Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе түсiмдерiн қысқартуды көздейтiн Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулылары жобаларының ережелерiн Республикалық бюджет комиссиясының мiндеттi түрде қарауына жатады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген актiлер жобаларының ережелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң (Республикалық бюджет комиссиясының) қорытындысы ағымдағы жылдың бiрiншi жартысында берiлген жағдайда қолданысқа келесi қаржы жылынан ерте енгiзiле алмайды.
Қорытынды ағымдағы жылдың екiншi жартысында берiлген жағдайда аталған ережелер қолданысқа жоспарланып отырған жылдан кейiнгi қаржы жылынан ерте енгiзiле алмайды.
3. Жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе түсiмдерiн қысқартуды көздейтiн жергiлiктi өкiлдi органдар шешiмдерiнiң жобалары әкiмдiктiң оң қорытындысы болған жағдайда ғана мәслихаттардың қарауына енгiзiлуi мүмкiн. Әкiмдiктiң қорытындысы тиiстi бюджет комиссиясының ұсыныстары ескерiле отырып жасалады.
Жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе түсiмдерiн қысқартуды көздейтiн жергiлiктi атқарушы органдар актілері жобаларының ережелерiн тиiстi бюджет комиссиясының мiндеттi түрде қарауына жатады.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген ережелер әкiмдiктiң (тиiстi бюджет комиссиясының) оң қорытындысы болған жағдайда қолданысқа келесi қаржы жылынан ерте енгiзiле алмайды.
5. Осы баптың 2 және 4-тармақтарында көрсетiлген ережелер тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдарға және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттардың шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттар шешiмдерiне, сондай-ақ оларды iске асыру туралы нормативтiк құқықтық актiлерге қолданылмайды.
2-тарау. Бюджет жүйесі
6-бап. Бюджеттердiң түрлерi мен деңгейлерi
1. Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегi бюджеттер бекітіледi, атқарылады және дербес болып табылады:
республикалық бюджет;
облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi;
аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi.
2. Қазақстан Республикасында осы Кодексте белгiленген жағдайларда төтенше мемлекеттік бюджет әзiрленуi, бекітілуi және атқарылуы мүмкiн.
7-бап. Республикалық бюджет
1. Осы Кодекспен айқындалған салықтық және басқа да түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады.
2. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледi.
8-бап. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi
1. Осы Кодекспен айқындалған салықтық және басқа да түсiмдер, есебiнен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегi жергiлiктi мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте мемлекеттік саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджетi, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi болып табылады.
2. Тиiстi қаржы жылына арналған облыстың бюджетi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының шешiмiмен бекітіледi.
9-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi
1. Осы Кодекспен айқындалған салықтық және басқа да түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиiстi аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi болып табылады.
2. Тиiстi қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешiмiмен бекітіледi.
10-бап. Төтенше мемлекеттік бюджет
1. Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң негiзiнде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгiзiледi.
2. Төтенше мемлекеттік бюджеттi бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледi.
3. Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу және оның күшiн жою туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы төтенше мемлекеттік бюджеттi енгізуге және оның қолданылуын тоқтатуға негiз болып табылады.
4. Төтенше мемлекеттік бюджеттiң қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламентi дереу хабардар етiледi.
5. Төтенше мемлекеттік бюджеттiң қолданылу уақытына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның және тиiстi қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегi жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттар шешiмдерiнiң қолданылуы тоқтатыла тұрады.
6. Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзiлген мерзiм iшiнде қолданыста болады.
Төтенше мемлекеттік бюджеттiң қолданылуы тоқтатылғаннан бастап республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және тиiстi қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегi жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттардың шешiмдерiне сәйкес жүзеге асырылады.
7. Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерiнде төтенше жағдай енгiзiлген ретте төтенше мемлекеттік бюджет енгiзiлмейдi.
8. Қазақстан Республикасының бiрнеше аймақтарының аумақтарында бiр мезгiлде төтенше жағдай енгізу төтенше жағдайдың зардабы ұлттық мүдделерге және республиканың экономикалық қауiпсiздiгiне нақты қатер төндiруi мүмкiн болатын ретте ғана төтенше мемлекеттік бюджет енгізуге негiз бола алады.
11-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттiң қаржылық актив түріндегі, сондай-ақ, материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiк түріндегі активтерi Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мемлекеттiң тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтердiң және, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердiң қорлануына, экономиканың шикiзат секторына тәуелдiлiгiн және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады. Жинақтау функциясы қаржылық активтердiң және, материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiктердiң қорлануын қамтамасыз етедi. Тұрақтандыру функциясы шикiзат ресурстарына әлемдiк бағаның конъюнктурасына республикалық бюджеттiң тәуелдiлiгін төмендетуге арналған.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзiлiк және iшкi тауар мен қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегi және шет елдердегi экономикалық жағдай, республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтары ескерiле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi сақтала отырып айқындалады.
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсiмi мен жұмсалуы ұлттық және шетелдiк валюталармен жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөніндегі есебi мен есептiлiгі ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлiк басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлiк басқару туралы шарттың негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады.
3-тарау. Бюджеттің құрылымы
12-бап. Бюджеттiң түсiмдерi мен шығыстары
1. Кiрiстер, бюджет кредиттерiн өтеу, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар бюджеттiң түсiмдерi болып табылады.
2. Шығындар, бюджет кредиттерi, қаржы активтерiн сатып алу, қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеу бюджеттiң шығыстары болып табылады.
13-бап. Бюджеттiң құрылымы
1. Бюджеттiң құрылымы мынадай бөлiмдерден тұрады:
1) кiрiстер:
салықтық түсiмдер;
салықтық емес түсiмдер;
негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер;
ресми трансферттер түсiмдерi;
2) шығындар;
3) операциялық сальдо;
4) таза бюджеттік кредит беру:
бюджеттік кредиттер;
бюджеттік кредиттердi өтеу;
5) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
қаржы активтерiн сатып алу;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер;
6) бюджет тапшылығы (профицитi);
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану):
қарыздар түсiмi;
қарыздарды өтеу;
бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
2. Бюджеттердi бекіту және бюджеттердiң атқарылуы туралы есептердi түзу осы баптың 1-тармағында көрсетiлген құрылым бойынша жүзеге асырылады.
14-бап. Бюджет кiрiстерi
1. Салық және басқа да мiндеттi төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусiз негiзде берiлетiн, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттiң қаржы активтерiн сатуға байланысты емес, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілеріне сәйкес бюджетке есептелуге тиiстi ақша бюджет кiрiстерi болып табылады.
2. Салықтық түсiмдер - Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
3. Салықтық емес түсiмдер - Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген, негiзгi капиталды, байланысты гранттарды сатудан түсетiн түсiмдерге жатпайтындардан басқа, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде белгiленген бюджетке төленетiн мiндеттi, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ, ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусiз негiзде берiлетiн ақша.
4. Мынадай ақшалар негізгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер болып табылады:
1) мемлекеттік мекемелерге бекітілiп берiлген мемлекеттік мүлiктi сатудан түсетiн ақша;
2) мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды сатудан түсетiн ақша;
3) мемлекет меншiгіндегі жер учаскелерiн жеке меншiкке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда жер учаскелерiн өзге құқықтық нысандарда өткізуден түсетiн ақша;
4) мемлекетке тиесiлi материалдық емес активтердi сатудан түсетiн ақша.
5. Ресми трансферттер түсiмдерi - бюджеттiң бiр деңгейiнен екiншісiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке түсетiн трансферттер түсiмдерi.
6. Кiрiстердiң жаңа түрлерiн енгізу, қолданылып жүргендерiнiң күшiн жою немесе оларды өзгерту осы Кодекске мiндеттi түрде өзгерістер немесе толықтырулар енгiзiле отырып жүзеге асырылады.
7. Нысаналы ресми трансферттердi қоспағанда, кiрiстердiң нысаналы мақсаты болмайды.
15-бап. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуiнен түсетiн ақша
1. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуiнен түсетiн ақша тиiстi бюджетке есептелуге тиiс.
Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде мемлекеттік мекемелердiң өздерiнiң негiзгi қызметiне жатпайтын, төленетiн ақысының мiндеттi сипаты болмайтын әрi жеке және заңды тұлғамен келісім бойынша айқындалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізу құқығы көзделген болса, мұндай тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн ақша мемлекеттік мекеменiң иелiгiнде қалуы мүмкiн.
2. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуiнен түсетiн өздерiнiң иелiгiнде қалған ақша осы Кодекске сәйкес және Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындаған тәртiппен пайдаланылады.
16-бап. Бюджет шығындары
1. Қайтарылмайтын негiзде бөлiнетiн бюджет қаражаты бюджет шығындары болып табылады.
2. Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) мемлекеттік мекемелердiң қызметiн қамтамасыз ететiн шығындар;
2) тұрақты сипаты жоқ iс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;
3) мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар - мемлекеттік саясатты iске асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерiнiң тұтынуына арналмаған) өндiрiлетiн тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) мемлекеттік органдардың ақы төлеуi;
4) жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер - қызметкерлерге еңбегi үшiн ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақшалай нысандағы төлемдермен байланысты шығындар;
5) заңды тұлғаларға субсидиялар - мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бiрлестiктер болып табылмайтын заңды тұлғаларды өтеусіз және қайтарылмайтын негiзде қаржыландыру;
6) ресми трансферттер - бюджеттiң бiр деңгейiнен екiншiсiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына трансферттер төлеу;
7) мемлекеттiң мiндеттемелерiн орындауға арналған шығындардың өзге де түрлерi.
3. Заңды тұлғаларға субсидиялар нақты саланы немесе қызмет аясын әлеуметтiк-экономикалық дамыту мiндеттерiн iске асырудың басқа, неғұрлым тиiмдi тәсiлi болмаған реттерде ғана Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда берiлуi мүмкiн. Заңды тұлғаларға субсидия берудiң басым бағыттары орта мерзiмдi фискалдық саясатпен айқындалады.
4. Ресми трансферттердiң жалпылама сипаты да, нысаналы мақсаты да болуы мүмкiн. Нысаналы сипаты бар ресми трансферттер нысаналы трансферттер болып табылады.
17-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерi
1. Қазақстан Республикасының Yкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерi республикалық және жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу кезiнде оларды болжауға болмағандықтан жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейiнге қалдыруға болмайтын қаржыландыруды талап ететiн шығындарды қаржыландыру үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң құрамында құрылады.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, жергiлiктi атқарушы органдардың резервi:
1) төтенше резервтi;
2) шұғыл шығындарға арналған резервтi;
3) облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiнiң, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң кассалық алшақтығын жабуға арналған резервтi қамтиды.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
3. Төтенше резерв Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында ғана пайдаланылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң төтенше резервi Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетуiне де пайдаланылуы мүмкiн.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
4. Шұғыл шығындарға арналған резерв Қазақстан Республикасының немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайларды жою, соттардың шешiмдерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, орталық мемлекеттік органдардың, жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн орындау мақсатында ғана пайдаланылады.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шұғыл шығындарға арналған резервi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiмен айқындалатын көзделмеген өзге де шығындарға пайдаланылуы мүмкiн.
5. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң кассалық алшақтығын жабуға арналған резерв оларда кассалық алшақтық пайда болған жағдайда облыс бюджетiне, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiне кредит беру үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделедi.
6. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң кассалық алшақтығын жабуға арналған резерв оларда кассалық алшақтық пайда болған жағдайда аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне кредит беру үшiн облыстық бюджетте көзделедi.
7. Кассалық алшақтықты жабуға қарыз беру қаржы жылы шегiнде алты айға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады және республикалық немесе жергiлiктi бюджеттi нақтылауды талап етпейдi.
8. Қазақстан Республикасы Үкіметі резервiнiң және жергiлiктi атқарушы орган резервiнiң жалпы көлемi тиiстi бюджет түсiмдерi көлемiнiң екi процентiнен аспауға тиiс.
9. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiнен ақша бөлу тиiстi қаржы жылына арналған республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерде бекітілген көлемдер шегiнде тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн күшiн жоятын шешiмдерi бойынша жүзеге асырылады.
10. Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемiнде пайдаланылған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергiлiктi атқарушы орган қажет болған кезде Қазақстан Республикасының Парламентiне немесе тиiстi мәслихатқа тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Қазақстан Республикасының Yкіметі немесе жергiлiктi атқарушы орган резервтерiнiң мөлшерiн ұлғайту туралы ұсыныстар енгiзедi.
11. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның резервiнен бөлiнген ақша қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған немесе iшiнара пайдаланылған жағдайда, бюджет бағдарламасының әкiмшiсi бөлiнген ақшаның пайдаланылмаған бөлiгiн ағымдағы қаржы жылының соңына дейiн тиiстi бюджетке қайтаруды қамтамасыз етедi.
12. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
18-бап. Операциялық сальдо
1. Операциялық сальдо бюджет кiрiстерi мен шығындары арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
2. Бюджет шығындарының бюджет кiрiстерiнен асып түскен сомасы терiс операциялық сальдо болып табылады.
3. Бюджет кiрiстерiнiң бюджет шығындарынан асып түскен сомасы оң операциялық сальдо болып табылады.
4. Бюджет шығындарында бюджеттік даму бағдарламалары болған жағдайда терiс операциялық сальдоға жол берiледi.
Ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың жалпы көлемi бюджет кiрiстерiнiң көлемiнен асып түспеуге тиiс.
5. Терiс операциялық сальдоның жол берiлетiн шектi мөлшерi орта мерзiмдi фискалдық саясатпен айқындалады.
19-бап. Таза бюджеттік кредит беру
Таза бюджеттік кредит беру бюджеттік кредиттердiң және бюджеттік кредиттердi өтеудiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
20-бап. Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо
1. Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар:
1) қаржы активтерiн сатып алуды;
2) мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдердi қамтиды.
2. Қаржы активтерiн сатып алу - заңды тұлғалардың, соның iшiнде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерiн, бағалы қағаздарын мемлекеттік меншiкке сатып алу операцияларымен байланысты бюджет шығыстары.
3. Мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер мемлекеттік меншiктегi заңды тұлғалардың, соның iшiнде халықаралық ұйымдардың, мүлiктiк кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсiпорындардың қатысу үлесiн, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге де мемлекеттік мүлiктi сату жөніндегі операцияларға байланысты бюджетке түсетiн түсiмдер.
4. Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо қаржы активтерiн сатып алу мен мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдердiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
5. Қаржы активтерiн сатып алу және мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер Қазақстан Республикасының заң актілеріне және әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
21-бап. Бюджет тапшылығы (профицитi)
1. Бюджет тапшылығы (профицитi) таза бюджеттік кредит берудi және қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегерiп тастағандағы операциялық сальдоға тең.
Терiс белгiмен алынған шама - бюджет тапшылығы, оң белгiмен алынған шама бюджет профицитi болып табылады.
2. Бюджет тапшылығының жол берiлетiн шектi мөлшерi әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарымен белгiленедi.
22-бап. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану)
1. Бюджет тапшылығын қаржыландыру - қарыз алу және бюджет қаражатының бос қалдықтары есебiнен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемi алынған қарыздар сомасының, бюджет қаражаты қалдықтары қозғалысының қарыздар бойынша негізгi борышты өтеу сомасынан асып түсуi ретiнде белгiленедi.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәнi оң белгiмен белгiленедi және бюджет тапшылығының шамасына сай келедi.
2. Бюджет профицитiн пайдалану - қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеуге бюджет профицитiн, қарыздар қаражатын, бюджет қаражатының бос қалдықтарын жұмсау.
Бюджет профицитiн пайдалану көлемi қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеу сомасының алынған қарыздар және бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы сомасынан асып түсуi ретiнде белгiленедi.
Бюджет профицитiн пайдалану мәнi терiс белгiмен белгiленедi және бюджет профицитiнiң шамасына сай келедi.
4-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
23-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздерi
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздерi:
1) шикiзат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетiн нақты түсiмдердiң тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген олардың жылдық көлемiнен асып түсуi ретiнде айқындалатын республикалық бюджеттен берiлетiн ресми трансферттер;
2) республикалық меншiктегі және кен өндiру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруден түсетiн түсiмдердiң есебiнен айқындалатын республикалық бюджеттен берiлетiн ресми трансферттер;
3) шикiзат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетiн республикалық бюджетте жоспарланған түсiмдер сомасының он процентi мөлшерiнде есептелген республикалық бюджеттен берiлетiн ресми трансферттер;
4) ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түскен түсiмдер есебiнен айқындалатын жергiлiктi бюджеттiң ресми трансферттерi;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетiн инвестициялық кiрiстер;
6) Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де түсiмдер мен кiрiстер болып табылады.
2. Негiзгi қызметi табиғи ресурстарды өндiру мен өңдеу болып табылатын заңды тұлғалар шикiзат секторының ұйымдары болып табылады. Шикiзат секторы ұйымдарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
3. Шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн түсiмдер - шикiзат секторы ұйымдарынан бюджетке салықтың мынадай түрлерi бойынша түсетiн түсiмдердiң жиынтығы:
корпорациялық табыс салығы;
қосылған құнға салынатын салық;
үстеме пайдаға салынатын салық;
бонустар;
роялти;
жасасқан келісім-шарттар бойынша Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөнiндегі үлесi.
4. Шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдер болжамы шикiзат секторының тауарларына республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарында айқындалған дүниежүзiлiк тұрақты есеп айырысу бағалары ескерiле отырып жасалады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
5. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген ресми трансферттердi, сондай-ақ республикалық меншiктегi және кен өндiрушi және өңдеушi салаларға жататын мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруден түсетiн жоспардан тыс түсiмдер есебiнен айқындалатын республикалық бюджеттен берiлетiн ресми трансферттердi республикалық бюджеттi тиiсiнше түзету негiзiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындап, республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударады.
6. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген ресми трансферттер, сондай-ақ республикалық меншiктегі және кен өндiрушi және өңдеушi салаларға жататын мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруден түсетiн жоспарлы түсiмдер есебiнен айқындалатын республикалық бюджеттен берiлетiн ресми трансферттер тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
7. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түскен түсiмдер есебiнен айқындалатын, осы баптың 1-тармағы 4) тармақшасында көрсетiлген ресми трансферттер мәслихаттың тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы шешiмiмен бекітіледi, ал жоспардан тыс түсiмдер есебiнен айқындалған ресми трансферттердi жергiлiктi бюджеттен бюджеттi атқару жөнiндегі жергілiктi уәкiлеттi орган жергiлiктi бюджеттi тиiсiнше түзету негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударады.