қажеттiлiк жағдайында тек 4 жиынтықты ғана құрайды.
Кедендiк бақылаудың техникалық құралдарын сатып алуға, арналған
бюджеттік қаржының жеткiлiксiз бөлiнуiне байланысты кеден органдарының
материалдық-техникалық базасының дамуы кедендiк бақылауды ұйымдастыру
деңгейiн халықаралық стандарттар деңгейiне сәйкес келтiруге мүмкiндiк
бермейдi.
Соңғы жылдары тұтастай алғанда кеден қызметiн ұстауға және дамытуға
арналған бюджеттік қаржының қысқару үрдiсi байқалады. Егер 2001 жылы
республикалық бюджеттiң қаражатынан қаржыландыру 4,5 млрд. теңгенi
құраса, 2002 жылы ол 3,7 млрд. теңгеге дейiн қысқарды, үстiмiздегi жылға
3,9 млрд. теңге бөлу көзделдi. Республика кеден органдарының
материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуi iс жүзіндегі қажеттiлiктiң 52%
құрайды. Осының нәтижесiнде, Қазақстан Республикасының кеден қызметi
қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды практикалық iске асыру
толық көлемде қамтамасыз етілмейдi, таяу және алыс шетелдердiң кеден
қызметтерiмен жедел ақпараттар алмасу тұрақты негiзде жүзеге асырылмайды.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Кедендiк әкiмшiлендiрудiң нысандары мен әдiстерiн Қазақстан Республикасының әлемдiк шаруашылық байланыстар жүйесiне тиiмдi енуiне жағдайлар жасау үшiн халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес келтiру Бағдарламаның басты мақсаты болып табылады.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының кеден қызметiн дамытудың қазiргi кезеңдегi негiзгi мiндеттерi:
1) оны халықаралық стандарттарға жақындату үшiн кеден iсi саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
2) кедендiк әкiмшiлендiрудi жетiлдiру, кедендiк бақылау әдiстерi мен нысандарының тиiмдiлiгiн арттыру;
3) қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды одан әрi енгізу;
4) кеден статистикасын дамыту және оның базасында сыртқы сауданың сенiмдi статистикасын қалыптастыру;
5) шекаралас мемлекеттердiң кеден қызметтерiмен өзара iс-қимылды нығайту, өңiрлiк бiрлестiктер шеңберіндегі жұмысты жандандыру, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
6) кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу;
7) кадр жұмысын жетiлдiру, кеден органдарындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарына және құқық бұзушылықтарға қарсы күрес;
8) кедендiк инфрақұрылымды дамыту болып табылады.
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi
Кеден iсi саласындағы нормативтiк құқықтық базаны одан әрi жетiлдiру шеңберiнде кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган:
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер Кеден заңнамаларының негiздерiне өзгерістер мен толықтырулар дайындау;
шет елдермен және халықаралық ұйымдармен кеден мәселелерi бойынша, оның iшiнде ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесiнiң бiрыңғай кеден кеңiстiгiн құру жөніндегі шешiмдерiн iске асырумен байланысты өзара қарым-қатынас жөніндегі шарттық-құқықтық базаны дамыту;
Қазақстан Республикасының Кеден кодексiн орындау үшiн, сондай-ақ оны қолдану практикасын ескере отырып нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу, келiсу және қабылдау жөніндегі жұмыстарды жалғастыратын болады. Сонымен бiрге тиiстi әдiстемелiк және консультациялық материалдарды әзiрлеу, оларды жариялау қамтамасыз етiлетiн болады.
Кедендiк әкiмшiлендiру әдiстерi мен нысандарының тиiмдiлiгiн арттыру жөніндегі жұмыстардың басым бағыттары:
1) тәуекелдердi басқару жүйесiн ұйымдастыру, тәуекелдердi бағалау әдiстемесiн әзiрлеу, оның iшiнде тәуекелдер көрсеткiштерiн, оларды қолдану өлшемдерiн айқындау;
2) үздiксiз техникалық жаңару процесiн құру, кедендiк бақылаудың техникалық құралдарын жетiлдiру және қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды қолдану. Аталған мәселенiң шешiлуi Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларын сақтау, шекарада радиациялық бақылау жүргiзу, кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылауды жетiлдiру, сондай-ақ сыртқы сауда тауар айналымын жеделдетуге ықпал ететiн жағдайлар жасау жөніндегі мiндеттермен тығыз байланысты;
3) республиканың кеден шекарасында автомобильдiк және темір жол өткізу пункттерiнде кешендi, оның iшiнде кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына ветеринарлық, фитосанитарлық және радиациялық бақылауды жүзеге асыруға қабiлеттi бiрыңғай бақылау-өткізу пункттерiнiң құрылысын салу, сондай-ақ кеден бекеттерi мен автоөткелдердi халықаралық талаптарға сәйкес қайта жаңғырту;
4) Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезiнде микропроцессорлық пластикалық карталарды одан әрi пайдалана отырып, пластикалық төлем карталары жүйесiн енгізудiң нәтижесiнде кеден төлемдерi мен салықтарды төлеу тәсiлдерiн оңайлату болып табылады.
Кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкілеттi орган қызметiнiң келесi бағыты:
1) құбыр желісі көлiгiмен және электр беру желiлерi бойынша өткiзiлетiн, оның iшiнде шекаралас мемлекеттердiң аумақтарында орналасқан энергия ресурстарының өткiзілуiн кеден органдары мен энергия ресурстарын тасымалдаушылардың арасында ақпараттар алмасу тетiгiн енгізу жолымен бақылау проблемаларын шешудi;
2) кеден органдары жинақтаған ақпараттардың негiзiнде декларант мәлiмдеген кедендiк құнның тауардың әрбiр нақты түрi бойынша қалыптасқан орташа өлшенген баға деңгейiнен ауытқушылықты анықтауға мүмкiндiк беретiн кедендiк құнды кешендi бақылауды;
3) кеден төлемдерi мен салықтарды төлеушiлердiң дербес шоттарын жүргiзудi, кеден рәсiмдерiн жүргiзудi жеделдетуге мүмкiндiк беретiн және сайып келгенде, кеден төлемдерi мен салықтардың бюджетке түсуiнiң уақытылығы мен толықтығын қамтамасыз ететiн салық органдары мен қазынашылықтың автоматтандырылған жүйелерiмен ақпарат алмасуды;
4) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы қолма-қол валютаны, сондай-ақ оңайлатылған, жеңiлдiктi тәртiппен өткiзілетiн тауарларды өткізуiн есепке алуды және бақылауды қамтамасыз ететiн қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды қолданудың неғұрлым жоғары деңгейiне көшуiн қамтамасыз ету болып табылады.
Кеден органдары қызметiнiң бағыттарының бiрi олардың сыртқы экономикалық қызметтi тарифтiк және тарифтiк емес реттеу тетiктерiн жетiлдiрудегi рөлiн жандандыру болып табылады. Аталған мiндеттi орындау Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдары туралы жоғары дәрежелi дәлдiктегi ақпараттың болуын талап етедi. Осы мақсатпен ТМД Сыртқы экономикалық қызметi тауарлық номенклатурасының кодтарын тәптiштеу, Қазақстанның сыртқы сауда айналымының ерекшелiгiн ескере отырып СЭҚ TH-дi одан әрi жетілдiру жөнiнде жұмыс жүргiзілетiн болады, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң бiрыңғай СЭҚ TH жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрленедi, жекелеген жiктеу кодтарын нақтылау бойынша iс-шаралар жүргiзіледi.
Қазiргi кезде кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкілеттi орган КААЖ-ды енгізудiң арқасында сыртқы сауданың кедендiк статистикасының көрсеткiштерiн қалыптастыру жөніндегі мiндеттi жеткiлiктi дәрежеде iске асырды. Жүк кедендiк декларациялардың электрондық көшiрмелерiнiң дерекқоры құрылды. Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету статистикалық есептiлiктiң қажеттi шығыстық нысандарын қалыптастыруға мүмкiндiк бередi. Алдағы кезеңде халықаралық ынтымақтастықты тереңдету, таяу және алыс шетелдермен кеден мәселелерi бойынша өзара қарым-қатынастарда сапалы жаңа деңгейге шығу, шекаралас мемлекеттердiң кеден қызметтерiмен өзара iс-қимылды және ақпарат алмасуды дамыту мәселелерiне үлкен назар аударылатын болады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кiруiн дайындау шеңберiнде кеден рәсiмдерiн оңайлату мен үйлестiруге, тауарларды сипаттау және кодтау жүйесiне байланысты Халықаралық конвенцияларға қосылу жөнiнде тиiстi рәсiмдер жүргiзу қажет. Сол сияқты Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы кеден қызметтерiн басқару бiрлiгi туралы келісімдi және Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі уағдаластықтарды iске асыру мақсатында тауарлар мен көлiк құралдарының транзитiмен, жеке тұлғалардың шетелдiк валютаны әкетуiмен, ақпараттық өзара iс-қимылды қамтамасыз етумен, контрабандаға қарсы күреспен байланысты мәселелердi шешу жөнiнде iс-шаралар да жүргiзiлетiн болады.
Құқық қорғау қызметi саласында кеден органдарының кеден шекарасы арқылы есiрткiлердi, қару-жарақты, оқ-дәрiлердi және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелу шектелген басқа да тауарларды заңсыз өткізудiң жолын кесу және алдын алу жөніндегі жұмыстарының нәтижелiлiгi артуы тиiс. Ол үшiн мұндай тауарларды өткізу фактілерін, оның iшiнде қызметтiк iздестiру иттерiн, арнайы техникалық тексеру мен бақылау құралдарын пайдалана отырып анықтау әдiстерi жақсаратын болады.
Республиканың, ТМД елдерiнiң және басқа да шекаралас мемлекеттердiң құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықтың және ақпарат алмасудың жаңа нысандары кеден iсi саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөніндегі шаралардың тиiмдiлiгiн арттыруға ықпал ететiн болады.
Сапалы кадрлық қамтамасыз ету де кеден органдарының қызметiн дамыту мен жетiлдiрудiң маңызды бағыты болып табылады. Кеден қызметi қызметкерлерiнiң кәсiптiк деңгейiн көтеру мәселелерi өзектi болып қала бередi. Қазақстан Республикасының кеден органдары жүйесiнiң шеңберiнде лауазымды адамдарды даярлауды, қайта даярлауды және біліктiлiгiн көтерудi қамтамасыз етуге қабiлеттi оқу мекемелерiн құрудың, оларды материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң өткiр қажеттiлiгi болып отыр. Осыған байланысты Алматы және Атырау қалаларында кеден органдарының қызметкерлерi үшiн біліктiлiгiн көтеру курстарын ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Оқу-әдiстемелiк орталықтарын құру жоспарлануда.
Бағдарламаны iске асыру тетiгi: жауапты орындаушыларды көрсете отырып қатаң мерзiмдер, орындалу нысандарын белгiлеумен Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспарын бекіту.
Бағдарлама iс-шараларының орындалуын ұйымдастыру басқа министрлiктермен және ведомстволармен бiрге кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкілеттi органға жүктелдi.
Бағдарламаның iске асырылуын ағымдағы бақылауды кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкілеттi орган жүзеге асырады.
6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Бағдарламада көзделген iс-шараларды қаржыландыру көзi республикалық бюджет болып табылады. Бағдарламада көзделген iс-шараларды iске асыру республикалық бюджетте көзделген қаржыландыру шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.
Кеден қызметiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру мақсатында, кеден органдарының алдына қойылған мiндеттердi шешу үшiн қаржыландырудың көлемдерiнде 2004-2006 жылдарға арналған республикалық бюджеттiң қаражатынан 12 320,9 млн. теңге, оның iшiнде 2004 жылы - 3 548,6 млн. теңге, 2005 жылы - 4 554,4 млн. теңге, 2006 жылы - 4 217,9 млн. теңге мөлшеріндегі соманың қосымша бөлiнуiн көздеу қажет. 4 504, 1 млн. теңге мөлшеріндегі соманы кедендiк бақылаудың қазiргi заманғы техникалық құралдарын пайдалануға негiзделген жаңа бақылау нысандары мен әдiстерiн енгізуге арнап көздеу қажет. Шекарада орналасқан автомобиль және темір жол өткізу пункттеріндегі инфрақұрылым объектiлерiнiң, бiрыңғай бақылау-өткізу пункттерiнiң құрылысына 5 974,9 млн. теңге, сыртқы сауда статистикасын жүргiзудi және жариялауды ұйымдастыру үшiн - 45,8 млн. теңге, әлеуметтiк саясатты жүзеге асыруға және оқу-әдiстемелiк базаны дамытуға - 1 796, 1 млн. теңге көздеу жоспарланып отыр.
Қаржыландырудың түпкiлiктi сомасы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасын қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны iске асыру оларды жүзеге асыру нәтижесiнде республиканың тұрақты экономикалық өсiмiн қамтамасыз ету үшiн маңызды алғышарт болып табылатын кедендiк әкiмшiлендiрудiң сапалы жаңа деңгейiне қол жеткiзiлетiн өзара байланысты iс-шаралар кешенiн жүргiзудi көздейдi.
Халықаралық талаптар мен стандарттарға негiзделген кеден iсi жөнiнде нормативтiк құқықтық база жасау Қазақстанның әлемдiк ықпалдастық процесiне ену процесiн жеделдетуге мүмкiндiк бередi.
Кеден заңнамасы саласындағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың ақпараттандырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ кеден жүйесiнiң қызметi туралы сенiмдi және жедел ақпаратқа қол жеткізу кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзетiн тұлғалардың, кедендiк ресiмдеу саласындағы қызметтердi ұсынатын кеден органдары мен құрылымдары қызметкерлерiнiң арасындағы құқық бұзушылықтардың санын азайту үшін алғышарттар жасайды.
Тәуекелдердi бағалау және басқару жүйесiн енгізу:
кедендiк бақылаудың таңдаушылық тетiгiн реттеуге және айқын етуге;
жоғары тәуекел салаларында кедендiк бақылауды шоғырландыруға және кеден органдарының иелiгіндегі ресурстардың неғұрлым тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
кеден органдары жүргiзетiн кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау жөніндегі iс-шаралардың нәтижелiлiгiн арттыруға;
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын сақтайтын сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткізу үшiн неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасының кеден органдарын қазiргi заманғы техникамен одан әрi жарақтандыру:
Қазақстан Республикасының кеден шекарасын кесiп өтетiн тауарлар мен көлiк құралдары туралы сенiмдi ақпаратқа ие болуға;
тауарлар мен көлiк құралдарының кеден шекарасы арқылы және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткiзiлуiн нақты уақытта, оның iшiнде көзбен көрiп бақылауға;
тауарлардың сақталуын және баратын кеден органдарына дейiн жеткiзiлу мерзiмдерiнiң сақталуын бақылауды күшейтуге;
кеден органдары қызметкерлерiнiң құрылымы мен санын оңтайландыруға мүмкiндiк бередi.
Кинологиялық қызметтi нығайту, сайып келгенде, елдiң ұлттық қауiпсiздiгiн нығайтуға ықпал ететiн есiрткi құралдарының, қару-жарақтың, оқ-дәрiлердiң, жарылғыш заттардың заңсыз өткiзiлуiне қарсы күрестi күшейтуге мүмкiндiк бередi.
Пластикалық карталарды қолдана отырып есеп айырысу тәртібін енгізу сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кеден төлемдерi мен салықтарды төлеуге қолма-қол ақшасыз аударымдарды жүзеге асыруға, олардың сенiмдiлiгiн қамтамасыз етуге, кеден төлемдерi мен салықтарды төлеудi нақты тiркелген орнына қарамастан, кез келген кеден органында тауарды тiкелей ресiмдеу кезiнде жүргiзуге, кедендiк ресiмдеу рәсiмiн жеделдетуге мүмкiндiк бередi.
Мамандандырылған жаңа ақпараттық-техникалық жүйелердi қолдану тауарлар мен көлiк құралдарының өткiзiлуiн бақылаудың неғұрлым жоғары деңгейiн қамтамасыз етедi, кеден органдарының шешiмдер қабылдаудағы жеделдiгiн арттырады, Қазақстан Республикасының шетел капиталы үшiн қызығушылық дәрежесiн айқындайтын маңызды фактор болады.
Кеден органдарының техникалық жарақтандырылуының сапалық және сандық деңгейiн жаңарту мен арттыру бюджетке кеден төлемдерi мен салықтардың түсуiне оң әсер етедi. 2004-2006 жылдардағы кедендiк төлемдер мен салықтардың мемлекеттік бюджетке түсiмдерiнiң болжамды өсiмi 100,0 млрд. теңге болады: 2004 жылы - 31,0 млрд. теңге, 2005 жылы - 34,0 млрд. теңге, 2006 жылы - 35,0 млрд. теңге.
Кеден статистикасын, оның iшiнде сыртқы сауданың кеден статистикасын жүргiзудiң әдiстерi мен нысандарын жетiлдiру, толық және сенiмдi ақпарат базасын қалыптастыру, алынған статистикалық деректердi талдау тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларын практикалық қолдану бөлiгiнде сындарлы ұсыныстар әзiрлеуге, мемлекеттік органдарды сыртқы экономикалық қызметтi мемлекеттік реттеу әдiстерi бойынша шешiмдер қабылдау үшiн қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Шекаралас мемлекеттердiң кеден қызметтерiмен өзара iс-қимылды нығайту, өңiрлiк бiрлестiктердiң (ЕурАзЭҚ, ТМД) шеңберіндегі жұмыстарды жандандыру, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту кеден iсi саласындағы халықаралық байланыстарды дамытуға, кеден рәсiмдерiн бiрiздендiруге және оңайлатуға, қазақстандық кеден қызметiнiң халықаралық бағдарламаларды iске асырудағы белсендiлiгiн арттыруға қызмет етедi.
Кеден органдары қызметкерлерiнiң әлеуметтiк мәселелерiн кезең-кезеңмен шешу жұмыс тәжiрибесi бар, жоғары адамгершiлiк қасиеттерге ие барынша кәсiпқой және құзыретті адамдардың iшiнен кеден қызметiне жиын жүргiзу мүмкiндiгiн бередi. Сайып келгенде бұл, өз қатарында сыбайлас жемқорлық көрiнiстерi мен тұтастай алғанда кеден жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық фактілерінiң санын азайтуға әкеледi.
Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде кедендiк әкiмшiлендiрудiң нысандары мен әдiстерi негiзiнен халықаралық стандарттарға сәйкес келтiрiледi, материалдық-техникалық база одан әрi дамиды, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кедендiк қызмет көрсету технологиясы жақсарады, кеден қызметкерлерiн кәсiби даярлау деңгейi көтерiледi, кеден қызметiн әдiстемелiк және ақпараттық қамтамасыз ету жақсарады, тауарлық номенклатураның кодтары бойынша тауарлардың жiктемесiн айқындау кезiнде дәлдiк дәрежесi артатын болады, кеден төлемдерi мен салықтарының бюджетке түсiмi ұлғаяды.
8. Қазақстан Республикасының кеден қызметін дамытудың
2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары
Р/с № | Іс-шаралар | Аяқтау нысаны | Орын- далуы (іске асыры- луы) үшін жауапты | Орын- далу мер- зімі | Болжал- ды шығыс- тар (мың теңге) | Қаржы- ландыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Кеден ісі саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру |
1.1 ЕурАзЭҚ-қа мүше ЕурАзЭҚ-қа КБА 2004- жоқ жоқ мемлекеттер мүше мемле- 2006 Кеден заңнама- кеттер жж. ларының негіз- кеден деріне өзгеріс- қызметтері тер мен толық- басшылары- тырулар дайын- ның кеңесі- дауға қатысу не ұсыныс- тар беру |
1.2 Шет елдермен Келісімдер КБА 2004- жоқ жоқ және халықара- жасасу СІМ 2006 лық ұйымдармен жж. кеден мәселе- лерi бойынша, оның iшiнде ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесiнiң бiрыңғай кеден кеңiстiгiн құру жөніндегі шешiм- дерiн iске асы- руға байланысты өзара қарым- қатынас жөнiн- дегi шарттық- құқықтық базаны одан әрi дамытуды жүзеге асыру |
1.3 Қазақстан Норматив- КБА 2004- жоқ жоқ Республикасының тiк 2006 Кеден кодексiн құқықтық жж. орындау үшiн, кесімдер- сондай-ақ оның дің қолданылу жобала- практикасын ры ескере отырып нормативтiк құқықтық кесiм- дер әзiрлеу, келiсу және қабылдау |
1.4 Халықаралық конвенцияларға қосылу бойынша қажеттi рәсiм- дердi жүргізу: |
1.4.1 кеден рәсiмдерiн Заң КБА, СІМ, 2006 жоқ жоқ оңайлату және жобасы Сарапта- ж. 2- үйлестiру туралы малық тоқсаны (Киот конвен- Кеңес циясы) |
1.4.2 тауарларды Заң КБА, СІМ, 2004 жоқ жоқ сипаттау мен жобасы Сарапта- ж. 1- кодтаудың үйлес- малық тоқсаны тірілген жүйесі Кеңес бойынша |
1.4.3 кедендiк құқық Заң КБА, СІМ, 2005 жоқ жоқ бұзушылықтардың жобасы Сарапта- ж. 1- алдын алу, малық тоқсаны тергеу және Кеңес оған қарсы күрес бойынша (Найроби конвенциясы) |
2. Кедендік бақылау әдістерi мен нысандарының тиiмділігін арттыру, кедендік әкімшілендіруді жетілдіру |
2.1 Халықаралық ҚР КБА КБА, ККМ 2004 жоқ жоқ қатынас поезда- бұйрығы ж. 3- рында жеке тоқсаны тұлғалар өткi- зетiн тауарлар- ға қатысты кеден рәсiмдерiн жүргiзу техноло- гиясын әзiрлеу |
2.2 Қазақстан ҚР КБА, ККМ, 2004 1246800,0 Респу- Республикасының Үкіметі ҚР ҰҚК ж. блика- шекарасында қаулы- ШҚ, АШМ, 2005 1246800,0 лық автомобильдiк сының ДСМ, ҚОҚМ ж. бюджет өткізу пунктте- жобасы 2006 997440,0 рiнде мемлекет- ж. тiк бақылаудың кедендiк және басқа да түрле- рiн жүзеге асыру мақсатында бiрыңғай өткізу- бақылау пунктте- рiн құру бойынша iс-шараларды жалғастыру |
2.3 Қазақстан ҚР КБА, ККМ, 2004 372740,0 Респу- Республикасының Үкіметі ҚР ҰҚК ж. блика- шекарасында қаулы- ШҚ, АШМ, 2005 648570,0 лық темір жол өткізу сының ДСМ, ҚОҚМ ж. бюджет пункттерiнде жобасы 2006 1309110,0 мемлекеттік ж. бақылаудың кедендiк және басқа да түрле- рiн жүзеге асыру мақсатында бiрыңғай өткізу- бақылау пунктте- рiн құру бойынша iс-шараларды жалғастыру |
2.4 Кедендiк ҚР КБА 2004 103430,0 Респу- инфрақұрылым Үкіметі ж. блика- объектілерiнiң қаулы- лық құрылысын салу сының бюджет ("Бақты" кеденi- жобасы нiң кедендiк ресiмдеу залы, Ақтау қаласын- дағы 10 итке арналған питом- ник, шалғайдағы кеден бекетте- рiне арналған электрмен жабдықтау желi- лерi және т.б.) |
2.5 "Достық" кеденi- ҚР КБА 2004 50000,0 Респу- нiң тексеру Yкіметі ж. блика- алаңы мен қаулы- лық уақытша сақтау сының бюджет қоймасын жобалау жобасы және құрылысын салу |
2.6 Қазақстан Норматив- КБА, ҰҚК 2004 жоқ жоқ Республикасының тік ШҚ, ІІМ, ж. 3- кеден шекарасы құқықтық АШМ, тоқсаны арқылы өткiзiле- кесімнің ДСМ, ИСМ, тiн тауарлар мен жобасы ККМ, ҚМ, көлiк құралдары СК, ҚПА, бойынша бiрыңғай ҚОҚМ, ақпараттық АБА ортаны құру мақсатында кеден органдарының басқа мемлекет- тiк органдармен ақпарат алмасу тәртібін әзiрлеу |
2.7 Кеден органдары- Норматив- КБА, 2004 жоқ жоқ ның энергия тiк ЭжМРМ, ж. 1- ресурстарын құқықтық ККМ, тоқсаны тасымалдаушылар- кесiмнiң ҚОҚМ мен өзара жобасы iс-қимыл тәртi- бiн әзiрлеу |
2.8 Бөлiнетiн Қазақстан КБА, ККМ, 2004 жоқ жоқ радиоактивтiк Республи- ДСМ, ж. 1- материалдар мен касы ҚОҚМ тоқсаны қауiптi қалдық- Үкіметіне тарды кедендiк ұсыныс- бақылаудың тар қолданылып жүрген рәсiмде- рiнiң сапасын арттыру мақсатында талдауды жүзеге асыру және ұсыныстар әзiрлеу |
2.9 Кеден баждары ИСМ-ға КБА тұрақты жоқ жоқ ставкаларының ұсыным құрылымы мен деңгейiн, тариф- тiк аралықтар мөлшерiнiң қысқаруын және тарифтiк ставкалар мен квоталардың практикалық пайдаланылуын ескере отырып, Қазақстан Республикасының кеден баждары ставкаларын ұтымды ету жөнiнде ұсыныс- тар әзiрлеу |
2.10 СЭҚ ТН-ге ҚР ИСМ, КБА, 2004 жоқ жоқ талдау жүргiзу Үкіметі мүдделі ж. 4- және соның мемлекет- тоқсаны негiзiнде сыртқы тік экономикалық органдар қызметтi тариф- тiк және тарифтiк емес реттеу шараларын неғұрлым дәл қолдану қажеттi- лiгiн ескере отырып тауарлар- дың кодтарын әзiрлеу және қосымша нақтылау енгізу |
2.11 Шекарадағы кеден ҚР КБА 2004 712013,0 Респу- органдарын Үкіметі ж. блика- мынадай техника- қаулы- 2005 1896054,0 лық лық кедендiк сының ж. бюджет бақылау құралда- жобасы 2006 1896054,0 рымен жарақтан- ж. дыру бойынша іс-шараларды жүргізу: |
2.11.1 радиациялық ҚР КБА 2004 127013,0 Респу- бақылау Үкіметі ж. блика- қаулы- 2005 159174,0 лық сының ж. бюджет жобасы 2006 159174,0 ж. |
2.11.2 жүк автокөлiк ҚР КБА 2004 350000,0 Респу- құралдарын Үкіметі ж. блика- көшiру үшін қаулы- 2005 1501880,0 лық рентгенография- сының ж. бюджет лық қондырғы- жобасы 2006 1501880,0 лармен ж. |
2.11.3 тауарлардың ҚР КБА 2004 235000,0 Респу- жеткiзiлуiн Үкіметі ж. блика- бақылау қаулы- 2005 235000,0 лық жүйесiмен сының ж. бюджет жобасы 2006 235000,0 ж. |
2.12 ҚР Үкіметінiң Екінші КБА, 2004 жоқ жоқ 2002 жылғы 2 деңгей- екінші ж. 1- шiлдедегi дегі деңгей- тоқ. № 713 қаулысы- банктер- дегі саны мен бекітілген мен банктер Микропроцессор- келісім- лық карточкалар дер негiзiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкара- лық жүйесiн дамыту бағдар- ламасының шеңберiнде кеден төлемдерi мен салықтарды микропроцессор- лық пластикалық карталар арқылы төлеу жүйесiн қалыптастыру |
3. Ақпараттық-техникалық саясат |
3.1. Қазақстан ҚР КБА КБА 2004 15258,0 Респу- Республикасы бұйрығы ж. блика- сыртқы сауда- 2005 15258,0 лық сының статисти- ж. бюджет касын жүргiзудi 2006 15258,0 және жариялауды ж. қамтамасыз ету |
3.2 ЕурАзЭҚ-қа және ҚР КБА, 2004 жоқ жоқ ТМД-ға қатысушы Үкіметі- АБА ж. мемлекеттердiң не 2005 кеден қызметте- ақпарат ж. рiнiң кедендiк 2006 құқық бұзушылық- ж. тар, толассыз кедендiк бақылау саласындағы ақпараттық өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі КААЖ-ды жетiл- дiру шеңберiн- дегi iс-шаралар- ды ұйымдастыру |
3.3. Ақпарат қауiп- КБА КБА, 2004 жоқ жоқ сiздiгiнiң бұйрық- ж. талаптарына тары 2005 сәйкес кеден ж. органдары ақпараттық ресурстарының қауiпсiздiгiн ұйымдастыру жөніндегі шаралар жүйесiн әзiрлеу және енгізу |
4. Халықаралық ынтымақтастық |
4.1 Дүниежүзiлiк Келіссөз- ИСМ, 2004- жоқ жоқ Сауда Ұйымына дерге СІМ, 2006 қосылу жөніндегі қатысуға КБА жж. Қазақстан арналған Республикасының құжаттар- ұстанымын ды және қалыптастыруға Қазақстан- кеден қызметiнiң ның ДСҰ- қатысуын қамта- ға енуі масыз ету жөніндегі қорытынды құжаттарды дайындау |
4.2 Беларусь ҚР КБА, СІМ 2004 жоқ жоқ Республикасының, Үкіметіне мүдделі ж. 3- Қазақстан ұсыныстар мемлекет. тоқсаны Республикасының, тік Украинаның, Ресей органдар Федерациясының кеден әкiмшiлiк- терi басшылары- ның кеден заңнамасын бiрiздендiру мен бiрыңғай эконо- микалық кеңiстiк құру бөлiгіндегі одан әрi ықпал- дасу мәселелерi бойынша бiрiншi мәжілістi өткізу жөніндегі iс- шараларды ұйымдастыру |
4.3 Қырғыз Халықара- КБА, СІМ 2004 жоқ жоқ Республикасы, лық ЭМРМ ж. 2- Өзбекстан келісім- тоқсаны Республикасы, дердің ҚХР және Бельгия жоба- кеден қызметте- лары рiнiң жанынан Қазақстан 2005 Республикасы ж. 2- кеден қызметiнiң тоқсаны өкiлдiктерiн құру жөніндегі дайындық жұмыс- тарын жүргізу (шарттық-құқық- тық базаны әзiрлеу) |
4.4 "Айналық ҚР КБА тұрақты жоқ жоқ статистикаға" Үкіметі- талдау жүргiзу не мақсатында ақпарат шекаралас мемлекеттермен статистикалық ақпараттар алмасуды жүзеге асыру |
4.5 ЕурАзЭҚ-қа Ұсыныстар КБА, тұрақты жоқ жоқ қатысушы дайындау ИСМ мемлекеттер және сыртқы экономи- СРТС-ке калық қызметiнiң жолдау бiрыңғай тауар номенклатурасын жетiлдiру бойынша ұсыныс- тар әзiрлеу |
5. Кеден органдарының құқық қорғау қызметін жетілдіру |
5.1 Құқық қорғау Бірлескен КБА, ІІМ, 2004 жоқ жоқ органдарымен бұйрық- ҚПА ж. 2- бiрлесiп қылмыс- тар тоқсаны, тар мен құқық бұзушылықтарды 2005 анықтау және ж. 2- жолын кесу тоқсаны жөнiндегі ведомствоаралық алдын алу iс- шараларының жүргізілуін қамтамасыз ету |
5.2 ТМД-ға қатысушы Ұсыныстар КБА 2004 жоқ жоқ елдердiң Ұлттық дайындау ж. 1- байланыс торабы- және тоқсаны мен есiрткiлер- RILO- дiң заңсыз Мәскеуге айналымы фактi- жолдау лерi бойынша ақпарат алмасу- дың жаңа нысандарын әзiрлеу |
5.3 ТМД-ға қатысушы ҚР КБА, 2004 жоқ жоқ елдердiң шеңбе- Үкіметіне СІМ, ж. 3- рiнде кеден ұсыныстар ТМД-ға тоқсаны қызметтерiнiң қатысушы есiрткi контра- елдердің бандасына қарсы кеден күрес жөніндегі қызметтері бөлiмшелері басшыларының кеңесiн өткізу бойынша iс-шараларды ұйымдастыру |
6. Әлеуметтік және кадр саясаты |
6.1 "Алматы қаласын- ҚР КБА 2004 жоқ жоқ да Қазақстан Үкіметі ж. 2- Республикасы қаулы. тоқсаны Кедендік бақылау сының агенттiгiнiң жобасы Оқу-әдiстемелiк орталығы" мемле- кеттiк мекемесiн құру |
6.2 "Атырау қаласын- ҚР КБА 2004 жоқ жоқ да Қазақстан Үкіметі ж. 2- Республикасының қаулы- тоқсаны Кедендік бақылау сының агенттігiнiң жобасы Оқу-әдістемелiк орталық" мемле- кеттік мекеме- сiн құру |
6.3 "Алматы қаласын- ҚР КБА 2004 500000,0 Респу- да Қазақстан Үкіметі ж. блика- Республикасының қаулы- 2005 499350,0 лық Кедендiк бақылау сының ж. бюджет агенттігiнiң жобасы Оқу-әдiстемелiк орталығының" ғимаратын салу |
6.4 Кеден органдары- ҚР КБА 2004 299980,0 Респу- ның қызметкер- Үкіметі ж. блика- лерi үшiн Астана қаулы- лық қаласында 100 сының бюджет орындық жатақ- жобасы хана салу |
6.5 "Достық" кеденi- ҚР КБА 2004 248400,0 Респу- нiң кеден Үкіметі ж. блика- қызметi қызмет- қаулы- 2005 248000,0 лық керлерi үшiн сының ж. бюджет тұрғын үй салу жобасы |
6.6 ТМД-ға қатысушы Келісім- КБА, БҒМ 2004 жоқ жоқ мемлекеттер мен дер ж. 2- ЕО елдері білім жасасу тоқсаны мекемелерiмен, халықаралық ұйымдармен қызметкерлердi 2005 оқытудың және ж. 2- біліктiлiгiн тоқсаны көтерудiң бiрлескен бағдарламаларын iске асыру бойынша өзара ic-қимылды кеңейту |