін қанағаттандыруға халықтың денсаулығын сақтау мен жақсартуға бағытталған кәсіби білім мен медициналық ғылымның қолданыстағы тиімді жүйесін құру үшін медицина кадрларын даярлаудың сапасын арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: денсаулық сақтау саласының мамандарын даярлау үшін жағдай жасау мен жақсарту үшін білім беру объектілерін салу және қайта жаңғырту жолымен инфрақұрылымды қалыптастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 026 | | Білім беру объекті- лерін салу және қайта жаңарту | "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына 2-қосымшаға сәйкес сома шегіндегі мынадай: Астана қаласының Бейбітшілік көшесіндегі Қазақ мемлекеттік медицина академиясын кеңейту және қайта жаңарту; Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының № 3б Әл-Фараби алаңының аумағында 4-қабатты оқу корпусын және 3б Әл-Фараби алаңына бұрын бөлінген жер учаскесінде спорт және дәріс залдарын салу жөніндегі іс-шараларға арналған бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру (бекітілген ЖСҚ-ға сәйкес). | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Астана қаласының Бейбітшілік көшесіндегі Қазақ мемлекеттік медицина академиясын кеңейту және қайта жаңарту, Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының № 3б Әл-Фараби алаңының аумағында 4-қабатты оқу корпусын және 3б Әл-Фараби алаңына бұрын бөлінген жер учаскесінде спорт және дәріс залдарын салу жөніндегі жұмыстарды аяқтау.
Түпкілікті нәтиже: медициналық білім сапасының қолжетімділігі мен сапасын жақсарту үшін объектілерді пайдалануға беру.
Сапа: ҚР СЕмН сәйкес білім беру объектілерін салу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
288-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау объектілерін ұстауға
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 027 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 283776 мың теңге (екі жүз сексен үш миллион жеті жүз жетпіс алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жергілікті деңгейдегі медициналық көмектің қолжетімдігі.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қайта енгізілген денсаулық сақтау объектілерінде медициналық көмектің көрсетілуі.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 027 | | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалала- рының бюджет- теріне жаңадан пайда- лануға берілетін денсаулық сақтау объекті- лерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы транс- ферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес облыстардың бюджеттеріне, Астана қаласының бюджетіне нысаналы ағымдағы трансферттер аудару. Денсаулық сақтау объектілерін уақытында іске қосу және жұмыс істеуін қамтамасыз ету. | Жыл бойы Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минис- трлігі Ақмола, Алматы, Атырау, Қара- ғанды, Қоста- най, Павло- дар, Солтүс- тік Қазақ- стан облыс- тары және Астана қаласы әкім- діктерi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 16 объектіні іске қосу және жұмыс істеуі, оның ішінде облыстар бойынша:
Ақмола облысы - Щучинск ауданының Бурабай кентіндегі 50 адам қабылдайтын "Бурабай" балалар туберкулез санаторийі,
Алматы облысы - Панфилов ауданының Жаркент қаласындағы ауысымда 300 адам қабылдайтын әйелдер консультациясы бар 60 төсектік перзентхананы, және Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласындағы 100 төсектік акушер-гинекологиялық корпусы;
Атырау облысы - Атырау қаласындағы 100 төсектік туберкулез ауруханасы;
Қарағанды облысы - Осакаровка кентіндегі 250 адам қабылдайтын емханасы бар 100 төсектік орталық аудандық аурухананы, Қарқаралы қаласындағы 200 адам қабылдайтын емханасы бар 100 төсектік Қарқаралы орталық аудандық ауруханасын, Жаңаарқа ауданының Атасу кентіндегі 250 адам қабылдайтын емханасы бар 100 төсектік орталық аудандық аурухананы және Приозерск қаласындағы 30 төсектік және 10 жұқпалы адамды қабылдайтын туберкулез ауруханасы;
Қостанай облысы - Қостанай қаласындағы ауысымда 320 адам қабылдайтын әйелдер консультациясы;
Павлодар облысы - Қашыр ауданының Иртышск селосындағы орталық аудандық ауруханасының жанындағы 30 төсектік туберкулез бөлімшесін және Қашыр селосындағы 35 төсектік туберкулез ауруханасы;
Солтүстік Қазақстан облысы - Жұмабаев атындағы ауданының Булаево қаласындағы 90 адам қабылдайтын емханасы бар 50 төсектік туберкулез диспансерін, Петропавл қаласындағы облыстық туберкулез диспансерінің аумағында 100 төсектік емдеу корпусын және Солтүстік Қазақстан облысына берілетін Ресей Федерациясы Оңтүстік Орал темір жолының темір жол ауруханасын;
Астана қаласының - Оңтүстік-Шығыс шағын ауданындағы амбулаториялық-емханалық кешенін (ауысымда 150 адам қабылдайтын балалар емханасы) және Грязного-Колхозная-Репин көшелерінің шекарасындағы амбулаториялық-емханалық кешені.
Түпкілікті нәтиже: жергілікті деңгейдегі медициналық көмектің қолжетімдігін арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: - амбулаториялық-емханалық кешенді ұстаудың күтілетін орташа құны - 5326,4 мың теңге, орталық аудандық аурухананың - 2204,9 мың теңге, 30-50 төсектік туберкулез ауруханасының - 1513,8 мың теңге, перзентхананың - 33,42,7 мың теңге.
Уақтылығы: әкімдіктің шешіміне сәйкес іске қосу.
Сапасы: осы өңірде халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемі мен сапасын арттыру.
*) - Іске асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесі, республикалық бюджеттен түсетін трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелер сипатталатын сандық және сапалық көрсеткіштер жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
289-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа
иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға берілетін
ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 028 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5135931 мың теңге (бес миллиард бір жүз отыз бес миллион тоғыз жүз отыз бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 13, 16, 17, 18, 19, 34, 42, 44-баптары; "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 26-бабы; "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 4 маусымдағы 2003 жылғы Заңы; "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың кезек күттірмейтін шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 839 қаулысы; "Халықты жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялауды жақсарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы № 488 қаулысы; "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы; "Азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдік шарттармен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 тамыздағы № 889 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың денсаулығын сақтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: халықты вакциналармен және басқа да медициналық иммундық-биологиялық, туберкулезге қарсы, сусамырға қарсы препараттармен және онкологиялық науқастарды емдеуге арналған химиялық препараттармен, бүйрек кемістігі бар науқастарға арналған шығыс материалдары бар диализаторлармен және бүйрегі ауыстырылып қондырылғаннан кейін науқастарға арналған дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету; халықты вакциналауды жүргізу жолымен жұқпалы аурулардың алдын алу және азайту, туберкулез ауруы көрсеткіштерін тұрақтандыру мен төмендету, туберкулездің асқынған және асқынбаған түрімен ауыратын науқастарды емдеудің тиімділігін арттыру; онкологиялық науқастардың өмір сүру ұзақтығын және айығуын арттыру және өлім-жітім көрсеткішін азайту, сусамырмен ауыратындардың асқынуларын, мүгедектігі мен қайтыс болу санын азайту; гемодиализ жүргізу жолымен созылмалы бүйрек кемістігі бар науқастардың өмірін ұзарту және операция алдында дайындау кезеңін ұзарту; бүйрек кемістігі бар науқастарда ауыстырып қондырылған бүйректің сәйкес келмеуінің алдын алу және толық ремиссияның (айығу) жиілігін арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 028 | | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалала- рының бюджет- теріне дәрілік заттарды, вакцина- ларды және басқа иммундық-биология- лық препа- раттарды сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы транс- ферттер | | | |
2 | | 100 | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалала- рының бюджет- теріне халыққа иммунды алдын алу жүргізу үшін вакцина- ларды және басқа иммундық-биоло- гиялық препарат- тарды сатып алуға ағымдағы нысаналы транс- ферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес облыстық бюджетке, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттерді аудару. Денсаулық сақтау ұйымдарын вакциналар- мен және басқа иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз ету. | Жыл бойы Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минис- трлігі Облыс- тардың, Астана және Алматы қалала- рының әкімдері |
3 | | 101 | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалала- рының бюджет- теріне тубер- кулезге қарсы препарат- тарды сатып алуға ағымдағы нысаналы транс- ферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттерді аудару. Туберкулезбен ауыратын науқастар үшін туберкулезге қарсы препараттарды, оның ішінде туберкулездің мультирезистентті нысанын емдеу үшін және диспансерлік топтағы (виражды, гиперсезімталды, байланысты) балаларды химиялық алдын алу. | Жыл бойы Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минис- трлігі Облыс- тардың, Астана және Алматы қалала- рының әкімдері |
4 | | 102 | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалала- рының бюджет- теріне диабетке қарсы препа- раттарды сатып алуға ағымдағы нысаналы транс- ферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары- ның бюджеттеріне нысаналы трансферт- терді аудару. Сусамырға қарсы препараттарды, жеткізу құралдарын сатып алуға және олармен сусамырмен ауыратындарды қамтамасыз ету. | Жыл бойы Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минис- трлігі Облыс- тардың, Астана және Алматы қалала- рының әкімдері |
5 | | 103 | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалала- рының бюджет- теріне онколо- гиялық ауруларға химиялық препа- раттарды сатып алуға ағымдағы нысаналы транс- ферттер | Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешіміне сәйкес облыстық бюджетке, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттерді аудару. Онкологиялық науқастарды емдеуге арналған химиялық препараттарды сатып алу. | Жыл бойы Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минис- трлігі Облыс- тардың, Астана және Алматы қалала- рының әкімдері |
6 | | 104 | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалала- рының бюджет- теріне бүйрегi жетімсіз ауруларға дәрілік заттарды, диализа- торларды, шығыс матери- алдарының және бүйрегi транс- планта- циялан- ғаннан кейінгі аурулар үшін дәрілік заттар сатып алуға ағымдағы нысаналы транс- ферттер | Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешіміне сәйкес облыстық бюджетке, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттерді аудару. Бүйрек кемістігі бар науқастар үшін шығыс материалдарымен диализаторларды, жиынтық және иммундық- супрессивтік препараттарды сатып алуға, сондай-ақ бүйректі ауыстырып қондыру операциясы жасалған науқастарды иммундық-супрессивтік препараттармен қамтамасыз ету. | Жыл бойы Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минис- трлігі Облыс- тардың, Астана және Алматы қалала- рының әкімдері |
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: болжамды түрде 3 266 073 адамды вакциналау үшін вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препараттарды, 32709 науқас үшін туберкулезге қарсы препараттарды және 54615 жасөспірімдер мен балаларға химиялық профилактика жүргізуге; 29 390 инсулинге тәуелді сусамырмен ауыратындарға сусамырға қарсы препараттарды; 5 482 онкологиялық науқастар үшін химиялық препараттарды, жіті және созылмалы бүйрек кемістігі бар 942 науқас үшін дәрі-дәрмектерді, диализаторлар мен шығыс материалдарын және бүйректі ауыстырып қондырғаннан кейін 178 науқас үшін дәрі-дәрмектерді сатып алуға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді уақтылы аудару.
Түпкілікті нәтиже: вакцинамен басқарылатын ауруларды азайту, туберкулезбен, сусамырмен, жіті және созылмалы бүйрек кемістігі бар науқастардың асқынуларын, мүгедектігі мен қайтыс болуын азайту; онкологиялық аурулармен ауыратындардың өмірін ұзарту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға жұмсалатын орташа шығыстар 1 вакцина жасауға - 319,8 теңгені; 1 науқасты емдеуге арналған дәрілік препараттарды сатып алуға жұмсалатын орташа шығыстар: туберкулезге қарсы - 16 000 теңгені, химиялық профилактика жүргізуге - 98 теңге; инсулинге - 50 568 теңге; химиялық препараттарға - 261 569,7 теңгені; жіті және созылмалы бүйрек кемістігі бар науқастар үшін дәрі-дәрмектерді, диализаторлар мен шығыс материалдарын және бүйректі ауыстырып қондырғаннан кейін науқастар үшін дәрі-дәрмектерді сатып алуға орташа шығыстар - 595373,2 теңгені құрайды.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапа: негізделген шағымдардың болмауы.
Ескерту: *) Іске асыру жөніндегі тізбе, Республикалық бюджеттен берілетін трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер бюджеттік бағдарламаның тиісті орындарының паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
290-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне облыстық санитарлық-эпидемиологиялық
орталықтардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 029 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1703500 мың теңге (бір миллиард жеті жүз үш миллион бес жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жергілікті деңгейіне халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: зертханалық зерттеулердің сапасын арттыру, халық денсаулығының жай-күйі мен қоршаған орта факторларының әсер етуі арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтау, қазіргі заманғы зерттеу стандарттарын енгізу мен пайдалануға негізделген санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың сапалы жаңа деңгейіне көшу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 029 | | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалала- рының бюджет- теріне облыстық санитар- лық- эпидемио- логиялық орталық- тардың матери- алдық- техни- калық базасын нығайтуға берілетін ағымдағы нысаналы транс- ферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге нысаналы ағымдағы трансферттер аудару. 14 облыстың санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталығын жаңарту. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минис- трлігі. Облыс- тардың әкімдері |