4. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша және облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмият құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметі алдында жауап бередi.
30-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмияттар. Құрылуы және құрамы
1. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмият Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктің жалпымемлекеттік саясатын тиістi аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.
2. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімиятты ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімi басқарады.
3. Әкім аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімиятты аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімiнің орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, тиісті атқарушы органдардың бірінші басшыларынан құрады. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің бірінші басшылары да жоғары тұрған тиісті органдар басшыларымен келісім бойынша әкімияттың мүшелері болуы мүмкін.
4. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімияттың отырыстарын әзірлеу мен өткізу, сондай-ақ олардың шешім қабылдау тәртібі әкімияттың регламентінде белгіленеді. Үлгі регламентті Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
5. Әкімияттың дербес құрамы аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихат сессиясының шешімімен келісіледі.
6. Аудан әкімиятының жұмысына орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары кеңесші дауыс құқығымен қатыса алады.
7. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімият - алқалы орган, ол заңды тұлға болып табылмайды.
ҚР 11.05.04 ж. № 552-II Заңымен (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара); 21.12.04 ж. № 15-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 45-III Заңдарымен 31-бап өзгертілді
31-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімияттың құзыреті
1. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімият заңдарға сәйкес:
1) ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін, соның ішінде қаладағы аудан (аудандық маңызы бар қала), кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдері іске асыратын (әрбір қаладағы аудан (аудандық маңызы бар қала), кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ бойынша жеке-жеке) бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, олардың атқарылуын қамтамасыз етеді, тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс бюджетінің атқарылуы туралы есепті дайындайды;
2) заң актілеріне сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) коммуналдық меншікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
3) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасайды;
5) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
6) осы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағындағы кенттер мен ауылдар құрылысын салудың бас жоспарларын әзірлейді және оларды аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихаттың бекітуіне ұсынады, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады, кентішілік (қалаішілік) және ауданішілік коммуналдық желілер мен құрылыстарды салуға рұқсат береді;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады;
8) әскери тiркелу мен әскери қызметке шақыру жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелерi жөніндегі iс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етедi;
9) кентішілік (қалаішілік) және ауданішілік қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;
10) өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, жерлерді аймақтарға бөлу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
11) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) маңызы бар жолдарды салуды, пайдалануды және күтiп ұстауды ұйымдастырады;
12) мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуын және оны бөлуін ұйымдастырады;
12-1) мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады;
12-2) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;
12-3) мемлекет қажеттіліктері үшін жер учаскелерін алып қоюды, оның ішінде сатып алу арқылы алып қоюды жүзеге асырады;
12-4) республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында орналасқан тұрғын үй-жайлардың сейсмикалық беріктігін орнықтыруға бағытталған іс-шараларды өткізеді;
12-5) авариялық және ескі үй-жайларды бұзуды ұйымдастырады;
12-6) тұрғын үй көмегін көрсетеді;
12-7) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
13) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кедейлікті азайту бағдарламаларын iске асыруға қатысады;
14) халықты әлеуметтiк қорғау, ана мен баланы қорғау мәселелерiн шешедi, халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына атаулы көмек көрсетедi, оларға қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi;
15) аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағындағы экологиялық, тарихи, мәдени немесе ғылыми құндылығы бар табиғат объектiлерiн және өзге де объектiлердi табиғаттың, тарих пен мәдениеттiң қорғалатын ескерткiштерi деп жариялау туралы ұсыныс енгiзедi;
16) қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендiру мәселелерiн шешедi;
17) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдарды құрады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
18) тиiстi аумақта ветеринариялық iс-шаралар жүргiзудi, мал шаруашылығында пайдаланылатын арнаулы көмбелер (көмiндiлер) салуды және ұстауды ұйымдастырады, сондай-ақ ауру малдарды санитарлық союды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
19) азаматтардың тегін орта білім алу құқығының іске асырылуын жүзеге асырады;
20) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемелерді және мемлекеттік кәсіпорындарды құрады, облыстық атқарушы орган белгілеген штат санының лимиті шегінде аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитін белгілейді;
21) салық төлеушіні тіркеу есебіне алу орны бойынша салық органының аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджетке толық көлемінде келіп түсетін салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімдерін келіседі;
22) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгіленген жағдайлар мен тәртіпте лицензиялауды жүзеге асырады.
2. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмият Қазақстан Республикасының заңдарында өзiне жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
3. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмият өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыруда аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихат алдында жауап бередi.
4. Осы бапта аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) , республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) әкімдіктерге жүктелген өкілеттіктерді қалалық әкімдіктер жүзеге асырады.
32-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімін қызметке тағайындау қызметiнен босату және өкiлеттiгiн тоқтату тәртібі
1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тәртiпте қызметке тағайындалады немесе сайланады.
2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген тәртiпте қызметiнен босатылады және өз өкiлеттiгiн тоқтатады.
ҚР 11.05.04 ж. № 552-II Заңымен 33-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара)
33-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінiң құзыретi
1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі заңдарға сәйкес:
1) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң мүдделерiн бiлдiредi;
2) облыс әкіміне орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң Қазақстан Республикасының Конституциясын , заңдарын, Президентi мен Yкіметі актілерін олардың орындауға қатысты бөлiгіндегі қызметi туралы ұсыныс енгізуге құқылы;
3) тиiстi адамдарды мемлекеттік наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы облыс әкіміне ұсыныс енгiзедi;
3-1) аудандық мәслихатқа "Ауданның құрметті азаматы" атағын беруге ұсыныс енгізеді;
4) мынадай лауазымды адамдарды:
жоғары тұрған уәкiлеттi мемлекеттік органдармен келісім бойынша, шектi санын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтiн аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінiң орынбасарларын;
әкiм аппаратының басшысы мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларын қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;
5) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қабылдайды;
6) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
7) алынып тасталды
8) мектепке дейінгі, орта, бастауыш кәсіби білім беру мекемелеріне, әлеуметтік-мәдени сала мекемелеріне материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі;
9) алынып тасталды
10) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
11) әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстi басқарудың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымдары негізінде қалыптастырылған схемасын тиiстi мәслихаттардың бекітуiне енгiзедi;
12) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөніндегі консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын мәслихаттың бекітуiне ұсынады;
13) өз құзыретi шегiнде жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi.
2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінiң құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкін.
3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі өзiнiң жекелеген өкiлеттiктерiн жүзеге асыруды төменгi тұрған әкiмдерге беруге құқылы.
4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша және аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмияттың құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентi, Үкіметі және облыс әкімі алдында жауап бередi.
34-бап. Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттiк, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтiк әкiмияттар
Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттiк, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтiк әкiмияттар құрылмайды.
ҚР 11.05.04 ж. № 552-II Заңымен (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара); 21.12.04 ж. № 15-III Заңымен (бұр. ред. қара) Заңдарымен 35-бап өзгертілді
35-бап. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің құзыреті
1. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі заңдарға сәйкес:
1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмияттың лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;
2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметі актілерінiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8) шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9) өз құзыретi шегiнде жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
10) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актілерін тiркеудi ұйымдастырады;
11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
14) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды.
16) шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады;
17) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 18) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
18) мектепке дейінгі ұйымдарды, мәдениет мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
21) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.
1-1. Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық (селолық) жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
1-2. Облыстық маңызы бар қалада аудандар болмаған жағдайда, осы баптың 1-тармағында көзделген функцияларды облыстық маңызы бар қаланың әкімдігі жүзеге асырады.
2. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
3. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының алдында жауап бередi.
ҚР 11.05.04 ж. № 552-II Заңымен 36-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара)
36-бап. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімін қызметке тағайындау, қызметiнен босату және өкiлеттiгiн тоқтату тәртібі
1. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерi Қазақстан Республикасының Президентi белгілейтiн тәртiпте қызметке тағайындалады немесе сайланады.
2. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерi Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тәртiпте қызметiнен босатылады және өз өкiлеттiгiн тоқтатады.
37-бап. Әкiмияттың, әкiмнiң актілерi
1. Әкiмият Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметінiң актілері, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер негiзiнде және оларды орындау орайында қаулылар шығарады.
2. Әкiмият қаулысына әкiм қол қояды.
3. Әкiм нормативтiк-құқықтық сипаттағы шешiмдер және әкiмшiлiк-басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкiмдер шығарады.
4. Әкiмияттың және (немесе) әкiмнің өз құзыретi шегiнде қабылдаған актілерінiң тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады.
5. Әкiмият және (немесе) әкiм актілерінiң қолданылуын тиiстi прокурордың тоқтата тұруы мүмкiн.
6. Әкiмияттың және (немесе) әкiмнiң азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты актілері (Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары және заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар актiлерден басқа) мiндеттi ресми жариялауға жатады.
7. Әкiмияттың және (немесе) әкiмнiң жалпыға мiндеттi маңызы бар, ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты актілері заңдарда белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң аумақтық органдарының мемлекеттік тiркеуiне жатады.
8. Қазақстан Республикасының Президентi, Үкіметі, жоғары тұрған әкiмият және (немесе) әкiм, әкiмияттың және (немесе) әкiмнiң өзi, сондай-ақ соттың шешiмi әкiмият және (немесе) әкiм актілері қолданылуын жоюы не толық немесе iшiнара тоқтата тұруы мүмкiн.
ҚР 11.05.04 ж. № 552-II Заңымен (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара); 21.12.04 ж. № 15-III Заңымен (бұр. ред. қара) Заңдарымен 38-бап өзгертілді
38-бап. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты
1. Әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi әкiм аппараты жүзеге асырады.
2. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппаратын тиісінше облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі құрады, таратады және ұйымдастырады.
Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппаратын республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.
3. Әкiмнiң өкiлеттiгiн тоқтатуына, жаңа әкiмнiң тағайындалуына байланысты әкiм аппаратының мемлекеттік қызметшiлерi қызметiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
4. Әкім аппараты туралы ережені, оның құрылымын тиісті әкімдік бекітеді.
5. Әкiм аппараты жергiлiктi бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
ҚР 11.05.04 ж. № 552-II Заңымен 39-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара)
39-бап. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдар
1. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарды тиісті мәслихат бекіткен әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасы шеңберінде облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.
2. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың құзыретi мен қызметiн ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтай отырып тиісті әкімдік белгiлейдi.
4-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
40-бап. Жергiлiктi бюджет
1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) бюджеттер, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерi олар үшiн белгiленген салық және өзге де түсiмдер көздерi есебiнен құралады.
2. Жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу, бекіту және атқару тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
41-бап. Осы Заңның өзге заң актілерімен арақатынасы және оның ережелерiн iске асыру тәртібі
1. Осы Заңның ережелерi Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттік басқаруды қамтамасыз етудiң жекелеген бағыттары мен тетiктерiн регламенттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау үшiн негiз болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының осы Заң күшiне енген кезде қолданылып жүрген заңдары оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады және осы Заң күшiне енген күннен бастап бiр жылдың iшiнде оған сәйкес келтiрiлуге тиiс.
Қазақстан Республикасының